Қасым аманжолов (1911-1954)



жүктеу 360.62 Kb.
Pdf просмотр
бет1/5
Дата01.01.2017
өлшемі360.62 Kb.
  1   2   3   4   5

ҚАСЫМ АМАНЖОЛОВ 

(1911—1954) 

Қасым Аманжолов 20-жылдардың аяғын ала шыққан 



жазушылар тобына жатады. Бұл буындағы ақындардың 

бірі екі-үш жыл бұрын, бірі екі-үш жыл кейін көрінгенімен, 

қаламға жабысып, өлеңге әуестенулері бір мезгіл, бір тұс. 

Көбісі кедей семьядан, барлығы да азып- тозып бара жат-

қанда, жетім балалар интернатынан пана табады, сол  ұяда 

қанаттанып, сол  ұядан кең дүниеге  ұшады. Пионер болып 

қызыл галстук тақпағаны жоқ, комсомол  қатарына кір-

ген соң, алғашқы жырларын Ленинге, партияға, Отанға ар-

намағаны жоқ. 

Қ. Аманжолов: 



Өмірге кірдім еңбектеп, 

Шалқалап әкем шықты үйден; 

Жетімдік тағдыр жетті ептеп, 

Қабағы қату түксиген. 

Өмірден үміт жоқ өзге, 

Даланың тердім тезегін, 

Әкем боп тапты сол кезде 

Советтік менің өз елім! — 

десе, дәл осыған мазмұндас өлеңдерді Ғ. Ормановтан, 

Т. Жароковтан, Ж. Саиннан, Д. Әбілевтен, тағы басқа 

ақындардан оқуға болады. Бұлардың марқайған соң оқы-

ған білімдері де шамалас, әдеби мектептері де ортақ, бала-

пан жырларымен  ұран сала кірген майдандары да бір 

майдан. Республиканың әр түкпірінде әлі бірін-бірі көрме-

ген жастар алыстан атой салады, алыстан үндесіп, алыстан 

тілдеседі. Ал жырламақ болғандары — сол жылдардың 

шындықтары. Сәкен, Сәбит, Бейімбет, Ілиястар көтеріп 

жатқан тақырыптар. 


Алдағы ағалары сияқты  Қ. Аманжолов та  құрбылары-

мен бірге жаңа дәуірге, жаңарған еліне ғашық: күйреген 

көне дүниеге өшіге  қараса, тыңнан көктеген өмірден, ірге-

сін берік көтере бастаған социалистік  құрылыстан  қызық-

қан көзін ала алмайды. Кейде  қаламымен жазуға үлгір-

мейтіндей,  қарт аталарынша домбыраға  қосылып та төгіл-

гісі, ағылғысы келеді. Көзін ашқаннан  қанықтырған ха-

лың жырлары өзінің ескі күйі, кәрі толғағымен жас ақын-

ның да шабытына  қанат байлай береді. Бақыт тапқан жесір 

анаға,  ұя тапқан жетім балаға, теңдік алған кедейге, білім-

өнер тапқан жас  құрбыларына барлық шаттық сезімін, 

барлық түсініп-білгенін дауыстап айтып беруге тырысады. 

Сәби үні — әлі әлсіздеу, сәби ойы — әлі балаусалау, бірақ 

барынша  ұғымды, барынша айқын, әрі кіріп, бояуы жеті-

сіп болмаған жыр жүрегінің соғысы  қатты, ысуы өткір. 

Жыр тыңдағысы келгендер еріксіз мойын бұрады, еріксіз 

аялдап  құлақ тосады: «Апырым-ау, мынау бір жақсы ле-

біздің басы ғой», — деседі. Сол балауса ақын  Қасым Аман-

жолов еді. 

Қасымның өзі жазған толық өмірбаяны жоқ. Сондық-

тан ақын өмірінің  ұзын-ырғасы (кейбір жолдастарына ай-

тылған детальдары болмаса) ғана мәлім. Аманжолов 

қайтыс болғаннан кейін шыққан үш томдықтың соңғы кі-

табында Е. Ысмайыловтың естелігі басылған. Осы естелік 

Қасымның өмірбаяны мен жазушылық биографиясының 

алғашқы  қаланған іргесі сияқты. Біз де әзірге осы дерек-

терге сүйенеміз. 

Қ. Аманжолов  Қарқаралыда туған, әкесі Рахымжаннан 

жастай жетім  қалған. Ауылда хат тани бастаған соң оны 

1923 жылы ағасы Ахметжан Семейдегі бастауыш мектепке 

түсіреді. 1924 жылдан 1926 жылға дейін  Қасым сол  қала-

дағы интернатта тәрбиеленген. Бастауыш мектептен соң ол 

Семей мал дәрігерлік техникумына түсіп оқиды да, орысша 

сауаттанады, орыс әдебиетімен танысады. 1930 жылы  Қа-

сым «Лениншіл жас» редакциясында істеген; бірсыпыра 

өлеңдерін бастырған. 1931 жылы Ленинградтағы орман ша-

руашылығы институтына түседі, бірақ денсаулығы жарама-

ған соң Оралға келіп, «Екпінді  құрылыс» газетіне  қызметке 

тұрады. Талапты да талантты жас Оралдағы жас  құрбыла-

рына  қозғау сала, жылу бере келгендігін, жырымен, әні-



мен, домбыра, скрипка, пианино тартатын әдемі өнерлері-

мен жұртшылық назарын өзіне аудара білгенін сол кездегі 

көңілдесі — жазушы Ж. Тілеков, тағы басқалар айтады. 

Қ. Аманжоловтың поэзиямен  қатты бір шұғылданған 

тұсы — осы Оралдағы шағы. Онда жазған өлеңдері мен ау-

дармалары 1938 жылы шыққан «Өмір сыры» жинағына 

кірген.  Қасым 1936 жылдан бастап — Е. С. Ысмайылов, 

Қ. Бекқожин, Ғ. Орманов,  Қ. Сатыбалдин, Ж. Саин, Д. Әбі-

лев, А. Жұмағалиев сияқты ақын-жазушылармен табыса-

ды, жақсы өлеңдері көбірек жарияланған сайын  қазақ поэ-

зиясының көрнекті ақындарының біріне айнала бастайды. 

Одан кейін таза әдебиет жұмысында болып, бірнеше газет 

редакцияларында  қызмет істейді,  Ұлы Отан соғысына  қаты-

сады.  Қ. Аманжолов өмірінің  ұзын-ырғасы осылар. 

Қ. Аманжолов өз шығармаларымен  қоса орыс, батыс 

классик ақындарынан — Некрасов, Байрон жырларын ау-

дарды. Бірақ әрі оқып үйрене, әрі еңсесін сала еңбектенге-

ні — Пушкин, Лермонтов, Маяковский шығармалары. Пуш-

кин мен Лермонтовты  қазақшалауда Абай талантының 

қаншалық нәр тапқанын, өнер артылдырғанын сүйіп айта-

тын болсақ,  Қасым туралы да солай сүйіп айтуымыз керек. 

Бұдан  қазақтың өзге ақындары үйренбепті, нәрленбепті де-

ген мағына шықпасқа керек. Бірақ солардың ішінде, 

Қ. Аманжоловтың алғырлығы мен үйренгіштігін ерекше ба-

ғалауға тиіспіз. 

Қ. Аманжолов драматургия және әдебиет сынына да 

қаламын тартып жүрді, бір жағы, үнемі газетте істеп жүр-

гендіктен очерк, әңгімелер де жазды. Бірақ олары көркемдік 

жағынан шираған, піскен нәрселер емес-ті. Поэзиямен не-

ғұрлым терең шұғылданған сайын, ақын өзге жанрлардан, 

әсіресе, газет үшін жазатын очерк, әңгімелерден біртіндеп 

суи бастайды. Сондықтан ақынның мұндай жазбалары 

оның алғашқы жылдарына, редакцияларда істеп жүрген 

кездеріне ғана жатады. 

Ал драматургияға оның көзқарасы тіпті өзгеше еді. 

Ересек тарта бастаған сайын  Қ. Аманжолов драматургияға 

ақын болып  қосылуды  ұната бастаған. Бала шағынан сце-

на өнеріне араласқандықтан,  қазақ драматургиясының ша-

бытпен жазылған, поэзиясы басым жақсы шығармаларына 

қызыққандықтан әуелі әуестік көрсетсе, кейін өз бойынан 

драмалық таланттың барлығын аңғарды. Оның үстіне өзіне 

ұстаз тұтынған Пушкин, Лермонтов, Маяковскийдің де дра-

малық шығармаларымен танысты. Лермонтовтың «Маска-

радын» аударуы да соның нәтижесі болатын.  Қасымның то-



лың ашылмай, өріс таппай кеткен талантын оның жұмыс 

арасында шапшаң жазыла салған шағын пьесаларымен, 

бітпей  қалған либреттосымен дәлелдеу  қиын. Ал поэзиясы 

арқылы әбден дәлелдеуге болады: өлеңдерінде, әсіресе «Би-

кеш» атты сатиралық поэмасында тамаша диалог үлгілері 

бар. Ал «Абдолладағы» герой монологтары  қуаттылық, от-

тылық жағынан, адам мінезінің атомша жарылуы жағынан 

Гамлет монологтарымен теңдеседі. Поэманы оптимистік 

трагедия деп бағалауымыз да сол үшін. Ондай монологтар 

біздің өзге поэмаларымызда, тіпті ең жақсы деген пьесала-

рымызда да жоқ. Мұндай мысалдарды оның  қысқа өлеңде-

рінен де келтіруге болады. Бірнеше сцена үлгісінде жазған 

нәрселерімен  қатар  Қ. Аманжолов өлеңмен бастап, бітірмей 

кеткені — «Хорлығайын» либреттосы. Ол Естайды, оның 

әніне байланысты Хорлығайын есімді  қыздың драмасын 

алмақ болған. Шығарманың композициялық  құрылысы, 

оқиғаны өрбіту,  қатысатын адамдардың экспозициясын жа-

саудағы орашолақтың көп-ақ. Мінез, тіл жағынан да  қы-

зықтыра бермейді. Бірақ, сол шалағай дүниенің өзінде де 

Қ. Аманжолов талантын жарқ еткізетін тамаша бір өзгеше-

лік еріксіз сүйсіндіреді. Алайда  Қ. Аманжолов үлкен дра-

малық талантын поэзиясында танытса да, әдебиеттің драма-

тургия жанрында көрсете алмай, толық ашылуына үлгір-

мей үзілді. 

Қ. Аманжоловтың сыншы-әдебиетшілігі де осы дәреже-

де. Ол әдебиет ғылымымен терең шұғылданып, молырақ 

қарулануға үлгірген жоқ. Жасында білімі жетіспесе, мар-

қайған соң оған уақыт таппады, поэзия жайында пікірімді 

айтып отырайыншы деп те ойламаған болу керек. Бірақ, 

ақын жасы толыққан, өнері артылған сайын поэзияның  ұй-

ымдастыру, шығармалық талдау-талқылау жұмыстарына 

араласпай отыра алмады.  Қаулап өсіп келе жатқан жастар-

дың талаптылары Аманжоловпен тікелей  қатынасып, үйіне 

барып өлеңдерін көрсетсе, жүздеген жастар хат арқылы 

байланысып жатты. Оның үстіне газет, журнал, баспа орын-

дары, әсіресе поэзия туралы өткізілетін мәслихаттар, 

Қ. Аманжоловтың  қатынасуын абырой тұтынатын болды. 

Осының бәрі де заңды, орынды еді. Осылардың үстіне культ 

тұсында «көгерген» шеңгелдей тырнағыш-тікенек сыншы-

лар, әупірім алып  қашпалар ғажайып ақынға үздіксіз соқ-

тыға береді де.  Қасым оларға оқтын-оқтын жауап  қайтарып 

отырды. Соларының өздерінде де үлкен жазушыға лайық 

ірі айтылған пікірлер бар.  Қ. Аманжолов рецензиялары 

мен мақалаларында ең алдымен әділ пікір айтуға, ойлаға-



нын жасырып  қалмасқа тырысты. Одан соң шығарманың 

идеялық айқындығына, көркемдік нақтылығына көбірек 

зер салатын. Жаман өлеңді «жаман» деп, күйіп-пісіп тіке 

айтатын. Ақын ең жақын достары Д. Әбілев, Қ. Бекхожин-

дердің жеке шығармаларында кеткен  ұқыпсыздықтарды 

қатты сынады. Ойға  құрылмай,  құрғақ сөзге  құрылған 

ұзақ  құрғақ толғауларға  қарсы екенін айтты. «Өлеңде, — 

деді  Қасым, — ой мен сезім, ақындық тіл бірдей болу ке-

рек; біреуі жоқ болса, ол өлең жарымжан. Ал біздің кейбір 

ақындарымыз осы үш  қасиеттен түгел безіп, саудыраған 

сөздерді жіпке тізіп жүрген болса, өзін-өзі алдағандығы деп 

білу керек»

 2

, — деді. Аманжоловтың мұндай ойлары тіпті 



ертеден айтылып келеді.  Қасым 1938 жылы жазылған 

«Көп оқып, үйреніп, жақсы жазайық» деген шағын мақа-

ласында замандастар көңілін оқуға көбірек бөледі. Білімсіз 

таланттың көгеріп, көктемейтінін, ойдағыдай жеміс бермей-

тінін басып айтады. Ол былай дейді: «Біздегі бір  қалмай 

келе жатқан жаман әдет —  қалай болса солай  құрастырыл-

ған, аяғы үйлестірілген  қара сөзді өлең деушілік. Өлеңнің 

қасиеті — оның аяғының үйлесуінде емес, мазмұнында, 

іші-сырты бірдей келген көркемділігінде екенін  ұмытпау 

керек»


 3

«Өзім туралы» атты өлеңінде ол: 



Құя алман үгітілген балшық өлең, 

Көңлімде көл жасаман тамшыменен, 

Серінің семсеріндей сертке таққан 

Өлеңнің өткірін бір алшы менен, — 

деген. Ақынның поэзияға түйіп айтқан көзқарасының бірі 

осы. Сондықтан ол жазған кіші-гірім мақалаларында да, 

сөйлеген сөздерінде де кілең осы тұрғыдан келеді. Оған бі-

рінші туыс та — поэзия, бірінші дос та — поэзия. Ол поэ-

зияны ешқашан да я беделге, я көңіл жақындыққа айыр-

бастап көрген емес.  Қасым — өлмес өлең көп туса екен 

дегенді  қатты тілеген, арман еткен ақын. 

Қ. Аманжолов ара-тұра әдебиет тану ғылымының да 

кейбір мәселелерін  қозғап отырған. Ескі мұраны зерттеу, 

халық ақындарының шығармаларын тану, Абай, Жамбыл 

жырларының орысша аудармалары туралы айтқан пікірле-

рі де бар. 

2

 Үшінші том, 1956, 188-бет. 

3

 Екінші том, 288-бет. 


Қасым жастарға, жа қ ы н достарына өлең мәселесінен 

жәрдем бергенде дерексіз әңгімелер соқпай, дәл айтатын, 

қолма-қол жәрдемдесетін. «Мына шумақ дәрменсіз, мына 

сөз жансыз» деп шұқып көрсеткені талай жолдастарының 

есінде.  Қасым барлық жазған мақала, рецензияларында 

үнемі батылдық туралы айтады. Өйткені ол өзі батыл, өзі 

батыр еді. Өткір сезімді жан тез түйсігіп, тез түйетін. Оның 

ұсақты ірілендіріп, алысты жақындатқыш  қырағы көзі  құ-

былыстарды дәл тануына, сол танығандарын дәл айтуына, 

батыл айтуына мүмкіндік берді. Ол өз өлеңін де, өзгенің 

өлеңін де музыкалық үн ретінде  қарап бағалайды. Бұл, әри-

не, үлкен ақындарға ғана бітетін  қасиет. Сондықтан да ол 

бір  қарап жібергенде-ақ өлең шумағын барлық жағынан 

тұтас аңғарады. Әрі ақын, әрі композитор болып  қабылдай-

ды да, табан астында кесім айтып, жетпей тұрған сөздерді 

жеткізіп,  қалауы келіспегендерін келістіріп жібереді. 

Қ. Аманжоловтың поэзия туралы ойлары кілең осылай, 

өзінің ақындық шабытымен байланысты айтылып отыра-

ды. Оның берген бағаларындағы кесіп-пішкіштік, жақтыр-

мағандарын аямай мінегіштік те  Қасымның осы өзгешелік-

теріне, аса дарындылығына байланысты. Оның бойында аса 

дарынды импровизатор ақындардың сапасы да мол бола-

тын. Дүниеге әрі ақын, әрі музыкашы боп келген, оның үс-

тіне ауылдағы жыршы, жыраулардың дәстүрінен еркін  қа-

ныққан домбырашы  Қасым тап келіп  қалған ойларын сол 

мезетте-ақ өлеңге айналдырғыш еді. Сөз ырғағы мен музы-

ка ырғағы бірдей  қозғалғандықтан бар нәрсе оған жыр тү-

рінде ғана танылатын. Сондықтан ол өлеңмен айтуға бейім 

тұратын. 

«Жазба ақындарының көпшілігі-ақ  қолма-қол шығарып 

айта алмайды, — дейді Г. Сланов, өзінің естелігінде, — ол 

болса домбыра  қолына келгенде, мүлде біртүрлі арқаланып, 

кішкене  Қасымның тұлғасы зорайып кететін. Тіпті жай 

жүргенде де бірер өткір сөзін тақпақтап, оп-оңай-ақ тастап 

жіберетін. Тал бойы толған күйлі сөз, өлең еді»

 4

. Сланов 



өте дәл аңғарған.  Қасымның табанда суырып айтыпты де-

ген өлеңдері ауыздан ауызға көшіп жүреді. Мұндай өлеңде-

рінің жиналмағандары да аз болмасқа керек. 

Қасымның музыкашылдық таланты оның өзі жазған 

әндерімен де танылған. «Дариға», «Туған ел» атты өлеңдері 

бүгінгі жақсы әндер тізіміне  қосылады. Музыкалық сауаты 

пәлендей көп болмағанымен,  Қасым өз кеудесінен туған 

* Үшінші том, 474-бет. 


әуен ырғақтарын нотаға да түсіре білетін. Өз өлеңіне өзі ән 

шығаруды ол өте қызық көретін. 

Түбі бір, туысы бірлердің де өрісі бөлектенеді, әркім 

өзінше қоныс табады. Сол сияқты поэзия майданында да 

бірге туғандай, бір үнмен туғандай  Қасымға  құрбы топтың 

ақындары да есейген сайын ақындық өрістерін бөлектеп, 

өздері жайлы көрген  қоныстарына үдере берді. Идея, идеал 

бір болғанымен, талант мөлшері, өсу жолдары әртүрлі ғой. 

Сапардың да сәтті, сәтсіздіктері ауысып келіп отырады. Бі-

реулер  қиын жолдарда тоқырап, көгі таусылған күздеуде 

қалса, біреулер әріректен — алысырақтан дұрыс болжап, 

жаңа, соны қоныс табады. Қасымның көрген қиындығы аз 

емес. Әртүрлі себептермен ол да өсу жолында  қысылшаң 

күндерді басынан кешірген. Бірақ өмірінің  ұзақ болмаға-

нына  қарамастан, өз көшін поэзиямыздың жасыл жайлауы-

на жеткізген ақын. Біз оны  Қ. Аманжоловтың өлеңдерінен 

және поэмаларынан анық көреміз. 

II 


Қазақ совет лирикасының тарихы жеке ақынның шы-

ғармасымен түгел  қамтылмайды. Лирикамыздың алғашқы 

жылдарынан бастап бүгінге дейінгі дәрежесін тұтас шол-

сақ, көп үнді, көп тілді, көп бояулы, біріне-бірі  ұласқан бір-

неше буындардың бірлескен еңбегін көреміз.  Қазақ поэзия-

сында социалистік реализмнің басталуы мен  қалыптасуы 

осы бірлескен еңбектің  ұзақ уақыттағы тарихи даму процес-

терімен тығыз байланысты. Октябрь революциясы әкелген 

жаңа поэзия жас социалистік өмірмен егіз туады да, сол 

өмірдің жыршысына айналады. Бірақ бұл бірден-ақ берік 

қанаттанды, биіктерге оңай көтерілді деген сөз емес. Көркем 

өнердің басқа салалары сияқты поэзия да алғашқы күннен 

бастап көркемдік табу, шеберлік арттыру жолында іздену 

жорығын бастады. Күн сайын өрлеп бара жатқан совет хал-

қының жауды талқандаған, ескілікті күйреткен, жаңа өмір-

ді қолдан жасаған  қуаты, оны бірде мылтықпен  қарулант-

са, оған ілесе біліммен, техникамен  қаруланған сыртқы 

тұлғасы, көңіл көзін тапқан сана-сезімі, жаңғырған ішкі  қа-

һармандығы, соларға байланысты уақыттың шапшаңдауы, 

рухтың  қанаттануы, пафосқа толы еңбек екпіні мен ырға-

ғы, жаңару-жасару мен күйреу-жоғалудың арасындағы тар-

тыстардың  қуанышы мен трагедиясы поэзиямызға да  қатты 

қозғау салды. Іздену деп поэзияның осы дәуірге лайық маз-

мұн, түр табу, дәуір рухын табу жолындағы  қозғалысын 



айтамыз. Осы  қозғалыстың өз бойына, өз тарихына жара-

сымды, үзілмей дамып отырар, дамыған сайын молайып, 

күрделене түсетін, белестерден белестерге көтерілетін, өзін-

дік  қасиеті бар. Оның аты — дәстүр — совет поэзиясының 

ұрпақтан ұрпаққа, буыннан буынға ауысып отыратын дәс-

түрі — көркемдігі көтеріле беретін поэзиядағы лениндік 

идеология. Бұл дәстүрдің ғажайып табыстарын барлық 

ақындарымыздың топталған еңбектерімен де, олардың ішін-

де үздік шыққан жеке таланттардың еңбектерімен де рас-

тауға болады. Өйткені үздік ақындар дәстүрді  қабылдаушы 

ғана емес, оны дамытушы, байытушы, оған өз үлесін  қосу-

шы, сөйтіп, эстафетаны кейінгі  ұрпаққа  ұсынушы. Тағы да 

қайталаймыз: лирикамыздың үлкен тарихы жеке ақынның 

шығармаларымен түгел  қамтылмайды. Сонымен бірге дәс-

түрге үлес  қосқан, поэзиямызға белгілі ықпал жасаған жеке 

ақындарсыз тарих та толық бола алмайды.  Қазақ совет ли-

рикасындағы сондай ақындардың бірі —  Қасым Аман-

жолов. 


Қасымның лирикалық поэзиясын бөліп алып тексерген-

де, біз оның өрлеу эволюциясын, жаңа мазмұн, жаңа сапа 

табу басқыштарын тани білуіміз, таныта да білуіміз керек. 

Ақынның алғашқы дәуірінен бастап, ең соңғы биігіне  қа-

лай шыққаны дәлелденбесе, әдебиет ғылымы ақынды зерт-

теген бола алмайды. Сондықтан шоли зерттеу жұмысымыз-

ды жеңілдету үшін Аманжолов лирикасын бірнеше салаға 

тақырыптық жағынан бөлеміз де (әрине, шартты түрде), 

әрқайсысын даму тұрғысынан үстірт болса да байқап кө-

реміз. Олар: еңбекке арналған жырлар;  ұлы оқиғалар 

және  ұлы адамдар туралы жырлар; махаббатқа арналған 

жырлар; жаратылыс туралы жырлар; ой толғағы, мысқыл, 

юморлар. 

30-жылдың басынан аяғына дейін  Қасым да, оның  құр-

бы достары да еңбек тақырыбын жырлаудың сан түрлі  қи-

ыншылықтарын бастан кешірді. Бостандық алған совет 

адамының жерге, еңбек  құралына ие болу  қуанышы  қай 

ақынды болса да  қуантпай, толғантпай  қалған жоқ. Бірақ 

еңбекті жырлау — еңбеккерді жырлау, оның жарқырай түс-

кен санасын, байи түскен сезімін жырлау екенін шығарма-

лық жағынан толық меңгеру өте  қиын еді. Жастық, тәжіри-

бесіздік, білімнің шағындығы, әсіресе күнделікті өмірден 

қалмай, уақтында үлгіру міндеті тереңдеуге бөгет жасады. 

Тіпті Сәкен, Бейімбет, Сәбит, Ілияс сияқты аға ақындардың 

жақсы үлгілерінен үйренудің өзі оңай болған жоқ. Оның 

үстіне, осы аты аталған аға ақындардың өздері де іздену, 



тәжірибе жасау үстінде көп өлеңдерінде еңбектің, еңбек 

адамдарының сыртқы көріністерінен арылып болмаған-ды. 

Еңбектің пафосын беру, еркін екпіні, шалқыған жан-күйін 

беру жағынан А. Тоқмағамбетовтің, Т. Жароковтың жеке-

леген ойнақы өлеңдері, Ғ. Ормановтың Турксиб туралы 

өлеңдерін атамасақ, көп шығармалар сыртқы  құбылыстар-

дың төңірегінен шыға алмаған-ды. Аманжоловтың 1933— 

1935 жылдары жазылған «Тракторшы Темірбек», «Жыр-

ла, тілім, еңбекті», «Нәзипа», «Жаңа батыр» сияқты шығар-

малары да сондай өлеңдер. 



Тракторшы Темірбек 

Төсегінде жатыр ед. 

Жарап жайнап, боп сергек, 

Балқып ойға батып ед, — 

деп «Тракторшы Темірбекте» жырласа, 



Жырла, тілім, 

Жырла, бүгін, 

Жырла, сайра, тақылда, — 

деп «Жырла, тілім, еңбекті» деген өлеңінде жазды. 

Ал «Нәзипа» атты өлеңінде Нәзипа: 

Чапаев колхозында сауыншы боп, 

Бес жылдай істеп келем, үзгенім жоқ. 

Көңлім шат,  қуаныш мол, тұрмыс 

жақсы, 

Дегендей көйлегім көк, тамағым тоқ, — 

деді. 


Еңбек туралы, оның еркіндігі,  қуанышы туралы ақын-

ның көп өлеңдерінде, толғауларында үнемі айтылып отыр-

ған, оның бәрі кезінде газеттерде басылып, жұртшылыққа 

өз дәрежесіне лайық нәр беріп отырған. Бірақ совет әдебие-

тінің, оның ішінде поэзияның міндеті бұдан әлдеқайда зор 

еді. «Біз, — деді Алексей Максимович Горький, — Советтер 

Одағының әдебиетшілері, әлемге өзге адам келгенін — 

«миы сүйелсіз», өзін, өзінің дарыны мен талантын көрсе-

туге жан-тәнімен  құмар адам келгенін сөйлеуге право ал-

дық. Потенция да бар, біраң іске белсенді жегілмеген ин-

теллектуалдық  қажыр кәзір әдемі  қимылда. Жерді алты 

вершоктан терең  қазбайтын  қара шаруамыздың басым көп-

шілігі — енді сол жерді жылдан жылға келістіре  қазатыны 

сондай, жер біздің алдымызда асыл  қазыналарын кеңейте 

ашуда. Біз, белсенді ұйымдастырғыш ақылдың жаратылыс-


тың механикалық ақылымен еселей артқан сәтті күресінің 

кепіліміз. Жаңа адам осы күресте жаратылуда, ал біз әде-

биетшілер әлі күнге осы адамды  ұстай алмай, сипаттай ал-

май анекдоттар айтумен, әйтпесе олардың еңбектері жөнін-

де жалықтырғыш тарихтарды соғумен келеміз, олар қандай 

биік мұраттар үшін еңбектенетінін көрсетуді білмейміз . 

Горькийдің бұл сөзі 1934 жылы, жалғыз  Қасым үшін 

емес, бүкіл совет әдебиетінің міндеті ретінде айтылған. Ұлы 

жазушы еңбекті, еңбеккерлікті — нағыз шабыт көзі, совет 

адамының биік арманы,  ұшқыр  қиялы, жан-күйінің  қанат-

тануы, жеңімпаздық ақыл, жасампаздық шеберлік табуы 

ретінде жырлау керектігін сол жылғы жазушылардың бі-

рінші съезінде де баяндады. Сөйтіп, совет әдебиетінің еңбек 

адамымен тереңдей шұғылдануы социалистік реализм әді-

сінің негізгі принциптерінің бірі екенін дәлелдеді. Бірінші 

съезд бүкіл  қазақ әдебиетіне, оның ішінде Аманжоловқа да 

мықты  қозғау берді. 

Поэзия — біріншіден, өзі еңбек. Ақын да алдымен ең-

беккер, совет поэзиясының еңбеккері. Ендеше, ақын әуелі 

өз интеллектуалдық  қажырының еркін тасқындау  қажетті-

гін сезіну керек. Онсыз шабыт жүрегінен дәуірге сай пафос 

шықпайды, онсыз шабыт домбырасының шектері келісім та-

бардай күйттелмейді, онсыз заманның, адамның ірілігін 

көретін шабыт көзі де толық ашылмайды. Мұндай сапалар 

өте-мөте лирикашыл ақындарға керек. Демек,  Қасымның 

да басқалар сияқты еңбекті сырттай шолып, сырттай атау-

лары өзін таппаған, өзін ашпаған тұсы. Ақын осыны сезін-

генінен бастап  қатты толғанып,  қатты ширығады. Енді ол 

«Тасқынмын», «Таумын» дейтін балалық сөздерді шапшаң 

айтудан тартынып, даналық, өзіне өзі үңілу, ойлану кәде-

сін бастайды.  Қасымның «Ақын мен шахтер» дейтін 1948 

жылы жазылған бір өлеңінде шахтер өзінің еңбегін айтады. 

Қайда жүрсің, а қ ыным ? — деп мінейді, ақын оған: 




Поделитесь с Вашими друзьями:
  1   2   3   4   5


©emirsaba.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет