Химия және химиялық технология факультеті


Тұнба өндірісінің технологиялық сызбасы



бет20/27
Дата02.06.2023
өлшемі1,64 Mb.
#98286
түріПротокол
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   27
Тұнба өндірісінің технологиялық сызбасы

Құрғақ әрі сирек экстракты өндірісінің технологиялық сызба – нұсқасы

Дәріс 11-12: . Антрахинон биоинтезі. Классификация. Бөліну әдісі, құрамында антрахиноны бар өсімдік, құрамы, сапалық реакциялары. Алкалоидтар, құрамында алколоиды бар өсімдіктер, қасиеті, бөліну әдісі, сапалық реакциялары. Құрамында алкалоид және антрахиноны бар өсімдік шикізатының өндіру технологиясы.
Антраценді топ дегеніміз – жалпы формуласы С6 –С26 болып келетін үш конденсирленген сақинадан тұратын табиғи заттар.
Антрахинондарды тотыққан, тотықсызданған және конденсирленген деп бөліп қарастырады, төменде бірнеше құрылысының мысалы келтірілген:
Олардың бәрінің орынбасарлар ретінде ОН, ОСН3, С(О)Н, СООН, С1-ден С5-ке дейінгі радикалдар, көмірсулы фрагменттер бола алады.


Орынбасарлардың сипатына байланысты, олар қызған полярсыз(агликон) және полярлы еріткіштерде ериді.


Тотықсызданған формалары тотығады, әсіресе қыздыру барысында тотыққан формага келеді. Феноляттар арқасында олар сілтіде жақсы ериді.
1-2 топтары басым әр түрлі антрахинон туындылары мынадай өсімдіктер құрамында жиі кездеседі: Rubiaceae, Phamnaceae, Polygonaceae, Fabaceae, Leguminosae, Liliaceae, сонымен қатар көптеген мүк, зең, қына, теңіз флорасы, микроорганизмдер (антрациклиндік антибиотиктер), құрт секілді төменгі өсімдіктерде кездеседі.
Антрагликозидтер торлы шырында болады және микроскопия арқылы оңай тексеріледі, агликондар барлық ағзаларда , бірақ көбінесе тамырларда және тамыршаларда локалданады.
Кез келген шикізаттың антраценге анализі кезінде оның экстракциясын 50-70% спиртпен немесе 50% ацетонмен қыздыра отырып жүргізеді. Бұл агликондар мен гликозидтерді бөлуге мүмкіндік береді. Керек болған жағдайда оларды электрофорез БХ, ЖҚХ, ЖЭСХ әдстерімен бөледі, ал сандық құрамын потенцияметрия, калориметрия және спектрометрия, ГСХ, ССХ, ЖЭСХ, кейде ЖЭЖҚХ әдістерімен анықтайды.
Алкалоидтар – негізінен өсімдіктекті азот құрамды органикалық қосылыстар. Алкалоидтардың молекулалық құрылысы әр түрлі және күрделі болып келеді. Әдетте азот гетероциклдарда орналасады, бірақ кейде тізбек шетінде де болады. Көп жағдайда алкалоидтар гетероциклдардың құрылысы немесе олардың биогенетикалық бастамасымен сәйкестігіне байланысты классификацияланады.
Алкалоидтардың көбісі спецификалық, ерекше физиологиялық әсер етеді және медицинада жеке қосылыс ретінде кеңінен қолданылады. Кейбір алкалоидтар – күшті у.
Алкалоидтың құрылысы сан қилы, яғни қарапайым алкилароматты аминдерден бастап (эфедрин) өте күрделі конденсирленген , құрамында 1-4 атом азоты бар гетероциклды жүйеге дейін болады. Сондықтан олардың химиялық классификациясы қиындатылған, сондай-ақ алкалоидтардың көбі гетероциклдар қатарында жеке түрде келтірілген. О
лардың барлығы негізгі қасиеттерге ие, бірақ олардың айырмашылығы көміртек қаңқасының әртүрлілігінде, мысалы:
Алқа тұқымдастарындағы (Solanaceae) итжидектің жапырақтарында және тамырында, мендуананың және сасық мендуананың жапырақтарында құрылымы ұқсас тропандық типтегі алкалоидтар (гиосциамин + ОН- →атропин, скополамин) басым болады:



Термопсистің шөбінде хинолизидиннің туындылары басымырақ және термопсин, цитизин, пахикарпин негізгі болып табылады.


Әр түрлі зиягүлдің шөптерінде пирролизидиннің туындылары (платифиллин және оның N – оксиді), айлауық қаракүйеде индолдық алкалоидтар, барбаристің тамырында изохинолиннің туындылары және таңы да басқа басым болып келеді.



Өсімдіктерден бөлініп алынған табиғи алкалоидтар мыңдап саналады және олардың жүздегені медицинада дәрілік препараттар ретінде қолданыс тапқан. Алкалоидтардың арасында жүрек - қан тамырларға арналған дәрілер (резерпин), спазмолитиктер (папаверин, платифиллин), ЦНС стимуляторлар (кофеин), ұйықтататын және наркотикалық препараттар (кокаин, морфин), ісікке қарсы препараттар (колхамин, винбластин) бар, яғни алкалоидтар медициналық препараттарды барлық фармакологиялық топтарында көрсетілген.


Алкалоидтардың барлық типтерінің құрылымында біріншілік, екіншілік немесе үшіншілік азот атомы болады. Алкалоидтар 11 негізгі және 5 аралас топқа бөлінеді: гетероциклсіз алкалоидтар; пирролидиндік; пирролизидиндік, пиперидиндік, пиридиндік; пиперидиндік және пирролидиндік конденсирленген; хинолиндік; хинолизидиндік; изохинолиндік; индолдық; пуриндік; дитерпендік; стероидтық; гликоалкалоидтар; флавоалкалоидтар; аралас.
Алкалоидтар әлсіз негіз бола отырып сілтілерәсерінен, аммиак, карбонадтармен бос негіздер бөле отырып ыдырайтын тұздар түзеді.
Алкалоидтар – негіздер спиртте, эфирде, хлороформда, дихлорэтанда оңай ериді.
Алкалоидтар – тұздар спирттен басқа органикалық еріткіштерде ерімейді.
Алкалоидтар көбінесе оптикалық белсенді болып келеді. Бір өсімдікте 0,01-15% мөлшерде 1-5 қосылыс басым болатын 20 және одан да көп құрылымды алкалоидтар болады.
Алкалоидтар – негіздер өсідікте әртүрлі қышқылдармен байланысып, тұз түрінде өсімдік ағзаларында тасымалданады.
Алкалоид құрамды өсімдіктердің шынайлығын макро - және микро- диагностикалық белгілері бойынша, сапалық реакциялары және дәрілік өсімдіктекті шикізаттан бөлгеннен кейінгі ЖЭСХ арқылы анықтайды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   27




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет