ОҚУ-ӨНДІРІСТІК, ӨНДІРІСТІК ТӘЖІРИБЕНІ ҮЙРЕТУ, ТІРКЕУ ЕРЕЖЕЛЕРІ Оқушының үйренген тәжірибесін оқытушы күнделікті практикалық журналға белгілейді.
Тәжірибе сонында оқушы оқу-өндірістік тәжірибе бойынша есеп береді.
Практикалық тәжірибені сараптау түрде оқу-өндірістік тәжірибе аяқталғаннан кейін арнайы кабинеттерде немесе практикалық (базада) қояды. Оқушыға істемеген тәжірибеге баға қойылмайды
Тәжірибелік дайындық кітапшасына әрбір тәжірибе түрін үйренгені бойынша іс-әрекетке тікелей жетекшісі (аға мейірбике) баға қояды. Оқушыға істемеген тәжірибеге баға қойылмайды.
Сараптау комиссия құрамына кіретін әкімшілік мүшелері, осы мамандық бойынша медколледж оқытушылары және денсаулық сақтау қызметкерлері практикалық іс-тәжірибе бойынша әр бір оқушыға міндеттемеге сәйкес сараптау өткізеді. Әр бір оқушыға тәжірибе жұмысы жеке белгіленеді. Істелінген тәжірибе комиссия мүшелері тарапынан бағаланып, қол қойылады.
Сараптаудан кейін оқу-өндірістік және диплом алдындағы практика жұмысы бойынша практика кітапшасына колледж директоры қол қояды, мемлекеттік емтиханға рұқсат бергені туралы жазады. Сараптаудан қанағатсыз баға алған оқушы мемлекеттік емтиханға жіберілмейді және колледжден шығарылады.
Егер басқа медколледжге ауысса практика кітапшасы жаңа оқу орнына оқушының жеке оқу құжаттарымен өткізіледі.