Химиялық термодинамиканың негізі § термодинамиканың бірінші заңы термодинамикалық түсініктер мен анықтамалар


§ 2. КОЛЛОИДТЫ ХИМИЯ ЖӘНЕ ДИСПЕРСТІЛІК



бет42/79
Дата12.04.2023
өлшемі0,9 Mb.
#81779
1   ...   38   39   40   41   42   43   44   45   ...   79
Байланысты:
Микро сож соож

§ 2. КОЛЛОИДТЫ ХИМИЯ ЖӘНЕ ДИСПЕРСТІЛІК
Дисперсті системалардың көптеген қасиеттері оның дисперстілігіне тікелей байланысты. Диффузияға және осмостық қысымға бейімділік сияқты дисперсті системаның кейбір қасиеттері ірі дис-персті күйден жоғары дисперсті система күйіне ауысуы жақсы байқалады. Олардың кейбір қасиеттері керісінше, жоғары дисперстіден іріге ауысқанда басымырақ болады. Мысалы, бөлшектердің үлкейген сайын шөгіндіге отыру, шөгу сипаты артатын қасиеті, осы айтылғанға дәлел. Мұны седиментация дейді.
Дисперсті системалардың қайсыбір қасиеттері ауысплы мәнде-гі дисперстілік дәрежеге, коллоидты өлшемге сәйкес пайда болады. Бұл олардың сәулені шашыратуы, коллоидты система реңінің өзгеруі, т. б.
Коллоидты системаның қасиеттерін қарастырғанда тек бөлшектің өлшемін ғана ескеріп қоймай әр түрлі адсорбциялық құбылыстарға мүмкіндік туғызатын фазааралық беткі қабаттың болатынын және сол сияқты осы бөлшектердің бетінде (үстінде) жүретін әрқилы химиялық реакцияларды да ұмытпаған жөн. Демек, кол-лоидты химия дисперстік системамен, оның өлшемі, энергиясы, үлестік беті, дисперстік дәрежесі сияқты көптеген сипаттамаларымен байланысты екен. Ендеше коллоидты химия дисперстік система химиясы, физикасы дегенмен бірдей.


§ 3. ДИСПЕРСТІ СИСТЕМАНЫҢ ЖІКТЕЛУІ
Барлық ғылым не өндіріс салалары сияқты коллоидты химия да өздерінде кездесетін өзіндік ерекшеліктер мен қасиеттерге, өлшемдер мен көрсеткіштерге орай жіктеле келіп, сұрыпталады. Ондағы қайсыбір қасиеттер біріне-бірі ұқсас болғандықтан, олар өзара бірігіп кетеді. Мұны кеңістікте орналасқан денемен де теңестіруге болады, өйткені осы дененің кеңістіктегі нақтылы орнын табу үшін үш өлшемді координатаны не олардың проекциясын пайдалану қажет. Демек, коллоидты системаны сипаттау үшін оны әртүрлі қасиет, ерекшелік тұрғысынан жіктеу керек. Енді осындай жіктеудің бірнешеуін қарастырайық.
Дисперстілік. Дисперстілік бойынша немесе дисперсті системадағы дисперсті фаза өлшемі бойынша, яғни дисперсті бөлшектің өлшемін, үнтақтылығын көрсететін өлшеміне орай жіктеу 38-суретте көрсетілгендей бөлінеді: ірі дисперсті; жоғары дисперсті (микрогетерогенді); коллоидты; молекулалық
Мұндағы ірі дисперсті системаның бөлшектері сүзгіш қағаздан өтпейді, кәдімгі микроскопта көрінеді, өзінен жеңіл ортада жүзгін ретінде аз уақыт болып, тез отырады, ал өзінен ауырлау ортада жүзгін ретінде жүре береді. Система жоғары дисперсті болса, біршама тұрақты, бөлшегі ұсақтау, сүзгіш қағаздан оңай өтсе де жартылай өткізгіштерден өтпейді, кәдімгі оптикалық микроскопта көрінбейді, дисперсті ортада жүзгін ретінде үзақ сақталады.
Агрегаттық күй. Белгілі үш агрегаттық күйге сәйкес дисперстік системаны 9 түрге бөлуге болады (9-таблица). Әдетте әрбір түрді ондағы бос әріптерді қысқартып, бөлшек алымына дисперсті фазаны, ал бөлшек бөліміне дисперсті ортаны жазады.
Заттағы дисперсті фазаның дисперсті ортада шекті ерігіштігі — дисперсті системаның пайда болуындағы қажетті жай. Мысалы, дисперсті г/г системасындағы газдардың бір-бірінде шексіз еритін-дігінен әдетте көріне бермейді.

Жоғары дисперсті системаларды зольдер дейді және осыған орай дисперсті ортаның сипатына сәйкес гидрозольдер, органикалық зольдер, аэрозольдер болып бөлінеді. Ал ірі дисперсті системадағы қатты фазаның сұйық ортада таралуын жүзгіндер (суспензиялар), ал фаза да, орта да сұйық болса, оны эмульсиялар дейді.
Құрылым. Барлық дисперсті системалар құрылым жағынан еркін (бос) дисперсті және біріккен (байланысқан) дисперсті болып бөлінеді. Еркін дисперсті система дегеніміз — дисперсті фаза мен дисперсті орта бірімен-бірі өзара байланыспай әрқайсысы бос жүретін дисперсті система. Оған жүзгіндер, эмульсиялар, аэрозольдер мен жалпы зольдер жатады. Дисперсті фаза мен дисперсті орта өзара берік байланысқан системаларды байланысқан дисперсті система дейді. Оған капиллярлі кеуек заттар, диафрагмалы денелер, жұқа пленка — мембраналар, кәдімгі полимерлер, қатты ерітінді — қорытпалар жатады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   38   39   40   41   42   43   44   45   ...   79




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет