Халықаралық ғылыми-көпшілік журнал Международный научно-популярный журнал



Pdf көрінісі
бет26/50
Дата06.03.2017
өлшемі4,75 Mb.
#7753
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   50

Шукетаева  Камиля Қдырбаевна, 
т.ғ.к., аға оқытушы, Қазақ мемлекеттік қыздар  педагогикалық   университеті,  kamila191160@mail.ru 
     Дауытова   Жамила Қдырбаевна
аға  оқытушы,  Әл - Фараби  атындағы   Қазақ ұлттық  университеті,  Fotka_e.f.j@mail.ru   
  Ембергенова Карашаш Рахмановна
аға  оқытушы,   әл-Фараби  атындағы  Қазақ  ұлттық  университеті, k.kara_77@mail.ru  
Абдибекова Куляш Жалеловна
аға  оқытушы,   әл-Фараби  атындағы  Қазақ ұлттық  университеті,  ak_nur@mail.ru  
  
ЦИФРЛІК МӘНДЕРІ КӨРСЕТІЛМЕГЕН ГЕОМЕТРИЯЛЫҚ ЕСЕПТЕРДІҢ
ШЕШУ ӘДІСТЕМЕЛЕРІ
Түйін.  Геометриялық  есептерде  жиі  кездесетін  қатынастардағы  байланыстарды,  мүмкіндігінше  формула 
арқылы өрнектеп алып, типтес күрделі есептерді шешудің алгоритмдердің пайдасы туралы осы мақалада айтылады
Резюме. Часто встречающиеся в геометрии задачи на отношение, по мере возможности необходимо преобразо-
вать формулы, с помощью этого алгоритма можно решит подобные трудные задачи 
Summar. Іn geometry tasks often attitude relations, as far as possible it is necessary to convert the formula, using this 
algorithm can solve these challenges
Әл Фараби атындағы ҚазҰУ-дың жоғары оқу орындарына дейінгі түсуге үміткерлерді дайындық фа-
культетінде көп жылдан бері математика пәнін оқытуда қолданылып жүрген кейбір әдістемелік жолдарына 
тоқталамыз. 

176
Қазақстанның ғылымы мен өмірі – Наука и жизнь Казахстана                                                           
Science and life of Kazakhstan. №3 (38). 2016

177
Қазақстанның ғылымы мен өмірі – Наука и жизнь Казахстана                                                           
Science and life of Kazakhstan. №3 (38). 2016

178
Қазақстанның ғылымы мен өмірі – Наука и жизнь Казахстана                                                           
Science and life of Kazakhstan. №3 (38). 2016

179
Қазақстанның ғылымы мен өмірі – Наука и жизнь Казахстана                                                           
Science and life of Kazakhstan. №3 (38). 2016

180
Қазақстанның ғылымы мен өмірі – Наука и жизнь Казахстана                                                           
Science and life of Kazakhstan. №3 (38). 2016
Шукетаева Камила Қдырбаевна
т.ғ.к., аға оқытушы, Қазақ мемлекеттік қыздар  педагогикалық университеті,  kamila191160@mail.ru 
                    
 Дауытова   Жамила Қдырбаевна
аға  оқытушы,  Әл - Фараби  атындағы  Қазақ  ұлттық  университеті,   Fotka_e.f.j@mail.ru  
Сатпаева Бақыт Какитайқызы
аға  оқытушы,  Орталық-Азия унивеситеті
Турсымбекова   Закира  Жамбыловна
т. ғ. к.,   аға  оқытушы,  Орталық - Азия университеті,  
ОҚЫТУ  ҮРДІСІН  АҚПАРАТТАНДЫРУДЫҢ  БІЛІМ БЕРУДЕГІ  POЛІ
Tүйін:  Бұл  мақалада  бүгінгі  таңдағы  ақпараттық  және  телекоммуникациялық  технологияның  қатысуынсыз 
білім беруді елестету мүмкін еместігін түсіндіреді.  Бұл әсіресе бүкіл жаратылыс бейнесін беретін  шынайы ғылым  
пәндеріне қатысты болмақ. Ақпарат беру-толық білім, мәдениет пен  ақпараттық коммуникациалық технологиямен 
(АКТ) толық таныстыру емес, ол бар болғаны тиімді көмек құралдары.       
Аннотация: Современное обучение уже трудно представить без использования информационных и телекоммуни-
кационных технологий. Особенно это касается предметов естественно-научного цикла, т.к. именно они формируют 
единую картину мира. И все же передача информации еще не гарантия обеспечения в полной мере передачи зна-
ний, культуры, информационно-коммуникационные технологии(ИКТ)-это всего лишь эффективные вспомогательные 
средства
Summary: It is already difficult to present modern study without the use of information and telecommunication technologies. 
Especially it concerns objects of a natural-science cycle since they form a uniform picture of the world. And still information 
transfer yet not a guarantee of ensuring fully transfer of knowledge, cultures, the information and communication technologies 
(ICT) are only effective supportive applications.
Қазақстан  Республикасының  білім  беру  жүй-
есін  ақпараттандыру  еліміздің  даму  стратегиясы-
ның негізгі бағыттарының бірі, себебі ХХІ ғасыр 
–  білім  беру  жүйесін  ақпараттандыру  ғасыры. 
Осыған байланысты ақпаратты ала білу, оны өңдеу 
және  күнделікті  істе  пайдалану  өркениетті  даму-
дың қажетті шарты болып табылады. 
Білім саласындағы елеулі өзгерістер – елімізің 
білімді  де  білікті  азаматтарын  тәрбиелеуде  зор 
үлесін қоспақ. Қазақстан Республикасы білім беру 
жүйесінің стратегиялық мақсаты – жоғары білімді, 
бәсекелесуге қабілетті еңбек нарығында сұранысқа 
ие  бола  алатын  шығармашыл  тұлғаның  қалыпта-
суына қажетті оң жағдайларды жасау. 
Өйткені  Қазақстанның  бүгіні  мен  ертеңі  сол-
жас  ұрпақтың  еншісінде.  Сондықтан  бүгінгі  күні 
еліміздің білім жүйесінде оқыту үдерісін тың иде-
яларға негізделген жаңа мазмұнын қамтамасыз ету 
міндеті тұр.
Мемлекеттің даму деңгейі оның табиғи қорла-
рының байлығымен ғана анықталмайды. Мұндағы 
ең маңызды мәселе елдің парасатты және шығар-
машыл күш – қарқынының болуында. 
Компьютерлік  технологиялардың  дамуы  кеңі-
нен етек жайған кезеңде кез-келген жоғары білік-
ті  маманның  ақпараттық  технологияларды  жетік 
меңгеруі қазіргі заман талабына айналды. Өйткені 
кез-келген субъектінің қызметі ақпаратқа ие болу 
мен  оны  тиімді  пайдалануға  байланысты.  Сон-
дықтан  қазіргі  заманның  маманы  ақпаратқа  қол 
жеткізіп  қана  қоймай,    оны  компьютерлердің,  те-
лекоммуникация және жаңа байланыс құралдары-
ның,  сонымен  қатар  бағдарламалық  жабдықтар-
дың көмегімен өңдеп,  тиімді түрде пайдалана білу 
керек.
Сонымен  қатар,  жас  ұрпақты  жан-жақты,  те-
рең  білімді,  интнллектуалдық  деңгейін  жоғары 
етіп қалыптастырудың бірден бір жолы – оқушыға 
білімді  терең  игертудің  тиімді  әдіс  –  тәсілдерін 
іздестіру,  шығармашылыққа  жетелеу.  Ол  үшін, 
білімдегі, тәжірибедегі, берілген білімді меңгерту-
дегі  бейімділік,  құндылықты  бейнелейтін  жалпы 
қабілеттілік  болып  табылатын-  мұғалімнің  терең 
біліктілігі  қажет.  Және  олардың  функционалдық 
сауаттылықтарын  кәсіби  шеберлікпен  ұштастыру 
үшін  нәтижеге  бағытталған  білім  беру  үлгісінде 
мақсатты  түрде  білім  беретін,  қалыптастыратын, 
дамытатын андрогогикалық процесс қажет. 
Ол үшін, біріншіден, білім берудің ұлттық мо-
деліне көшкен ойшыл, зерттеуші, тәжірибелік қыз-
метте педагогикалық үйлестіруді шебер меңгерген 
іскер оқытушы қажет.
Қазіргі білім мазмұны мұғалім мен оқушының 
арасындағы байланысты субъективті деңгейде кө-
терудегі  демократиялық  бастамалардың  барлығы 
мұғалімдер  арқылы  жүзеге  асырылады.  Бүгінгі 
мұғалімді  тек  пән  мұғалімі  ретінде  қарау  дұрыс 
емес. Себебі, мұғалім қоғам – айнасы [3]. 
Қазір  заман  да,  қоғам  да  өзгерген.  Бүгінгі  ба-
лалардың мақсаттары да, құндылықтары да, идея-
лары да бұрынғыдан мүлде басқаша. Өйткені олар 
– өзінің болашағына тиімділік тұрғысынан қарай-

181
Қазақстанның ғылымы мен өмірі – Наука и жизнь Казахстана                                                           
Science and life of Kazakhstan. №3 (38). 2016
тын,  іскерлікке  бейім,  жоғары  талап  қоя  білетін 
адамдар. Сол себепті, бұл қоғам кез келген педа-
гогтан өз пәнінің терең білгірі ғана болу емес, те-
ориялық, нормативтік – құқықтық, психологиялық 
– педагогикалық, дидактикалық әдістемелік тұрғы-
дан сауатты және ақпараттық компьютерлік техно-
логия құралдарының мүмкіндіктерін жан – жақты 
игерген  ақпараттық  құзырлығы  қалыптасқан  ма-
ман болуын талап етіп отыр.
Өзгермелі қоғамдағы жаңа формация мұғалімі 
–  педагогикалық  құралдардың  барлығын  меңгер-
ген, тұрақты өзін-өзі жетілдіруге талпынған, руха-
ни дамыған, толысқан шығармашыл тұлға болуға 
тиіс.  Нарық  жағдайындағы  мұғалімге  қойылатын 
талаптар  өсіп,  ол  бәсекеге  қабілетті,  білім  беру 
сапасының жоғары, кәсіби шебер, әдістемелік жұ-
мыста  шебер  болумен  қатар  жаңа  технологияны 
барынша игерген болуға тиіс.
Жаңа формация мұғалімі-рефлекцияға қабілет-
ті, өзін-өзі жүзеге асыруға талпынған әдіснамалық, 
зерттеушілік, дидактикалық - әдістемелік, әлеумет-
тік тұлғалы, коммуникативтілік, ақпараттық және 
тағы басқа құдыреттіліктердің жоғары деңгейімен 
сипатталатын  рухани-адамгершілікті,  азаматтық 
жауапты,  белсенді,  сауатты,  шығармашыл  болуға 
тиіс.
Екіншіден, білім беру сапасын арттыру мақса-
тында білім беру мекемелеріндегі жастарды оқы-
ту  мен  тәрбиелеу  қызметтерінің  әр  түрлі  көрсет-
кіштерінің  жиынтығы,  яғни  білім  беру  мазмұны, 
оқыту формасы мен әдістері, материалдық техни-
калық базалары, т.б. болу қажет.
Үшіншіден,  білім  беру  үдерісін  ақпараттан-
дыру  керек,  оқу  процесіне  жаңа  технологияны 
етене енгізу керек, себебі, білім берудегі ақпарат-
тық-коммуникативтік  технологиялардың  келешек 
ұрпақтың  жан-жақты  білім  алуына,  іскер  әрі  та-
лантты, шығармашылығы мол, еркін дамуына жол 
ашатын  педагогикалық,  психологиялық  жағдай 
жасау үшін де тигізер пайдасы аса мол екені дәлел-
денді, жаңа технологиялық әдіс-тәсілдерді пайда-
лану білім сапасын арттырудың бірден-бір жолы.
Бүгінгі күні біздің өмірімізге еніп келе жатқан 
білім  беру  үрдісін  ақпараттандыру  –  жаңарған 
қоғам талабы болып отыр.
Компьютерлер  мен  компьютерлік  техноло-
гия  құралдарын  пайдалану  тәсілдерін  үйрену 
барысында  әдістемелік  пән  ретінде  Информати-
каны  оқыту  жетекші  орынға  ие  болып  отырғаны 
мәлім. Бұл пәнді оқытудың мақсаты оқушылардың 
шығармашылық дамуын жетілдіру, олардың өнімді 
де айрықша ойлауын дамыту, шығармашыл тұлға-
ны қалыптастыру болып табылады. 
Бүгінгі  күні  оқу,  өндіріс,  ауыл  шаруашылығы,  
ғылыми-зерттеу  жұмыстары,  медицина,  тағы 
басқа адам қызметінің барлық салаларына инфор-
мациялық  технология,  интернет  жүйесі  бірқатар 
өзгерістер  енгізуде.  Бұл  жағдайлар  болашақ  инн-
форматика мұғаліміне пәнді оқытудың жалпы заң-
дылықтарын,  мақсаты  мен  мазмұнын,  оқытудың 
әдістерін терең меңгеріп, оны сабаққа тиімді қол-
дана білу міндетін жүктейді.
Бұл пәнді енгізуге ғылымның, білім беру жүй-
есінің,  халық  шаруашылығының  түрлі  мекеме-
лерінің  компьютерлендірілуі  және  осы  компью-
терленген  салаларды  жұмыс  істеуге  қабілетті, 
компьютерлерді қолдана алатын қоғам мүшелерін 
дайындаудың қажеттілігі себеп болды. 
Сонымен бірге, халықаралық желі арқылы ин-
формация алмасу, компьютерлендіру мен ақпарат-
тандыру мәселелерінің жүзеге асырылуы әсер етті. 
Алғашқы  кезде  информатика  пәнін  мектепте 
оқытудың  мақсаты  оқушылардың  бойында  ком-
пьютерлік  сауаттылық  қалыптастыруға  бағыттал-
са, бүгінгі күні оқу мақсаты уақыт талабына сәйкес 
өзгерді.
Демек,  жаңаша  білім  беру  –  жаңа  білім  мен 
дағдыны  меңгерген,  шығар-машылық  қабілеті 
жоғары, дербес ізденіс нәтижесінде елеулі мәселе-
лердің шешіміне қол жеткізетін,  ойлау қабілетімен 
ерекшеленетін тұлғаны қалыптастыруды көздейді. 
Әлбетте, қарастырылып отырған проблеманы  күні 
бүгін ғана туындап отырған проблема деп қана қа-
былдауға болмайды, бұл - адамзат баласының  ер-
теден қалыптастырып, дамытып, жетілдіріп  келе 
жатқан проблемасы.
Ал, бүгінгі күні білім беру ісін ақпараттанды-
ру Қазақстан Республикасы Президентінің «Білім» 
Мемлекеттік  программасы  аясында  жүзеге  асы-
рылуда.  Қазақстан  Республикасының  Білім  және 
ғылым министрлігінде жалпы білім беру мен ма-
мандар  дайындау  салаларын  ақпараттандыруға-
байланысты  оқу  -  әдістемелік  бірлестік,  ғылы-
ми-әдістемелік   нұқаулар, информатиканы оқытуға 
қойылатын  талаптардың  мемлекеттік  стандарты 
дайындалды.  Информатиканы  оқыту  әдістемесі 
курсы информатика пәнін оқытудң мазмұны, мақ-
саты, әдісі, құралдары мен ұйымдастыру түрлерін 
зерттейтін бір жүйе ретінде қарастырылады. 
Қазіргі таңда компьютерлік технология қоғам-
дық өмірдің барлық саласына енуде. Компьютердің 
есептеу,  ақпараттарды  қабылдау,  оны  өңдеу  және 
сақтау  секілді  мүмкіндіктері  олардың  қоғамымы-
здағы араласпаған саласы жоқ екендігін көрсетеді. 
Информатиканы оқу үрдісінде қолдану іс-тәжіри-
бесі  мен  арнайы  зерттеулер  оқытудың  ұйымдық 
түріне  әрі  мазмұны  мен  әдісіне  ықпал  ететінін 
дәлелдеуде. Компьютерлер оқу міндеттерінің ауқы-
мын айтарлықтай кеңейтіп, оқу мазмұнына дәстүр-
лі  оқыту  жүйесінде  ескерілмеген  негізгі  аспек-
тілерді енгізуге мүмкіндік береді. Қазіргі уақытта 
мектеп курсында, кәсіптік және техникалық білім 
беру мекемелерінде, ЖОО-да компьютерлік техни-
каны тиімді пайдалану кең қолдау тауып отыр. 
Еліміздің  басынан  өтіп  жатқан  жанартаудай 
«сілкіністер»  бүгінгі  білім  беру  жүйесіне  де  түр-

182
Қазақстанның ғылымы мен өмірі – Наука и жизнь Казахстана                                                           
Science and life of Kazakhstan. №3 (38). 2016
лі өзгерістер енгізуде. Заман талабы «білу аз, сол 
білгенінді іске қолдана білу» дейді. «Әркім қолда 
барын ұсынады» деп немқұрайлылыққа салынсақ 
алдымызда  отырған  бейкүнә  шәкірттердің  тағды-
рына қиянат жасаған болар едік.
Қорыта  келіп,  өзім  беретін  пәнінің  білім  беру 
жүйесіндегі орны ақпараттық орта мен қоғам мү-
шелерінің жаңа информациялық технологияларды 
кең қолданудаға маңызы зор екендігін және оның 
мазмұны үнемі жаңарып отыратындығы болмақ. 
 Қолданылған әдебиет:
1. Семенов М.И., Трубилин И.Т., Лойко В.И. Автоматизированные информационные технологии в экономике.-М.:-
ФиС, 2000.
2. Кириленко А. HTML-Санкт-Петербург.2005.
3. Черкасова Ю.М. Информационные технологии управления.-М.: Инфра-М, 2001.
4. Джапарова Г.А. Основы информатики. Алматы, Экономика, 2004 г., 235с.
5. Информатика, практикум по технологии работы на компьютере. Под ред. проф. Н.В. Макаровой, , Финансы и 
статистика, 2000 г.

183
Қазақстанның ғылымы мен өмірі – Наука и жизнь Казахстана                                                           
Science and life of Kazakhstan. №3 (38). 2016
Шукетаева Камила Қдырбаевна
т.ғ.к., аға оқытушы, Қазақ мемлекеттік қыздар  педагогикалық   университеті, kamila191160@mail.ru 
                     
Дауытова   Жамила Қдырбаевна,  
аға  оқытушы,  Әл - Фараби  атындағы  Қазақ  ұлттық  университеті,   Fotka_e.f.j@mail.ru  
ҚАШЫҚТАН ОҚЫТУ БОЙЫНША ОҚЫТУШЫЛАРДЫҢ КӘСІБИ 
ҚҰЗЫРЛЫҒЫН ҚАЛЫПТАСТЫРУДЫҢ ӘДІСНАМАЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
Tүйін: Мақалада қашықтан оқытудың тиімді жақтары қарастырылған. Атап айтқанда жоғары оқу орында-
рында, колледж, мектептрде оқу бағдарламасы бойынша қашықтан білім алудың мәні анықталған. Сонымен қатар 
электрондық оқулық және бейнефильмдерді басқа да электрондық басылымдарды қашықтан оқытудың спутниктік 
арнасы арқылы ендірмейінше кез-келген саланың алға басуы мүмкін еместігін нақтылаған.
Аннотация: В статье рассмотрена эффективность дистанционного обучения. Уточнена цель дистанционного 
обучения по образвательным программам вузов, колледжей и средних школ. А так же уточнена невозможность раз-
вития любой сферы без внедрения электронных учебников, видеофильмов и  других электронных печатных издании 
через спутниковый канал дистанционного обучения.
Summary: Efficiency of  the controlled from distance educating is considered in this article. The aim of the controlled from 
distance educating is specified on the educational programs of Institutions of higher learning, colleges and high schools. And 
impossibility of development of any sphere is similarly specified without introduction of electronic textbooks, video films et al 
electronic printed edition through the satellite channel of the controlled from distance educating.
Соңғы жылдары Қазақстандағы білім беру жүй-
елерінің құрылымдарында елеулі өзгерістер болып 
оқу мен білім технологиясы қаржы қорының байы-
бына жетіп түсінудің нарықты өркендету жолында 
күресудің тиімді құралына айналып отыр. Осы рет-
те қазіргі замандағы технологиялық жетістіктерге 
негізделген қашықтықтан білім беру жетекші рол 
атқарады.  Дүние  жүзі  бойынша  қашықтан  білім 
беру  жүйесін  өркендетудің  басты  мақсаттарының 
бірі оқушылардың кез келген мектептер колледж-
дер  мен  университеттердегі  оқу  бадарламалары 
бойынша  оқып  білім    алуларына  жағдай  туғызу 
болмақ.  Коммуникациялық  каналдарды  ауқымды 
түрде тарату курсы маңызды міндеттерді ойдағы-
дай іс жүзінде асыруға септігін тигізбек.
Қашықтан оқытудың жергілікті жүйесі белгілі 
бір білім және жекелеген қала (универсиет) шең-
берінде жұмыс атқарады, онын құрамына тек жо-
гары оқу орындары ғана емес, мектептер, гимнази-
ялар мен колледждер де кіреді. Осындай жүйенің 
аясында  жұмыс  жасаудың    алғашқы  сатысында 
зиялылық  потенциялын,  компьютерлік  техника-
ны ұтымды пайдалана отырып үздіксіз білім беру 
принциптерін ойдағыдай іске асыру қажет. Осыған 
орай  мектептер  мен  жоғары  оқу  орындары  жер-
гілікті және аймақтық желіні пайдаланып, шыгар-
машылық  жұмыстарын  таратып,  оқыту  үрдісінде 
әдістеме бойынша тәжрибе алмасу қажет. 
Оқытудың ауқымды және жергілікті жүйелерін 
ойдағыдай пайдалана білудің нәтижесінде білімнің 
базалық және деректердің банкілік мәліметтеріне, 
клиент  сервер,  мультимедиа,  компьютерді  оқып 
үйренуші  жүйелерге,  электрондық  оқулықтарға, 
оқу  әдістемелік  материалдарға,  қашықтан  оқыту 
жүйесінің  технологиясымен  үйлесімді  болып  ке-
летін, алдағы уақытта оқыту тәсілдерін ішінде кең 
тараған  бес  аспап  әрі  өміршең  түрлері  бола  ала-
тындай  жайлы  оқулықтарға,  бағдарламаларға  ер-
кін кіруге болады [1].
Бүгінгі таңда ақпараттық қамтамасыз ету жүй-
есіне  баса  мән  бермейінше,  білім  берудің  ақпа-
раттық  технологияларын,  дәлірек  айтқанда,  элек-
трондық оқулық және бейнефильмдерді, басқа да  
электрондық басылымдарды қашықтықтан оқыту-
дың спутниктік арнасы арқылы ендірмейінше, кез 
келген әлеуметтік-экономикалық саланың алға ба-
суы мүмкін емес.
Қазіргі  кезде  компютерлік  дамудың  кең  қол-
данысқа  айлануына  байланысты,  қашықтан  білім 
алу үшін Интернетті пайдаланып қашықтан оқыту 
жүйелерінде   оқытушылар мен тыңдаушылардың 
бір  арнада жұмыс атқаруы  бастапқы  мақсат.  Осы 
мәселеге байланысты қашықтан оқыту жүйесінде 
атқаратың іс-шараларын білуіміз шарт.
Қашықтан  оқыту-информациялық  және  ком-
муникациялық  технологияларды  пайдалана  оты-
рып,  ара  қашықтықтағы  немесе  жартылай  ара 
қашықтықтағы  оқытушы  мен  оқушының  ара-
сындағы  қарым-қатынас  деп  түсінуге  болады. 
Қашықтан оқудың  жаңа технологиялық бірлестігі 
дәстүрлік  оқумен  салыстырғанда  артықшылығы 
өте көп. Солардың ішінде:
•  Әрбір  студент  өзіне  толық  комплектілі  оқу-
лықтарын алады. Оның құрамына әдістемелік оқу 
комплекстері кіреді.
• Қашықтан оқыту сынақтары мен емтихандары 
компьютерлік тестендіру арқылы тапсырылады.
• Қашықтан оқытуда студент Алматы қаласына 
келмей-ақ, өз жұмыс  орнында отырып оқуына бо-
лады. Сыртқы бөлімдегі студенттерге жылына екі 
рет қалаға келу міндетті.
•  Қашықтан  оқыту  өзінің  саналық  жағынан 
студентке тура жеткізу мақсатында, жақсы әдісте-
мелік электронды оқулықтар қамтамасыз ету және 

184
Қазақстанның ғылымы мен өмірі – Наука и жизнь Казахстана                                                           
Science and life of Kazakhstan. №3 (38). 2016
ақпараттық  технологияларды  кең  пайдаланудың 
арқасында күндізгі бөліммен бәсекелесе алады.
•  Интернет-ресурстарын  электрондық  пошта-
ны,  Интернет-сабақ  пен  дайындық  сабақтарына 
арналған  программалық  қамтамасыздығын  элек-
трондық мультимедия оқулықтарын және де көп-
теген басқа да жаңа ақпараттық технологияларды 
қолдану- студентті ақпараттық ортаға алып келеді.
Қашықтан  оқыту  жеке  дара  оқыту  негізінде 
жүреді  білім  алушы  оқытудың  түрін  өзі  таңдай-
ды жеке сабақтарды қайталап оқуы мүмкін кейбір 
бөлімдерді тастап кету мүмкін және т.б. Оқытудың 
бұл жүйесі студенттің өз бетінше жұмыс жасауын 
және өздігінен білім алу біліктерін дамытады. 
Қашықтан  оқыту-бұл  белгілі  бір  қашықта 
оқыту,  ягни  оқытушы  мен  оқушы  бір-бірінен  
кеңістікпен алшақтатылған және оқу үрдісінің бар-
лығы немесе оның басым бөлігін қазіргі ақпарат-
тық және телекоммуникациялық технологияларды 
қолдану арқылы жүзеге асырады.
Қашықтан  білім  беру  технологиясы  білім 
алудың  перспективті  тәсілі  болып  табылады. 
Қашықтан  білім  берудің  тиімді  жүйесін  жасау 
халықтың  басым  бөлігі  үшін  сапалы  білімге  қол 
жетімділікті  арттырады,  мүмкіншілігі  шектеулі 
адамдар үшін білім алу проблемасын шешуге және 
күндізгі  оқыту  нысаны  бойынша  білім  алу  мүм-
кіншілігі  жоқ  аймақтар  халқын  анағұрлым  толық 
қамтуға көмектеседі.
Қашықтан  оқыту  оқытудың  формасы  ретінде 
де  қашықтықтағы  техникалық  білім  берудің  ай-
мақтық орталықтар технологиялар құралдарының 
көмегімен  сырттай  қашықтықтағы  факультеттер 
қашықтан  оқытудың  желілік  технологиялары  не-
гізінде  білім  беру  бағдарламаларын  енгізу  тәсіл-
дері ретінде де қарастырылғанын көрсетті.
Елімізде қашықтықтан оқытудың эксперимент-
тік  ұйымдастырылуы  жоғары  оқу  орындарының 
ақпараттық-білім беру орталарын жасау әдіснама-
сын анықтауга мүмкіндік берді.
Қашықтан  оқыту  бойынша  жоғары  оқу  орын-
дарының  қызметтерін  оқып  үйрену  нәтижесі  Қа-
зақстанда қашықтықтан оқытуды дамыту үшін:
• Қашықтан оқыту саласында мамандарды дай-
ярлаудың бірінғай әдістемесін;
• Жоғары оқу орынының алдыңғы қатарлы оқы-
тушыларынан жасақталған педагогикалық құрама-
ны қамтамасыз ету;
• Контингентті есепке алудың біріңгай жүйесін 
және білім беру үрдісін басқару;
• Оқу үрдісінің біріңгай техникалық және әді-
стемелік қорын;
•  Электрондық  түрде  (медиатека)  ақпараттар-
дың  көздерін  қамтитын  виртуалды  кітапхананың 
біріңғай каталогын;
•  Оқушылардың  біліктіліктерін  арттырудың 
және аттестациялаудың жалпы жүйесін;
• Электрондық пошта және бейнеконференция 
құралдарының  жалпы  университеттік  жүйесін 
қамти  отырып  оқу  үрдісін  жүргізудің  әдістемелік 
құралдарының  барлық  пакеттеріне  қатынасудың 
тең мүмкіндігін;
•  Жоғары  оқу  орнының  қызметіне  қы-
зығушылық танытқан мекемелер мен ұйымдардың 
(салалық  аймақтық  және  т.б.  ұстанымдар  бойын-
ша) мамандарының біліктілігін арттыру және олар-
ды кәсіби қайта дайарлаудың жалпы жүйесін жасау 
қажет екендігін көрсетті;
Қазіргі  педагогика  адамзаттың  мұқтаждықта-
рына жауап беретін білім беру мақсаттарына сәй-
кес қоғамды қайта құру мен прогрессивті дамудың 
әлуметтік  роліне  көңіл  бөледі.  Сондықтан  орта 
білімді ақпараттандыру үрдісі және сонымен бай-
ланысты оқытудың жаңа ақпараттық технологиясы 
білім  берудің  жаңа  мазмұнына  едәуір  әсерін  ти-
гізді. Орта білім беруді ақпараттандырудың негізгі 
бағыттарының бірі және неғұрлым оңтайлы тәсілі 
ретінде  қашықтан  оқытуды  ұйымдастыруды  кеңі-
нен енгізу ұсынылып отыр. Күндізгі оқытумен са-
лыстырғанда қашықтан оқыту болашақ 12 жылдық 
мектеп үшін елеулі білімділік мәні бар бірқатар қо-
сымша мүмкіндіктерге ие. Оқытудың бұл формасы 
оқуға  түрткіні  дамыту  үшін  оңтайлы  алғы  шарт 
жасай  отырып,  тұлғалық,  дербестік,  жауапкерлік 
сапаларын  қалыптастырады,  субъектінің  шығар-
машылық қуатын ашады.
Қашықтан оқыту тиімді әдістері:
• Икемділік-уақыт орын, ыңғайлы қарқын
• Қосарлылық- негізгі оқумен ұштастыру
• Оңтайлылық- ыңғайлы кесте 
•  Қамтушылық-  білім  алушы  сананың  өлшем 
еместігі
• Оқытушы- оқытушының жаңа ролі
• білім алушы- білім алушының жаңа ролі
ақпараттық технологиялар
Қашықтықтан оқытудың педагогикалық техно-
логиялары-бұл электрондық дидактикалық құрал-
дарды және телекоммуникацияны қолдану арқылы 
тікелей және тікелей емес қатынас жасаудың педа-
гогикалық технологиялары болып табылады.
Қашықтықтан  оқытудың  ақпараттық  техно-
логиялары  –оқу  материалдарын  жасау,  беру  және 
сақтау  технологиялары,  қашықтықтан  оқытудың 
оқу  үрдісін  ұйымдастыру  және  сүйемелдеу;  сту-
дентке оқу ақпаратын беру және оқытушы мен ту-
денттер арасындағы қатынасты қашықтықтан ұй-
ымдастыру әдістері.
Сонымен, қашықтықтан оқытудың қалыптасуы 
мен  дамуын тарихи, теориялық-әдіснамалық тал-
дау негізінде қашықтықтан оқытудың келесі даму 
тенденциялары анықталды:
-  қашықтықтын  оқытуда  оқу  орны  өзіне 
бәсекелес  оқу  орындары  мен  қарым  қатынасқа  
өтуі,  қашықтықтын  оқытудың  консорциумдары 
құрылып,  қашықтықтын  оқыту  бірлестіктерінің 
құрылуы,  оқу  орындарының  жергілікті,  автоном-

185
Қазақстанның ғылымы мен өмірі – Наука и жизнь Казахстана                                                           
Science and life of Kazakhstan. №3 (38). 2016
ды,  жеке  ұйымдастырылған  ақпараттық  білім 
беру  орталарының  бірегей  ақпараттық  білім  беру 
ортасына  бірігуі,  ұлттық,  халықаралық  дегейде 
ақпараттық білім беру орталарының пайда болуы 
қашықтықтан  оқытудың  ірілендіру  бағытында 
даму тенденциясын анықтайды;
-  білім  берудегі  бәсекелестік  әртүрлі  елдердің 
білім  беру  орындарына  пайдалылығы,  керектігі 
және  тиімділігі  оқу  орындары  мен  оқытушылар-
дың үнемі дәлелдеуі қажет, ал қашықтықтын оқыту 
білім беруді  жаһандандырудың субъектісі ретінде 
интернационалдық  коммуникативтік  кеңістіктің 
дамуына  ықпал  ете  отырып,  өзіне  жаңа  жағдай 
туғызып,  өз  дамуына  ықпал  етуі    қашықтықтын 
оқытудың  интерноционалдық  бағытта  даму  тен-
денциясын береді;
-  ашық  білім  беру  кеңістігінің  дамуы  қазіргі 
қашықтықтын  оқытудың  инновациялық  дамуын 
береді, сонымен қатар, өзінің дамуына ішкі және 
сыртқы кедергілердің күшеюі қашықтықтын оқыту 
оқыту  бойынша  негізгі  ұғымдардың  трансформа-
циясына әікеледі; 
-  қашықтықтын  оқытуда  оқушының  ролі  оқу 
ақпаратын  тасымалдаушыдан,  білім  алушы  топ-
тың,  жеке  тәлімгердің  жаттықтырушысы,  жетек-
шісі қызметіне өтуі, білім алушының жеке өзінің 
жұмыс  үлесінің  өсуі,  сондай-ақ,  оқытуда  қыз-
меттік  дайындаудан  жеке  тұлғаның  дамуына  бет 
бұруы  анықталды,  ал  бұл  білім  алушылардың 
оқуға деген өзіндік іс-әрекеті қашықтықтан оқыу-
дың  да дамып, белсенділіктері арта түсетіндіктен  
қашықтықтан оқытудың жеке тұлғаға бағытталып 
дамуының тенденциясын көрсетеді;
-  білім  беруді  ақпараттандыру  құралдарының 
қашықтықтан  оқытуда  қолданылуы,  оның  ішінде 
оқыту  әдістері  мен  оқытуды  ұйымдастыруда  қол-
дану жаңа педагогикалық технологиялардың пай-
да болуы, сондай-ақ, қысқа мерзімде динамикалық 
өзгеріп отыратын желілік оқуды жобалап, ұйымда-
стыруда  эмпирикалық  әдістерді  әлсіз  болуы  се-
бепті, информатика-математикалық әдістерін қол-
дану қажеттігі қашықтан оқытудың инновациялық 
бағытта даму тенденциясын береді
-  білім  беруді  ақпараттандыру  жағдайында 
АКТ-оқыту  әдістері  мен  оқытуды  ұйымдастыру-
дың  тиімді  құралы  болатыны,  АКТ  құралдарын 
қолдану  ақпараттандыру  жағдайына  бейімделуге 
қажет білім, біліктілік пен дағдыны қалыптастыру 
АКТ-ның  оқыту  үдерісіне  интеграциясы  жағдай-
ында  ғана  жүзеге  асатындықтан,  АКТ  мен  педа-
гогикалық  технологиялардың  интеграциялануы 
бағытында  қашықтықтан  оқытудың  даму  тенден-
циясы анықталды
- алдыңғы тенденцияның салдары болып, вер-
бальдық,  визуалдық  және  модульдік  ойлаудың 
интеграциялануы бағытында қашықтықтан оқыту-
дың даму тенденциясы анықталды.
Ақпараттық  технологиялардың  дамуын  және 
оқу үдерісін ұйымдастыруда оларды қолдану тәсіл-
дерін есепке алу, бизнестің дамуы үшін экономика-
лық және заң шығаратын шарттардың өзгеруі және 
олардың оқыту практикасында көрінуі, тұтынушы-
ның, яғни студенттің жаңа сұраныстарының тууы 
себепті, сәйкес оқу курсы модулін, әдістемелік ма-
териалдарды  дайындау  осы  іс-әрекеттермен  бай-
ланысты ғылыми-әдістемелік қамтамасыз ету мен 
оқытушыларды дайындауға байланысты болады.
Қазақстандағы  білімді  модернизациялау  ке-
зеіндегі өзекті мәселелердің бірі-ол жеке тұлғаны 
қалыптастыру,  қоғамда  өзінің  позициясын  еркін 
және жауапты түрде анықтауға қабілетті, интеллек-
туалдық сипаттағы дәстүрлі емес тапсырмаларды 
шешу  мақсатында  инновациялық  технологиялар-
ды енгізу болып табылады. Білімді модернизаци-
ялаудың  міндеттерін  студенттердің  креативтілігі, 
белсенділігі және дербестігімен байланысты жәке 
тұлғалық қасиеттерінсіз шешу мүмкін емес. Жоға-
ры оқу орындарында қашықтан оқыту жүйесі жеке 
тұлғаға бағытталған акцентпен құрылуы керек.
Қолданылған әдебиет:
1. Грамота Т.В. проблема подготовки преподавателей вуза к дистанционному обучению студентов в 
рамках повышения качества образования // наука и культура России, г. Самара 26-27 мая 2011 г.
2. Гаевский А.Ю., Романовский В.А. HTML и Java Script.-М.: «Триумф».-2000.
3. Кириленко А. HTML-Санкт-Петербург.2005.
4. Черкасова Ю.М. Информационные технологии управления.-М.: Инфра-М, 2001.
5. Информатика, практикум по технологии работы на компьютере. Под ред. проф. Н.В. Макаровой, , 
Финансы и статистика, 2000 г.

186
Қазақстанның ғылымы мен өмірі – Наука и жизнь Казахстана                                                           
Science and life of Kazakhstan. №3 (38). 2016

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   50




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет