И. А. Зимняя педагогикалық психология екінші, толықтырылған, түзетілген және қайта өңделген басылым



бет120/188
Дата16.10.2023
өлшемі2,06 Mb.
#116357
түріОқулық
1   ...   116   117   118   119   120   121   122   123   ...   188
Байланысты:
И. А. Зимняя педагогикалы психология екінші, толы тырыл ан, т з

Мотивация және центрация

Педагог іс-әрекетінің мотивациялық-қажеттіліктер саласы А.Б. Орлов бойынша оның центрациясы терминдерінде түсінік беріле алады. Гуманистік психологияда центрация «ерекше түрде құрылған, эмпатияға, басқа адамды бағалаусыз қабылдауға және уайымдаулар мен мінез-құлықтың сайма-сайлығына негізделген, мұғалім мен оқушының өзара әрекеттесуі ретінде түсініледі. Центрация бір мезгілде мұғалім мен оқушының тұлғалық өсулерінің нәтижесі ретінде де, олардың қарым-қатынасының, шығармашылықтарының дамуының, олардың тұтастай субъективті (тұлғалық) өсулерінің нәтижесі ретінде де түсіндіріледі» [153, 142 б.]. А.Б. Орлов бойынша, мұғалімнің тұлғалық центрациясы педагог іс-әрекетінің «интегралды және жүйеқұраушы» сипаттамасы болып табылады. Бұл жерде мұғалім центрациясының сипаты осы іс-әрекеттің барлық көптүрлілігін анықтайды: стиль, қатынас, әлеуметтік перцепция және т.б.


А.Б. Орлов негізгі жеті центрацияны сипаттайды, олардың әрқайсысы педагогикалық іс-әрекетте де, және жеке, нақты педагогикалық жағдайларда да үстем бола алады [153, 142-143 б.]:

  • өзімшілдік (өз «Менінің» мүддесіне центрация);

  • бюрократтық (әкімшілік, бастықтардың мүдделеріне центра-ция);

  • қақтығыстық (әріптестерінің мүддесіне центрация);

  • беделдік (оқушылар ата-аналарының сұраныстарына, мүдделе-ріне центрация);

  • танымдық (оқыту мен тәрбиелеу құралдарының талаптарына центрация);

  • қамқорлық (оқушылардың қызығушылығына (қажеттеліктері-не) центрация);

  • гуманистік (мұғалімнің өз мәнінің мүдделеріне (көрінулеріне) және басқа адамдар мәнінің (басқарушының, әріптестерінің, ата-аналардың, оқушылардың) мүдделеріне центрация) [153, 143 б.].

Гуманистік психологияда гуманистік центрация неғұрлым жетілді-рілген. Ол дәстүрлі оқытудың шынайылығын бейнелейтін алғашқы алты центрацияға қарсы тұрған іспеттес. Осы центрациялардың бағыттануының өзгеруі немесе мұғалімнің «децентрациясы» қазіргі күні жалпы білім берудің және жеке тұрғыдан қарастырғанда мектептегі білім берудің психокоррекциялық міндеттерінің бірі болып табылады.


***
Педагогикалық іс-әрекет пәндік мазмұнмен, сыртқы құрылыммен сипатталады, мұнда ерекше орын педагогтың түрлі центрацияларына және үстемдік түрткілеріне теңестірілетін мотивацияға беріледі.

Өзін-өзі тексеруге арналған сұрақтар





  1. Педагогикалық іс-әрекет пәні (заты) іс-әрекеттің кез-келген басқа түрінің пәнінен айырмашылығы неде?

  2. Педагогикалық іс-әрекеттің ішкі және сыртқы түрткілерінің құрылымына не жатады?

  3. Билік түрткісінің педагогикалық іс-әрекет мотивациясының құрылымына кіруін немен түсіндіруге болады?

  4. А.Б. Орлов бөлген мұғалімнің жеті центрациясының қайсысы оқушыларға (студенттерге) неғұрлым келеңсіз әсер етуі мүмкін?

Әдебиет




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   116   117   118   119   120   121   122   123   ...   188




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет