Химия пәніне арналған оқу-әдістемелік материалдар



бет224/271
Дата27.10.2022
өлшемі5,02 Mb.
#45726
1   ...   220   221   222   223   224   225   226   227   ...   271
2. Химиялық қасиеттері
2.1. Мына заттар арасындағы реакция теңдеулерін жазу керек: а) пропион қышқылы мен натрий гидроксиді; б) май қышқылы мен натрий карбонаты;
в) валериан қышқылы мен кальций гидроксиді; г) изомай қышқылы мен кальций карбонаты; д) сірке қышқылы мен алюминий гидроксиді.
2.2. Мына заттар арасындағы реакциялар теңдеулерін жазу керек: а) пропион қышқылы мен пропил спирті; б) май қышқылы мен изопропил спирті;
в) 3-метилбутан қышқылы мен метил спирті; г) сірке қышқылы мен метилэтилкарбинол; д) изомай қышқылы мен 1-бутанол. Түзілген заттарды атау керек. Бұл реакциялар қалай аталады? Бұл реакциялардың шығымын қалай арттырады?
2.3. Мына заттар арасындағы реакциялар теңдеулерін жазу керек: а) сірке қышқылы мен бес хлорлы фосфор; б) пропион қышқылы мен бес бромды фосфор;
в) 3-метил бутан қышқылы мен РВr5. Түзілген қышқыл туындыларының аттарын жазу керек, қышқыл қалдығы (ацил) деген не?
2.4. Мына заттарға судың әсерін көрсететін реакция теңдеулерін жазу керек:
а) пропион қышқылының хлорангидридіне; б) хлорлы ацетилге; в) май қышқылының бромангидридіне.
2.5. Мына заттарды дегидратациялап ангидрид түзілуінің кестесін жазу керек:а) пропион қышқылының: б) капрон қышқылының; в) 3-метилбутан қышқылының; г) май және сірке қышқылдарының қоспасының; д) пропион және изомай қышқылдарының қоспасының. Түзілген ангидридтерді атау керек.
2.6. Қышқылдардың аммонийлі тұздарынан амидтер алу реакция теңдеулерін жазу керек: а) пропион қышқылының; б) изомай қышқылының; в) капрон қышқылының; д) метил-этилсірке қышқылының. Түзілген амидтерді атау керек.
2.7. Қышқылдар ангидридтерінен а) изомай қышқылының; б) капрон қышқылының; в) триметилсірке қышқылы ангидридінен қышқылдар амидін алу реакцияларының теңдеулерін жазу керек.
2.8. а) сірке қышқылы амидінің (ацетамидтің); б) май қышқылы амидінің гидролиз теңдеулерін жазу керек. Алынған заттардың аттарын жазу керек.
2.9. а) пропион қышқылы амидінен; б) метилэтилсірке қышқылы амидінен;
в) 4-метилпентан қышқылы амидінен қышқылдар нитрилдерін алу реакцияларының теңдеулерін жазу керек. Нитрилдердің атын жазу керек.
2.10. Қосылу реакцияларының теңдеулерін жазу керек:
а) бромның олеин қышқылына; б) хлордың кротон (2-бутен) қышқылына;
в) сутегінің олеин қышқылына; г) сутегінің 2-метил-пентен қышқылына;
в) және г) реакцияларының өту жағдайларын көрсету керек. Реакциялар өнімдерін атау қажет.
2.11. Қосылу реакцияларының теңдеулерін жазу керек: а) акрил қышқылына НСl қосу; б) метакрил қышқылына НI қосу; в) 2-бутен қышқылына НВr қосу. Марковников ережесі бойынша қосылу реакциялары жүреді. Қос байланысқа –СООН тобының электроноакцептарлық сипатын еске ала отырып, галоген сутектердің қосылу ретін көрсету керек.
2.12. а) метакрил қышқылының метил спиртімен; б) олеин қышқылының этил спиртімен әрекеттесулерінің реакция теңдеулерін жазу керек. Түзілген қосылыстарды атау керек.
2.13. а) акрил қышқылының метил эфирінің; б) метакрил қышқылының метил эфирінің полимерлену кестелерін жазу керек. Түзілген полимерлердің практикалық маңызын айту керек.
2.14. а) қымыз қышқылын; б) малон қышқылын; в) метилмалон қышқылын;
г) диметилмалон қышқылын қыздырғанда жүретін реакциялар теңдеулерін жазу керек. Түзілген заттарды атау керек.
2.15. Карбоксил тобының құрылысын көрсету керек. Электрондық тұрғыдан гидроксил тобының карбонил қасиетіне әсерін және карбонил тобының гидроксил қасиетіне әсерін түсіндіру керек.
2.16. 8%-ті 500г құмырсқа қышқылында әлде 10,5%-ті 500г сірке қышқылында еріген зат молекуласы көп?
2.17. Егер альдегидтің тотығуы 95% болса, өндірістік шығын 10% болса, 1т сірке қышқылын алу үшін қанша ацетилен қажет?
2.18. 10%-ті 200мл (ρ = 1,104г/мл) сірке қышқылы ерітіндісіне 5%- ті 100г натрий гидроксидінің ерітіндісін қосқан соң қалған сірке қышқылы 2г ізбесті ерітуге жете ме?
2.19. 16кг метанолды тотықтырғаннан алынған қышқылды бейтараптауға 0,0002м3 (ρ = 1200кг/м3) 20%-ті натрий гидроксиді жұмсалған. Түзілген тұз массасын есептеу керек.
2.20. 42г бір негізді органикалық қышқылға 36,3мл 20%-ті (ρ = 1,1г/см3) натрий гидроксидін қосқан, сосын натрий гидрокарбонатының концентрлі ерітіндісінің артық мөлшерін қосқан, сонда 11,2л (қ.ж.) газ бөлінген. Алынған органикалық қышқылдың құрылысын анықтап, атын атау керек.
2.21. Фенол мен сірке қышқылының 50г қоспасына бром суымен әрекет еткенде 33,1г ақ тұнба түзілген. Осындай мөлшердегі қоспаға 139,1мл
10%-ті (ρ = 1,15г/мл) натрий гидроксиді ерітіндісі жұмсалған, сонда алғашқы қоспада болған сірке қышқылының концентрациясы қанша?
2.22. Бензол мен толуол қоспасын калий перманганатымен тотықтырған соң (қышқыл ортада) 8,54г бір негізді органикалық қышқыл түзілген. Осы қышқылды натрий гидрокарбонатының артық мөлшерімен өңдегенде бөлінген газ көлемі көмірсутектер қоспасын толық жаққан кезде бөлінген сондай газ көлемінен 19 есе аз болған. Алғашқы қоспадағы әр компоненттің массалық үлесін (%) анықтау керек.
2.23. 3,664г фенол, этанол және сірке қышқыл қоспаларының 25мл бензолдағы ерітіндісіне натрийдің артық мөлшерін қосқанда 672мл газ (қ.ж.) бөлінген. Осындай мөлшердегі қоспаны толық бейтараптау үшін 18,165мл 8%-ті (ρ = 1,101г/мл) натрий гидроксиді ерітіндісі жұмсалған, ал бейтарапталғаннан соң ерітіндіге бром суын қосқанда 3,31г ақ тұнба түзілген. Алғашқы ерітіндідегі еріген әр заттың молярлы концентрациясын анықтау керек (Жауабы: 0,4М С2Н5ОН; 0,24М С6Н5ОН; 1,76М СН3СООН)
2.24. 64,4кг құмырсқа қышқылмен метанды каталитикалық тотықтырып 2СН4+3О2 → 2НСООН +2Н2О алғанда қанша көлем табиғи газ (98% метан көлем бойынша) қажет?
2.25. 1г бір негізді органикалық қышқылды бейтараптану үшін 27мл 0,5М натрий гидроксиді жұмсалған. Осы қышқылдың құрылысын анықтау керек.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   220   221   222   223   224   225   226   227   ...   271




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет