И. А. Зимняя педагогикалық психология екінші, толықтырылған, түзетілген және қайта өңделген басылым



бет117/188
Дата16.10.2023
өлшемі2,06 Mb.
#116357
түріОқулық
1   ...   113   114   115   116   117   118   119   120   ...   188
Байланысты:
И. А. Зимняя педагогикалы психология екінші, толы тырыл ан, т з

Вербицкий А.А. Самостоятельная работа студентов младших курсов // Высш. шк. России. 1995. № 3.
Осницкий А.К. Психология самостоятельности. М., Нальчик, 1996.
Якунин В.А. Психология учебной деятельности студентов. М., 1994.


V БӨЛІМ
ТҮРЛІ БІЛІМ БЕРУ ЖҮЙЕЛЕРІНДЕГІ
ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ІС-ӘРЕКЕТ






Ешбір басқыншы, ешбір мем-лекет қайраткері бұқара мәнін өзгерте алмайды... Алайда, мұғалімнің бас-қыншылар мен мемлекет басшылары-нан айырмашылығы - мен бұл сөзді ең кең мағынасында қолданып отырмын, олар, мұғалімдер адамзат-тың жасырын күштерін босатып, жаңа қиял тудыруға қабілетті.
Николай Рерих. Половодье

1 тарау. Педагогикалық іс-әрекеттің
жалпы сипаттамасы


§ 1. Педагогикалық іс-әрекет:
формалары, сипаттамалары, мазмұны


Педагогикалық іс-әрекет формалары
Педагогикалық іс-әрекет дегеніміз оқушының тұлғалық, интеллектуалдық, іс-әрекеттік дамуына бағытталған және сонымен бірге оның өзін-өзі дамытуы мен өзін-өзі жетілдіруінің негізі болып табылатын мұғалімнің тәрбиелеуші және оқытушы ықпалы болып табылады. Бұл іс-әрекет өркениет тарихында мәдениеттің пайда болуымен бірге, «өндірістік іскерліктер үлгілері (эталондарын) мен әлеуметтік мінез-құлық нормаларын жасау, сақтау және өсіп келе жатқан ұрпаққа беру» [63, 134 б.] міндеті қоғамдық даму үшін маңыздылардың бірі болған кезде пайда болған. Бұл тіпті алғашқы қауымнан басталған, мұнда балалар үлкендермен қарым-қатынас жасау барысында, оларға еліктеп, оларға ере отырып үйренген. Дж. Брунер оны «контексте оқыту» деп анықтайды [34]. Дж. Брунер бойынша, адамзат «жас ұрпақты оқытудың тек үш негізгі тәсілін ғана» біледі: жоғары приматтарда ойын процесінде дағдының құраушы компоненттерін өндіру, туземдік халықтарда контексте оқыту және тікелей практикадан оқшау мектептегі абстрактілі оқыту [34, 386 б.].
Біртіндеп қоғам дамуымен бірге алғашқы сыныптар, мектептер, гимназиялар қалыптаса бастады. Түрлі елдерде түрлі сатыларда оқыту мазмұнында, оның мақсаттарында түрлі өзгерістерге түсе отырып, мектеп сонда да әлеуметтік институт болып қалды, оның арнаулы – мұғалімдер мен педагогтардың педагогикалық іс-әрекеттері арқылы әлеуметтік-мәдени тәжірибені беру.
Әлеуметтік-мәдени тәжірибені беру формалары мектептің даму тарихында өзгеріп отырды. Бұл әңгіме (сократтық әңгіме) немесе майевтика; шеберханалардағы жұмыс (қыш өнімдерін жасау, тері өңдеу, тоқу және өндірістік оқытудың басқа түрлі бағыттарының тәжірибесі), мұнда, шәкірттің технологиялық үрдіске жүйелі және мақсатты қатысуы, оның біртіндеп өндірістік операцияларды игеруі негізгісі болды; вербалды насихат (гувернерлер, «ағатайлар» институты, монастырьлар т.б.). Я.А. Коменскийдің кезінен бері сыныптық-сабақтық оқыту бекіді, мұнда оның сабақ, лекция, семинар, сынақ, практикум сияқты формалары жіктеліп бөлінді. Соңғы он жылдарда тренингтер пайда болды. Оқытушылар үшін оның іс-әрекетінің ең қиын формаларының бірі лекция болып табылса, студент, оқушы үшін – семинар сабақтары, сынақтар екенін атап өту қажет.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   113   114   115   116   117   118   119   120   ...   188




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет