§ 2. ФАЗАНЫҢ ЖАНАСУ ШЕГІНДЕГІ БОС ЭНЕРГИЯ Бір фазаның екінші фазамен жанасу шегінде аса күшті дамыған қабаты бар системалар үшін осы беттерде жүретін құбылыстардың мәні ерекше екенін білеміз. Ғылыми зерттеулер мен тәжірибелер көрсетіп отырғандай, олардың бәрі де берілген заттың табиғаты мен беткі қабаттың шамасына тәуелді.
Коллоидты ерітінділер жоғары дисперсті системадағы топқа жататындықтан, олардың дисперсті фаза құрамындағы бөлшектердің қабатынан жинақталған үлкен беткі қабаты болады. Коллоидты системадағы бөлшектердің жинақталған беткі қабатының қосынды ауданы жайлы ұғымды нақтылы түсіну мақсатымен, бір текше сантиметр (1 см3) қатты денені коллоидты өлшемге дейін ұсақтап, оның ауданын есептейді. Үсақтағанда, осы бөлшектердің қосынды массасы мен көлемі өзгеріссіз қалып, беткі аудан қосындысы көбейеді (10-таблица).
Жоғары дисперсті гетерогенді системадағы беттің кереметтей үлкеюі ондағы беттік энергияның артуымен байланысты. Мысалы, берілген кез келген бөлшектің энергия қорының шамасы Е делік. Ол шама масса энергиясы (немесе көлем энергиясы)) Em мен беттік энергиядан Es түрады:
Е = Еm + Еs (4) Масса немесе көлем энергиясы Еm =Кm = КV тең, мұндағы m және V масса мен көлем, К — пропорционалдылық коэффициенті. Кейде беттік бос энергия деп те айта беретін беттік энергия Еsинтенсивтілік факторы болып есептелетін беттік керілу σ мен көлемдік (экстенсивті) фактор ретіндегі қосынды бет S шамалары көбейтіндісіне тең:
Es = σS (5) (4) теңдеуді былайша жазуға болады:
Е = КV+σS (6) Бұл теңдеудің екі жағын да көлемге (V) бөлсек, көлемнің бірлік өлшеміне тиесілі жалпы энергия қорын немесе беттік меншікті энергияны (ЕV) өрнектейтін формула шығады: