Оқуды анықтаудың көпжақтылығы
И.И. Ильясовтың [79, 5-27 б.] оқудың құрылымдық ұйымдастыры-луының ерекшеліктерін және оның әртүрлі тұжырымдамалардағы айырмашылықтарын анықтау үшін жүйелі, сатылы түрде өткізген талдауы сонымен бірге осы процесті түсіндірудің саналуандылығын ашты, ол ең алдымен жалпы психологиялық тәсілдер мен авторлық тұжырымдамалардың айырмашылықтарымен шартталынады. И.И. Ильясовқа сәйкес, оқу: 1) әртүрлі тапсырамаларды шешуде білім мен икемділікті меңгеру (Я.А. Коменский); 2) білім, икемділік пен даму – жалпы танымдық процестерді жетілдіру (И. Гербарт); 3) белгілі бір пәндер бойынша білім, икемділік пен дағдыларды меңгеру (А. Дистервег), бұл жерде А. Дистервег оқу мен дамытуды ажыратқан; 4) қиыншылықтарды жеңумен байланысты белсенді ойлау процесі (Дж. Дьюи); 5) сыртық қимылдардың қажетті қатысуымен сезімдік және ойлы мазмұнның элементтерінен жаңадан пайда болған қасиеттер құрудың белсенді процесі (В. Лай) [79, 9 б.]; 6) білім алу және проблемалар шешу (К.Д. Ушинский); 7) педагогикалық процестің ішкі жағы болып табылатын оқушының ішкі әрекетінің белсенді процесі (П.Ф. Каптерев); 8) мінез-құлықтың өзгеруі, «стимул-реакция» схемасы (Дж. Уотсон) және міндетті түрде нығайтылуымен «стимул-жауап беруші реакция» схемасы бойынша (Э. Торндайк, Б. Скиннер, К. Халл) өзгеретін стимулдарға сыртқы реакциялардың өзгеруі; «стимул –аралық ауыспалы (бейне, карта, жоспар) – реакция» (Э. Толмен) формуласы бойынша проблемалық жағдаяттарда жаңа жоспарлар, мінез-құлықтың когнитивтік картасын меңгеру; 9) мағынасын меңгеру, яғни кейбір тітіркендіргіштер арқылы (ең алдымен, сөйлеу белгілерімен) объект-тітіркендіргіші жағдайындағы туатын реакцияларды туғызу қабілеттілігін игеру, сонымен қатар инструменталдық реакцияларды меңгеру (Ч. Осгуд) [79, 14 б.]; 10) тәжірибенің бұрынғы құрылымын қайтадан құрылымдау, онда екі фаза бар – білім беру әрекетінің (алғашқы рет) жаңа формаларын құру (табыс) және әрекеттің жаңадан пайда болған формаларын қайтадан құру және сақтау (ес) (К. Коффка) [79, 14 б.]; 11) үш негіздеме бойынша тәжірибе жинақтаудың әртүрлері: біртіндеу - секіріс; саналы түрде ұғыну - аңғармаушылық; нақты көрінетін – сырт көзге көрінбейтін байланыстарды ұғыну (Ж. Пиаже) [79, 16 б.]; 12) адам бойындағы қоршаған өмір объектілерінің бейнелеу мазмұнының өзгеруі: сыртқы – қозғалтушы, сезімдік-бейнелік және символикалық (Д. Брунер); 13) ақпарат алу процесін кодтау, сақтау және пайдалану (Р. Гэгни); 14) әрекет түрі, мұндай әрекет түрінде субъект берілген жағдаятта сырттық шарттардың әсер етуінен және өзінің жеке әрекетінің нәтижесіне байланысты өзгереді, ол өз мінез-құлығын және өзінің психикалық процестерін жаңа ақпаратпен өз - өзіне сенімсізділік дәрежесін төмендетіп, өзін-өзі ұстаудың адекватты ережесін немесе дұрыс жауап табу мақсатында құрады (Й. Лингарт) [79, 22 б.].
Л.С. Выготскийдің, А.Н. Леонтьевтің, С.Л. Рубинштейннің еңбектерінде оқу - білім, икемділік, дағдыны меңгеру ретінде қарастырылады (ал дамыту – қабілеттілік, жаңа сапа меңгеру болып табылады). П.Я. Гальперин оқуды субъекттің жасаған әрекеттерінің негізінде білім меңгеру ретінде анықтайды. Д.Б. Эльконин мен В.В. Давыдов бойынша, оқу дегеніміз оқу әрекетінің ерекші түрі, ал А.Н. Леонтьевтің теориясы бойынша оқу (ойын және еңбекпен қатар) – жетекші әрекет типі, ол уақыттың үлкен кезеңін алып қана қоймайды (көп жағдайда 15-16 жасқа дейін), сол уақыттың ішінде оқушы тұлғасының өзі, оның интеллекті, әрекетінің жеке түрлері қалыптасады. Оқу көп мотивтендірілген және көп әрекет ретінде қарастырылады [205, 140-152 б.].
Достарыңызбен бөлісу: |