Химия пәніне арналған оқу-әдістемелік материалдар



бет253/271
Дата27.10.2022
өлшемі5,02 Mb.
#45726
1   ...   249   250   251   252   253   254   255   256   ...   271
Анилин - түссіз, суда қиын еритін май тәрізді зат, сақтағанда қоңырланады, буы өте улы. Өндірісте пенопластар, бояғыш заттар, дәрі алуға қолданылады.
Диметиланилин - бояғыш заттар мен қопарылғыш (жарылғыш) заттар алу үшін қолданылатын сұйық зат.
Дифениламин - кристалды қатты зат, бояғыш заттар алуға қолданылады. Бүйірдегі амин тобы бар ароматты аминдер алифатты аминдерге ұқсас.
β-фенилэтиламин дәрі алуға қолданылады: эфедрин, бензедрин, адреналин.
Өзін-өзі тексеру сұрақтары

1. Изомерия, номенклатура, мысалдар келтіру керек.


2. Физикалық, химиялық қасиеттері.
3. Алу, қолданылуы.
4. Мына қосылыстардың структуралық формулаларын келтіру керек: трифениламин, дифенилэтиламин, диэтиланилин.
5. Біріншілік, екіншілік, үшіншілік ароматты аминдердің қолданылуы.


ГЕТЕРОЦИКЛДІ ҚОСЫЛЫСТАР


Жалпы сипаттамасы,
физикалық және химиялық қасиеттері

Құрамында көміртегіден басқа да элемент атомдары бар сақиналы қосылыстарды гетероциклді қосылыстар деп атайды, яғни көміртегімен бірге цикл құруға қатысатын атомдарды гетероатомдар деп атайды. Олар көбінесе азот, оттегі, күкірт атомдары болады. Гетероатомдар санына байланысты моно-, ди-, три- т.б. гетероатомды сақиналар болады. Кей гетероциклдер алифатты қосылыстарға жақын болса, кейбіреулері ароматты көмірсутектерге жақын. Қасиеттері бензолға жақын, сондықтан гетероциклдер көбінесе алмасу реакцияларына түседі, ал қосылу реакцияларына азырақ түседі. Бензолға тән галогендеу, сульфирлеу, нитрлеу, Фридель-Крафтс реакцияларына да түседі. Гетероциклдер циклдің ашылу реакциясына және гетероатомдардың алмасу реакцияларына түсе алады, бірақ гетероциклдер тотықтырғыштарға да, тотықсыздандырғыштарға да тұрақты, сондықтан тотығу-тотықсыздану реакцияларына түсулері қиын.


Гетероциклді қосылыстар витаминдердің, нуклеин қышқылдарының, алкалоидтардың, бояулардың, дәрі-дәрмек заттарының, ферменттердің құрамына кіреді, сондықтан олар өте маңызды органикалық қосылыстарға жатады. Гетероциклді қосылыстар циклдегі атомдардың жалпы саны бойынша, содан кейін гетероатомының саны мен түрі бойынша топтарға бөлінеді. Бір гетероатомы бар циклде номерлеу сол гетероатомнан басталады, егер бірнешеу болса, номерлеу былай жүреді О, S, N, егер NH болса, онда О, S, NН, N белгіленеді.



  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   249   250   251   252   253   254   255   256   ...   271




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет