Химия пәніне арналған оқу-әдістемелік материалдар


Өзін- өзі бақылауға және зертханалық жұмыстарды қорғауға арналған сұрақтар



бет69/271
Дата27.10.2022
өлшемі5,02 Mb.
#45726
1   ...   65   66   67   68   69   70   71   72   ...   271
Өзін- өзі бақылауға және зертханалық жұмыстарды қорғауға арналған сұрақтар:
1.Тотығу дәрежесі деген не? Оны қалай анықтайды?
2.Реакция кезінде тотықтырғыштың және тотықсыздандырғыштың тотығу дәрежесі қалай өзгереді?
3.Периодтық жүйедегі қай топта және қай топшаларда тотықтырғыш пен тотықсыздандырғыш орналасқан?
4.Элементтердің тотығу-тотықсыздану қасиеттері:
а)период бойынша (солдан оңға қарай)
б)негізгі топшаларда (жоғарыдан төмен қарай) қалай өзгереді?
5.Эквиваленттің молярлық массасын тотықтырғыш және тотықсыздандырғыш үшін қалай есептейді?

11 зертханалық сабақ. Гальваникалық элементтің электр қозғаушы күшін (э.қ.к) анықтау




Сабақтың мақсаты: Металдардың электродтық потенциалдарын өлшеп үйрену және есептеу. Нернст теңдеуін пайдаланып гальваникалық элементтің э.қ.к. есептеу.
Зертханалық сабақ бойынша сұрақтар:
1.Гальваникалық элементтің қолданылуы.
2.Нернст теңдеуі.
3.Электродтық потенциалдар деген не?
4.Металдардың кернеу қатарын гальваникалық кесте құруға қалай пайдаланады?

1 - тәжірибе. Мыс-мырыш гальваникалық элементтің э.қ.к. өлшеу


Суретте көрсетілгендей етіп, мыс пен мырыштың электродтарынан тұратын гальваникалық элемент жинаңдар. Бұл металдардың тұздарының концентрациясын оқытушы айтады.
7 сурет. Гальваникалық элемент
1-мыс электроды, 2- мырыш электроды, 3- мыс сульфаты ерітіндісі, 4- мырыш сульфатының ерітіндісі, 5- электролиттік кілт, 6- өткізгіш сым.
Өткізгіш сым потенциометр клемасымен жалғасады. Мырыш-теріс, мыс электродын оң полюске қосып, элементтің э.қ.к. есептеңдер.
ΔЕтеор. = Е0Cu2+/Cu - E0Zn2+/Zn
Салыстырмалы қатені табыңдар: % қате= ((ΔЕтеор.-ΔЕтәж.)/ΔЕтеор.)∙100%

2- тәжірибе. Концетрациялы гальваникалық элементтің э.қ.к. есептеу


Мыс электродынан немесе мырыш электродынан тұратын гальваникалық элементтің схемасын жинаңдар. Электродтарды концентрациясы әр түрлі өз тұздарының ерітіндісіне батырыңдар. Ерітінділер концентрациясын мұғалім көрсетеді.
Тәжірибе жүзінде ΔЕтәж. өлшеңдер және теориялық ΔЕтеор. мына формула бойынша есептеңдер:
ΔЕтеор. = (0,059/n) lgCІІІ, CІІІ
Салыстырмалы қатені табыңдар.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   65   66   67   68   69   70   71   72   ...   271




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет