Химиялық Үдерістер туралы ілім



бет2/9
Дата03.04.2022
өлшемі113,68 Kb.
#29713
1   2   3   4   5   6   7   8   9
§1 Термохимия негіздері

Табиғатта, я болмаса, зертханада тәжірибе жасаған кезде өтетін химиялық үдерістердің қай-қайсысын алсақ та азды-көпті энергетикалық өзгерулермен қабат жүріп отыратынын көреміз. Көбіне энергетикалық өзгерулер жылудың бөлінуі, сіңірілуі түрінде байқалады. Реакциялар кезінде химиялық энергия жылу, жарық, механикалық және электр энергиясына айналады. Химиялық реакцияның энергетикалық өзгерулері көбіне жылу түрінде болғандықтан әрі оны өлшеу жеңілге түсетіндіктен химия ғылымында бір ғана энергия түрінің өзгерісін зерттеу қабылданған. Қандай да болмасын басқа энергияның түрлері жылуға шағып беріледі. Соңғы кезде энергия өлшемі ретінде калория және джоуль қолданылып келді, олардың эквивалентті мөлшерлері мынадай:

1Дж = 0,239 кал = 0,624 ∙ 1019 э.в.

Химиялық реакцияға сай энергияның өзгерулерінің практикалық, теориялық үлкен маңызы бар. Химиялық реакцияның жылу энергиясын білу нәтижесінде қажетті реагенттерді таңдап алып, жылу балансын есептеуге мүмкіндік туады.

Практикада жылу алу үшін жүргізілетін реакция-заттардың жануы болып саналады. Реакция нәтижесінде түзілетін жылу мөлшері қосылыс құрамындағы көміртек пен сутектің мөлшеріне тәуелді, олар неғұрлым көп болса, жылу мөлшері де көп болады. Заттардың жылу тудыру қабілеті кДж/г есебінде беріледі.

Кесте5.1 Жиі қолданыста болатын отынның жылу тудыруы



Отын түрлері

Массалық үлес)

Жылу тудыру қабілеті (кДж/г)

с)

н)

Антрацит

82

1

31

Бензин

85

15

48

Сутегі

-

100

142

Ағаш көмірі

100

-

34

Табиғи газ

70

23

49

Өңделмеген мұнай

85

12

45

Ағза тіршілігіне қажетті жылу (ересек адам тәулігіне ≈ 6300 кДж жылу пайдаланады) көбіне қоректенген астағы көмірсулар мен майлардың ферментативті тотығуы арқылы түзіледі.

Қазіргі кезде жылу көзі болатын табиғи ресурстарды үнемдеу мақсатында жаңа технологияны пайдаланып, күн, жел, су, атом энергиясын, экологиялық жағынан таза сутектік технологияны қолдану жүзеге асырылуда. Еліміздің жоғары техникалық білім ордаларының жанынан құрылған технопарктерде, арнайы зерттеу институттарында ғалымдар осы маңызды мәселемен айналысуда. Бұл мәселені шешу үшін халықаралық деңгейде ірі ғылыми форумдар өтуде (Астана, ЕХРО - 2017).





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет