И. А. Зимняя педагогикалық психология екінші, толықтырылған, түзетілген және қайта өңделген басылым


Дағдының қалыптасқандық критерийлері



бет108/188
Дата16.10.2023
өлшемі2,06 Mb.
#116357
түріОқулық
1   ...   104   105   106   107   108   109   110   111   ...   188
Байланысты:
И. А. Зимняя педагогикалы психология екінші, толы тырыл ан, т з

Дағдының қалыптасқандық критерийлері

Қалыптасқан дағдының немесе оның өндірілгендігінің объективті көрсеткіштері ретінде келесілер болады: безендіру дағдыларының дұрыстығы мен сапалылығы (қателердің болмауы); сананың әрекеттің орындалу формасына бағытталуының болмауы, қауырттылықтың және жалығудың болмауы, аралық операциялардың түсуі, яғни әрекеттің редукциялануы (ішкі критерийлер).


Жоғарыда қарастырылғандардың барлығы үйренушінің оқу іс-әрекетті басқарудың күрделі динамикалық біртекті емес объекті екенін көрсетеді. Бұл оқушының (студенттің) басқа оқушылармен (студент-термен), мұғаліммен (оқытушылармен) жалпыланған тәсілдерін игеруге тұлғалық шартталған белсенді, мақсатты бағытталған әрекеттің өзара әрекеттесуі, ол барлық буындарында түрлі икемділік мөлшерінде мұғаліммен басқарылуы тиіс.


***

Меңгеру күрделі біртекті емес процесс бола отырып, өзара шартталған кезеңдерді қамтиды және дағдылардың қалыптасуы мен дамуында неғұрлым айқын көрінетін ерекшеліктер қатарымен сипатталады.


Өзін-өзі тексеруге арналған сұрақтар




  1. Оқу іс-әрекетін меңгеруден, ал меңгеруді – дағдылар қалыптасуынан не ажыратады?

  2. Дағдының «жасалуы» термині неліктен «даму» терминіне қарағанда осы процесті нақтырақ бейнелейді?

  3. Үйренуге қандай негізгі факторлар әсер етеді?

Әдебиет



Ильясов И.И. Структура процесса учения. М., 1986.
Лингарт Й. Процесс и структура человеческого учения. М., 1970.
Талызина Н.Ф. Педагогическая психология. М., 1998. Гл. 6.
Якунин В.А. Психология деятельности студентов. М., 1994.


4 тарау. Өзіндік жұмыс –
оқу іс-әрекетінің жоғарғы формасы


§ 1. Өзіндік жұмыстың жалпы сипаттамасы
Өзіндік жұмысты түсіндірудегі келістер

Оқу іс-әрекеті туралы айтқанда зерттеушілер дәстүрлі түрде оқушының сыныптағы жұмысын еске алады. Алайда, мектеп оқушысының оқу іс-әрекетін ұйымдастыру сыныптық жұмысымен қатар, оқу пәні бойынша оның сыныптан тыс және өзіндік жұмысын да қамтиды. Неғұрлым аз зерттелген және де оқу іс-әрекетін психологиялық талдау тұрғысынан неғұрлым қызықты оқушының, студенттің өзіндік жұмысы болып табылады. Дәл осы өзіндік жұмыстан оның мотивациясы, мақсаттылығы, және де өзіндік ұйымдасуы, өз бетіншелігі, өзін-өзі бақылауы және т.б. психологиялық сапалары байқалады. Үйренушінің өз бетінше жұмысы оның оқу процесіндегі позициясын қайта құрудың негізі ретінде қызмет етеді.


Өзіндік жұмыс, бұрыннан белгілі болғандай, мектепте, жоғары оқу орнында оқытудың маңызды және кеңінен талқыланатын проблемаларының бірі болып табылады. Мектепте және жоғары оқу орнында оқытудың қазіргі күнгі әдістемелерінде ол міндетті түрде оқытушының ұйымдастырушы рөлімен теңестіріледі. Дидактикада өзіндік жұмыс деп оқушылардың сыныптағы және сыныптан тыс, немесе мұғалімнің қатысуынсыз, бірақ оның тапсырмалары бойынша даралық және ұжымдық іс-әрекетінің алуан түрлі түрлерін түсінеді (А.А. Миролюбов).
Сыныптан тыс және мектептен тыс жұмыстың жалпы педагогикалық анықтамасы, ол бойынша бұл оқушылардың іс-әрекетінің алуан түрлері (мектепте сабақтан тыс уақытта ұйымдастырылатын және өткізілетін, тәрбиелік және білім беру сипатындағы), көптеген зерттеушілердің оқушылардың өз бетінше іс-әрекетін қарастыруларының негізіне қойылған. Осы тақырыпты мектепте факультативтік курстарды ұйымдастырудың жалпы контексінде дамытуда өзіндік жұмыстың бірнеше түрі туралы айтылған, оларға бір ғана «оқудан тыс» деген түсінікпен біріктірілген сабақтан тыс, сыныптан тыс, мектептен тыс жұмыстар жатады. Оқудан тыс жұмыстың негізгі үш айырмашылығы тұжырымдалады: оқушылардың оған өз еркімен қатысуы, сабақтан тыс өткізу, өз бетіншіліктің басымдылығы. Оған қойылған талаптар сабақтағы және сабақтан тыс жұмыстардың байланысын, өз еркімен алынған сыныптан тыс тапсырмаларды... орындаудағы міндеттілікті, сыныптан тыс сабақтардың мақсаттылығы мен үнемділігін, оқушыларды толықтай қамту және т.б. қамтиды (С.Ф. Шатилов).




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   104   105   106   107   108   109   110   111   ...   188




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет