Хабаршы вестник bulletin «Филология ғылымдары» сериясы Серия «Филологические науки»



Pdf көрінісі
бет29/43
Дата27.03.2017
өлшемі3,14 Mb.
#10486
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   43

 
Камарова Н. С. 
Каспийский государственный университет 
технологий и инжиниринга имени Ш.Есенова,кандидат филологических наук, доцент 
Бессмертные произведения Мактымкулы 
Аннотация:  В  данной  статье  говорится  об  особенностях  поэзии  туркменского  поэта-классика 
Мактымкулы. Сравниваются мысли и образы в поэзии Мактымкулы и стихах Абая, Магжана. 
Переведенные  на  многие  языки  мира  эпосы  народного  творчества,  развиваются  параллельно  с 
народной мудростью, роль этой поэзии очень велика. Известно, что соседний казахский народ давно 
знаком  с  творчеством  Мактымкулы.  Его  эпосы  распространявшиеся  в  давние  времена  изустно,  во 
времена СССР были выпущены отдельными сборниками. Такие известные поэты, как Г. Орманов, Г. 
Кайырбеков,  Д.  Канатбаев,  С.  Нуржан  изучали  переведенные  на  казахский  язык  произведения 
Мактымкулы  о  жизни,  человечности,  родине,  духовности.  Следует  отметить  ценность  наследия, 
оставленного  поэтом,  чьи  полные  философии  песни  пользуются  в  народе  как  изречения,  терме, 
передаваясь из уст в уста. 
Ключевые  слова:  Туркменская  литература,  Мактымкулы  Пырагы,  бессмертные  произведения, 
Мактымкулы и Абай, Мактымкулы и Магжан, Переводы произведения Мактымкулы 
 
Summary 
Kamarova N. S., Caspian State university of technologies and engineering 
named after S. Yesenov, Candidate of philological science, assistant professor 
Viable songs of Maktymkuly 
      This article is concerned with the peculiarity of classic poet Maktymkuly`s poetry. There compared 
thoughts and images between Maktymkuly`s poetry and Abai`s, Magzhan`s songs. 
Translated into many languages Maktymkuly`s poetry is enriched by folklore interrelated with popular 
wisdom has great importance. Neighbouring Kazakhs are familiar with the Maktymkuly` heritage long 
before. Long ago spread orally Maktumkuly`s poetry was published during Soviet times. As it is said in the 
article famous poets as G. Ormanov, G. Kairbekov, D. Kanatbayev, S. Nurzhan translated Maktumkuly`s 
words into Kazakh.  They analyze his songs about life, humanity, civic spirit. Poet`s songs full of philosophy 
spread among people turned into edification make more precise of value Maktumkuly`s heritage. 
Key words:   Turkmen literature, Maktumkuly Fraggi, viable songs,  Maktymkuly and Abai, 
 
Maktymkuly and Magzhan, translation of Maktymkuly`s songs. 
 
 
ӘОЖ
 82-1 
МҰРАТ ШАЙМАРАННЫҢ ЛИРИКАСЫ 
 
Мәмбетов Жолдасбек - М. Әуезов атындағы әдебиет және өнер 
институтының жетекші ғылыми қызметкері zholdas_19@mail.ru 
 
Мақалада  белгілі  ақын  Мұрат  Шаймаранның  шығармашылық  өсу  жолы,  ақын    лирикасының  көркемдік 
ерекшелігі жан-жақты сөз болады. Зерттеуші М.Шаймаран шығармаларының идеялық мұратын айқындап қана 
қоймай, оның көркемдік әлем жасаудағы сөз қолданысындағы өзіне тән даралық сипатын, стильдік ерекшелігін 
де  нақты  талдап  көрсете  алған.  Зерттеу  жұмысында  ақынның  әр  кезеңдерде  жазылған  лирикалары  ғылыми-
теориялық  тұрғыда  салыстырыла  талданып,  зерделенген.  Әр  жылдары  шыққан  өлеңдер  жинақтарынан  да 
мысалдар келтірілген.  
Сыршыл да шыншыл лирикасымен өз оқырмандарынан жоғары баға алып жүрген талантты ақындардың бірі 
Мұрат  Шаймаран  шығармашылығындағы  нәзік  лирикалық  иірімімен  ерекшеленетін  көркемдік  әлем  әдеби 
талдау нысанына айналған. Ақынның лирикасындағы азаматтық үн, пейзаждық сурет, философиялық тұжырым 
да автор тұлғасымен тығыз байланыста талданады.  
Кілт  сөздер:  Лирика,  психологизм,  символизм,  поэтика,  сюжет,  композиция,    лирикалық  қаһарман, 
философиялық лирика. 
 
163
 

Абай атындағы ҚазҰПУ-дың Хабаршысы, «Филология ғылымдары» сериясы, № 2 (56), 2016 ж. 
Еліміз тәуелсіздік алғасын атамекен Қазақ жеріне әр алуан тарихи жағдайларға байланысты шет 
елдерде  өмір  сүріп  жатқан  қандастарымыз  келе  бастады.  Олар  қазақтың  тәуелсіз  елінің  дамып, 
аяғынан тік тұрып кетуіне үлкен отаншылдық рухпен кірісіп кетті. Шет елден оралған қазақтар тек 
экономикамыздың  дамуына  ғана емес,  мәдениетіміз  бен  әдебиетіміздің,  өнеріміздің  өркендеуіне  де 
барынша қызу араласып, өздерінің өзге жерде жүріп алған білімдері мен үйренген өнерлерін қазақ 
еліне  әкелді,  сол  арқылы  елімізді  әлемге  таныту  жолында  аянбай  еңбектеніп  жүр.  Елге  оралған 
қандастарымыздың  арасынан  шыққан  музыка,  спорт  салаларында  еңбек  етіп  жүрген  әлемдік 
деңгейдегі  майталман  өнерпаздарды  көптеп  мысалға  келтіруге  болады.  Ал  әдебиетімізге  келіп 
қосылған  ақындар  мен  жазушылар  да  өздерінің  шығармалары  арқылы  қазақтың  мұңы  мен  сырын, 
тәуелсіз ел ретіндегі отаншылдық рухын ту ғып көтеріп, әдебиетімізге жаңа бір леп әкелді.  
Солардың қатарында Мұрат Шаймаранды атауға болады. Ол өзінің сыршыл да нәзік лирикасымен 
өз  оқырмандарынан  жоғары  баға  алып  жүрген  талантты  ақындардың  бірі.  Мысалы,  тоқсаныншы 
жылдары жазылған «Студент сағынышы» деген өлеңінде: 
 
Қысқы кеште, пеш түбінде 
 
Ұршығыңды иіріп, 
 
Отырсың ба, жаным Апа, 
 
Көздеріңе мұң ұйып?! – деп тебіренеді. Бұл ауылдан енді ұзап шыққан жас жігіттің елге, жерге, 
туған  үйіне,  соның  ішінде  анасына  деген  шынайы  сағынышы.  «Көздеріңе  мұң  ұйып»  деген  тіркес 
расында да бұрын тілімізде көп қолданылмаған соны тіркес. 
Жас  ақынның  махаббатты  жырлауы,  өзі  ұнатқан қызға  өлең  арнауы  қалыпты  жағдай.  Енді  ғана 
оянған жақсы көру сезімі ақын өлеңдерінің басты тақырыбының бірі.  Мысалы, «Махаббат қандай 
күйге салдың мені» деген лирикасында ақын өзінің басынан өткен сезім шырғалаңын:  
Махаббат!  
Қандай күйге салдың мені?! 
Құндағыңа алдың да әлдиледің, - деп жырға қосады. Махаббат құндағында әлдилену расында да 
жас жігіттің басындағы сол кездегі көңіл-күйін тап басып, дәл жеткізе алатын образды тіркес.  
Мұраттың лирикалық қаһармандары ол автордың сол кездегі көңіл-күйінің жемісі. Сондықтан да 
олар бірде шат, бірде мұңды, бірде ер мінезді, бірде күйгелек те күйкі. Ондай мінез лирикаға тән.  
Сен отырсың қиял кешіп тым ыстық, 
Әлдилейді сені жалғыз тыныштық. 
Терезеңнен үңіледі марғау түн, 
Еш алаңсыз періштедей бар қалпың. 
 
Адам  мен  табиғат  мінезі  салыстырмалы  сипатта  параллель  бейнеленген.  Өлең  мазмұнында 
ерекше  бір  жылылық,  өзгеше  бір  жайлылық  бар.  «Қиял  кешу»,  «әлдилеу»,  «тыныштық»,  «марғау 
түн», «алаңсыз қалып» деген ұғымдар бұл ойымызға дәлел бола алады.  
Мұраттың жас кезіндегі жырларын оқи отырып, оған орта ғасырлық  шығыс поэзиясының әсері 
мол  болғанын  аңғарамыз.  Омар  Хаямның,  Хафиздің,  Науаидің  шайырлық  дәстүрлерінің  кейбір 
элементтері  оның  өлеңдерінің  мазмұнынан  сәуле  шашып  тұратындай.  Бірақ  оларды  қайталау  жоқ, 
керісінше  Мұраттың  өзіне  ғана  тән  өлең  ырғағы,  сөз  саптауы,  қиялдау  мәнері  басым  көрініс  беріп 
отырады.  Шығыс  шайырларының сазы бар,  бірақ  сарыны  жаңа.  «Науаидың  ғазалы»,  «Шарап  толы 
көзелер», «Аян» лирикалары сол шығыстық сарында жазылған жырлар. Шарапты жырға қосу, оның 
көңіл көтеретін қасиетін дәріптеу, оның желік берер сиқырлы күшіне жүгіну соны аңғартса керек.  
 
«Шарап толы көзелер» деген лирикасындағы мына жолдарға назар аударып көрелік: 
Шарап болып тұрған тұнып көземде, 
Теңіз бе әлде өзен бе? 
Көздер ме әлде мөлт-мөлт еткен, 
Еріндер ме кезерген?! 
 
Қандай сұлу, қандай мұңлы тіршілік, 
Мылқауды да жібереді жыршы ғып. 
Түсімде ылғи шарап толы көзелер, 
Өліп жатам тұншығып...  
Көзедегі шарапты теңізбен, өзенмен, кезерген ерінмен салыстыра бейнелеуі ақынның метафораны 
шебер  пайдаланатын  байқатады.  Аристотель  өзінің  ««Поэтикасында»:  «...бәрінен  де  маңыздысы 
метафораларда шебер болу. Бірақ мұны басқадан үйрену мүмкін емес. Бұл дарындылықтың белгісі, 
164 

Вестник КазНПУ им.Абая, серия «Филологические науки», № 2(56), 2016 г. 
себебі  жақсы  метафоралар  жасау  ұқсастықты  тани  білу  деген  сөз»,-дейді.  [1.С.1087]  Мұраттың 
лирикасы да осы үдеден шығып тұрған сыңайлы.  
Қазіргі поэзияны лирикалық, драмалық, эпикалық, азаматтық, сатиралық, мистикалық деп бөлуге 
болады.  Қалған  бөліктердің  барлығы  да  осыларға  келіп  құйылып,  қосылып  жатады.  Мысалы, 
буколикалық  деген  ол  –  эпикалық  пен  лирикалық  поэзияның  қосындысы,  әскери  поэзия  деп 
жүргеніміз азаматтық поэзияның бір тармағы ғана екенін жоққа шығара алмаймыз. Бұл алты түрлі 
қасиет  жинақталып  келіп  бір  ғана  өлеңнің  бойынан  табылуы  да  мүмкін.  Онда  қатып  қалған  бір 
шекара  да  жоқ.  Мәселе  тек  қарастырып  отырған өлеңде қай  мазмұн басым,  қайсысы солғын  соған 
ғана байланысты секілді.     
Лирикалық  поэзияда  белсенді  әрекет  етуші  өзінің  сезімін,  ләззат  алуын,  әр  алуан  көңіл  күйін, 
рахаттана  алмауын  жырлайтын  ақынның  өзі  (ақындық  мен).  Мұрат  поэзиясында  ақынның  іштей 
толқуы, мұңға батуы өзінше бір әлем. Мұң кез-келген ақынның серігі секілді. Мұң ақынның өзімен-
өзінің  сырласуы,  іштегі  арманын,  наласын,  қайғысын  өлеңге  арқау  етуі.  Лирикалық  кейіпкер 
мінезінің де ашыла түсетін кезі осы мұңмен байланысты екенін жоққа шығара алмаймыз. 
Бір құмарлық жүрегімді мекендеп, 
Қалтыраған буынымды бекемдеп, 
Жұлдыз жанған терезеңнің тұсынан 
Мұңға батып өтем мен. 
Ақын  өзін  мазалаған жан  сырын,  көкірегіндегі  түйіткілді  мұңын  айшықты  өлеңмен  әсем  музаға 
айналдарған. Қазіргі поэзияның басты сарындарының бірі - күйзеліс. Күйзелістің ең жеңіл түрі ол – 
мұң.  Мұңның  себеп-салдары  көп  жағдайда  белгісіз  болып  келеді.  Мұң  лириканың  басты  өзегі. 
Лирикалық қаһарманның психологиялық болмысын  танытудағы мұңның алатын орны ерекше. Шер, 
нала,  мұң  лирикада  салмақты  ойды  танытудың,  адамның  ішкі  жан  дүниесіндегі  тартысты, 
қайшылықты көрсетудің  өзгеше тәсілі ретінде поэзияда жиі пайдаланылады. Күйзелістің ең жоғары 
деңгейі  ашыну,  торығу.  Ол  көбінесе  эпикалық  шығармалардың  сюжетіндегі  тартыстың  шарықтау 
шегін дамыту үшін қолданылатын психологиялық деталь. «Ақын адам жайлы сыр шерткенде өзінің 
жан  дүниесіндегі  ішкі  сырын,  дүниетанымын  оқырманына  жария  етеді,  өз  танымын 
насихаттайды»[2.112] 
Мұрат  қай  тақырыпқа  өлең  жазбасын  онда  қуаныш,  асқақтық  қасиеттерден  гөрі  ой,  мұң  басым 
болып  келеді.  Ақынның  алғашқы  жырларының  көбі  махаббат  тақырыбына  арналған.    «Мазалап 
мені», «Бозаң үміт», «Сен отырсың қиял кешіп», Жас жүрек», «Мен деген енді...», «Сен тағы», «Сен 
ән салсаң», «Қазақ қызы», «Сен мені ұмыттың ба?» деген өлеңдері  ақынның іштейгі бұлқынысынан 
туған сыршыл жырлар. 
О, дариға, сен жалындап, мен сөнбей, 
Сенің мені сүйгеніңе ел сенбей, 
Сарайыңнан алып қашып, мен саған, 
Тау басынан лашық жасап берсем ғой. 
Асыл-асыл торғын жапқан тәніңді, 
Жасыл-жасыл жапырақпен көмсем ғой... 
Сөз жоқ әсем де әсерлі лирика. Сөзбен қашалған әдемі сурет. Басқалар ғашығын лашықтан сарайға 
сүйресе,  Мұрат  керісінше  сарайдан  лашыққа  алып  шыққысы  келеді.  Бірақ  ақынның  сол  қиялына 
еріксіз  сенесің.  Бірін  бірі  сүйген  жандар  үшін  думанды  сарайдан  лашықтағы  оңаша  тыныштық 
әлдеқайда  артық  екенін  дәлелдеп  жатудың  өзі  артық.  Ал  «асыл-асыл»,  «жасыл-жасыл»  деген 
қайталама  қос  сөздер  өлеңнің  көркемдік  қасиетін  арттырып,  ақын  ойының  құбылып,  әсем  де 
айшықты ырғақпен оқылуына ықпал етіп тұрғанын байқаймыз.  
Өлеңдегі драмалық элементтер негізінен өлеңдегі лирикалық қаһарман әрекетінің екінші жақтан 
баяндалуымен байланысты туындайтынын байқауға болады. Лирика – «Мен», ал драма болса «Мен» 
мен  «Сенге»  ортақ.  Екінші  жақ  тек  қана  жеке  тұлғаға  ғана  қатысты  емес,  ол  кейде  белгілі  бір  ел, 
табиғат ұғымдарына да қатысты болуы мүмкін. Бірінші және екінші жақтар бір- бірімен өте тығыз 
байланысты  ұғымдар.  Санадағы  жиіркеніш  пен  құштарлық  сол  екі  жаққа  бірдей  сәйкес  келеді. 
Құштарлық  сезімінің  өзінде  де  әр  алуан  қасиеттердің  бой  көрсететінін  байқаймыз:  сыйлап  жақсы 
көру, туыстықпен жақын тұту, достық және эротикалық ұнатулар. Эпикалық шығармаларда, соның 
ішінде  лирикада  да  үшінші  жақтағы  адамға  қаратып  сөз  арнау  жиі  кездеседі.  Лирикада  көбінесе 
бірінші  жақтан  баяндау  үрдісі  лирикалық  қаһарманның  ішкі  жан  дүниесін  ашу  үшін  жиі 
пайдаланылады.    Ал  Мұраттың  лирикасында  керісінше  екінші  жақтағы  адамға  қаратып  сөйлеудің 
165
 

Абай атындағы ҚазҰПУ-дың Хабаршысы, «Филология ғылымдары» сериясы, № 2 (56), 2016 ж. 
көбірек орын алатынын байқаймыз. Бұл орыс әдебиетінің әсері ме  немесе сонау жыраулық дәстүрден 
келе жатқан  үрдісті жалғастыру ма ол екі арасын дәл мынадай еді деп тап басып айту қиын. 
Мұрат  өте  көп  оқитын,  әлем  әдебиетін  жақсы  білетін  ізднімпаз  ақын.    Оның  өлеңдерінде  орыс 
ақыны  С.  Есениннің  ықпалының  басым  екенін  аңғарамыз.  С.  Есенинге  еліктеп  жазған  біршама 
шығармаларының  бар  екені  де  рас.  Мысалы,  «Мен  сені  сүйемін»  деген  өлеңінде  орыстың  ұлы 
ақынына деген көңіл түкпіріндегі сүйіспеншілікті былайша жеткізеді: 
Дауысың жаулайды  әлемді, 
Есімің аңыз боп жүреді. 
Арнаған жырыңды оқиды,  
Аруы Шираздың түлегі... 
Білемін, 
Ыңғай да осылай, 
Тұрмайды, өзгерер күн өңі... 
Мен сені сүйемін, 
О, Сергей -   
Орыстың жаралы жүрегі. 
Соңғы  тармақ  тұтасымен  метафораға  айналып  кеткен.  С.Есенин  орыс  ақыны,  бірақ  оның 
шығармалары күллі адамзатқа ортақ. Кезінде сол сөз зергерінің орыс халқы қадірін білді ме? Оның 
қаламынан  туған  өлеңдердің  әлі  күнге  шейін  жұрттың  санасынан  өшпей,  қайта  жыл  өткен  сайын 
жаңғырып, жаңа қырынан танылып келе жатуының сыры неде? 
Мұраттың лирикасын оқи отырып оның өлеңді жалпы көпшілік қауым үшін емес, өзі үшін жазып 
отырғанын аңдағандай боламыз. Ақын жырларының бағыт-бағдары қалың оқырман емес, ақынның 
өзі.  Оны  оқырман  ойы  да,  замандастары  мен  сыншылардың  пікірі  де  алаңдатпайтын  сияқты. 
Сондықтан  да  оның  лирикасы  жұрт  пайымдап  жүрген  өлеңдерден  басқашарақ,  ойлау  мәнері  мен 
сезммен  қабылдау  түйсігі  де  өзгешерек  болып  келеді.  Ол  өлеңді  өзін  таныту  үшін,  даңық  пен 
дақпыртқа ие болу үшін емес, өзін өзі тану үшін, өзімен өзі сырласу үшін жазады. 
Мұраттың тілі көркем, ойы айшықты, сөздік қоры мол. Ол ана тілінің терең мағынасын  қапысыз 
таниды, әр сөздің астарынан үлкен ой түюге шебер ақын.  
Тал-теректен төгілген сары жапырақ -  
Арулардан қалған алтын сырғалар 
Қазақ  поэзиясында  жапырақ  образын  сомдау  біршама  қалыптасқан.  Оны  жүрекке  де,  қалықтап 
түсіп жататын ұлпа қарға да теңеген бейнелеуіш тіркестер баршылық. Бірақ сарғайып түсіп жатқан 
жапырақты әйел сырғасына теңеу расында да ақынның ұтқырлығын аңғартады. Орны толмас көңіл 
жарасынан  өрбіген  ақын  арманы  қағаз  бетінде  мұңға  толы  сыр  болып  тізбектелген.  Ал,  осы 
құбылысты ақын басақаша жазса мүмкін дәл мұндай  әсерлі болмас та еді. 
«Метафора  немесе  теңеу  бірнеше  эпитеттен  жалғасып,  ұласып  келсе  күрделі  метафора,  күрделі 
теңеу,  не  тұтасқан  сөз  өрнегі  жасалады.  Бейнелі  сөздер,  әсіресе  эпиптет  пен  теңдеу,  эпитет  пен 
метафора, бір – бірімен жалғас, қат – қабат алынып қолданыла береді», - дейді академик З.Ахметов. 
[3.22] . Мұраттың поэзиясында реалистік сипаттан гөрі романтизм басым. Романтизм ол лириканың 
жаны  десе  де  болады.  Ақын  өз  ойын  ашып  нақты  көрсетуден  гөрі  астарлап,  символдар  арқылы 
өрнектеуге  бейім  екенін  де  естен  шығармаған  абзал.  Біз  символизмді  уақыты  өткен  ескі  сүрлеу 
сияқты  елестететінімізді  де  жасыра  алмаймыз.  Ал  оны  жаңартып,  өзінше  түрлендіріп,  қазіргі 
оқырман  танымына  сәйкестендіріп  жырлап  жатса  неге  өны  өгейсітуіміз  керек.  Керісінше  Мұратты 
басқа ақындардан ерекшелеп тұратын да оның осы астары қалың ой мен терең мазмұнға жақындығы 
деп қабылдағанымыз жөн шығар. «Көңілдің өңі ағармас кірі ашылмай» деген өлеңінде ақын: 
«Қартайдық, қайрат қайтты, ұлғайды арман»,  
Күн – үміт секілді ме түнге айналған. 
Өмір ме, өңі суық өлім бе екен
Бір  елес  орамалын  бұлғайды  алдан,  -  деп  көңіл  шерін  ақтарады.  Бірақ  неге  күн  үміт  түнге 
айналған, неге өмір мен өлім қатар орамалын бұлғап шақырып тұр оған нақты жауап таба қою қиын. 
Ол  сұрақтардың  жауабын  іздеу  де  шарт  емес  секілді,  ол  санамызда  баяғы  жыраулар  поэзиясы 
дәстүріндегі  риторикалық  сұраудың  бір  көрінісі  ретінде  жаңғыратындай.    Дей  тұрғанмен,  осы 
өлеңнің астарында өзгеше ой бар, бөлек бір байлам жатқан сияқты. 
Символизмнің  философиясы  мен  эстетикасы  адамзат  тарихындағы  әр  түрлі  ілімдер  негізінде 
қаланғаны  белгілі.  Олардың  көзқарастарынан  антикалық  дәуірдің  ғұламалары  Платоннан  бастап, 
166 

Вестник КазНПУ им.Абая, серия «Филологические науки», № 2(56), 2016 г. 
кейінгі  Ницше,  Бергсондардың  пайымдауларының  іздерін  аңғаруға  болады.  Символистер  өнердегі 
әлемді  танудың  дәстүрлі  идеясына  өздерінің  шығармашылық  үдерісте  әлемді  қайта  құру  (өзгерту) 
идеясын  қарсы  қойды.  Шығармашылық  деген  символистердің  пайымдауынша  шығармашыл-
суреткерге    ғана  тән  жеке  адам  санасындағы  құпия  ойлардың  көрініс  беруі.  Ол  құбылысты  ақыл-
оймен  жеткізу  мүмкін  емес.  Символизм  қаламгерден  затты  не  құбылысты  ишаралап,  астарлап 
жеткізуді талап етеді. 
Мұрат  үшін  поэзия  –  тылсым  терең  сыр,  сиқырлы  әлем,  ол  ақын  мен  он  сегіз  мың  ғаламның 
арасындағы диалог. Ақын өзі ұнатқан қызға да, айналасындағы жаны жақын адамдарға да, туған жер 
мен атамекенге де, аспан мен жерге де, су мен отқа да, талға да, сол талдан құлап жатқан жапыраққа 
да өлең арнайды. Табиғаттағы әр бір зат пен құбылыс ақын назарынан тыс қалмайтын сияқты. Бірақ 
ол құбылыс ақын жүрегіне өзінің ізін қалдыру керек. Әр бір нәрсенің ақын санасында поэтикалық 
бейнесі, ойды қозғайтын болмысы болуы шарт. Сонда ғана ақын жырының нысанына айналған зат 
пен құбылыстың образдылық сипаты айқындала түспек. Ақын жырларында махаббат тақырыбы, өмір 
мен өлім мәселесі тереңнен толғай жырланып, жаңаша философиялық реңкке ие болады.   
Жүдеме мұңды жүрек, 
Жасыма өлең, 
Барады сендей болып тасып әуен. 
Бұлқынба, бұлықсыма һәм бұлданба, 
Сенсіз де бір-біріне ғашық әлем.  
Ақын пайымынша өлең тек мұңды жүректен ғана туатын қасиетті құндылық. Өлең мен жүрек егіз 
ұғым  іспетті.  Бірінсіз  бірі  жеке-дара  өмір  сүрмек  емес.  Сондықтан  да  автор  өз  сырын  өлең  мен 
жүрекке қатар арнайды. 
Мұрат ақынның жалғыздыққа бой алдырған лирикалық менінің астарынан айнала қоршаған орта 
мен  жеке  адам  арасында  қалыпты  байланыстың  болмайтынын  аңғаруға  болады.    Ақын  өлеңдерін 
қанша жерден шығармашылық тұлғаның өзіне ғана тән ойы, жеке адамның субъективті көзқарасына 
ғана  қатысты  құбылыс  деп  қабылдағанымызбен  ол  бәрібір  сол  ақын  өмір сүріп  отырған  заманмен, 
қоғамдық  құрылыспен  байланысты  болып  келеді.  Өйткені  ақын  шығармаларында  өзі  өмір  сүрген 
дәуірдің  кереғар  қайшылықтары  мен  жүрек  қалауымен  қолдаған  шындығын,  өз  замандастарының 
жинақталған ойын білдіреді. Мұрат лирикасында бүгінгі ұрпақтың тарихи тағдырларын, әлеуметтік–
психологиялық портреттерін сомдаған.   
Мұрат  Шаймаранның  шығармашылығындағы  философиялық  лириканы  пейзаждық  немесе 
махаббат лирикасынан, азаматтық лириканың өзінен түстеп айырып айырып алу мүмкін емес. Онда 
нақты  философияға  құрылған  лириканы  кездестіру  қиын.  Таза  философияны  насихаттайтын 
поэзияның  да  болуы  мүмкін  емес.  Өйткені  ол  өнер.  Сондықтан  онда  көңіл-күй  сипаты  (эмоция), 
әсемдікке деген құштарлық басым түсіп жатады. Мұраттың қай өлеңін алмайық онда ой мен сезім 
қатар  өріліп  лирикалық  қаһарманның  таным-түсінігімен  астасып  кетеді.  Сондықтан  да  оның 
философиясының  өзі  ақынның  өзі  таныған  айнала  қоршаған  дүниеге  деген  сенімі    мен 
көзқарастарының жиынтығы ретінде көрінеді. Оның поэзиясындағы философиялық мотивтер қызға 
ғашықтық, туған жерге деген махаббат, табиғат сұлулығына деген сүйіспеншілік, оның сұлулығы мен 
гармониясы  философиямен  өріліп  берілген.  Ғалымдардың  өзі  философияны  поэзиядан  бүтіндей 
ерекшелеп  тұратын  белігінің  жоққа  тән  екенін  жазады.    М.Шаймаран  лирикасында  адам  мен  әлем 
бір-бірімен  гармониялық  байланыста  суреттеледі.  Бұл  ақын  поэзиясының  образдылық  сипатын 
ерекшелей түседі. Оның лирикасының  образдылық әлемі  ұтқыр кейіптеулер мен метафоралардың 
жиынтығы іспетті. Ақын өз өлеңдерінде қарама-қайшы заттар мен құбылыстардың өзін бір ұғымға, 
бір  бір  текті  құбылыстарға  айналдырып  жіберетіндей.  Оның  шығармаларындағы  барлық  жанды-
жансыз  тіршіліктің  бәрі  де  лирикалық  қаһарманмен  байланыста  бейнеленеді,  тарихын  тарқатады, 
мұңын  шағады,  сырымен  бөліседі.  «Мен  жалғыз  түп  еменмін»,  «Ит»,  «Бота»  т.б  өлеңдердің 
идеясынан біз оны анық аңғарамыз. 
М.Шаймаран мына пенделік тіршіліктің әр бір құбылысынан, табиғаттың өзгерістерінің өзінен де 
өзіне ғана тән ой тауып, бұрын оң көріп жүрген пікірлеріміздің өзін кейде теріске шығарып жібереді. 
Ойлайсың,  ойлайсың  да  ақын  тұжырымының  біздің  рационалды  ойымызбен  сәйкеспесе  де  дұрыс 
екеніне  қол  қоясың.  Себебі  түпкі  шындықты  ақын  жасырмай  ашық  айтады.  Кез  келген  жақсы 
нәрсенің де уақыт өте келе жалықтырып, өзгеше сапаға айналатына көз жеткізесің. Ақын «Түңілу» 
деген өлеңінде: 
.Бәрі солай болатынын ұқтырып, 
167
 

Абай атындағы ҚазҰПУ-дың Хабаршысы, «Филология ғылымдары» сериясы, № 2 (56), 2016 ж. 
Қаңтар өтті, көзқарасы сұп-суық. 
Жалған шырақ –  
(Жана-жана білтедей) 
Бітті үміт. 
Табиғат пен адам көңіл-күйін қатар алып, салыстыра жырлайды. Қаңтардағы суық пен сықырлаған 
аяз, күннің қысқарып, түннің ұзаруы, ұзақ түндегі ой мен уайым, көктемнің шуағы мен жылуын күте-
күте  жалыққан  бейдауа  көңіл,  қажыған  үміт...  Өлеңде  солардың  барлығы  да  бір  бірімен  үйлесімді 
сипатта әсерлі бейнеленген. 
Ақпан келер – асыққан бір жолаушы, 
Сақа – көңіл, түспейсің-ау сен алшы. 
Көбелек – қар, көз алдымды көлбемей, 
Жоғалшы! 
Негізінде табиғат туралы өлеңдерде көп жағдайда табиғаттың дүлей мінезі, ерекше құбылыстары 
суреттелетін болса, Мұраттың өлеңінде керісінше жылдың әр мезгілі туралы лирикалық қаһарманның 
көңіл-күйі, ондағы әрқилы өзгерістер, біз күтпеген шалт мінезі көрініс береді. Өлеңдегі «сақа көңіл», 
«көбелек қар» деген метафоралық тіркестер өлең айшығын одан ары әсемдеп, көркемдей түскен.  
Кеміреді кеудемді бір батыл-ән, 
Кемерге ұрған толқынымды сапырам, 
«Өмір – жалған!» соны біле тұрсам да, 
Қия алмаймын, аһ ұрам... 
Рас  бәрінен  де  түңілуге болатын  сияқты,  бірақ  сол  үшін  жалған  өмірді  қиып  кету  мүмкін  емес. 
Өзіміз бәрін түсініп тұрсақ та, сол ақиқаттың жолымен жарық дүниені тәрк етуге дәрменсіз екенбіз. 
Ақынның айтпақ ойының өзі адам қанша жерден тырысса да, өз ойын қанша жерден дәлелдесе де 
мына дүниеде өз тағдырына толық қожалық ете алмақ емес. Адам өмірінің қожасы бір тылсым күш, 
яки әлемдегі барлық бізге беймәлім құбылыстар алланың құдіретімен ғана болмақ. 
Ондағы өлім де, қайғы да, үмітсіздік те тура мағынасында емес, астарлы мағынасында суреттеледі. 
Ақын  өзінің  айтықысы  келген  ойын  әр  алуан  құбылыстарға  теңеп,  тұспалдап  жеткізуімен 
ерекшеленеді. Символизмнің мұндай қасиеттері М.Жұмабаев өлеңдерінде айқын көрінеді. Ал Мұрат 
сол  символизнің  кейбір  элементтерін  осы  заманға  лайықтап  өз  шығармаларында  ұтымды 
пайдаланған.  Оның  да  өлеңдерінің  идеясын  бірден  тани  қоюдың  қиындығы  осындай  астарлы 
ойларының қалыңдығына байланысты деп ойлаймыз.  
М.Шаймаранның лирикасын қазіргі қазақ поэзиясындағы әсемдігі мен әсерлілігі келіскен ерекше 
құбылыс  деуімізге  болады.  Оның  жырланының  мазмұны  философиялық  ойға  бай  және  форма 
жағынан толысып, кемеліне келген поэзия. Оның адам жанының терең сырын ашып, сезімін оятатын 
лирикасы қазақ поэзиясына қосылған үлкен олжа. 
 
1
 
Шаймаран М. Еркін аспан өлеңі: Жыр жинағы. – Алматы: Атамұра, 2010 
2
 
Аристотель. Этика. Политика. Риторика. Поэтика. Категории. Минск: Литература, 1998. - 
С. 1064-1112. 
3
 
Мұратәлиева Н.И. Шәкәрім поэзиясындағы адамның ішкі әлемі. Абай атындағы қазақ ұлттық 
педагогикалық  университеті.  Хабаршы.  «Филология  ғылымдары»  сериясы.  №2(48)  2014ж.  109-112 
бет. 
4
 
Ахметов З. Өлең сөздің теориясы. «Мектеп» .1973 ж. 222 - бет. 
 

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   43




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет