§ 2. Педагогикалық өзара әрекеттесуде
болатын қиындықтардың негізгі салалары
Қиындықтар саласының негізгі сипаттамасы
Қазіргі кезде қарым-қатынас қиындықтары, немесе «кедергілері» оларды талдау мен келістер негізіне байланысты түрлі позициялардан қарастырылады. Мысалы, жалпы психологиялық түсініктеме беру шегінде олар мағыналық, эмоционалдық, когнититвтік, тактикалық ретінде бөлінеді. Іс-әрекеттік келісте мотивациялық және операционалдық қиындықтар бөлінеді, олар қарым-қатынастың коммуникативтік және интерактивтік екі негізгі жақтарымен ара-қатынаста болады. Олар, өз кезегінде, когнитивтік, аффективтік және мінез-құлықтық аялардан көрінеді (Л.А. Поварницына).
Сонымен бірге, адамның қарым-қатынастағы қиындықтары тек қана іс-әрекет сипатымен емес немесе эмоционалдық, когнитивтік (мысалы, когнитивті стиль) және тағы басқа тұлға аяларымен теңестірілмейді, сондай-ақ ол неғұрлым терең және кең ықпалдар салдарынан болуы мүмкін. Адамның қарым-қатынастағы қиындықтарының келесі негізгі салаларын бөлуге болады: этно-мәдени, мәртебелік-позициялық-рөлдік, жас ерекшелік, жеке даралық-психологиялық, іс-әрекеттік, тұлға аралық қатынастар саласы. Олар, әрине, «адам» деген ортақ тұтас жүйеде бір-бірін жауып, өзара әрекеттеседі, бірақ теоретикалық тұрғыдан талдау мақсатында әрқайсысының әрекеті жеке қарастырылуы мүмкін.
Қиындықтардың этно-әлеуметтік саласы
Осы аймақтағы қиындықтар этникалық сана ерешеліктерімен, адам санасының, оның әлеуметтік және мәдени дамуының нақты жағдайларындағы қарым-қатынасында көрінетін құндылықтарымен, таптаурындарымен, ұстанымдарымен байланысты. Әдетте, қарым-қатынас субъекттерінің этно-мәдени ерекшеліктерінен туындаған қиындықтарды адамдар солай болуы тиіс деп қабылдайды. Сонымен бірге, әр іс-әрекет субъекті, белгілі-бір менталитеттің тасушысы ретіндегі қарым-қатынас серігі және адам ретінде оның ойлауы, Л.В. Щерба дәл айтқандай, ана тілінің формасы бойынша «құйылған» (осы ойды В. Гумбольд та білдірген) адам ретінде өзі соның өкілі болып табылатын халыққа тән нормаларға, дәстүрлерге, дүние және дүниетаным бейнесіне сәйкес басқа адамдармен өзара әрекеттесетіні айқын. Осы тұрғыдан ресейлік педагогтың қарым-қатынас сипаты, оның оқушыларға деген ынталы, қамқорлы қатынасы жеткілікті түрде көрнекті болып табылады. Мұндай қатынас оларда әсіресе, жеткіншектер мен жоғарғы сынып оқушыларында наразылық тудырады, олар соңғы он жылдықта қарым-қатынастың неғұрлым іскерлік, ұстамды стиліне бағдарлана бастады. Осы жерде қиындықтар пайда болады, оның себептерінің бірі ресейлік педагогтың өзінің этно-әлеуметтік мәдениетінде болуы мүмкін.
Н.А. Бердяев атап көрсеткендей, «...орыстармен араласу қиындығы француздармен араласу қиындығына қарағанда мүлдем бөлек. Орыстар дүние жүзіндегі ең ашық халық... Орыстарда шарттылықтар жоқ, ара қашықтық ұстау жоқ, аса жақын қатынастары жоқ болса да адамдарды жиі көріп тұруға, жүрегін ақтару, біреудің өміріне араласу және өз өміріне араластыру, идеялық сұрақтар бойынша шексіз дау жүргізу қажеттілігі бар... Орыстар категорияларды, өтілмейтін шекараларды, ортақ өмірдің айқын және күрт байқалатын формаларын, түрлі мәдени салалар мен мамандықтар бойынша саралап жіктеуді мойындамайды. Әрбір шынайы орыс адамын өмір мәні жайлы сұрақ қызықтырады және оның мәнін іздеу үшін басқалармен қарым-қатынасты іздейді. Бірақ орыстар ортасында қарым-қатынасты неғұрлым жеңілдететін сапалармен бірге үлкен кемшіліктер де бар. Орыстар басқа адам тұлғасына өте жеңіл нұқсан келтіреді, ренжітетін нәрселерді айтады, дөрекі болады, әрбір тұлға құпияларын шамалы силайды. Орыстар намысқой, басқалардың намысына тиеді және өздерінің намыстарына да тиіп жатады. Ойларды талқылағанда тұлғалық, жеке басқа қатысты жағдайларға оңай өтіп кетеді де сіздің ойларыңыз жайлы емес, сіз туралы және сіздің кемшіліктеріңіз жайлы айтады. Олар сіздің ойыңызды қарастырудан оларды сізден адамгершілікті тұрғыдан талап етуге жеңіл өтіп кетеді» [22, 282 б.].
Қиындықтардың осы саласы көбінесе қарым-қатынастың интенциясының өзін, оның сарыны, стилін жеткілікті толық түсінбеуден айқындалады. Этно-әлеуметтік мәдени сала ерекшеліктері қарым-қатынас этикетін сақтауда да бірқатар қиындықтарды тудырады. Мысалы, орыс мәдениетінде оқушы, әдетте, мұғалімге қарап тұрып жауап берсе, бірқатар түркі халықтарында, мысалы якуттерде, үлкенге, Мұғалімге тура қарауға болмайды – бұл оны сыйламау. Мұндай мінез-құлық қарым-қатынасты қиындатып қана қоймай оны доғаруы мүмкін. Қарым-қатынастың осындай этно-әлеуметтік мәдени шарттылығында вербалды емес құралдар үлкен рөл атқарады – мимика, қол қимылы, тұрыстар, оларды дұрыс «оқу» араласушылардың сәйкес өзара түсінуі мен өзара әрекеттесуінің кепілі.
Этно-әлеуметтік мәдени саламен байланыстырылатын қарым-қатынас қиындықтарын жеңуге болады, яғни, егер де олардың өзгешелігі педагог тарапынан рефлексияланған болса (түсінілген және қабылданған), егер де ол өз қарым-қатынасын, нақты білім беру жүйесімен, нақты білім беру мекемесімен ұйғарылған конвенционалдық қатынастар шегінде тәртіпке келтіре отырып, қадағалай алса, онда жеңуге болады.
Достарыңызбен бөлісу: |