Толуол молекуласындағы атомдардың өзара
әсерлесуін түсіндіреді
5
толуол молекуласындағы атомдардың өзара әсерлесуін түсіндіреді.
2
Барлығы
20
11.1 A «Ароматты қосылыстар қатары» бөлімі бойынша жиынтық бағалаудың нәтижесіне қатысты ата-аналарға ақпарат ұсынуға арналған рубрика
Білім алушының аты-жөні ___________________________________________
Бағалау критерийі
Оқу жетістіктерінің деңгейі
Төмен
Орта
Жоғары
Бензол молекуласының құрылымын сипаттайды
Бензол молекуласының эмпирикалық формуласын жазуда, электрондар делокализациясы көрсетілген формуланың анағұрлым нақты және дұрыс көрсетілгендігіне үш дәлел келтіруде қиналады
Бензол молекуласының эмпирикалық формуласын жазуда / электрондар делокализациясы көрсетілген д формуланың анағұрлым нақты және дұрыс көрсетілгендігіне 1 /2 /3 дәлел келтіруде қателіктер жібереді
Бензол молекуласының эмпирикалық формуласын жазады, электрондар
делокализациясы көрсетілген формуланың
анағұрлым нақты және дұрыс
көрсетілгендігіне үш дәлел келтіреді
Бензол және оның гомологтарын алу реакцияларының теңдеулерін құрастырады
Алкилдеу реакциясының көмегімен жүретін реакцияның теңдеуін жазуда, тримерлеу реакциясының теңдеуін жазуда, циклді көмірсутектерден ароматты көмірсутектердің алыну реакциясын жазуда қиналады
Алкилдеу реакциясының көмегімен жүретін реакцияның теңдеуін жазуда/ тримерлеу реакциясының теңдеуін жазуда/ циклді көмірсутектерден ароматты көмірсутектердің алыну реакциясын жазуда қателіктер жібереді
Алкилдеу реакциясының көмегімен жүретін реакцияның теңдеуін жазады, тримерлеу реакциясының теңдеуін жазады, циклді көмірсутектерден ароматты көмірсутектердің алыну реакциясын жазады
Бензол және оның гомологтарына тән қосылу реакцияларының теңдеулерін құрастырады
Бензол мен оның гомологтарына қосылу реакцияларының теңдеулерін құрастыруда, реакцияның жүру жағдайларын көрсетуде, реакция өнімдерін атауда қиналады
Бензол мен оның гомологтарына қосылу реакцияларының теңдеулерін құрастыруда/ реакцияның жүру жағдайларын көрсетуде/ реакция өнімдерін атауда қателіктер жібереді
Бензол мен оның гомологтарына қосылу реакцияларының теңдеулерін құрастырады, реакцияның жүру жағдайларын көрсетеді, реакция өнімдерін атайды
8
Бензолды нитрлеу және галогендеу реакциясының механизімін сипаттайды