И. А. Зимняя педагогикалық психология екінші, толықтырылған, түзетілген және қайта өңделген басылым


§ 2. Өзіндік жұмыс оқу іс-әрекеті ретінде



бет110/188
Дата16.10.2023
өлшемі2,06 Mb.
#116357
түріОқулық
1   ...   106   107   108   109   110   111   112   113   ...   188
Байланысты:
И. А. Зимняя педагогикалы психология екінші, толы тырыл ан, т з

§ 2. Өзіндік жұмыс оқу іс-әрекеті ретінде


Өзіндік жұмысқа қойылатын негізгі талаптар

Енді өзіндік жұмыстың өзгешелігін (бұл сөздің нақты, іс-әрекеттік мағынасында) сыныптан тыс жұмыспен салыстыра отырып қарастырайық (мектептен тыс, сабақтан тыс жұмыс). Оның анықтамасын оқытудығы сабақтан тыс жұмысты ұйымдастырудың негізгі талаптарымен салыстырайық. Бірінші талап оқушының сабақ үстінде алған білімдерін, іскерліктерін және дағдыларын тереңдетіп, кеңейтіп және жетілдіруі тиіс екені белгілі, бірақ жаңа білімдерді, іскерліктерді және дағдыларды жеткізудің негізгі мақсаты емес. Екінші талап жұмыс материалының өзінің формаларының, процестерінің және материалының әуестігі болып табылады. Тағы да оқушылардың осы процесте өз еркімен және белсенді араласуы, бұқаралық ұйымдастырудың формасы ретінде маңызды талаптар болып табылады.


Егерде өзіндік жұмысты оқушының оқу іс-әрекетінің ең жоғарғы өзгешелік түрі ретінде анықтаса, онда осы талаптардың әр қайсысымен салыстыра отырып оның маңызды ерекшеліктерін айқындауға болады. Мысалы, нағыз өзіндік жұмыс өз бетінше оқу іс-әрекеті сияқты «ақпараттық вакуум» негізінде пайда болуы мүмкін. Ол оқушыда бір жаңа, белгісіз, өзі үшін маңызды, керек нәрсені білуге, игеруге деген қажеттілік қалыптасқан кезде пайда болады, ал оқу үрдісінде осындай қажеттілікті қанағаттандыру тәсілі жоқ. Бұл, өз кезегінде мұғалімнің жұмысының оларда осындай қажеттілікті пайда болуна алғышарт қалыптастыруға бағытталуын болжайды (мысалы, шет тілінің мұғалімі былай деп хабарлайды: кімде кім бағдарламадан тыс қазіргі күнгі «жастар» ағылшын тілін үйренемін десе, менің кеңесімді және қолда бар әдебиеттерді пайдалана алады).
Басқаша айтқанда, осылайша түсінілген өзіндік жұмыс бейнесінің «сыныптан тыс», «үй» жұмысынан ажырататын ерекшелігі оның негізінде әрқашан да оқушы үшін жаңа материал, жаңа танымдық міндеттер жатады. Жоғарыда аталған сыныптан тыс жұмысқа қойылатын талаптардың екіншісі сондай-ақ, өзіндік жұмыстың іс-әрекеттің өзгеше түрі ретіндегі ерекшелігімен сәйкес келеді. Бұл жерде тек ұйымдастыру формасы ғана емес, жаңа материалды игерудің өзі, яғни, еңбек қауыртты, мақсатты бағытталған, оқушыны баурап алатын тартымды болуы керек. Мысал ретінде шахмат ойнауды жаңадан бастаған шахматшының өз бетінше шахмат партиясын талдауы бола алады. Әрине, мұндай өзіндік жұмыспен бәрі айналысады деп үміттенуге болмайды, бірақ онымен әуестенген оқушылар үшін жағдай мен алғышарт тудыру сөздің тура мағынасында дамыта оқудың көрінісі болып табылады.
Оқушылардың өз еркімен, белсенді қатысуын талап ету тура пән аралық байланысты енгізудің орындылығы сияқты оқу іс-әрекетінің түрі ретінде өзіндік жұмысқа да қатысты. Сыныптан тыс жұмысқа қойылатын бұқаралық талабы, яғни оқушылардың мысалы үйірмелерге, театр-студияларға қатысу сипаты өзіндік жұмыс үшін өзгеретіні көрсеткішті. Ол басым жағдайда оқушының даралық жұмысын ұсынуымен алмастырылады. Бірнеше балалардың өзара ауызбірлігі бойынша, іштей келісім, тілегі бойынша мұндай жұмыс ұжымдық та бола алады, мұның өзі оның пәндік, тұлғалық жақтарынан нәтижелігін арттырады. Осылайша түсінілген өзіндік жұмыс – бұл оқушының сыныпта және сыныптан тыс сабаққа дайындалу кезіндегі алған білімдерін толықтыратын, содан кейін кеңітетін және тереңдететін даралық жоспар бойынша жұмыс формасы деп ұйғаруға болады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   106   107   108   109   110   111   112   113   ...   188




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет