FeCl3+3H2O→Fe(OH)3+3HCl Fe(OH)3+3HCl→FeOCl+2H2O Осы реакция кезіндегі пайда болатын темір тұзы (ҒеОСІ) ішінара иондарға диссоциацияланады: FeOCl↔FeO++Cl. Осы иондар темір (III) гидроксидінен тұратын бөлшектердің айналасында болатын ионогенді қабатпен қамтамасыз етіледі және осының салдарынан да олар ерітіндіде қалқып, жүзгін түрінде жүреді, яғни тұнбаға түспейді.
Еріткішті ауыстыру. Нағыз ерітіндінің еріткішін басқа еріткішпен алмастырғанда жаңадан пайда болған ерітіндіде ерімейтін аса жоғары дисперсті фазадағы коллоидты система туындайды. Мысалы, кәдімгі ағаш шайыры спиртте өте жақсы еріп, нағыз ерітінді түзеді. Осы ерітіндіге таза суды біртіндеп қосса, онда бастапқы нағыз ерітінді коллоидты ерітіндіге айналады. Мүнда спирт суда жақсы ериді де ағаш шайыры спиртте жақсы ерігенімен суда нашар еритіндіктен, аса жоғары дисперсті фазадағы коллоидты ерітіндіге айналады. Осындай әдіспен күкірттің, фосфордың, ағаштан алынатын хош иісті қара майдың, полимерлердің, тағы да басқа көптеген заттардың коллоидты түрін алуға болады.
Электрлік әдіс. Бұл әдісті 1898 жылы Бредич ұсынған болатын. Көбінесе электрлік әдісті асыл металдардың коллоидты ерітінділерін алу үшін қолданады. Әдетте платина, алтын, күміс сияқты коллоидты ерітінділер алынатын асыл металдардан әзірленген су ішіндегі екі электрод арасында электр доғасын тудырады. Осы кезде электрод арасында пайда болған электр доғасының әсерінен щыккан өте жоғары температурада әуелгі асыл металл балқып буланады да, су ішінде салқындап, өлшемі коллоидты бөлшек ша-масындағы дисперсті фаза құрайды. Бүкіл процесс сумен салқындату арқылы жүргізіледі.
§ 2. КОЛЛОИДТЫ СИСТЕМАЛАРДЫ ТАЗАРТУ Жоғары молекулалық қосылыстардың гидрофобты зольдері мен ерітінділерін алу кезінде олар түрлі қосымшалармен ластанады; көбінесе мұндай системада бастапқы электролит кездеседі; системаға артығымен қосылатын тұрақтандырғыштармен ластанады. Тұрақты коллоидты ерітінді алу үшін оларды жоғарыдағыдай қажетсіз заттардан тазарту керек. Енді жоғары молекулалық қосылыстардың және басқа да коллоидты системалар мен ерітінділерді тазалаудың кейбір түрлерін қарастырайық.