Хабаршы вестник bulletin «Филология ғылымдары» сериясы Серия «Филологические науки»



Pdf көрінісі
бет280/375
Дата06.01.2022
өлшемі4,16 Mb.
#11773
1   ...   276   277   278   279   280   281   282   283   ...   375
Вестник КазНПУ им.Абая, серия «Филологические науки», № 1(55), 2016 г. 
қарап. Біз Жамбылдың кәрі көзінен шүпілдеген жас көрдік. Түнде туған ғажап жыр ертеңіне орысша 
аударылып,  телеграфпен  Москваға  жөнелтілді.  1941  жылдың  5  сентябрінде  Марк  Тарловский 
аудармасымен  даңқты  «Ленинградцы  –  дети  мои»  деген  атпен  «Правдаға»  шықты»  (Ә.Тәжібаев. 
Жылдар, ойлар. 1976. А., 180-бет.).  
Естеліктің  осы  үзіндісімен  танысқан  оқушылар  әйгілі  өлеңнің  қай  кезде,  қалай  дүниеге  келу 
тарихын танып біледі.  
Ақынның өмір жолы, өскен ортасы, жастық шағынан түсінік бергенде, оның жас кезінде шығарған 
«Шағым» атты өлеңінің мына жолдарын шәкірттерге оқып бергеннің артықтығы жоқ:  
Шып-шып етіп молданың, 
Қолындағы тобылғы. 
Қозғалтпайды жон жағым, 
Талай дүре соғылды. 
Торсылдатып танадай, 
Жыртар болды тонымды. 
«Тілің ащы бала», – деп, 
Қайнатты әбден сорымды. 
Оқымай-ақ кетейін, 
Байламаңыз жолымды. 
Алдыңыздан өтейін, 
Не жазым ем сол құрлы? 
Оқымаймын молдадан, 
Екі иығын қомдаған. 
Бала келсе сабаққа, 
Жем аңдыған дорбадан. 
Ақ сәлдесін төңкеріп, 
Көзін жұмып теңселіп, 
Бозінгендей боздаған. 
Қайтіп сабақ береді, 
Айтқаны ішке қонбаған, 
Оқымаймын енді одан.  
Бұл үзіндіден жас шәкірт өзіндей жеткіншектердің молдадан көрген қорлығына, ол кездегі оқу мен 
білім берудің тұрпайы сипатына көз жеткізеді. 
Мұғалім  ақын  шығармаларының  көркемдік-идеялық  мәнін  жете  түсіндіру  үшін  шәкірттердің 
назарын  әрқашан  жыр  бойындағы  сөз  айшықтарына,  түрлі  теңеу-баламаларға  аударуы  тиіс.  Яғни, 
окушы  жырдың  арқауына  сүйенуі  керек.  Ал  жырдың  арқауы  –  көркем  мәтін.  Шығарма  мәтініне  – 
өлең жолдарына үңілгенде ғана шәкірт одан эстетикалық-эмоциялық әсер алады. Сонда ғана көркем 
туынды біздің рухани қажетімізді өтейді әрі өзінің идеялық-тәрбиелік қызметін атқарады.  
Шығарманың көркемдік сапасын анығырақ аңғартуда мәнерлеп окудың маңызы зор. Жыр атасы – 
Жамбыл шығармалары да биік эмоциялық сезіммен, әсерлі де жоғары әуенмен нәшіне келтіре оқуды 
қажет  етеді.  Сондықтан  ұстаз  өлеңнің  әрбір  жолын  өз  әуенімен  құлпыртып,  сазына  келтіре  оқып, 
оқушылардың да солай мәнерлеп оқуға үйренуін талап етуі керек. 
Сондай-ақ мектеп қабырғасында Жамбылдың дастаншылдықтағы қайталанбас өнерін, айтыстағы 
импровизаторлық  жүйріктігін,  Қазан  төңкерісіне  дейінгі  замана  жағдайын  жыр  еткен  көркем 
туындыларын,  өз  өлеңдерін  әсерлі  орындайтын  әнші-орындаушылық  дарынын,  композиторлық, 
күйшілік қабілетін оқушыларға аңғарта кеткен жөн.  
Ақынның өмірі мен шығармашылығына байланысты көрнекілік ретінде төмендегі материалдарды 
атауға  болады:  КСРО  халық  суретшісі  О.Таңсықбаев,  Қазақстанның  халық  суретшілері 
Н.Нұрмұхаммедов,  А.Ғалымбаева,  т.б.  қылқалам  шеберлерінің  шығармалары,  ақын  өмірі  мен 
шығармашылығына байланысты түрлі-түсті плакаттар, суреттер, ашықхаттар (открыткалар), ғылыми 
еңбектер, дерек-құжаттар, ақын жайлы естелік-пікірлер, күйтабаққа, магнитофон таспасына жазылған 
Жамбыл әндері, поэзия атасының өмір, өнер жолын бейнелейтін Ә.Дайырованың сценарийі бойынша 
«Қазақфильм» киностудиясы шығарған оқу диафильмі, С.Тілешованың синтетикалық кестелері, орыс 
жазушысы  Н.Погодин  мен  көрнекті  қазақ  қаламгері  Ә.Тәжібаевтың  сценарийі  бойынша  жасалған 
деректі  фильм,  ақын  шығармашылығын  зерделеп  зерттеген,  әдебиетші-ғалым  М.Жолдасбековтің 
сценарийімен түсірілген көркемсуретті фильм т.б. 
175 


Абай атындағы ҚазҰПУ-дың Хабаршысы, «Филология ғылымдары» сериясы, № 1 (55), 2016 ж. 
Ұстаз  бұл  көрнекіліктер  мен  техникалық  оқу  құралдарын  пайдалануды  күні  бұрын  күнделікті 
жұмыс жоспарына түсіріп, сабақтың барысында керекті жерінде, тақырып ыңғайына қарай қолдануы 
тиіс. 
Оқу  диафильмі  кадрларына  оқу  бағдарламасында  көрсетілген  материалдарға  қажетті  фактілер 
түгелдей дерлік түсірілген. 
Өкінішке  орай,  мектеп  тәжірибесінде  диафильм  кадрларын  кейбір  мұғалімдеріміз  жеңіл-желпі 
пайдаланады.  Мұндайда  мұғалім  шеберлігі  мен  ізденімпаздығы  қажет.Ұстаз  диафильм  суреттеріне 
құрғақ  сілтеме-түсінік  бермей,  көрнекті  суреткерлер  мен  ғылым  қайраткерлерінің  ой-пікірлерін, 
естеліктерін, басқа да қажетті материалдарды әр кадрға сәйкестендіре шығармашылықпен келістіре 
ұғындырғаны абзал. 
Мәселен,  Ж.Жабаевтың  1936  жылы  Москваға  онкүндікке  барарда  шығарған  «Туған  елім»  атты 
толғауының үзіндісін алайық. 
Диафильмнің бір кадры  онкүндік басталарда (7 мамыр күні) толғаумен бірге «Правда» газетінде 
жарияланған ақын суретіне арналған. Мұғалім осыған байланысты Жамбылмен араласқан, бірнеше 
жыл  әдеби  хатшысы  болған  жоғарыда  атаған  ардақты  ақынымыз  Ә.Тәжібаевтың  сол  әсерлі  сапар 
жөнінде жазғандарынан үзінді пайдаланғаны дұрыс. «Тағы да: «Жамбыл... Жамбыл»,- десті дауыстар. 
Қуаныштан күлімдеген сансыз көздер ақ сақалды ақын атаға қадалды. 

Бұлар мені қайдан біледі? – деді шофердің қасында отырған Жамбыл бізге күлімсірей бұрылып. 
Мен  «Правдадағы»  суреті  мен  өлеңін  көрсеттім.  Аз  ғана  көз  тоқтатып  қарады  да:  «Өлме, 
Жамбыл!»  -  деді  өз  суретін  өзі  шертіп  қойып»  (Жыр  алыбы.  Жамбыл  жайлы  естеліктер.  1971.  72-
бет.). 
Жоғарыда  келтірілген  мысалдарды,  ақын  өлеңінің  үзінділерін,  ой-пікір,  естеліктердің  барлығын 
жыршының  мерейтойларына  арнап  шығарылған  «Жыр  алыбы»  ,  «Жамбыл  және  қазіргі  қазақ 
поэзиясы»  атты  естеліктер,  ғылыми  еңбектер  жинақтарынан,  ақын  таңдамаларынан  тауып 
пайдалануға болады. 
Бүгінде  қазақ  халқының  ұлы  ақыны  Жамбыл  Жабаевтың  атымен  облыс,  бірнеше  аудандар, 
көптеген  оқу  орындары,  қоғамдық  ұйымдар,  мекемелер  аталатынын,  оның  өзі  туып-өскен  ауылда 
(Алматы  облысының  Жамбыл  ауданында)  ұрпақтары  өмір  сүріп  жатқанын,  ақынның  немересі 
Әлімқұл  Жамбылов  атасының  жолын  қуып,  айтыскер  ақын  ретінде  елге  танылып,  Қазақстанның 
халық ақыны атанғанын мұғалімнің сабақ барысында ескерте кеткенінің еш артықшылығы жоқ. 
Ұлы  ақын  шығармашылығын  оқыту  барысында  жас  жеткіншектерге  ұлттық  тәрбие  беру 
мәселесіне  де  айрықша  назар  аударған  орынды.  Өйткені,  ол  жастардың  бойында  елдік  сана  мен 
мемлекетшілдік  рухты  қалыптастырады.  Нәтижесінде  әрбір  шәкірт  өзін-өзі  тәрбиелеуге,  өзін-өзі 
тануға, өз-өзіне жауапкершілік артуға машықтанады. Сол арқылы олардың әрқайсысының бойындағы 
ұлттық  сана,  қадір-қасиет  көбірек  дамиды.  Қонақжайлылық,  адамгершілік,  имандылық, 
кішіпейілділік, кеңпейілділік, салауаттылық, тіршілікке бейімділік, сөзге мән берушілік, өнерпаздық, 
шешендік,  ақынжандылық,  сыпайылық,  мәдениеттілік,  кеңінен  ойлаушылық,  қарапайымдылық, 
төзімділік,  келешекке  сенімділік,  ұлтжандылық,  ізденімпаздық,  алға  ұмтылушылық,  жасампаздық, 
жаңалыққа  құмарлық,  батылдық,  өз  мүмкіндігі  шеңберінде  армандау,  қиялдай  білу,  сыйласа  білу, 
өзін-өзі ұстау, әзіл-қалжыңды дұрыс түсіну, қиын-қыстауда жол табу, қай нәрсеге болсын икемділік 
таныту,  өз  қатесін  білушілік,  соны  жою  жолында  талпынушылық,  сарыуайымға  салынбаушылық, 
өмірге оптимистік көзқараспен қараушылық, ақылдың, сабырдың, ашудың өз орны болатынын білу 
және  олардың  арасалмағын  бағамдау,  достыққа,  жолдастыққа  адал  болу,  тағы-тағы  өмірдің  сан-
салалы  толқынында  су  түбіне  кете  бермей,  одан  желқайықтай  жүзіп  өтуге  дайын  болу  –  мектеп 
қабырғасында  мүмкіндігінше  қаланады.  Ал  жоғары  оқу  орындарында,  өзгермелі  өмірдің  өрінде 
оқушы бойындағы тәрбие танымдары одан әрі беки түседі. 
11-
сыныпта  өтілетін  Жамбыл  шығармалары  ішінде  ұстаз,  мүмкіндігінше,  «Сұраншы  батыр» 
жырына монографиялы түрде тоқталғаны жөн. Өйткені, бұл – ақын шығармашылығынан елеулі орын 
алатын  шығарма.  Ақын шығармашылығына  оқу  бағдарламасы  талабы  бойынша бары-жоғы  1  сағат 
бөлінгендіктен,  «Сұраншы  батыр»  дастанына  тоқталамыз  да,  «Өтеген  батыр»  дастанына  бөлінген 
уақыт көлемінде шолу жасалады. 
Ұстаз  Жамбылдың  «Сұраншы  батыр»  дастанының  мазмұнына  орай  мынадай  жүйеде  сабақ 
жоспарын жасап, сабақ үдерісін осы негізде өрбіткені абзал: 
1. 
«Сұраншы батыр» жыры қалай дүниеге келді? Дастанның шығуына кім себепші болды? 
176
 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   276   277   278   279   280   281   282   283   ...   375




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет