Хабаршы вестник



Pdf көрінісі
бет28/35
Дата27.01.2017
өлшемі2,38 Mb.
#2802
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   35

6. Тыңдап ажырату әдісі. Тыңдап ажырату әдісі дегеніміз –қытай тілі фонетикасын оқыту барысында 
студенттердің  дыбыстарды  тыңдап  және  дыбыс  айырмашылықтарын  ажырату  шеберліктері  мен 
біліктілігін  шыңдайтын  әдіс.  Жаттығу  жасау  –  қытай  тілі  фонетикасын  оқытудың  ең  басты  басқышы 
болып  саналады.  Бір  неше  дүркін  қайталанған  жаттығулар  арқылы  ғана  студенттер  қытай  тілінің 
дыбысталу  заңдылықтарын  дұрыс  меңгеріп,  қытай  тілінде  емін  –  еркін  сөйлесе  алады.  Фонетика 
жаттығуын – дыбысқа жаттығу және дыбыстарды тыңдау жаттығуы деп екі түрге бөлуге болады. Тыңдап 
ажырату  әдісі  –  дыбыстарды  тыңдау  жаттығуының  типтік  әдісі  болып,  фонетика  оқытуында  орнын 
өгейсітуге келмейтін басты түйіндердің бірі болып табылады.  
Тыңдап ажырату әдісінің жаттығулары: қатаң шыңмулар p t k мен лепсіз шыңмулар b d g , тіл ұшы 
алды шыңмулары z c s мен тіл ұшы арты шыңмулары zh ch sh ,мұрын алды юнмулары in en an мен мұрын 
арты юнмулары ing eng ang және алдыңғы дыбысы басымдыққа ие юнмулар ai ei ao ou мен соңғы дыбысы 
басымдыққа  ие  юнмулар  ia  ie  ua  uo  ue  т.  б  әмбебап  мазмұнды  қамтыған  сұрақтармен  жүргізілуі 
керек.Сонымен  қатар,  үнемі  қолданыстағы  қарапайым  ирогилифтермен  дыбыс  ажырату  жаттығуларын 
жасауға  да  болады.  Мысалы:  叉子——车子气象——去向石头——舌头扎人——抓人产区——
厂区
长针—— 长征人民——人命日历——热力人群——人穷 т. б. Тыңдап ажырату әдісі арқылы қытай 
тілі фонетикасының шыңму, юнму және тон тұрғысынан жан-жақтылы жаттығулар жасап,студентердің 
қытай  тілі  фонетикасының  дыбысталу  заңдылықтарын  меңгеріп,  қытай  тілінде  емін-еркін  сөйлеу 
қабілеттерін жетілдіруге негіз қалайды.  
Қорытып  айтқанда,  қытай  тілі  фонетикасын  оқытудың  әдіс-тәсілдері  алуан  түрлі  болғанымен,  қазақ 
тілді  аудиторияда  қытай  тілі  фонетикасын  оқыту  барысында,  көптеген  әдіс-тәсілдерді  біріктіріп 
қолдануға  болады.  Алайда,  біз  бұл  әдіс-тәсілдер  арқылы  студенттердің  білімі  мен  қажетіне  қарай 
оқытатын  болсақ,  қытай  тілі  фонетикасын  оқыту  барысында  кездескен  қиындықтарды  жеңіп,  тамаша 
оқыту өнімділігіне қолжеткізе аламыз.  
 
1
 
戴桂芙


级汉语口语。北京:北京大学出版社
, 1997.  
2
 
周健

汉语教学方法研修教程。北京:人民教育出版社
, 2004.  
3
 
崔永


对外汉语课堂教学技巧。北京:北京语言大学出版社
, 2010.  
4
 
刘珣主



实用汉语课本

北京:北京
语言大学出版社
, 2009.  
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Абай атындағы ҚазҰПУ-нің Хабаршысы, «Филология» сериясы, №1(47), 2014 ж. 
167 
 
 
 
 
ӘОЖ 37.016 :821.512.122 
ҰЛТТЫҚ ҚҰНДЫЛЫҚТАР –БІЛІМ БАСТАУЫНЫҢ ҚАЙНАР КӨЗІ 
 
А. Қ. Бидайбекова - 
«Өрлеу» БАҰО АҚ филиалының Алматы қаласы бойынша ПҚ БАИ 
«Инновациялық дамуды әдістемелік қамтасыз ету» бөлімінің аға қызметкері 
 
Аңдатпа: Ұсынылған мақала жас ұрпақты ұлттық құндылықтарымыз негізінде руханилық пен адамгершілікке 
тәрбиелеу  мәселесін  қозғайды.  Мақала  мұғалімдер  мен  ата-аналар  қауымына  арналған.  Бүгінгі  таңдағы  мектеп 
мұғалімдері мен  ата-ананың  ең  қасиетті міндеті дарынды, ұлтжанды  тұлғаны  қалыптастыруда мақаланың  маңызы 
зор. 
 
Тірек сөздер:Ұлт, құндылық, жас ұрпақ, мектеп, білім беру жүйесі, ұлттық тәрбие, мұғалім, ана тілі, ұлтжанды, 
оқушы, сабақ, салт – дәстүр. 
Аннотация: Данная статья направлена на нравственное и патриотическое воспитание подрастающего поколение 
на основе национальных ценностей. Статья адресована учительской и родительской общественности. Значимая роль 
статии для решения актуальной задачи учителей и родителей. 
Ключевые слова:Нация , ценность, молодое поколение, школа, система образования, национальное воспитание, 
учитель, родной язык, патриот, ученик, урок, обычаи, приметы. 
Abstract:  Young  generation  the  article,  that  was  Given,  moves  question  to  morality  by  education  spiritual  on  national 
basis  of  values.  Dedicated  to  community  the  article,  teachers  and  parents.  School  in  today's  groin  on  to  form  personality 
teachers same saint duty parents talent, ұлтжанды importance of the article superiority. 
Keywords:  Nation,  value,  years  generation, school, education system,  national education,  teacher, language of  mother, 
ұлтжанды, student, lesson, custom-tradition. 
 
Бүгінгі  жаһандану  үрдісінде  әр  ұлт,  әр  мемлекет  өзіндік  менталитетін,  өзіндік  бет-бейнесін  сақтап 
қалуға  тырысуда.  Бізді  де  осы  үрдістен  алып  шығар-ежелден  қалыптасқан  ұлттық  құндылықтарымыз 
және  білімді  ұрпақ.  Сол  себептен  жас  ұрпақты  тәрбиелеуде  басты  ұстанар  бағытымыз  ұлттық 
құндылықтар болуы қажет. Біз ғаламтор жүйесімен, жаңа озық технологиямен, тіпті ғарышты игерумен 
ғаламды таңқалдыра алмаймыз. Санаулы жылдардан кейін еліміздегі барлық мектептердің материалдық-
техникалық  базасы  әлемдік  стандартқа  сай  болатынына  шүбәміз  жоқ.  Сонда  басқа  елден  немен 
ерекшеленеміз? Әрине ұлттық мәдениетімізбен, әдет-ғұрыптарымызбен,тіліміз, ділімізбен, қазақстандық 
менталитетімізбен  ғана  ерекшеленеміз.  2007жылғы  шілдеде  қабылданған  ҚР  «  Білім  туралы»  заңының 
11-  бабында  «ұлттық  және  адамзаттық  құндылықтар,  ғылым  мен  тәжірибе  жетістіктері  негізінде  жеке 
адамды қалыптастыруға, дамытуға және кәсіптік шыңдауға бағытталған сапалы білім алу үшін қажетті 
жағдайлар жасау,» - деп, білім беру жүйесінің міндетін анықтап берді. Еліміздің білім беру жүйесінде жас 
ұрпақты  ұлттық  құндылықтар  негізінде  руханилық  пен  адамгершілікке  бағдарлап  білім-тәрбие  беру  ісі 
өткір  мәселе  саналады.  Осы  тұрғыда  білім  үрдісінде  ұлттық  құндылықтарды  дәріптеуді,  оны  білім 
мазмұнына  енгізу  арқылы  ұлттық  тәрбие  беруді,  оны  үздіксіз  білім  берудің  көзіне  айналдыруды  мұрат 
етіп  отыр.Бұл  орайда  білім  мазмұны  арқылы  бала  рухын  тербететін,  жанын  елжірететін, 
масаттандыратын,  табындыратын,  әсемдік  сезімін,  ар-намыс  сезімін  оятатын,  білуге  құмарлыққа,  ақ 
көңілділікке,  ерлікті  көксеуге,  күш-қайратты  шыңдауға  ұмтылдыратын  –  нағыз  ұлттық,  қазақша 
сөйлейтін, тілеуі, қалауы, арманы қазақша болатын, өз бойынан ата-бабасының қаны мен рухын сезінетін, 
өз халқының би, батыр, шешен, даналарының өнеге-үлгісін ұстанатын, елінің тағдырына, тарихына жаны 
тебіренетін  –  көркем  шығармалар,  адамгершілік  бастаулары,  әдептілік  қағидалары,  өсиет  әңгімелері, 
шешендік  сөздері  және  т.б.  Міне,  осындай  қуат  бойына  дарыған  жас  ұлан  келешекте  бәсекеге 
қабілетті,тәуелсіз  еліміздің  қорғаны  болатыны  сенімді.Өзімізді  өзіміз  бағалай  білуге  бет  бұру  –  ұлттық 
байлығымызды игеру, ұлттық санамызды дамыту. Ұлттық құндылықтарды іріктеп, оқыту үрдісінде енгізу 
арқылы  ұлттың  тұнып  тұрған  асыл  мұралық  рухани  байлығынан  болашақта  ел  билейтін  ұрпақтарды 
сусындатып,  отбасында  да,  мектепте  де  ұлтжандылылық  пен  отаншылдыққа  баулып,  өз  халқын,  өз 
мемлекетін  көздің  қарашығындай  қорғайтын  тұлғаларды  тәрбиелеп  шығару.Ал  бүгінгі  таңда  мектептің 
,мұғалімнің  ең  қасиетті  міндеті-рухани  бай,  жан-жақты  дамыған  жеке,  дарынды  тұлғаны 
қалыптастыру.Рухани байлық ең алдымен әр халықтың ұлттық әдет-салты, мәдениеті, өнері және шыққан 
түп  тамырында  жататыны  белгілі.Сол  ұлттық  құндылықтарды  бүкіл  адамзаттың  өз  ұрпағын 

Вестник КазНПУ им. Абая, серия «Филология», №1(47), 2014 г. 
168 
тәрбиелеудегі білім берудегі озық ұстанымдармен байланыстыра отырып, әр баланың қабілетін, талантын 
ашып,  өзіне-өзінің  сенімін  нығайтып,  өзіне  жол  ашуына  түрткі  жасауымыз  қажет.Еліміздің  болашағы-
ұрпақ тәрбиесінде, еліміз егемендік алып,өз алдына отау тігіп, өзінің ішкі-сыртқы саясатын өзі шешетін 
болды. Бүгінде баршаның міндеті-әдет-ғұрпымызды, салт-дәстүрімізді жандандырып, ұлттық сана-сезімі 
жоғары тәрбиелі ұрпақты өсіру. 
Қазақ ағартушысы М.Жұмабаев «...Әрбір ұлттың баласы өз ұлтының арасында өз ұлты үшін қызмет 
қылатын болғандықтан,тәрбиеші баланы сол ұлт тәрбиесімен тәрбие қылуға міндетті» деген.Жас ұрпаққа 
саналы тәрбие және сапалы білім беру деңгейі ең алдымен мұғалімнің даярлығына,оның іс-тәжірибесінің 
қалыптасып шыңдалуына байланысты. 
Мұғалім-баланың 
жеке 
тұлғасын 
қалыптастырушы,маңызды 
тәлім-тәрбие 
өнегесінің 
бастаушысы,жарқын  үлгісі,бала  қиялын  самғатып,арманын  көкке  ұсындырушы  басты  тұлға.  Ендеше 
қоғамдағы  қол  жеткен  тәрбиелік  жақсы  дәстүр  атаулыны  пайдаланып,биік  адамгершілік  қасиеттерге 
баулу,тәрбиелеу-мұғалімнің 
басты 
міндеті.Мұғалім 
жан-жақты 
жетілген 
білімді,әдістемелік 
шығармашылық  шеберлік  иесі,  халықтық  дәстүр,әдет-ғұрып  пен  салт-сана  ерекшеліктерін  әлеуметтік 
қарым-қатынастар  түрлерін  кәсіби  түрде  меңгеруі  тиіс.Бірақ,  басты  ескеретін  қағиданың  бірі  —  білім 
жүйесін жаңғыртуда табиғаты халқымыздың болмысына жат, шетелдік нұсқаларды эталон, үлгі есебінде 
қабылдамай,  жаңа  мектебіміздің  басты  философиялық  тұғырнамасын  ұлттық  идеяға,  ұлттық 
табиғатымызға негіздеп, қазақстандық және жалпыадамзаттық мүдделерді басшылыққа алып, рухани-мә-
дени құндылықтарымызға басымдылық бере отырып қалыптастыру. Еуропалық және Азиялық өркениет-
тің аралығында орналасқан Қазақстанның геосаяси орны, ана тіліміз бен ұлттық мәдениетіміздің кеңестік 
дәуір  кезіндегі  және  қазіргі  жай  күйі,  еліміздің  полимәдениеттілік,  көпконфессиялық  сипаты 
халқымыздың  ұрпақ  тәрбиесіндегі  даналығынан,  рухани  құндылықтарынан,  ұлы  педагогтеріміз  бен 
ғұлама  гуманистеріміздің  философиялық  ой  толғауларынан,  яғни  тереңге  бойлаған  түп 
тамырларымыздан  нәр  алып,  үнемі  және  үздіксіз  қанығып  отыратын  шынайы,  тәуелсіз  ұлттық  білім 
жүйесін құруды талап етеді. 
Қазақ елінің болашағын айқындайтын, оны тұрақты даму деңгейіне көтеретін бірден-бір құндылық, ол 
– жасөспірімдерді отаншылдық рухта тәрбиелеу. Ендеше, қазақстандық жаңа білім моделі осыдан бастау 
алып,  жас  ұрпақты  білімді  және  сол  білімді  ұтымды  пайдалана  алатын  іскер,  білгір  де,  білікті  етіп 
өсірумен  қатар,  оның  адамгершілік  болмысын,  ішкі  жан  дүниесін,  азаматтық  тұлғасын,  халықтық 
қасиеттерін  дұрыс  және  орнықты  түрде  қалыптастыру  болмақ.  Қазақстан  Республикасының  баянды  да 
тәуелсіз  мемлекет  болу  үшін  ұлттық  құндылықтар  тәрбие  арқылы  халық  педагогикасынан  нәр 
алып,адами  құндылықтардың  барлық  саласын  бойына  сіңірген,таза  елжанды  азамат  керек.Қазақ 
мемлекеті  үшін  бар  білімі  мен  қабілетін  сарп  ететін,елін,туып-өскен  жерін,тілін,халқының 
тарихын,дінін,мәдениетін біліп,құрметтейтін жеке тұлға тәрбиелеу,жалпы жұртшылық,әкімшіліктер мен 
білім  беру  мекемелерінің  басты  міндеті.Елбасының  Қазақстан  халқына  арнаған  Жолдауында:«Біз 
Қазақстанның  барлық  азаматтарының  отаншылдық  сезімі  мен  өз  еліне  деген  сүйіспеншілігін  дамытуға 
тиіспіз және оны қалыптастыру- басты міндетіміздің бірі» деген сөзін басшылыққа ала отырып, 
 « Менің Отаным-Қазақстан» деп ойлайтын әрбір азамат ұлттық құндылықтарды бала бойына сіңіретін 
тәрбие жұмысын жүргізуі міндетті.Отансүйгіштік - азаматтық санамен қалыптасатын қасиет. «Азаматтық 
сана» – біліммен қаруланған, аға ұрпақтың қалдырған мәдени-тәлім мұраларынан сусындаған, туған жері 
мен елінің рухани-материалдық, мәдени құндылықтарын бойына сіңіре білген, ақыл мен парасаттылығы 
жетілген,жеке мүдде мен болашақ үшін жауапкершілікті өткен мен келешек ұрпақ алдындағы парызбен 
ұштастыра білетін, саналы азаматы болуды талап ететін құбылыс. 
Ұлтжанды,  адами  құндылықтарды  бойына  жиған,қиыншылықтан  жол  табатын,экономикалық 
бәсекелестікке  қабілетті,  ары  таза,иман  жүзді,біреудің  қолдауынсыз  өз  еңбегімен  білім  алған,елі  мен 
жерін сүйетінін атқарған ісімен дәлелдеген жастарды көргіміз келеді. Ол үшін жастарға ұлттық тәрбиені 
ел-жұрт,  қоғамдық  орын,  ата-ана  болып,жан-жақты  ойлана  отырып  берсек,біздің  де,мемлекеттің  де 
көркейетіні даусыз. 
Бүгінгі  жас  ұрпақты  сонау  замандардан  жинақталған  ата-бабамыздың  мол  мұрасымен,яғни  ұлттық 
құндылықтарымен сусындату-біздің басты парызымыз. Демек,ұлттық құндылықтарды пайдалана отырып 
оқыту  арқылы  мұғалім  ұлттық  тұлғаны  қалыптастырмақ.Ұлттық  құндылықтар  арқылы  білім  беру 
дегеніміз-халықтың ғасырлар бойы жинақтап, іріктеп алған тәжірибесі мен ізгі қасиеттерін жас ұрпақтың 
бойына  сіңіру  баланың  қоршаған  ортадағы  қарым-қатынасын,дүниетанымын,өнерге  деген  көзқарасын 
және соған сай мінез-құлқын қалыптастыру. 
Бүгінгі  жаһандану  үрдісі  жүріп  жатқан  жағдайда  ұлттық  мүдде,ұлттық  тәрбие,ұлттық  рухты  сақтап 

Абай атындағы ҚазҰПУ-нің Хабаршысы, «Филология» сериясы, №1(47), 2014 ж. 
169 
қалу-үлкен міндет. Қазақ халқының кешкен тірлігі мен тұрмысы сонау көне ғасырдан бері жасасып келе 
жатқан  бай  ауыз  әдебиетінде  сақталған.  Ұлттық  құндылықтардың  кең  өрісті,  келісті  көрініс  табуы  – 
халықтың  мақал-мәтелдерінде,  шешендік  сөздерінде,  даналықтарында.  Мектепте  бастауыш  сыныптан 
бастап  оқушыларға  мақал-мәтел,  жұмбақ,  жаңылтпаш,  жыр  жаттатып,  ертегіні  нақышына  келтіріп 
баяндауды үйретіп, рухани құндылықты бойына сіңіреміз. Жастайынан осыларды естіп, ұлттық бұлақтан 
сусындап  нәр  алған  бала  ешқашан  да  ұлттық  келбетін  жоймайды.  Республикамыздың  әрбір  азаматы 
ұлтына, сенімі мен нанымына, саяси көзқарасымен, ұстаған бағыт-бағдарына қарамастан, өзі өмір сүріп, 
ауасын  жұтып,  игілігін  пайдаланып  отырған  мемлекеттің  «  туған  елім,  Отаным»  деп  тануы  керек. 
Мемлекетке есімін беріп отырған ұлттық салт-дәстүрлеріне құрметпен қарау, оның тілі мен ділін сыйлау, 
рәміздерін  ардақтап,  жетістіктеріне  шаттану-қоғамның  әрбір  мүшесінің  міндеті.  Олай  болса,  баланың 
сана-сезімін  сол  ұлттық  мәдениеті  мен  салт  дәстүрлерін  меңгеру  негізінде  дамыту  керек,  ұлттық 
құндылықты жастайынан  бала бойына сіңіре білсек ,еліміздің ертеңі ашық, келешегі жарқын да нұрлы 
болмақ,  несімен  ерекшеленбек  дегенде,  ұлттық  құндылығымен  және  білімді  ұрпағымен  дегеніміз  жөн 
болар. 
Мектеп бағдарламасында шығармашыл,рухани, өзіндік пікірі бар дара тұлғаны тәрбиелеу қажеттілігі- 
мұғалімнің  парызы.Әдебиеттік  оқу  сабағында  қандай  да  бір  тақырыпты  өткенде  Жиренше  шешен, 
Асанқайғы,  Төле  би,  Қаз  дауысты  Қазыбек  би,  Әйтеке  шешен,  Сырым  батыр,  Ақтамберді  жырау,  т.б. 
даналық  сөздері  мен  өлең  жолдарын  пайдаланып,  олардың  өз  ұрпағының  тәрбиелі,  өнегелі  болуына 
алаңдап,  қалдырған  ғажайып  сөздерінің  тереңіне  сүңги  білуге  үйретудің  маңызы  орасан  зор.  Мысалы: 
атақты Қазыбек би туралы деректер айта келіп, шешеннің: «Тату болса, ағайын жақын, ақылшы болса, 
апайың  жақын,бауырмал  болса,  інің  жақын,  инабатты  болса,  келінің  жақын»,-деген  сөздерін  мысал 
ретінде алып, ынтымаққа, ізгілікке шақыратын «Татулық-табылмас бақыт», «Төртеу түгел болса, төбедегі 
келеді,  алтау  ала  болса,  ауыздағы  кетеді»  деген  халық  мақал-мәтелдерін  жазғызуға,т.б.  осындай  сөз 
маржандарын іздестіріп келуді тапсыруға болады.Сөйлем түрлерін өткенде,  шешендердің жақсы мінез-
құлыққа үйрететін тәрбиелі сөздерін аламыз. Мысалы, «Көрікті қандай болады?»-деп сұрағанда, Қорқыт 
атаның:  «Тізесін  бүгіп  отырған  инабатты  қыз  көрікті,  өнегелі  ұл  көрікті.  Үлкен  шаңырақтың  қасына 
тігілген  кішкене  отау  көрікті.  Жібек  шатыр  үйдің  нәзік  жібі  көрікті»  деген  жауабын  алсақ,  әрі  сөйлем 
түріне  мысал, әрі тәрбиелік мәні  мол. Даналық сөздер мен халық даналығынан мысал келтіре отырып, 
оқушыға сол сөздердің түйінін айтқызуға болады. Мысалы, Кенжәлі шешеннің: «Ел басшысыз болғанда-
жетім,  жер  жаңбырсыз  болғанда-жетім,  сөз  тыңдаусыз  болғанда-жетім»,  немесе  «Жігіттің  жақсысы 
қандай болады?» деген сұраққа: «Дұрыс сөзге тоқтай білген, басқаны сөзіне тоқтата білген-жақсы жігіт» -
деп  жауап  қайтарған  Әйтеке  шешеннің  сөзінен  тәлім-тәрбиелік  жағына  назар  аудартып,  «естіге  екі  сөз 
жетіп  жатыр»,  «  есті  екі  айтқызбайды»,  «адам  болатын  бала  алысқа  қарайды»,  «кісі  болар  баланың 
кісіменен ісі бар, кісі болмас баланың кісіменен несі бар»деген мақалдарды жаттап алуға кеңес беріледі, 
халқымыздың  ырым-тыйымдарынан  мысал  келтіру  арқылы  оларды  біле  түсуге  ынталандырып,  үйдегі 
ата-әжелерінен  осындай  сөздерді  сұрап  біліп  алу  тапсырылады.  Халқымыздың  «көкті  жұлма,  күлді 
шашпа, жерді қазба, құс ұясын бұзба, суға түкірме» деп келетін ырым-тыйымдарынан олардың ежелден 
эколог болғанын, табиғат тазалығына ұмтылғанын көреміз. «Ата тұрып ұл сөйлегенен без, ана тұрып қыз 
сөйлегеннен без» деген Малайсарының сөзіне жас бала Сырымның  «Ата тұрып ұл сөйлесе, ер жеткені 
болар. Ана тұрып қыз сөйлесе, бой жеткені болар» деп қайтарған жауабын алуға, сөйтіп оның мағынасын 
ұғындыру керек.  
Оқушыларымызды парасатты да білікті, мәдениетті де білімді етіп тәрбиелеп, рухани дүниетанымын 
жалпы  адамзаттық  деңгейде  дамытамыз  десек,  бойында  ұлттық  және  азаматтық  намысы  бар  ұрпақ 
өсіргіміз  келсе,  бүкіл  қоғамдық  өмірдің  өзегін  келешек  ұрпақ  тәрбиесіне,  соның  ішінде  ұлттық 
құндылықтар негізінде тәрбиелеуге бағыттауымыз қажет. Ұлттық құндылықтарымызды әлемдік деңгейге 
шығаруға қабілетті тұлға тәрбиелеу үшін: 
оқушылардың ұлттық сана-сезімін қалыптастыру; 
жас ұрпақ санасына туған халқына деген құрмет, сүйіспеншілік, мақтаныш сезімдерін ұялату, ұлттық 
рухын дамыту; 
ана  тілі  мен  дінін  ,  оның  тарихын,  мәдениетін,  өнерін,  салт-дәстүрін,  рухани-мәдени  мұраларды 
қастерлеу; 
жас ұрпақ бойында жанашырлық, сенімділік, намысшылдық тәрізді ұлттық мінездерін қалыптастыру 
сияқты міндеттерді орындағанда ғана басты мақсатқа жетеміз. Ұлттық тәрбие қазір елімізде орын алып 
отырған көптеген мәселелерді: ана тілін, ата тарихын, ұлттық салт-дәстүрін білмейтін жастар, тастанды 
жетім балалар, «қиын» балалар, қарттар үйлеріндегі әжелер мен аталар, нашақорлыққа салынған жастар, 

Вестник КазНПУ им. Абая, серия «Филология», №1(47), 2014 г. 
170 
тағы  басқаларды  бірте-бірте  жоюдың  және  олардың  алдын-алып,  болдырмаудың  негізгі  жолы.  Ұлттық 
құндылықпен  сусындаған  ұрпақ  дені  сау,  білімді,  ақылды,еңбекқор,  сыпайы,  кішіпейіл  болып  өседі. 
Қазіргі  жас  ұрпақ–  ертеңгі  ел  болашағы.  Қорыта  келе  рухани  күшті  тұлғалардан  құралған  ұлт  қана 
жаһандану тасқынындағы түрлі толқындарға қарсы тұра алмақ. Қазіргі қазақ қоғамына халықтың жаны 
мен  қаны  Асанқайғыдай,  Бұқардай,  Абайдай,  Алаш  қайраткерлеріндей  туған  халқына  жан  жүрегімен 
құлдық ұратын, ұлттық рухы зор ұрпақ тәрбиелеу парыз. 
Жас ұрпақты ұлттық рухта тәрбиелеу дегеніміз  
 
олардың бойына бағзыдан келе жатқан құндылықтарымызды сіңіру; 
 
бай мәдени мұрамызды насихаттау; 
 
отансүйгіштік, патриоттық өнегелерді жаңғырту; 
 
білім  мен  мәдениеттің  озық  үлгілерімен  терең  сусындату.  Елбасының  даналық  сөздерімен 
аяқтасақ, «Жастарымыз салт-дәстүрімізді көздің қарашығындай бағып жүретін, көптің көкейіне үміт отын 
жағып жүретін, адамзаттың озық ой көгінде ағып жүретіндей болуы керек.» 
 
1 Назарбаев Н.Ә. « Қазақстан -2050» стратегиясы. 
2 ҚР Білім туралы заңы 2007. 27шілде. №319-III 
3 Ізбасарова Ж.Ж. «Жеке тұлғаны ұлттық құндылықтарға бағыттап оқыту» 
4 Бижанова Н. Ұлттық құндылық қасиеттер.- Алматы. // Қазақстан мектебі.  - 2007. - № 3,  
 
 
 
УДК 373.016:821.512.122 
ӘДЕБИЕТ САБАҒЫНДА ӘДЕБИ-ТЕОРИЯЛЫҚ ҰҒЫМ БЕРУ 
 
Р.Б. Бораш - п.ғ.к., 
Абай атындағы ҚазҰПУ-дың аға оқытушысы  
 
Аңдатпа:  Мақалада  драмалық  шығармаларды  оқытуда  әдеби-теориялық  ұғым  беру  мәселесі,  жанр  түрлерін 
оқытудың  әдебиет  сабағындағы  өзіндік  ерекшеліктерін  түсіндірудің  әдістемелік  жолдарына  тоқталады.  Драмалық 
шығарманы  оқушыға  жеткізу  үшін  драма  табиғатын  танытатын  ғылыми  негіздерді  жеткізу  өзекті  болатыны 
жайында айтылады.  
Тірек сөздер: драмалық шығарманы талдау, эпикалық, поэзиялық шығарма, драма, трагедия, комедия. 
Аннотация:  В  статье  говорится  о  проблемах  изучения  литературно-теоретических  понятии  в  драматических 
произведениях,  и  останавливается  на  своеобразную  особенность  методики  объяснения  видов  жанра  на  уроках 
литературы.  В  изучении  драматического  произведения  самым  актуальным  считается  дать  понятие  о  научных 
основах сущности драмы.  
Ключевые  слова:  анализировать  драматическое  произведение,  эпическое,  поэтическое  произведение,  драма, 
трагедия, комедия. 
Abstract: The article researches to the study of the problems of literary-theoretical concept in dramatic works, and stops 
at  a  peculiar  feature  of  the  methodology  explanation  kinds  of  genre  in  literature  classes.  In  a  study  of  dramatic  works 
considered most relevant to the concept of the scientific basis for the essence of drama.  
Keywords: analyze dramatic work, epic, poetic work, drama, tragedy, comedy. 
 
 Тәуелсіз  Қазақстан  халқы  Елбасымыздың  «Қазақстандық  жол-2050:  Бір  мақсат,  бір  мүдде,  бір 
болашақ» атты Жолдауын тыңдады. Жолдаудан Президенттің «Енді ешкім өзгерте алмайтын бір ақиқат 
бар! Ана тіліміз Мәңгілік Елімізбен бірге Мәңгілік тіл болды. Қазақ тілін даудың тақырыбы емес, ұлттың 
ұйытқысы ете білгеніміз жөн» деген сөзі қазақ тілінің мерейін үстем ете түсетіні анық.[1] Қазақ халқының 
талай ұрпақ өсіріп, бірнеше қоғамдық даму сатыларын басынан кешірген өмір тарихында тіл мен әдебиет 
ажырамас  рухани  серігі  болып  келді.  Қазақ  өнері  соның  ішінде  сөз  өнері  халықтың  ақыл-ойын, 
дүниетанымын, көзқарасын, эстетикалық талғамын, талантын танытып келді. 
 Әдебиеттің  сөз  өнері  ретінде  адамзат  өмірін,  болмысты,  табиғат-тіршілікті  бейнелеу  мүмкіндігі 
шексіз.  В.Г.  Белинский:  «поэзия  адамның  еркін  тілімен  берілгендіктен  онда  үн  де,  сурет  те  және 
байымды, айқын түсінік те болмақ. Поэзия тұтас өнер, соның бүкіл ұйтқысы болып табылады»[2], барлық 
өнер алды әдебиет екендігін танытады.  
 Әдебиеттің  алатын  маңызды  орны  білім  беру  саласында  да  қазақ  халқының  тарихы  мен  мәдениеті, 
өнерін  танытумен  бірге  өз  орнын  айқындаған.  Әдебиетті  оқыту  арқылы  оқушылардың  дүниетанымын 
қалыптастыру, шығармашылық қарым-қабілетін, логикалық ойлауын дамыту, адамгершілік - эстетикалық 

Абай атындағы ҚазҰПУ-нің Хабаршысы, «Филология» сериясы, №1(47), 2014 ж. 
171 
қасиеттерін тәрбиелеу міндеттері шешімін тауып отыр. 
 Әдебиет  пәні  -  оқушыға  өнер  әлемін,  тылсым  табиғат  күйін,  қарапайым  адамдар  арасындағы 
адамгершілік  қарым  -қатынас  үйлесімін  танып  білуге,  әсемдік  сырын  ұғып,  сезініп,  бағалауға,  көркем 
шығармаға  еліктеу,  ынта  қою,  сүйіспеншілікті  ояту  мен  мәдениетті  оқырман  қалыптастыруға 
тәрбиелейді.  Мектептегі  әдебиет  пәні  тұлға  қалыптастырудағы  негізгі  эстетикалық  бағытқа  негізделген 
оқу пәні. Қазақ әдебиетін оқыту арқылы оқушының көркем туындыны тануға қажетті теориялық білім, 
біліктілік дағдылары қалыптасады. Шығарманы мазмұн мен сюжет бірлігінде талдай білу, көркем бейне, 
шығармада берілген кейіпкер мінездерінің сырлы әлемін, автор идеясы мен жазушы ой бедерін шығарма 
желісіне сүйене отырып тану белсенділігі артады. Жалпы білім беретін мектептегі әдебиет пәні рухани 
қажеттілікті  өтей  алатын  көркем  туындыны  талғампаздықпен  тани  білетін  оқырман  қалыптастыруды 
мақсат тұтады.  
 Қазақ әдебиетінің үш тегін оқыту соның ішінде драмалық шығармалардың оқушының білім деңгейін 
ғана  емес,  адамгершілік–эстетикалық  тәрбиесін,  дүниетанымы,  шығармашылық,  логикалық  ойлау, 
мәдениетін  қалыптастырып,  дамытудағы  маңызды  орны  үлкен.  Мектепте  драмалық  шығармаларды 
оқытуда әдебиет теориясынан берілетін ұғымдар драма табиғатын танытудың алғашқы құралы, білім көзі 
болып  табылады.  Драмалық  шығармаларды  оқытуда  берілетін  әдеби-теориялық  ұғымдар  жүйелі  түрде 
көркем шығармамен байланыста, драма ерекшеліктерін танытатын ерекше құрал ретінде, әдебиеттанудың 
маңызды  бір  саласы  дәрежесінде  оқытылады.  Қазақ  драматургиясының  інжу-маржандарын  оқуда 
оқушыларға  берілетін  алғашқы  әдеби-теориялық  ұғымдар  әдебиет  зерттеушілерінің,  ғалымдардың 
еңбектеріне  сүйене  отырып  беріледі.  Зерттеуші  Қ.Мырзағалиев:  «Әдебиеттің  көркем  сөз  екенін 
танытатын  –әдебиет  теориясы.  Әдеби-теориялық  ұғымдардан  хабар  алмай,сөз  өнерінің  қасиетін  тану 
мүмкін  емес.  Әдеби  теориялық  ұғымдарды  тану  арқылы  шәкірттің  сөз  өнеріне  деген  талғамы, 
эстетикалық сезімі қалыптасады»-деп тұжырымдайды.[3]  
 Әдебиетті  оқыту  әдістемесінің  негізгі  міндеттері-  оқушылардың  әдеби  тілін  жетілдіру,  оқырмандық 
мәдениетін қалыптастыру, шығармалардың көркемдік болмысын түсініп қабылдауға жол салу. Мұндай 
мақсаттар  әдебиетті  оқыту  барысында  оқушылардың  жан-дүниесіне  әсер  ете  алатын  әдістерді  қолдану 
нәтижесінде  ғана  орындалады.  Проза,  поэзия,  драматургия  қайсысы  болсын  ең  бастысы  туындының 
көркемдік  болмысын  оқушыға  таныта  алатын  жақсы  әдістер  жүйесін  қолдану  арқылы  ғана  оқушының 
рухани  дамуына  жеткізеді.  Драмалық  туындылардың  сахна  өнерімен,  театрмен  байланыстылығы  осы 
жанрдың  мазмұн  -  құрылымындағы  әдеби  –  тілдік  заңдылықтардың  ерекшелігін  танытса,  сол 
заңдылықтарды  оқушыға  үйрету,  меңгерту  жолы  арнайы  әдістемелік  дайындықты  қажет  етеді.  Қазақ 
мектебіндегі  әдебиет  бағдарламасы  бойынша  оқылатын  драмалық  шығармалар  саны  прозалық  не 
поэзиялық шығармалардан көп емес. Бірақ, әрбір туындыны оқытудың оқушының білімі, тәрбиесі, ақыл-
ойы  дамуында  алатын  өзіндік  орны  бар  екендігі  белгілі.  Драмалық  шығармалардың  әдебиеттің  басқа 
жанрларынан  ерекшелігін  оқыту  арқылы  оқушылардың  дүниетанымын,  ойлауын,  сөздік  қорын 
байытудың  жаңа  қырлары  танылады.  Кенжелеу  дамыған  қазақ  драмасының  өзіне  тән  ерекшелігін 
айқындап,  драма  теориясына  тұжырым  жасай  отырып,  ғылыми  анықтама  берген,  классикалық 
туындыларға талдау жасаған алғашқы әдебиеттанушы ғалымдардың бірі – Қажым Жұмалиев.  
 "Драма - (грекше drama - қимыл-әрекет) - сахнаға арналған, уақиғаны, оған қатысушы кейіпкерлердің 
іс-әрекетін, көңіл-күйін көрсету арқылы баяндайтын әдеби шығармалар. Драмаға уақиғаны қызу тартысқа 
құрып, мейлінше шиеленістіріп, шарықтау шегіне әбден жеткізіп барып тану - айрықша тән қасиет"-деп 
терминдер  сөздігінде  анықтама  берілген.[4]  Оқушыларға  берілетін  алғашқы  ториялық  ұғым  да  осыдан 
басталуы  керек.  Оқушы  театр  сахнасынан  спектальдер,  теледидардан  телеспектакльдер  көріп  олардың 
әдебиетте  пьесалар  арқылы  танылатынынан  хабардар.  Әдебиет  сабағында,  сыныптан  тыс  жұмыстарда 
шағын  көріністерді  өздері  де  қойып  жүреді.  Алайда  оның  теориялық  ұғымдарының  өзіндік  мазмұнға 
иелігін,  драма  жанрының  басқа  жанрдан  өзіндік  ерекшелігі  бар  екенін  зерделей  бермейді.  Драма 
жанрымен  алғашқы  таныстықта  драмада  әңгіме,  повестегі  сияқты  автордың  баяндауы,  суреттеулері, 
кейіпкер  мінездерін  танытуы,  портретін  сипаттауы  болмайтыны  айтылады.  Драмалық  шығармалардың 
кейіпкерлері  қатынасушылар  атынан  сөйлейтіні,  оқиғаның  оқушылардың  көз  алдында  өтіп  жататыны, 
қимыл-қозғалыс, көңіл-күй бәріне өздері қатысып отырғандай әсер алатыны, ондай шығармалардың пьеса 
деп  аталатыны  туралы  түсінік  беріледі.  Драманың  ертеден  келе  жатқан  жанр  түрі,  оның  эпикалық 
шығармалар сияқты өмір танытудағы ерекше түрлері туралы да білім оқушыны қызықтырады. Драмалық 
шығарманың  өзіндік  ішкі  ерекшеліктеріне,  мазмұндық  сипаттарына  байланысты  болып  келетінін 
түсіндіру үшін әдебиеттанушы ғалым Қ.Жұмалиевтің: «Драмалық жанр трагедия, драма, комедия болып 
үшке бөлінеді. Бұлар өзара суреттемек болған оқиғасын және оқиғаға қатысушыларды талғап алу түріне 

Вестник КазНПУ им. Абая, серия «Филология», №1(47), 2014 г. 
172 
қарай  айрылады.  Көркем  шығармалар  түрлі  оқиғаларды,  күресті  көрсетеді.  Көздеген  өз  мақсаттарына 
жету  үшін,  қатысушылар  бір-бірімен,  ішкі  (психологиялық)  және  сыртқы  бөгеттермен  күреседі»,-деген 
ғылыми тұжырымын басшылыққа алуға болады.[5] Трагедия (гр – tpagos -ескі, ode - ән, жыр) терминінің 
аталу себебі өнердің тууы негізінде көне грек аңыздарының жатуында. Қ.Жұмалиев: «Трагедия сахнаға 
арналып  жазылады.  Мұндағы  көрсетілетін  күрестің  өзгешелігі,  автордың  пікірінше,  кездесетін 
қиыншылықты жеңіп болмайтын тәрізді. Трагедияның көпшілігі-ақ қаһарманның өлімімен аяқталады»,- 
деп  трагедияда  адам  өмірі  шешілмес  қайшылықтарға  тіреліп,  тұңғиықтан  шығар  жол  тек  кейіпкердің 
қайғылы  өлімі  арқылы  көрінетін  ерекшелігін  айтады.[5]  Жанрдың  осындай  ерекшелігін  М.Әуезовтің 
«Еңлік-Кебек»,  Ғ.Мүсіреповтің  «Қозы  Көрпеш-Баян  сұлу»  трагедияларын  оқу  барысында  Еңлік  пен 
Кебектің,  Қозы  мен  Баянның  қайғылы  өлімі  арқылы  байқатамыз.  Әдебиеттанушы  ғалымның  ескі  грек 
трагедиялары  (Эсхил,  Софокл  )  мен  Англиядағы  жаңа  дәуірдегі  трагедияның  ұлы  жазушысы  Шекспир 
трагедиялары  жөнінде  айтқан  құнды  ғылыми  ой-тұжырымдарын  мысал  ретінде  келтіру  оқушының 
трагедиялық жанрдың табиғатын тереңірек тануына мүмкіндік береді. 
 Трагедия табиғатының осындай ерешелігін  В.Г Белинский де:  «Трагедия әр  уақытта да жүректің ең 
қымбатты  үмітін  бұзумен  бүкіл  өмірдің  рахатын  жоғалтумен  аяқталады»,-деген  ұлы  суреткердің  ой 
тұжырымының қазақ трагедиялық жанрларында үндестік тапқанын түсіндіру де оқушы танымын кеңейте 
түспек.[2]  
 Ал, драма жанры жайында Қ.Жұмалиев:  «Драма  – сахнаға қоюға лайықталып жазылатын драмалық 
жанрдың бір түрі. Драмаларда әлеумет өмірінде кездесетін үлкен, ауыр халдермен қатар салт-тұрмыста 
күнбе-күн  кездесетін  күлдіргі  жайттар  да  ұштастырыла  көрсетіледі.  Егер  трагедияда  күлкінің  кездесуі 
шарт емес болса, комедия түгел дерлік күлдіргі оқиғаға құрылады, өлім мүлде болмайды. Драмада бұл екі 
элементтің  екеуі  бірдей  кездесе  береді.  Сондықтан  бұл  трагедия  да,  комедия  да  емес,  өзінше  бір  түр 
болып есептеледі.», - деп драманың анықтамасын жасайды.[5]  
 Драма  жанрын  өту  барысында  ХІХ  ғасыр  драманың  жан-жақты  дамып,  сыншыл  реализм  әдісінің 
қалыптасуына  ықпалын  тигізуі,  орыс  әдебиетінде  бұл  жанрдың  әдебиетке  еніп,  кемелденуіне  сыншыл 
реалистер  А.  Островский,  А.  Чехов,  М.  Горький,  F  Корнейчук,  К.Треневтің  драмалық  шығармалары, 
қазақ  әдебиетінде  М.  Әуезов,  Б.  Майлин,  Ғ.  Мүсірепов,  Ә.  Тәжібаев,  Қ.Мұхамеджанов  драмаларының 
маңызы зор екенін атап айтамыз. 
Оқушыға  драманың  адамзатқа  әсер  етуші  күші  жайында  А.М.  Горькийдің:  «Көркем  сөз 
творчествосының барлық түрлерінің ішінде адамға ететін әсері жағынан ең күштісі драма мен комедия 
деп  есептеледі,  бұлар  театр  сахнасындағы  нақты  қимыл  арқылы  қаһармандардың  ішкі  сезімдері  мен 
ойларын ашып көрсетеді»,- деген сөзін келтіру де драманың өзіндік ерекшелігін танытпақ.[6] Драманың 
тақырып  аясының  кеңдігі,  онда  қарапайым  өмір  құбылыстарынан  бастап,  сан  алуан  күрделі  қоғамдық 
мәселелерге  дейін  тақырып  бола  алуы,  өмірдегі  құндылықтар  және  адамдардың  әрқайсысының  оларға 
деген  көзқарасы  мен  қатынасы  түрліше  авторлық  позицияда,  түрліше  тіл  байлығы  мен  ой  шеберлігі 
арқылы  суреттелуі  оқушының  оқырмандық  қызығушылығын  тудырады.  Драмалық  жанрды  талдау 
барысында өмірдің мәні, адамның сол өмірдегі белгілі бір орны, өмірдегі қат- қабат шиеленісті оқиғалар 
алынып, адамның қоғамда, отбасында, қызметте, ұжымдағы қарым-қатынас кезіндегі мінезін, іс-әрекетін 
қамтитындығына түсінік беру оқушының драма жанры туралы теориялық білімін толықтырады.  
 Драма жанрының адам өмірінің құндылығы мен қоғамдық өмірдің түрлі мәселесін қарастыруы - жас 
ұрпақты  тәрбиелеуде  үлгі-нұсқа.  Осындай  маңыздылығы  ескеріліп  мектеп  бағдарламасында  драма 
жанрын  оқыту  әркезде  енгізілген.  Мысалы,  кеңес  өкіметі  кезінде  Ә.Әбішев  «Достық  пен  махаббат», 
тәуелсіздік алғаннан кейінгі оқулықтарға Ж.Аймауытов, С.Сейфуллин. Б.Майлин, М.Әуезов, Ғ.Мүсірепов 
драмалары, қазіргі төл оқулықтарымызда Ш.Мұртаза, Д.Исабеков драмалары оқытылады. 
 Драматургияның  келесі  жанры  –комедия  (comos-көңілді  топ,  ode-ән).  Қ.Жұмалиев:  «Жазушы  өз 
ұғымынша,  керексіз  деп  тапқан  бір  өмір  құбылысын  не  мінез,  іс-әрекеттерді  күлкі  ету  мақсатымен 
сахнаға лайықтап жазған  драмалық жанрдың түрін  комедия дейді»,-деп анықтама береді.[5] Комедияда 
кейіпкер  бейнесі  мазақ,  әжуа,  күлкілі  іс-әрекеттері  арқылы  танылады.  Оқушыларға  комедия  жанрының 
туып, қалыптасып, дамуы жайында түсінік беру маңызды орын алады. Комедия жанрының бастауы көне 
грек  әдебиетінен  басталады.  Комедия  тарихында  «комедияның  атасы»  (Энгельс)  атанған  Аристофан, 
Еуропа  әдебиетінде  Лопе  де  Вега,  Шекспир,  Мольер,  Бомарше  орыс  әдебиетінде  Фонвизин,  Гоголь, 
Грибоедов,  Чехов  аталса,  қазақ  драматургиясында  комедияның  туып,  қалыптасуында  М.  Әуезов, 
Б.Майлин,  Қ.Мұхамеджанов  еңбектерінің  маңызы  зор  екендігін  айтып  өту  арқылы  әлем  және  ұлттық 
әдебиеттің тарихынан құнды мағлұмат беріледі.  
 Мұғалім комедияның басқа жанрлардан ерекшелігін таныту үшін комедияның оқиғасы көбіне жеңіл 

Абай атындағы ҚазҰПУ-нің Хабаршысы, «Филология» сериясы, №1(47), 2014 ж. 
173 
қайшылықтарға құрылатынын, қатысушылардың қимылы, іс-әрекеттері, сөздері – бәрі де күлкілі болып 
келетінін және олар көпшілікті күлдіру үшін автордың әдейі ойлап тапқаны емес, табиғи, өмірдің өзінде 
солай болуы мүмкін деген сенім туғызатынын жеткізе білу керек. Оқушыларға берілетін әдеби-теориялық 
ұғымдардың  бірі  комедияның  өз  ішінде  юморлық  және  сатиралық  түрге  бөлінуі.  Ғалым  Қ.Жұмалиев 
зерттеу еңбегінде юморлық комедияға М.Әуезовтің  «Айман-Шолпан» комедиясын жатқызып:  «Айман-
Шолпан» пьесасы комедияның юморлық түріне жатады, оның әлеуметтік мәні де зор. Мұнда автор халық 
поэмасының  негізгі  идеясын  жалғастырып,  көмескі  жерлерін  ашып,  әлсіз  жерлерін  өткірлеп,  ескі  мен 
жаңа, кәрілер мен жастар шайқасқан жерде, ескілікті жаңалыққа жеңдіреді. Пьеса юморлық комедияның 
дәстүрі бойынша жақсылықпен бітеді, -деп қорытындылайды.[5] Сатиралық түріне Гогольдің «Ревизор» 
комедиясын  атап:  «Юморлық  комедиядан  айырмасы  зілінде,  салмағында.  Суреттеп  отырған  өмір 
құбылысының  түп-тамырына  балта  шабуды  нысана  етуінде»,  -деп  юморлық  комедиядан 
айырмашылығын көрсетеді.[5]  
 Жалпы оқушыларға сатира, юмор теориялық ұғымдары таныс, алайда драманың сатира, юмор түрінде 
жазылуы  қызықты  мәлімет  болып  табылады.  Қ.Жұмалиев  драматургияның  ішінде  әсіресе  комедиялық 
жанрдың  адам  тәрбиелеу  мақсатының  құндылығын:  «Комедия  мінездегі  кемістікті,  істегі  қателікті, 
өмірдегі әр алуан сорақылықтарды сынау, шенеуде ең күшті құралдың бірі саналады. Жайшылық өмірдің 
өзінде  көп  адам  бір  адамға  күлсе,  халық,  көпшілік  күлген  сиымсыз  мінез,  іс-әрекетті  кім  де  болса 
қайталамауға тырысады. Комедияның тәрбиелік мәні осында», -деп түйіндейді.[5]  
 Комедияның тәрбиелік мәні қай кезеңде де әдебиеттанушы ғалымдарды толғандырған. Бұл жайында 
әдебиеттанушы  ғалым  С.  Мақпыров:  «Комедияның  мақсаты  -  адам  бойындағы  мінді,  өмірдегі 
сиықсыздықты,  қайшылықты  жайларды,  жұртшылық  жиренетіндей  күлкілі,  жексұрын,  сатиралық 
тұрғыда бейнелей отырып, оларды айыптау, айыптай отырып мұндай жағымсыз кеселді құбылыстар мен 
ұғымдардың өмірде болмауы үшін күресу, қоғамның мұндай сорақы дерттерден арылуын байыптау»,-деп 
нақтылайды.[7]. 
 Комедияны  мектепте  оқыту  мәселесі  де  әдіскер  ғалымдарды  толғандырған,  орыс  мектептерінде 
зерттеу  аясына  айналуы  ертерек  екені  мәлім.  Мысалы,  Докусов.А.М,  Маранцман  В.Г.  «Комедия 
Н.В.Гоголя  «Ревизор»  в  школьном  изучение»-М.:1975,Валагин  А.П.  Прочитаем  вместе...  Комедии 
Д.Фонвизина, А.Грибоедова, А.Островского. -М.:1991. Фомичев С.А. Комедия А.С. Грибоедова «Горе от 
ума»  Книга  для  учителя.  –М.:  1983,т.б.  еңбектерінде  комедия  жанрын  оқыту  мен  оқушыны  осы  жанр 
арқылы тәрбиелеу мәселелері қарастырылған.  
 Қазақ мектептерінде сыныптан тыс жұмыс түрлерінде комедияның адам тәрбиелеу мүмкіндігі кеңінен 
пайдаланылады. Қазақ мектептеріндегі әдебиет апталығы, Көңілді. Тапқыштар клубы (КВН), үйірмелер, 
тақырыптық  кештер,  тәрбие  сағаттары  өмірдің  келеңсіз  жақтарын  әдемі  күлкімен  көрсетуге  арналады. 
Комедиялық  шығармаларды  оқыту  оқушыға  тек  білім  ғана  емес,  өмірлік  ұстаным  болар  тәрбие  де 
қалыптастыратыны  сөзсіз.  Қазіргі  оқушы  –  болашақ  қоғам  мүшесі.  Сондықтан  комедияның  адам 
тәрбиелеу  мүмкіндігінің  молдығын  осы  жанрды  сыныпта,  сыныптан  тыс  оқуда  пайдалану  нәтижелі 
болмақ.  
 Драмалық  шығармалардың  өзіндік  ерекшелігі  әдебиет  пәні  мұғалімінен  терең  теориялық  білім  мен 
әдістемелік дайындықты талап етеді. 
 Қазіргі  кезеңнің  өскелең  даму  үрдісі  ескерілген  әдебиетті  оқыту  әдістемесінің  жаңа  моделін  жасап, 
оны оқу тәжірибесіне енгізу үшін, зерттеуші ғалымдар мен әдіскер мұғалімдердің байланысын туғызатын 
жаңа әдістемелердің ортақ арнасын жасау бүгінгі күн талабы. 
 
1.
 
ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауы«Қазақстандық жол-2050: Бір 
мақсат, бір мүдде, бір болашақ» 2014жыл. 14 қаңтар 
2.
 
 Мырзағалиев Қ. Әдеби-теориялық ұғымдарды қалыптастыру. - Алматы: 1973 -78 б 
3.
 
 Белинский В.Г.Шығармалары.Сын мақалалар.-Алматы, 1987 -82б 
4.
 
 Әдебиеттану терминдері сөздігі.- Алматы: Ана тілі, 1998.-130 б 
5.
 
 Жұмалиев Қ.Ж. Әдебиет теориясы.- Алматы, 1964. 
6.
 
Горький А.М. Шығармалары. Мақалалар.- Алматы, 1987, -37 б 
7.
 
 С. Мақпырұлы  Әдебиеттің тектері мен түрлері. –Алматы , 1994 -66 б  
 

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   35




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет