Ультрадыбысты әдіс. Соңғы кезде заттарды ультрадыбыс әдісімен ұнтақтау кең таралуда. Ультрадыбыстың әсер етуші механизмі әлі де болса толық зерттелмегендіктен, оның кейбір жайы мен мәні түсініксіз. Сұйық бөлшектері системадағы өте тез ауысатын қысым мен кеңею салдарынан бөліне келіп, ұнтақталуы мүмкін деген болжамдар бар. Ультрадыбысты қондырғылардың өнімділігі аса жоғары.
Химиялық әдіс арқылы ұнтақтаудың арасында пептизация әдісі жиі таралған. Бұл пропесс пептизатор деп аталатын
21
ұтақтайтын зат әсерімен жүріп, гельді зольге айналдырады. Бұл алынған борпылдақ шөгіндіге пептизатор қосып, оны коллоидты бөлшектерге дейін ұнтақтауға негізделген. Пептизатор ретінде қолданылатын электролиттер бөлшектерді біріктіріп, оларды жеке коллоидты бөлшек түрінде ұстайды. Демек, электролиттер аморфты шөгінділерді өзара бірігуден, агрегацияланудан қорғайды екен. Бүған мысал ретінде темір (III) гидроксидінің золін алуға болады. Жалпы темір (III) гидрооксидін тұнбаға түсірмеу үшін оған пептизатор ретінде темір (III) хлоридінің ерітіндісін қосады. Мұндайда темір (III) гидроксиді бірден түнбаға түспей, золь түрінде жүзіп жүреді.
Химиялық дисперстеу әдістерінің арасында өздігінен ұнтақталатын тәсіл де белгілі. Ол негізінен әрбір жағдайға сәйкес таңдалып алынған еріткіш көмегімен коллоидты ерітінді алуға бағытталған. Мысалы, крахмал, желатин, агар-агарды суда еріткенде коллоидты ерітінділер алынады. Мұндағы еріткіш (су)—пептизатор. Осы процесс өздігінен жүреді. Бұл әдіс, әсіресе, қатты полимерлерді арнайы алынған еріткіштерде еріту арқылы жоғары молекулалық қосылыстардың ерітіндісін әзірлеуге кеңінен пайдала-нылады.
Б. Конденсациялау әдістері. Қоллоидты ерітінділерді алудың конденсациялау әдістерінің басым көпшілігі тотығу, тотықсыздану, гидролиз сияқты химиялық реакцияларға негізделген. Бұл реакциялар кезінде ерітінділер еріген заттардың ерімейтін күйге ауысуы нәтижесінде коллоидтыға түрленеді. Сондай-ақ, конденсациялау әдісі химиялық реакциялармен қатар олардың конденсациялануы сияқты физикалық құбылыстармен де сипатталады. Конденсациялау әдістерінің маңызды түрлеріне қысқаша тоқталайық.
Тотығу. Тотығу реакциясы кезінде алынатын заттардың бірі коллоидты күйдегі бөлшек түрінде түзіледі. Мысалы, сутекті күкірттің оттек немесе күкірт (IV) оксидімен тотығу реакциясын алуға болады. Осы реакция кезінде бөлінетін бос күкірт коллоидты күйдегі ерітінді береді: