И. А. Зимняя педагогикалық психология екінші, толықтырылған, түзетілген және қайта өңделген басылым



бет158/188
Дата16.10.2023
өлшемі2,06 Mb.
#116357
түріОқулық
1   ...   154   155   156   157   158   159   160   161   ...   188
Байланысты:
И. А. Зимняя педагогикалы психология екінші, толы тырыл ан, т з

Қиындықтар анықтамасы

Қарым-қатынастағы қиындықтар (іс-әрекеттегі) – адамның болжанған (жоспарланған) қарым-қатынасты жүзеге асырудағы «іркілісті» субъективті бастан кешіру күйі, яғни қарым-қатынас серігінің оның әрекеттерін қабылдамауы салдарынан, мәтінді түсінбеу (хабарды), серігінің түсінбеуі, комммуникативтік ситуацияның, өзінің психикалық күйінің өзгеруі және т.б. салдарынан болатын «іркілістер». Қиындықтар іс-әрекетттің, қарым-қатынастың тоқталуы, үзілуі, оларды жалғастыру мүмкін болмау формасынан айқындалады (А.К. Маркова). Іс-әрекет процесінде қиындықтардың пайда болуы және оны саналы түсіну, объектілендіру проблемалық жағдайдың пайда болу шарттарының бірі екенін, мұның өзі ойдың (С.Л. Рубинштейн) пайда болуы мен алға жүруінің алғышарты мен негізі болып табылатынын есепке ала отырып, ол педагогикалық психологияда адамның интеллек-туалдық іс-әрекетін белсендендіру факторы, қалыптасқан «қиын» жағдайдан шығудың жаңа тәсілдері мен құралдарын табуды ынталан-дыру факторы ретінде де қарастырылуы мүмкін. Осыған байланысты педагогикалық қарым-қатынас процесіндегі қиындықтардың позитивті және негативті функцияларын бөледі.




Қиындықтар функциясы

Қиындықтардың позитивті функциясы (А.К. Маркова бойынша) «... екі мәнге ие: а) индикаторлық (мұғалімнің назарын аудару; мысалы, зейінді мұғалім өзінің қиындықтарын оқушыларының қателіктерінен көреді); б) ынталандырушы, жұмылдырушы (мұғалімнің іс-әрекетін қиындықтарды талдау мен оларды жеңуде белсендендіру, тәжірибе жинақтау)» [129, 84 б.]. Осы тұрғыдан мұғалімнің күрделі педагогикалық немесе коммуникативтік міндеттерді сәйкес шешпеу салдарынан туатын қателіктерге қатысты мұғалім позициясының екіжақтылығы көрнекті. Біреулері мұндай іс-әрекетте қате жіберуге болмайды десе, басқалары оларды қажетті және міндетті түрде болатын элемент ретінде қарастырады.


Сонымен бірге, А.К. Маркова қиындықтардың негативті функцияларын да бөледі, олар да екі мәнге ие: «а) тежеуші (қиындықтарды жеңу жағдайының болмауы кезінде немесе өз-өзіне қанағаттанбау болған жағдайда мысалы, өзін-өзі бағалаудың төмен болуы) және б) деструктивті, қиратушы (қиындықтар іс-әрекеттің тоқталуына, ыдырауына, мектептен немесе кәсіптен бас тартуға әкеледі)» [129, 84 б.].
Әдетте іс-әрекетте, қарым-қатынаста адам тек осы процестердің ары қарай қалыпты іске асуына кедергі келтіретін жағдайларды ғана белгілеп отырса, мұғалім үшін өз басынан өтетін қиындықтарды да, оларды үнемі қиындықтар ретінде саналы түсінбесе де білу маңызды. Іс-әрекет субъекттері оны қиындықтар, кедергілер ретінде түсінетін бірлескен іс-әрекетте, қарым-қатынаста кездесетін ауыртпалықтар мен кедергілер, зерттеу (Е.В. Цуканова) нәтижелерінің көрсетуінше, іс-әрекеттің сипаты мен қарым-қатынастың жағдайына сәйкес келмейтін мінез-құлықтан, контакт орнату мен оны сақтау ерекшеліктерінен, қарым-қатынасқа түскен адамдардың психологиялық жайлылығының деңгейінен, олардың эмоционалдық көңіл-күйлерінен байқалады. Қиындықтар осы жағдайлардың біреуінде байқалынуы мүмкін, алайда көп жағдайда олардың бірнешеуінде бір мезгілде байқалады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   154   155   156   157   158   159   160   161   ...   188




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет