Химия пәніне арналған оқу-әдістемелік материалдар


-Тәжірибе. Фенолдың бензоилденуі



бет250/271
Дата27.10.2022
өлшемі5,02 Mb.
#45726
1   ...   246   247   248   249   250   251   252   253   ...   271
6-Тәжірибе. Фенолдың бензоилденуі
Үлкен пробиркада 4г фенолды 8-10мл суда ерітеді (тартқыш шкаф астында!) және оған 1мл хлорлі бензоилді (Абайла! Хлорлы бензоил улы зат!) және 5мл натрий гидроксидін қосады. Қоспаны шайқай отырып, хлорлы бензоил иісі жоғалғанша абайлап қыздырады, одан 15мл суық суы бар стаканға құйып алады. Зат суығаннан кейін бөлінген бензоат қышқылының фенил эфирі түссіз кристалды май түрінде түзіледі. Реакция теңдеулерін жазу керек.
Өзін өзі бақылауға және зертханалық жұмысты қорғауға арналған сұрақтар:
1. Фенолды алу, физикалық қасиеттері
2. Фенол мен спирттердің қасиеттеріндегі ұқсастық және айырмашылық
3. Фенолдың қолданылуы.


Фенолдар тақырыбына есептер мен жаттығулар


1. Изомерия және номенклатура
1.1. С7Н8О сәйкес барлық фенолдар мен ароматты спирттердің формулаларын жазып, аттарын (тривиалды атауларды) атау керек.
1.2. С8Н10О сәйкес ароматты спирттер формулаларын жазып, аттарын атау керек.
1.3. С8Н10О сәйкес фенолдар формулаларын, бензол сақинасына бір алкил радикалын енгізіп жазып, аттарын атау керек.
1.4. Мына ароматты спирттер формулаларын а)метилфенилкарбинол; б) фенилбензилкарбинол; в) метил-n-нитрофенилкарбинол жазу қажет.
1.5. Мына формулаларды а) м-хлорфенол; б) 2-хлорфенол; в) 1-нитро-2-нафтол; г) 4-хлор-1-нафтол; д) n-бромбензил спиртін жазып, оларға басқа мүмкін бола алатын атауларын жазыңдар.
2. Химиялық қасиеттері
2.1. 39 т бензолдан егер өндірістік шығыны 10% болса, қанша фенол алуға болады?
2.2. 19 г метил спирті мен фенол қоспасын бром суымен әрекеттестіргенде 33,1г тұнба пайда болған. Алынған қоспадағы метил спиртінің массалық үлесін (%) анықтау қажет.
2.3. Массалық үлесі 5% 300г фенол ерітіндісі натрий гидроксидімен толық реакцияға түскен. Түзілген натрий фенолятінің массалық үлесін (%) ерітіндідегі анықтау керек.
2.4. Этил спиртіндегі фенол ерітіндісіне натрий металымен әрекет етсе, 6,72л қ.ж. газ бөлінеді, ал дәл осындай мөлшердегі қоспаға бром суымен әсер еткенде 16,55г тұнба түзілген болса, фенолдың спирттегі ерітіндісінің сандық құрамын анықтау қажет.
2.5. Егер 47% ыстық судағы 50г фенол ерітіндісін 5% бромы бар 50г бром суымен араластырса, қанша грамм реакция өнімі түзіледі?
2.6. 2%-ті 20кг карбол қышқылының ерітіндісін дайындау үшін қанша масса фенол алу қажет? Осындай ерітінді қандай мақсаттарда қолданылады?
2.7. а) n-крезол; б) резорцин (м-диоксибензол); в) α-нафтол; г) бензил спирті; д) 2-фенилэтанол, осы заттардың қайсысы сілтінің сулы ерітіндісімен реакцияға түседі? Реакция теңдеулерін жазып, алынған қосылыстарды атау қажет.
2.8. Мына реакциялар теңдеулерін жазу керек: а) тұз қышқылы мен натрий феноляты арасындағы; б) натрий о-крезоляты мен сұйытылған күкірт қышқылы арасындағы; в) калий β-нафтоляты мен көмір қышқылы арасындағы; г) тұз қышқылы мен натрий феноляттарының барлық диоксибензолдар изомерлері арасындағы.
2.9. а) фенол; б) n-крезол; в) 2,4-диметилфенол қосылыстарымен гидрлену реакцияларының теңдеулерін жазу керек. Алынған қосылыстарды атау қажет.
2.10. Мына заттар өзара әрекеттескенде қандай қосылыстар түзіледі: а) фенол бромның артық мөлшерімен әрекеттессе; б) м-крезол азот қышқылының артық мөлшерімен әрекеттессе; в) n-крезол азот қышқылының артық мөлшерімен әрекеттессе, қосылыстардың атын атау қажет.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   246   247   248   249   250   251   252   253   ...   271




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет