Химия және химиялық технология факультеті


Әсер етуші заттар (ағымды



бет12/27
Дата02.06.2023
өлшемі1,64 Mb.
#98286
түріПротокол
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   27
Әсер етуші заттар (ағымды) - адам ағзасына спецификалық дәрілік қасиеті бар қосылыс. Оларға алкалоид пен гликозидтердің түрлі топтары, кумарин, витаминдер, эфир майлыр мен басқа қосылыстардың топтары жатады.
Алкалоидтар негізінен құрамында азоты бар органикалық қосылыс болып табылады. Алкалоидтар- биологиялық жоғары активті қосылыстар. Алкалоидтардың фармакологиялық әсерінің спектрі ерекше кең, олар - ортаңғы жүйке жүйесінің стимуляторы, спазмалық, спазмогенді, ұйықтататын, ісікке қарсы заттар.
Тері илегіш заттар полифенолдың туындылары – пирагол, пирокатефин, флороглюцин болып табылады. Тері илегіш заттар тұтқыр және ақуыз тұндыру қасиетіне ие. Кейбір конденсирленген тері илегіш заттар ісікке қарсы және Р-витамині бар активтілікке ие.
Гликозидтер органикалық қосылыс болып табылады, молекуласы моно және олигосахаридтердің қалдығынан тұрады, олар жартылай ацетальды гидроксил мен басқа химиялық табиғи қосылыстың органикалық радикалы агликон немесе генинмен байланысқан. Гликозидтердің фармакологияялық қасиеті негізінен агликонмен анықталады, ал қантты бөлігі кейінгі рольді атқарады. Стероидты гликозидтер кардиотоникалық әсер көрсетеді, фенолгликозид – бактерицидті, антрагликозид – айдағыш әсер көрсетеді. Гликозидтердің жалпы қасиеті диурез көтеру болып табылады.
Эфир майлары – түрлі өсімдіктерде кездесетін, ұшқыш заттардың күрделі қоспасы. Оның құрылысы өсімдіктің спецификалық иісін қамтамасыз етеді. Эфир майларының көбісі дезинфекциялық, қабынуға қарсы, микробқа және вирусқа қарсы белсенді қасиетке ие.
Кумарин- ароматты лактондар, цис-о-оксикорич қышқылының туындысы. Олар спазмолитикалық, Р-витаминді, антимикробты және ісінуге қарсы белсенділік қасиетіне ие.
Ілеспе заттар – ағымды заттарға кейбір физико-химиялық қасиеттерімен ұқсас болып келетін қосылыстар. Әсіресе, белгілі реагенттерде ерігіштігімен ұқсас болып келеді. Ілеспе заттар организмге спецификалық әсер көрсетпейді, бірақ дәрілік заттардың әсерін потенцирлейді, ағымды заттаряды сіңіруді тездетеді немесе баяулатады.
Балласты заттар – адам организміне жағымсыз әсер ететін қосылыс. Олар гликозидтердің ЛВ түрлерінің тұрақтылығына әсер етеді немесе ТП қиындатады, сонымен қатар оны сақтағанда ол ыдырауы мүмкін, фитопрепараттың сақтау мерзіміне әсер ететін тұнбаның пайда болуына әкеледі. Сондықтан фитопрепараттарды алуда ондағы балласты заттардан құтылуға тырысады.
Өсімдік шикізатынан алынатын препараттар 4 топқа классификацияланады:

  1. Суммарлы немесе галенді препараттар;

  2. Максималды тазартылған суммарлы, новогаленді препараттар;

  3. Өсімдіктен бөлінетін индивидуалды заттардың препараты(алкалоид, гликозид, кумарин);

  4. Комплексті препараттар.

Шикізаттың негізгі нормативті документі, материалына мыналар жатады: Мемлекеттік фармакопия СССР, Қазақстанның мемлекеттік фармакопиясы, фармакопиялық мақалалар, уақытша аналитикалық нормативті документтер(ВАНД), аналитикалық нормативті документ, техникалық талаптар, халықаралық стандартар.






Қ ұрғақ заттар














О рганикалық

Минералды


Біріншілік синтез заттары

  • Ақуыздар

  • Липидтер

  • Дәрумендер

  • Ферменттер

  • Карбон қышқылы




Екіншілік синтез заттары

  • Жартылай функционалды орг.қышқыл

  • Фенолды қосылыстар

  • Эфир майлары,смола,

  • Алкалоидтар

  • гликозидтер





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   27




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет