Гидролиздәрежесі әлсіз қышқыл немесе сілті диссоциациялану константасы төмендеуімен арттыру, сондай-ақ тұз концентрациясының дәрежесін төмендету және температурасын арттыру ұмтылады.
Гидролизді сан жүзінде гидролиз дәрежесі мен константасы арқылы бағалаймыз. Һ – гидролиз дәрежесі гидролизденген молекулалардың үлесін көрсетеді. Гидролизденген тұз концентрациясы мен еріген тұз концентрациясы қатынасымен анықталады (С): осыдан
Гидролиз дәрежесі үш фактормен анықталады: Гидролиз өнімі диссоциациялану константасы ол төмен болса һ – жоғары;
Тұз концентрациясы неғұрлым сұйық болса, соғұрлым һ – жоғары;
Гидролиз константасы гидролиз өнімі концентрациясы көбейтіндісінің гидролизденбеген тұз концентрациясына қатынасы.
Күшті қышқыл мен әлсіз негіздің тұзы – MgCl2 Магний хоридінің суда еруін алайық: Гидролиздің толық молекулалық теңдеуін сатылап жазамыз: І – саты: MgCl2 + HOH → MgOHCl + HCl
ІІ – саты: MgOHCl + HOH → Mg(OH)2 + HCl
Гидролиз теңдеуінің қысқартылған иондық түрі:
І – саты: Mg2+ + HOH→ (MgOH)+ + H+
ІІ – саты: (MgOH)+ + HOH→ Mg(OH)2 + H+ [OH—]<[ H+]
Қорытынды: Ерітіндіде H+ концентрациясы артық, сондықтан реакция ортасы – қышқылдық қасиет көрсетеді.
Күшті негіз бен әлсіз қышқылдың тұзы – K2S – калий сульфиді. Калий сульфиді ерітіндісінде жүретін алмасу реакциясының теңдеуі:
І – саты: K2S + HOH → KHS + KOH
ІІ – саты: KHS + HOH → KOH + H2S↑ [OH—]>[H+]
Қорытынды: Ерітіндіде OH- концентрациясы артық, сол себепті реакция ортасы – сілтілік қасиет көрсетеді.
Әлсіз негіз бен әлсіз қышқылдың тұзы – FeS – темір сульфиді. МТ. FeS + 2HOH = Fe(OH)2↓ + H2S↑
ТИТ. Fe2+ + S2- + 2HOH = Fe(OH)2↓ + H2S↑
Қорытынды: Гидролиз реакциясы нәтижесінде әлсіз негіз ( Fe (OH)2) және әлсіз қышқыл ( H2S) түзіледі. Ерітіндіде ешқандай ион артық емес.
Мұндай реакцияның ортасы түзілген заттардың диссоциациялану константасына тәуелді болады.
Дислану константасы қайсысында көп болса, сол ортаны көрсетеді, егер тең болса, бейтарап ортаны көрсетеді.