Хабаршы вестник



Pdf көрінісі
бет26/35
Дата27.01.2017
өлшемі2,38 Mb.
#2802
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   35

 
  1 Садықова Р.К. «Авеста- әдеби, мәдени жәдігер //Қазақ үні газеті, сәуір.-Алматы, 1996.- 6 б. 
 2 Көктәнді Х. Аспан мен Даланың төрт ұмтылған тарихы.- М., 2001.-464б.  
3 Брагинский И.С. Из истории таджикской народной поэзии. –М.:АН СССР.1956.-495 с. 
4 Рысбаева Г. Авестаның бізге жеткен бөлімдері //Қоғам және Дәуір. -№3(7).-Алматы, 2005. 
 
 

Вестник КазНПУ им. Абая, серия «Филология», №1(47), 2014 г. 
154 
ПЕДАГОГИКА МЕН ӘДІСТЕМЕ МӘСЕЛЕЛЕРІ 
ПРОБЛЕМЫ ПЕДАГОГИКИ И МЕТОДИКИ 
 
 
ӘОЖ 821.512.122:004 
ҚАЗАҚ ӘДЕБИЕТІ ПӘНІ БОЙЫНША ЖАСАЛҒАН ЭЛЕКТРОНДЫ ОҚУЛЫҚ 
 СБҚ (ЦОР) – НЫҢ ТИІМДІЛІГІ 
 
Т. Қ. Жұмажанова  
Абай атындағы Қазақұлттық педагогикалық университеті Қазақ әдебиеті 
кафедрасының профессоры, педагогика ғылымдарының докторы 
 
 
Аңдатпа:  Сандық  білім  қорларын  сабақтарда  пайдалану  білім  берудің  жаңа  парадигмасын  қалыптастырады. 
Электронды  оқу  құралдарын  дайындау  барысындағы  барлық  жұмыс  түрлері  оқушының  іс-әрекетімен  тығыз 
байланыса  отырып  оқытушы  тарапынан  берілетін  бағыт-бағдармен  сабақтасады.  Білім  беру  ісі  жоғары  деңгейге 
жетіп, оның тиімділігі артады.  
Ең бастысы оқушының көркем шығармаға деген қызығушылығы артып, мәтінді меңгеруде белгілі бір нәтижеге 
жетеді. Өз білетіні қолма-қол тексеріп, жетістік, кемшілік жақтарын анықтау, оны түзету сандық білім қорларының 
ең басты ерекшелігі. Қазақ әдебиетінен электронды оқу құралдарын дайындауда тапсырмалардың бір-бірімен тығыз 
байланыстылығы, айқын, түсініктілік принциптері сақталған. 
 Кілт сөздер.Сандық білім қорлары, ЦОР, тест, мультимедия, таным, айқын т.б. 
Аннотация.  В  данной  статье  рассмотрены  вопросы  обучения,  учащихся  по  цифровым  образовательным 
ресурсам на уроках казахской литературы. Цифровые образовательные ресурсы позволяют ученику эффективно и 
самостоятельно овладеть теоретическим материалом, выполнить практические задания, тестовые задания, проверить 
свои знания, что позволяет сэкономить время на уроке. Ученики так же может тут же обнаружить свои ошибки и 
исправить их. Всё это вызывает у учащихся огромный интерес к изучению учебного материала и развивает, самое 
главное,  устную  и  письменную  речь  учащихся.  Этому  способствует  представленный  богатый  и  интересный 
материал.  В  ЦОР  по  казахской  литературе  сохранены  принципы  взаимосвязи,  доступности  и  содержательности. 
Автор показывает, что в наше время глобализация несет в себе технологии нового типа. Именно поэтому в данной 
статье  рассматриваются  актуальные  вопросы  и  значение  цифровых  образовательных  ресурсов,  а  также  их 
использование  на  уроках  казахской  литературы  в  общеобразовательной  школе  и  высших  учебных  заведениях. 
Подготовка  цифровых  образовательных  ресурсы  по  казахской  литературе  это  условия  расширения  и  укрепления 
знании студентов и учащиеся. 
Ключевые слова: цифровые образовательные ресурсы, тесты, мультимедия, задания, эффективно, теория. 
 Abstract. Resourcesofnumeralknowledgearevividly showed at the lessons of literature. They are showed with convenient 
methods and proved with exact examples. The main thing is that though reading the literature students will be more involved 
in  plot  and  it  will  help  to  raise  their  interest.  Also  the  attentive  reading  will  help  them  to  understand  fully  and  retell 
themselves.  Resources  of  numeral  knowledge  are  vividly  showed  at  the  lessons  of  literature.  They  are  showed  with 
convenient  methods  and  proved  with  exact  examples.  The  main  thing  is  that  though  reading  the  literature  students  will  be 
more involved in plot and it will help to raise their interest. Also the attentive reading will help them to understand fully and 
retell themselves. 
Key words: Resources of numeral knowledge, convenient methods, raise their interest, reading, tasks 
 
Электронды оқыту жүйесі білім беру саласын мазмұндық жағынан жаңартудың негізгі бағыттарының 
бірі. Оқытудың аталмыш жүйесі білім  беру саласын түбегейлі өзгертеді. Ақпараттық технологиялардың 
арқасында сабақ беру әдісі жаңаланып, білім беру үрдісіне қатысушылардың міндеті өзгерді. Электронды 
оқыту  жүйесі  ұстаздарға  білім  берудегі  жаңа  бағытты  үйретеді.Оның  үстіне,  Қазақстанда  электронды 
оқыту  жүйесін  енгізу  арқылы  ЮНЕСКО-ның  «барлығына  қолжетімді  білім  беру»  және  «бүкіл  өмір 
бойына білім алу» сияқты ХХІ ғасырдағы білім беру негізі жүзеге асырылады. 
Демек,  білім  берудің  он-лайн  жүйелері,  электрондық  оқулықтарды  әзірлеп,  қолданысқа  енгізу  кезек 
күттірмейтін мәселелердің бірі. Электронды оқулықтарды әзірлеу барысындағы барлық жұмыс түрлері, 
оқушының  іс-әрекеті,  оқытушы  тарапынан  берілетін  бағыт-бағдар  сабақтаса  отырып,  білім  беру  ісін 
жоғары деңгейге жеткізуге, оның тиімділігін арттырып нәтижеге жетуге жол ашады.  Қазіргі  таңда  білім 
беру ісі – жаңа технологиялармен толығуда, күннен-күнге қарқынды дамуда. Білім берудің тиімді жолын, 
жаңа  әдіс-тәсілдерді  іздестіру  барысында,  оқушы  үшін  мультимедиялық  түрде  берілген,  көлемі  түінуге 
жеңіл,  қызықты  мағлұматтарды  құлақпен  естіп,  көзбен  көріп,  тиісті  тапсырмаларды  орындай  отырып 
қабылдаған тиімді екенін тәжірибеміз дәлелдей түсуде. Сол анықталған нәтижені іске асырудың бірден-
бір  жолы  –  сандық  білім  беру  қорлары.  Оқушы  естігенін  тез  ұмытады,  көрсе  есте  сақтайды,  ал  өзі 

Абай атындағы ҚазҰПУ-нің Хабаршысы, «Филология» сериясы, №1(47), 2014 ж. 
155 
шығармашылықпен  орындаса,  оның  нәтижесі  жоғары  болып  жетістікке  жетеді.  Бейнелі  мультимедия, 
мәтінді  тыңдай  отыра,  бейнесін  көре  отыра  қабылдау,  өз  біліміңді  қолма-қол  тексеріп,  біліміңдегі 
ақаулықтарды анықтау, оны қолма-қол түзету – сандық білім беру қорларының басты ерекшелігі. Сандық 
білім беру қоры арқылы аз уақыт ішінде тақырыпты толық игеріп шығуға мүмкіндік туады.  
Электрондық оқыту әдістемесі ақпараттық технологияларды пайдалану арқылы білім бағдарламасын 
толыққанды  меңгеруге  жол  ашады.  Ал  жаңа  әдістемелер  педагогикалық  үрдіске  тың  серпіліс  әкелері 
сөзсіз. Яғни оқушының ынтасы мен белсенділігін арттырады. Оқушы қаншалықты белсенді болса, білім 
беру де соншалықты тиімді болмақ. Аталмыш әдістемелер оқушының ғылымды жаңа қырынан тануға да 
ықпал  етпек.  Оқушыларға  мультимедиялық  түсіндірмесі  бар  интерактивті  тапсырмалар  орындағанда 
дұрыс-бұрыстығы бірден айтылады. 
Бүгінде  сандық  білім  беру  қорларын  әзірлеудің  өзектілігін  бүгінде  уақыт  талабы  көрсетіп  отыр. 
Электронды оқулық дайындаудағы негізгі мақсат: 
Оқушыға білімін кеңейтуге мүмкіншілік жасау, мұғалімге көрнекілік жағынан жан-жақты көмек беру. 
Сандық  білім  беру  ресурстары  –  жалпы  білім  беретін  пәндер  бойынша  интернет  желісіне 
орналастырылған, жаңа технология бойынша жасалған тиімді қосымша дидактикалық құралдар, ол кез 
келген уақытта қол жетімді – білім көзі болғандықтан, бұл жүйе өте тиімді, әрі күннен – күнге сұранысқа 
ие болуда, СБҚ-ның білім берудің басқа дидактикалық түрлерінен оның бірнеше артықшылығы бар.  
1. 
Сандық білім беру – мультимедиядан, тестіден және тапсырмалардан тұрады. 
2. 
Мультимедия оқушының білім алуға қызығушылығын арттырады. 
3. 
Түрлендіріліп  берілген  тапсырмалар  жүйесі  оқушы  белсенділігін,  ойлау  қабілетін 
қалыптастырады. 
4. 
Тест  арқылы  оқушы  өз  білімін  қолма-қол  тексереді,  тақырып  бойынша  білмейтін  сұрағын 
анықтап, сандық білім беру қорларымен жұмыс жасау арқылы тез арада біліп алады. 
5. 
Оқушының  көп  уақытын  алмайды,  15-20  минуттың  ішінде  оқушы  бағдарламадағы  оқу 
материалынан көп мағлұмат, дерек алады.  
Демек, оқушының өз бетімен білім алуына көмектеседі, өз білімін тексеруіне жағдай жасайды. 
 
Оқушы  сандық  білім  беру  қорлары  арқылы  нәтижелі  білім  алады.  Сандық  білім  беру  қорларының 
тиімділігі  оның  көмегімен  әр-түрлі  сұрақ-тапсырмаларды  орындауға,  білім  алуға  оқушының  ынтасы 
артады,  қызығушылығы  оянады.  Оқушы  тапсырмаларды  белсенділікпен,  шығармашылық  тұрғыда 
орындауға тырысатынын көрсетті.  
Сандық білім беру қорларын жұмыс істеу барысында ең бастысы оқушының оқу белсенділігі артады. 
Мақсатқа жету үшін оқушы күніне бір қадам болса да алға жылжиды. Оқушы, біріншіден, образды түрде 
қабылдайды, тақырып әр-түрлі мультимедия, анимациялармен берілгендіктен, оқушының есінде қалады. 
Оқушы зейінін негізгі мәселеге аударудың тиімді жолы жан-жақты қарастырылғандықтан, сандық білім 
беру қорларында орындалатын сан-алуан тапсырмалардың әр-қайсысы жүйемен берілген. Орнына қою, 
алмастыру,  жазу,  өшіру,  автоматты  түрде  алға  жылжыту,  тексеру,  қайталауға  мүмкіндік,  кілті  арқылы 
тексеру  артықшылығы  толық  ойластырылған.  Электронды  оқулық  құрылысы:  теория,  мультимедия, 
тапсырмалар,  тестіден тұрады. Бұл  теорияны игеруге, оны мультимедия арқылы бекітуге,  тапсырмалар 
арқылы пысықтауға, тест тапсырмалары арқылы тексеруге болады. Қайталау арқылы рефлексия жасауға, 
кілті арқылы қатені жөндеп, білімді дамытуға өте қолайлы. Сондықтан да, сандық білім беру қорларын 
өте тиімді білім беру құралы болатынына күмәніміз жоқ.  
Қазақ  әдебиетінен  жасалған  СБҚ  осы  түбірлі  өзгерістің  жүзеге  асуында  маңызды  құрал  болып 
табылады.  Осы  мақсатта  қазақ  әдебиеті  СБҚ-ның  мынадай  міндеттерді  шешуге  бағытталғаны  айқын 
байқалады. 
- қазақ әдебиетінен білімді өз бетінше алу немесе тереңдету; 
-  қазақ  әдебиетінен  алған  білімін  берілген  тапсырмалар  мен  тестілерді  орындау  арқылы  қолма-қол 
қолдану; 
- түрлі жағдаяттық проблемаларды шешу дағдыларын жетілдіру; 
- ақпараттармен сауатты жұмыс істей білу; 
-  өз  адамгершілік  қасиеттерін,  ақыл-ойын,  мәдени-ақпараттық  және  мәдени-әлеуметтік  деңгейін 
дамыту т.б. 
Жастардың дамуында іс-әрекеттің рөлі зор. Жоғарыдағы көрсетілген міндеттерді шешу берілген СБҚ-
да (оқушы) студенттің электрондық оқу іс-әрекетін өз бетімен ұйымдастыруына негізделген. Ол әрекеттер 
баланы  өзін-өзі  рухани  дамытуға,  үнемі  тәрбиелеуге,  өздігінен  білім  алып,  өз  бетінше  оқып  үйренуге 
ұмтылдырады. 

Вестник КазНПУ им. Абая, серия «Филология», №1(47), 2014 г. 
156 
Қазақ  әдебиеті  сандық  білім  қоры  ақпараттық  оқыту  технологиясының  концептісіне  негізделіп 
жасалған. СБҚ-ның құрылымы мен мазмұны оның төмендегідей принциптерінің орындалуын қамтамасыз 
еткен: 
-  тапсырмалар  бір-бірімен  тығыз  байланысты.  Олардың  желілік  түзілімі  және  тақырып  өзара  іштей 
дискреттік байланыс құрайды. 
-  айқын  түсініктілік  принципі  сақталған.  Орындаушы  жұмысты  жұмыс  жүйесіне  кіретін  қадамдар 
негізінде  орындайды.  Орындаушы  бұл  жүйеде  қарастырылмаған  басқа  қадамдарды  өз  ойынша  таңдай 
алмайды. Ондай басқа қадамдарды бағдарламалық жүйе түсінбейді. 
Дәлдік  (нақтылық).  Белгілі  бір  жұмыстағы  қадам  –  орындаушының  бір  ғана  іс-әрекетін  анықтайды. 
Сондықтан әрбір қадам дәл және нақты. 
Нәтижелілік принцип. Алгоритмде көрсетілген қадам саны - жұмыс соңын яғни нәтижесін көрсетеді.  
Бұл  ұстанымдар  мен  қағидаттар  қазақ  әдебиетінің  білім  мазмұнын  ашуға,  меңгеруге,  оны  бекітуге 
бағытталған жұмыс алгоритмін құрайды, олардың барлығы алгоритмде белгіленген. Әдеби материалды 
және оны бекітуге арналған мысал-мәтінде талдау, саралауды, жинақтап меңгеруді, әрі байланыстырып 
сөйлеуге машықтандыруды осы алгоритм жүйесінде жүзеге асыру қарастырылған. 
Бұл қазақ әдебиетінің СБҚ-ының дәстүрлі оқытудан ең басты артықшылығы – алгоритмдік нәтижеге 
бағытталған  оқу  әрекетінің  ұсынылуы.  Дәстүрлі  білім  беруде  уақыттың  көбі  баланы  жалықтыратын 
баяндау, түсіндіру, үлгіні көрсету сияқты өнімсіз еңбекке жұмсалса, бұл қазақ әдебиеті СБҚ-ында оқушы 
өз әрекеті арқылы оқып, біліп, танып, меңгеріп, оны қолданып, нәтижесін өзі бағалап, көз жеткізе алады. 
Оқыту үрдісінде оқушылардың танымдық қызметін дұрыс ұйымдастырудың  маңызы өте зор, себебі 
дұрыс ұйымдастырылған танымдық қызмет арқылы сананың әрекеттері мен процестері дамиды. Таным 
ойдың  белсенді  қызметін  қажет  етеді  және  тек  ойлау  қызметінің  ғана  емес,  сонымен  қатар,  саналы 
қызметтің барлық процестерінің жиынтығын да қамтиды.  
Білімді  меңгеру  тек  есте  сақтауды  ғана 
емес, сонымен бірге, алынған білімдер жеке тұлға үшін қажетті мәнге ие болуы үшін оны  қайта ойдан 
өткізуді,  көптеген  іс-әрекеттерді  орындауды  қажет  етеді.  Танымдық  қызметтің  салыстыру,  жүйелеу, 
нақтылау, талдау, жинақтау, жалпылау сияқты көптеген іс-әрекеттерді алынған білімді сынақтан өткізуді, 
оның меңгерілуін жетілдіруді қамтамасыз етеді. 
Оқу үрдісіне танымдық іс-әрекеттің түрлерін енгізудің мәні мен мағынасы мынада: 
-  оқыту  мен  оқудың  іс-әрекеттік  негізін  құрайтын  еңбек,  таным  және  сөйлесу  мазмұндаудың  түрлі 
байланыстарының көрінісі арқылы бүкіл оқу үрдісі мен оқушының танымдық қызметін байыту; 
-  танымдық  іс-әрекеттің  түрлерін  оқу  үрдісіне  енгізу  оның  тиімділігін  арттыруға,  оқушылардың 
белсенділігін  арттыруға,  өз  бетінше  жұмыс  істеуге,  ізденуге  даярлығын  қалыптастыруға,  білім  алуға 
қызығушылын арттыруға септігін тигізетіндігін дәлелдеу. 
Оқу  үрдісіне  енгізілген  танымдық  іс-әрекеттің  түрлерінің  өзара  байланысы  тек  қажетті  білім,  білік, 
дағдыларды  тиімді  меңгеруге  ғана  емес,  сонымен  бірге  оқушыларды  тәрбиелеуге,  олардың  қажетті 
сапалары мен қасиеттерін дамытуға да ықпал жасайды. 
Өзіндік жұмыс оқушылардың танымдық іс-әрекетін белсенді етудің тиімді құралы болып табылады. 
Өзіндік жұмыс мәселесі көптеген зерттеушілер мен ғалымдардың еңбектерінде жан-жақты қарастырылды 
(Н.А.Менчинская, И.Я. Лернер, М.А.Данилов және т.б.) 
Дәсүрлі  оқытуда  оқытушы  (оқушы)  студенттерге  білімді  дайын  күйінде  береді,  яғни,  оқушы  оқыту 
қызметінің  объектісі  де,  оқытушы  субъектісі  болады.  Мұндай  оқытудың  оқушыларды 
қызықтырмайтындығы, тіпті, жалықтыратындығы, нәтижесіздігі қазіргі уақытта көп айтылып жүр. 
Компьютерлік  оқытуда  қолданылатын  сандық  ақпараттық  интерактивті  мультимедиалық  білім  беру 
қорлары үрдісінде жастардың танымдық іс-әрекетін белсенді етуге негізделген. Оқу үрдісіне сандық білім 
беру  қорларын  –  электронды  оқулықтарды,  мультимедиалық  оқыту  бағдарламаларын,  т.б.  енгізу 
оқушылардың  оқу-танымдық  іс-әрекетін  белсенді  ету  мен  танымдық  қызығушылықтарын 
қалыптастырудың  зор  мүмкіндіктерін  ашты.  Мультимедиалық  бағдарламамен  жұмыс  істеу  барысында 
оқушы  атқаратын  танымдық  іс-әрекеттің  көптүрлілігі  оқушының  танымдық  қызығушылығын  туғызуға, 
оның қабылдауын, түсінуін, ойлауын, есте сақтауын, естігенін (оқығанын) ойда қорыта білуін, сөйлеуін, 
т.б.  мазмұндау,  әңгімелеу  сөйлесім  әрекетін  жүзеге  асыруға  қажетті  қасиеттерін,  дағдылары  мен 
біліктерін дамытуға негізделген.  
Қазақ  әдебиеті  сабағында  мультимедиалық  оқыту  бағдарламасы  арқылы  ұйымдастырылатын 
танымдық іс-әрекет: 
-  оқушыларды  қазақ  әдебиеті  пәні  бойынша  көркем  шығарманы  оқып,  түсінуд  білім,  білік, 
дағдылармен қаруландырады; 

Абай атындағы ҚазҰПУ-нің Хабаршысы, «Филология» сериясы, №1(47), 2014 ж. 
157 
-дүниеге көзқарасын, адамгершіліктік, эстетикалық сапаларын қалыптастыруға ықпал етеді; 
- оқушылардың танымдық күштерін, белсенділігін,  өз бетінше жұмыс істеу қабілеттілігін, танымдық 
қызығушылығын дамытады; 
- оқушылардың потенциалдық мүмкіндіктерін анықтайды және іске асырады; 
- оқушыларды ізденістік және шығармашылық қызметке жұмылдырады. 
Қазақ әдебиеті пәнін оқытуға арналған мультимедиалық оқыту бағдарламасы оқушылардың белгілі бір 
оқу  тақырыптары  бойынша  берілген  материалды  өз  бетінше  және  оқытушының  көмегімен  игеруіне 
негізделген. Бағдарламамен жұмыс тақырыпқа байланысты берілген оқу мәтінімен танысудан басталады. 
Мәтінмен  танысудан  бастап,  бағдарлама  мазмұнында  қамтылған  барлық  жұмыс  түрлері  интерактивті 
режимде орындалады. 
Тәжіри  барысында  бүгінде  электронды  оқулықтардың  –  қазіргі  оқытудың  бірден-бір  тиімді  жүйесі 
екені айқындала түседі. 
Сандық  білім  беру  ресурсы-әдістемелік  құрал.  Бір  ресурсты  жасау  үшін  тек  қана  педагог  мамандар 
ғана  емес,  онға  жуық  адам  жұмыс  істейді.  Бір  ресурсты  шығару  үшін  суретші,  анниматор,  режиссер, 
білікті  дикторлар,  бірнеше  саланы  қамтыған  программистер  атсалысады.  Сондықтан  бұл  істегі  бір 
адамның жұмысы жалпы командаға әсер етеді.  
Баланың  дамуында  іс-әрекеттің  рөлі  зор.  Жоғарыдағы  көрсетілген  міндеттерді  шешу  берілген 
электронды оқулықтар оқушының электрондық оқу іс-әрекетін өз бетімен ұйымдастыруына негізделген. 
Ол әрекеттер баланы өзін-өзі рухани дамытуға, үнемі тәрбиелеуге, өздігінен білім алып, өз бетінше оқып 
үйренуге ұмтылдырады. 
Қазақ  әдебиетіндегі  электронды  оқулықтар  ақпараттық  оқыту  технологиясының  концептісіне 
негізделіп  жасалған.  Электронды  оқулықтардың  құрылымы  мен  мазмұны  оның  төмендегідей 
принциптерінің орындалуын қамтамасыз еткен: 
-  тапсырмалар  бір-бірімен  тығыз  байланысты.  Олардың  желілік  түзілімі  және  тақырып  өзара  іштей 
дискреттік байланыс құрайды. 
- айқын түсініктілік принципі сақталған.  
Оқу  үрдісіне  электронды  оқулықтарды,  мультимедиалық  оқыту  бағдарламаларын,  т.б.  енгізу 
оқушылардың  оқу-танымдық  іс-әрекетін  белсенді  ету  мен  танымдық  қызығушылықтарын 
қалыптастырудың  зор  мүмкіндіктерін  ашты.  Мультимедиалық  бағдарламамен  жұмыс  істеу  барысында 
оқушы  атқаратын  танымдық  іс-әрекеттің  көптүрлілігі  оқушының  танымдық  қызығушылығын  туғызуға, 
оның қабылдауын, түсінуін, ойлауын, есте сақтауын, естігенін (оқығанын) ойда қорыта білуін, сөйлеуін, 
т.б.  коммуникативтік  сөйлесім  әрекетін  жүеге  асыруға  қажетті  қасиеттерін,  дағадылары  мен  біліктерін 
дамытуға негізделген.  
 
1  Әдебиетті жаңа технологиямен оқыту. (конференция мақалалары). - Алматы, 2007. – 205 б. 
2  Образовательные технологии. // Под редакцией Ю.Н.Кулюткина, Е.Б.Спасской. Санкт-Петербург. 
2002. – 152 с. 
3  Кларин М.В. Инновационные модели обучения в зарубежных педагогических поисках. - Москва, 194-
196 с. 1994. 
4  Кувшинов С.В.  Гуманитарное знание и образовательные технологии. – Москва, 2012 . с. 76-77 
 
ӘОЖ: 378. 016  
ОҚУ ОРЫС ТІЛІНДЕ ЖҮРЕТІН МЕКТЕП ОҚУШЫЛАРЫН ШОҚАН УӘЛИХАНОВПЕН 
ТАНЫСТЫРУ ЖОЛДАРЫ 
 
К. Әбілқасымова - 
п.ғ.к., доцент, Абай атындағы ҚазҰПУ 
 
Аңдатпа:  Оқу  орыс  тілінде  жүретін  мектептердің  5-6  сыныптарындағы  қазақ  әдебиеті  сабақтарында  ақын-
жазушылар  жөнінде  алғаш  ұсынылған  деректер  қысқа,  қарапайым  түрде  берілген  анықтама  іспеттес  болады. 
Сондықтан да 6 сыныптың оқулығында біз  «Шоқан Уәлиханов» атты тақырыпты оқытуға ғалым жөніндегі ресми 
деректерді  беруден  гөрі  балаларға  пайдалы  әрі  қызықты  болатын  Г.Н.Потаниннің  Шоқан  Уәлиханов  жайындағы 
естеліктері бойынша «Ғылымға бастаған жол» деген көлемі шағын, тілі қарапайым, тәрбиелік мәні зор әңгіме мәтінін 
құрастырып ұсындық . Әңгімені оқушылардың өздеріне қайталап оқытқызып, бірнеше шағын бөлімдерге бөлгізіп, 
оларды  сөздікке  сүйене  отырып,  орыс  тіліне  аударуды,  сұрақтарға  жауап  беруді  ұсынамыз.  Келесіде  9  сыныпта 
«Шоқан  Уәлиханов»  деген  тақырып  аясында  оқулықта  берілген  түсініктеме  мен  орыстың  атақты  жазушысы 
Ф.М.Достоевскийдің хатынан алынған үзіндіні меңгертуде қосымша деректерді пайдалана отырып, сабақты саяхат 

Вестник КазНПУ им. Абая, серия «Филология», №1(47), 2014 г. 
158 
түрінде  өткізудің  ұтымды  жолын  көрсеттік.  Оқыту  үдерісінде  Шоқан  Уәлиханов  жөніндегі  өмірбаяндық  деректер 
оқушылардың  назарын  әлеуметтік,  эстетикалық,  интернационалдық  бағыттағы  мәселелерге  аударуға  мүмкіндік 
береді. 
Түйін сөздер: Ағартушы, ғалым, әдеби мәтін, оқыту үдерісі, құндылықтар, әңгіме, ынта-ықыласы, рухани тәрбие, 
өмірбаяндық материал, саяхат сабағы. 
Аннотация: В школах с русским языком обучения на уроках казахской литературы для знакомства с поэтами и 
писателями предлагаются только краткие сведения из биографии. Поэтому при изучении темы «Ш.Валиханов» в 6 
классе  мы  предложили  рассказ,  составленный  нами  по  воспоминаниям  Г.Н.Потанина,  а  также  определили  виды 
работ,  активизирующих  учебную  деятельность  учащихся.  Следующий  урок  по  данной  теме  в  9  классе,  где 
предлагается  пояснительный  текст  и  отрывки  из  переписки  ученого  с  Ф.М.Достоевским,  целесообразно  было  бы 
проводить в форме урока-путешествия. Такой вид урока позволяет охватить более обширный учебный материал и 
способствует выполнению учащимися творческих самостоятельных заданий. Вместе с тем биографические сведения 
о  Ш.Валиханове  позволят  обратить  внимание  учащихся  на  ряд  вопросов  социального,  интернационального, 
эстетического характера. 
Ключевые  слова:  Просветитель,  ученый,  литературный  текст,  учебный  процесс,  ценности,  стремления, 
духовное воспитание , рассказ, биографический материал, урок-путешествие.  
Abstract: In schools with Russian as the language of instruction in the classroom Kazakh literature to explore the poets 
and writers offered only brief details of the biography. Therefore, when studying the topic " Sh.Valihanov " in the 6th grade , 
we  proposed  a  story  made  by  us  according  to  the  memoirs  GNPotanin  and  identified  types  of  work  ,  activating  learning 
activities of students. The next lesson on this subject in the 9th grade,  which offers explanatory text and excerpts from the 
correspondence scientist with Dostoyevsky , it would be advisable to carry out in the form of lesson  - journey. This kind of 
lesson  can  cover  more  extensive  training  material  and  contributes  to  the  students'  creative  independent  assignments  . 
However,  biographical  information  about  Valikhanov  allow  students  to  pay  attention  to  a  number  of  social  issues, 
international, aesthetic character. 
Keywords:  Educator,  scholar,  literary  text,  the  learning  process,  values,  aspirations,  spiritual  education,  story, 
biographical material , lesson- journey . 
  
 Қазақ халқының ұлы ғалымы, ағартушы Шоқан Уәлихановтың өмірі мен шығармашылығын оқу орыс 
тілінде жүретін мектептерде оқытудың маңызы аса зор деуге болады. Өйткені Ш.Уәлихановтың әр түрлі 
ғылым саласындағы ерен еңбегі, өзі өмір сүрген ортада жарқырап жүре білгендігі, сол кездің өзінде басқа 
ұлт  өкілдерінің  құрметіне  бөленуі  жөніндегі  мағлұматтар  жалпы  қазақ  халқының  білімге,  өнерге, 
жаңашылдыққа деген талабын, рухани құндылықтарын танып білудің көзі болып табылады. 
Әдебиет сабақтарында өмірбаяндық деректерді оқытудың әдістемесі жөнінде айта келе, әдіскер ғалым 
А.Көшімбаев: «Оқушыларға жазушыларды таныстырғанда олардың өмірбаянын бірыңғай схематизм мен 
формализм  жолымен  түсіндірмей,  әрбір  жазушыны  тарихи  тұрғыдан  қарап  бағалап,  оқушылардың 
жасына, біліміне қарай әр жазушының өзіне тән ерекшелік жақтарын ашып көрсету қажет» (1, 25) - деп 
ескертеді. Оқу орыс тілінде жүретін мектептердің 5-6 сыныптарында жазушы жөнінде алғаш ұсынылған 
деректер  қысқа,  қарапайым  түрде  берілген  анықтама  іспеттес  болады.  Сондықтан  да  6  сыныпта  біз 
«Шоқан Уәлиханов» атты тақырыпты оқытуға ғалым жөніндегі ресми деректерді беруден гөрі балаларға 
қызықты  әрі  деректі  болып  табылатын  Г.Н.Потаниннің  Шоқан  Уәлиханов  жайындағы  естеліктері 
бойынша «Ғылымға бастаған жол» деген қысқаша әңгіме құрастырып ұсындық (2). Болашақ саяхатшы, 
ғалымның ақыл  - ойы, сезімталдығы, білімге деген ынта  - ықыласы сияқты табиғи қасиеттерімен қатар 
бала кезінен алған тәрбиесі, өзіне-өзі талап қоя білуі, әлемді тануға деген ұмтылысы жөнінде баяндайтын 
әңгіменің  балаларға  тигізетін  әсері  ерекше,  танымдық,  тәрбиелік  сипаты  мол.  Әңгіме  мәтінін  оқудан 
бұрын балаларды сөзге тартып, ағартушы, ғалым Шоқан Уәлиханов жөнінде естіп-білгендерін, ол туралы 
түсірілген  кинофильмнен  алған  әсерлері  туралы  айтқызған  дұрыс.  Интерактивтік  тақта  арқылы 
көрсетілген ғалымның портреті мен ол туралы жазылған естеліктер, кітаптар, суреттер сабақ тақырыбына 
қызықтыра  түседі.  Балалардың  жауаптарын  қорытындылай  отырып,  мұғалім  өзінің  кіріспе  сөзінде 
Шоқанның балалық шағы Қазақстанның табиғаты ерекше сұлу Көкшетау жерінде өткендігіне, ғалымның 
бала  кезінде  жыр-аңызға,  ертегі  тыңдауға,  сурет  салуға  құмар  болғандығына  тоқталып,  оның  ақыл-
ойының  қалыптасуына  әсіресе  әжесі  Айғаным  мен  әкесі,  аға-сұлтан  Шыңғыс  Уәлихановтың  көп  әсер 
еткені жөнінде айтып береді. Әкесі баласының білімді адам болуын армандап, оны Омбы қаласындағы 
кадет  корпусына  әскери  оқуға  жібереді.  Осы  мектепте  ол  орыс  балаларымен  бірге  оқи  жүріп,  білім 
жағынан  олардан  озып  кеткендігі  туралы  досы  Григорий  Потанин  естелігінде  жазып  қалдырғандығы 
оқушылардың назарын әңгімеге аударады. 
...Мен Шоқанмен корпусқа оқуға келгенде таныстым. Ол орысша білмеді, ал мен қазақша білмедім. 
Бірақ  Шоқан  орыс  тілін  тез  арада  үйреніп  алды.  Екеуміз  де  кітап  оқуды  жақсы  көрдік,  әсіресе 
саяхатшылар туралы кітапқа қатты қызығатынбыз, сондықтан екеуміз жақсы араласып кеттік. Мен қазақ 

Абай атындағы ҚазҰПУ-нің Хабаршысы, «Филология» сериясы, №1(47), 2014 ж. 
159 
даласы мен географиясы туралы естіп - білгенімді дәптерге жазып алып жүрдім. Шоқан сол жазуларды өз 
әнгімелерімен  толықтырып  отырды.  Сөйтіп  біз  қазақтардың  бүркітпен  аңға  шығу  дәстүрін  жазып 
шықтық. Шоқан бүркітті қалай баптау керектігін және оны аңға салудың ретін терең білетін. Мен оның 
айтқандарын жазып алатынмын, ал ол менің жазғандарыма суреттер салып отыратын. Осы кезден бастап 
біз айырылмастай дос болдық.  
Шоқан  тез  жетілді,  ал  оқу  жағынан  орыс  достарынан  озып  та  кетті.  Ақылды,  дарынды  балаға 
айналасындағы  үлкендер  де  қызыға  қарайтын  еді.  Демалыс  күндері  оны  офицерлер  мен  сібір 
шенеуніктері үйлеріне шақыратын. Қаланың білімді адамдарымен ерте араласуы да Шоқанның талабын 
жетілдіре түсті. 
Шоқан  өте  көп  оқитын,  өскенде  саяхатшы  болуды  армандайтын.  Қалалық  кітапханадан  кітап  алу 
оқушылардың ішінен тек Шоқанға ғана рұқсат етілді. Ол әкелген небір кітаптарды мен де құмарта оқитын 
болдым. Біз Шоқаннан үлкен болсақ та, білім жағына келгенде ол бізден әлдеқайда жоғары еді. Корпус 
оқушылары үшін Шоқан «Еуропаға қарай ашылған терезе» іспеттес болды...  
Баяндалған оқиға балаларға қызықты, әңгіме көлемі шағын, тілі қарапайым, тәрбиелік мәні зор. «Текст 
дегеніміз  мұғалім  мен  балаға  ортақ  объект»  (3,31),  -  деген  Ә.Қоңыратбаевтың  пікірін  ескере  отырып, 
оқушылардың сабаққа белсенді қатысуларын ойластырамыз. Сондықтан мәтінді оқушылардың өздеріне 
қайталап  оқытып,  бірнеше  шағын  бөлімдерге  бөлгізіп,  оларды  сөздікке  сүйене  отырып  орыс  тіліне 
аударуды  ұсынамыз.  Талдау  жұмыстарын  өткізуде  балалардың  назарын  Шоқанның  зеректігіне,  оның 
жан-жақты  білім  алуға  ерте  кезден-ақ  талпынғандығына,  кітапқа  құмар  болғандығына  аударамыз.  Ол 
үшін төмендегі сұрақтарды ұсынамыз:  
1. Шоқан бала кезінде өлең-жырлар мен ертегілерді кімдерден естіп,  
 жазып алып жүрді?  
2. Шоқан мен Григорий Потанин алғашқыда қалай танысты?  
3. Олар неліктен жақын араласып кетті? 
4. Балалар бүркітпен аңға шығу жәйін қалай суреттеп отырды?  
5. Шоқан мектепте қалай оқыды? Қаланың білімді адамдары неліктен 
 Шоқанға қызыға қарайтын еді?  
6. Потаниннің «Шоқан Еуропаға ашылған терезе іспеттес еді» деген  сөздерін қалай түсіндірер едің?  
Нақты  қойылған  сұрақтар  көркем  шығарманы  оқушыларға  терең  меңгертуге,  оның  мазмұнында 
баяндалған  оқиғаларға,  кейіпкерлердің  іс-әрекетіне,  қарым-қатынастарына  байқау  жасап  дұрыс  жауап 
берулеріне  апарады.  Балалар  оқу-білімге,  өнерге  деген  өздерінің  де  көзқарастарын  білдіріп,  шынайы 
достық, татулық жөніндегі ой-пікірлерін ортаға салады. 
Оқу  орыс  тілінде  жүретін  мектеп  оқушыларының  Шоқан  Уәлиханов  жөнінде  осы  алғашқы  сабақта 
естіп  білгендерінің,  мәтінде  берілген  деректердің,  мұғалімнің  әңгімесінің  эстетикалық,  тәрбиелік  әсері 
ерекше,  олар  оқушыларды  ғалымның  өмірі  мен  шығармашылығы  туралы  қосымша  оқуға 
ынталандырады,  жоғары  сыныптарда  осы  тақырып  бойынша  әр  түрлі  шығармашылық  жұмыстарды 
өткізуге  көмегін  тигізеді.  Оқыту  үдерісінде  Шоқан  Уәлиханов  жөніндегі  өмірбаяндық  материал 
әлеуметтік,  рухани,  эстетикалық  және  интернационалдық  бағыттағы  бірқатар  мәселелерді  қоюға 
мүмкіндік  береді.  Жоғарыда  айтқандарымызды  9  сыныпта  өткізілетін  «Шоқан  Уәлиханов»  деген 
тақырыпты  оқытуға  арналған  сабақта  көрсетейік.  Оқулықта  берілген  түсініктеме  мен  орыстың  атақты 
жазушысы  Ф.М.  Достоевскийдің  хатынан  алынған  үзіндіні  меңгертуде  қосымша  деректерді  пайдалана 
отырып, бұл сабақты саяхат түрінде өткізуді жөн деп есептейміз.  
Сабақтың  басында  мұғалім:  «Қазақтың  тұңғыш  ғалымы,  ағартушы  Шоқан  Уәлиханов  туралы  оқып 
білгендеріңді  естеріңе  түсіріп,  өз  беттеріңмен  басқа  да  мағлұматтарды  үйден  оқып  келдіңдер.  Енді 
соларды  жинақтай  отырып,  бүгінгі  сабақты  саяхат  түрінде  өткіземіз.  Ол  үшін  3  топ  болып  бөлінген 
оқушылар  қиял  кемесіне  мініп  Шоқан  дүниеге  келген  Қазақстанның  Швейцариясы  атанған  Көкшетау 
өңіріндегі  Сырымбетке  келеміз.  (Тақтаның  жанында  ілінген  картадан  көрсетіледі)  Осы  жерде  Шоқан 
туып-өскен, осы жерге әрбір сапарынан сағына қайтып келіп жүрген. Енді Шоқан жайлы оқығандарынды, 
естіп білгендеріңді тыңдайық» - дей келе сөзді арнайы дайындалған 1- топқа береді.  
1- оқушы: Шоқан 1835 жылы қараша айында Құшмұрын деген жерде туған. Оның әкесі Шыңғыс орыс 
мектебінде  оқып,  кейін  әскери  училищені  бітірген.  Шоқан  туғанда  ол  полковник  атағын  алған  сол 
Құшмұрын  округінің  аға  сұлтаны  қызметін  атқарып  жүрген.  (тақтада  жауаптарға  сәйкес  слайдтар 
көрсетіледі) 
2- оқушы: Шоқанның балалық шағы Көкшетау өлкесіндегі ең бір көркем жерде – Сырымбет тауының 
баурайында өтеді. Ол жерге көз тіксек зәулім қайындарды, иісі аңқыған шыршаларды, мөлдір бұлақтарды 

Вестник КазНПУ им. Абая, серия «Филология», №1(47), 2014 г. 
160 
көреміз.  Осы жерде патшаның жарлығымен Шоқанның Айғаным атты әжесіне арнайы салынған үйлер 
әлі де тұр. 
3-оқушы: Шоқан бала кезінде өте зерек, алғыр болған екен. Оның тәрбиесіне әжесі Айғаным көп көңіл 
бөліпті.  Халық  ауыз  әдебиетіндегі  небір  қызықты  ертегі,  жыр-аңыздарды  Шоқан  сол  әжесінен  естіп 
біледі.  Ауыл  молдасынан  оқып  хат  таныған  соң  Шоқан  сол  естігендерін  жазып  алып  жүреді.  Оның 
ғылыми ізденістері де ауыз әдебиетін жазып алудан басталады. 
Мұғалім: Бала кезінде Шоқан тағы қандай өнерге бейім болды? 
4- оқушы: Шоқан суретті жақсы салатын және қазақтың аңшылық өнеріне қызығатын. 
Мұғалім: Енді біз Омбы қаласына аттанамыз, өйткені аға сұлтан Шыңғыс баласы Шоқанды осындағы 
кадет  корпусы  деп  аталатын  әскери  оқу  орнына  береді.  (Омбы  қаласының  көшелерінің,  кадет 
корпусының ғимаратының суреттері көрсетіледі) Ендігі сөзді 2 - топтағы оқушылар жалғастырады. 
1- оқушы: Шоқан оқуға түскен кадет корпусы сол кездегі таңдаулы оқу орны болып саналатын. Шоқан 
корпусқа келгенде орыс тілін білмеген, бірақ өзінің қабілетінің арқасында тез арада тілге үйреніп алды. 
Ол  кітап  оқуды,  сурет  салуды  жақсы  көрді.  Бұл  жөнінде  біз  оның  мектептес  жолдасы  Потаниннің 
естелігінен оқыдық. 
2  -  оқушы:  Мен  Потаниннің  естелігінен  мына  жолдарды  оқып  берсем.  «Өзінің  орыс  жолдастарын 
басып  озып,  Шоқан  тез  жетілді...Оған  талайлар-ақ  назар  аударды.  Ол  сондай  қабілетті  еді  және  оқу 
орнына түспей тұрып-ақ сурет сала білетін.» 
3  -  оқушы:  Шоқанды  зеректігі,  білімге  деген  құштарлығы,  өз  халқының  ауыз  әдебиетін  жақсы 
білгендігі үшін корпустың мұғалімдері жақсы көрді. Әсіресе Костылецкий, Гонсевский деген озық ойлы 
оқытушылар Шоқанмен көп әңгімелесіп, қосымша оқуға журналдар кітаптар беріп отырған. 
4  -  оқушы:  Шоқанның  білімділігіне  қалаға  келген  басқа  адамдар  да  қызығатын.  Мысалы,  әйгілі 
географ  Семенов-Тяньшанскийдің  естелігінде  ол  туралы  «Потанинмен  қатар  Омбыда  менің  әсіресе, 
көңілімді  аударған  екінші  бір  адамым  Шоқан  Шыңғысұлы  Уәлиханов  болды»  -  деп  жазғаны  бар.  Осы 
қалада Шоқан Сібірде айдауда жүрген орыстың атақты жазушысы Ф.М.Достоевскиймен кездесіп жолдас 
болады. (Шоқан Уәлиханов пен Ф.Достоевскийдінң хаттарынан үзінді оқылады). 
Мұғалім:  Жақсы.  Сонымен  1853  жылы  Шоқан  оқуын  бітіріп  шығады.  Оған  офицер  атағы  беріліп, 
Батыс  Сибирьді  басқарған  генерал  Гасфорттың  адьютанты  қызметінде  қалтырылады.  Дегенмен 
Шоқанның басты мақсаты әскери қызметте болу емес. Осы жөнінде 3 – топ оқушылары не айтар екен? 
1-  оқушы:  Расында  Шоқан  саяхат  жасап,  тарихшы  болуды  армандайды.  Ол  қазақ  халқының  салт-
дәстүрін, ауыз әдебиетін жақсы білді, соларды жиыстырып, зерттеп жариялауды мақсат етті. 
Мұғалім:  1855  жылдан  бастап  Шоқан  орыс  офицерлерімен  бірге  бірнеше  саяхатқа  шығады.  Мына 
картаға  Шоқан  саяхат  жасаған  жерлерді  тауып  белгілейік  және  дәптерлеріңе  жер-су  аттарын  жазып 
отырыңдар. 
2-  оқушы:  1855  жылы  Шоқан  Жетісу,  Орталық  Қазақстан  жерлерінде,  Тарбағатай  тауында  болып 
қайтады. Ол ел аузынан тарихи оқиғалары, әдет-ғұрыптары, діни нанымдары  туралы деректерді жинап 
жазып алады. 
4-оқушы:  1856  жылы  Шоқан  Уәлиханов  қырғыз  және  ұлы  жүз  қазақтарының  мекендеген  жерлеріне 
сапар шегеді. Мұнда ол қырғыз халқының тарихы мен «Манас» атты жырын, басқа да жыр-аңыздарды 
жазып алды. Солардың негізінде бірнеше көлемді мақалалар жазғаны мәлім. 
3- оқушы: Келесі жылдары Шоқан Уәлиханов Қашқария жеріне өзінің атақты саяхатын жасайды. Осы 
қауіпті  сапарды  басқарып  барған  Шоқан  ержүрек  саяхатшы  ретінде  атағы  шығады.  Оның  әкелген 
деректері, қолжазбалары өте жоғары бағаланады. 
4  -  оқушы:  1859  жылы  Шоқан  Уәлиханов  Петербургке  барады.  (Картадан  Петербург  қаласының 
суреттері  көрсетіледі).  Мұнда  ол  орыс  географиялық  қоғамында  ғылыми  жұмыстар  атқарады,  шет 
тілдерін оқиды. 
Мұғалім: Міне біз атақты ғалым, тарихшы, әдебиетші Шоқан Уәлихановтың туып-өскен, оқып, білім 
алған,  саяхат  жасаған  жерлерінде  болып  қайттық.  Ғалыммен  қатар  жүрген,  қызметтес  болған  орыс 
ғалымдары  мен  саяхатшылары  П.П.  Семенов-Тянь-Шанский,  Н.Н.  Пантусов,  Н.И  Веселовский,  Е.П. 
Ковалевский,  Н.М.Ядринцев  және  т.б.  естеліктері  мен  хаттарында  оның  халқына  жасаған  қызметін, 
зерттеу енбектерінің маңызын, биік адамгершілік бітімін айқын суреттейтін пікірлерін жазып қалдырған. 
Үй  тапсырмасы  ретінде  сол  естеліктердің  бірін  оқып,  айтып  беруге  дайындалу  және  хронологиялық 
кестені жазып келу ұсынылады. 
Бұл сабақтарда әр оқушың өз бетімен ізденуі, байқап білгенін салыстырып, түйіндеп, өз ойын дәлелді 
жеткізіп,  шығармашылық  жұмыстарды  орындауы  мұғалімнің  сұрақ-тапсырмаларды  тиімділігіне, 

Абай атындағы ҚазҰПУ-нің Хабаршысы, «Филология» сериясы, №1(47), 2014 ж. 
161 
деңгейлік  сатыларына  қарай  сұрыптап  алдын  ала  ұсынуына,  көрнекіліктер  мен  қосымша  деректерді 
орынды пайдалана білгендігіне байланысты болады. 
 
1  Көшімбаев А. Қазақ әдебиетін оқыту методикасы. –Алматы: Мектеп, 1982. – 202 б. 
2  Әбілқасымова  К.,  Мақпырұлы  С.,  Әрінова  Б.  Қазақ  әдебиеті.  Оқу  орыс  тілінде  жүретін 
мектептердің 6 сыныбына арналған оқулық. – Алматы: Білім, 2006. – 112 б. 
3  Қоңыратбаев Ә. 4-7 кластарда әдебиетті оқыту методикасы. – Алматы: Мектеп, 1987.176 б. 
4  Әбілқасымова  К.  Оқу  орыс  тілінде  жүретін  мектептерде  қазақ  әдебиетін  оқытудың  теориялық 
негіздері. Монография. –Алматы: Білім, 2010.  – 280 б. 
 

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   35




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет