Мамандық таңдау
Мамандық таңдауды не анықтайды деген сұраққа жауап бере отырып, Е.А. Климов негізгі сегіз факторды ұйғарады: 1) үлкендер, отбасы позициясы; 2) құрдастар позициясы; 3) мектептегі педагогикалық ұжым позициясы (мұғалімдер, сынып жетекшілері және т.б.); 4) жеке өмірлік және кәсіби жоспарлар; 5) қабілеттер және олардың көрінулері; 6) қоғамдық танушылыққа ұмтылу; 7) қандай да бір кәсіби іс-әрекет жайлы ақпаратты болу; 8) бейімділік [88, 121-128 б.]. Бұл факторлар, сөзсіз, педагогикалық іс-әрекетті мамандық ретінде таңдау үшін де маңызды. Алайда, келесі тарауда көрсетілетіндей, дәл осы мамандықты таңдауды анықтайтын ерекшелік факторлардың бірі, балаларға деген сүйіспеншілік, оларға тәжірибені игеруге көмектескенге бейімділік. Бұл фактор, Н.В. Кузьминаның мәліметтері бойынша неғұрлым типті. Басқаша айтқанда, педагогикалық іс-әрекет мазмұнының өзі – балаларды оқыту мүмкіндігі – педагогикалық мамандықты таңдауға неғұрлым көп әсер етеді. Н.В. Кузьминаның зерттеулерінің нәтижесі бойынша оны кездейсоқ таңдау 9% аспайды.
Олар педагогикалық іс-әрекеттің өзі үшін де мәнді болып табылады. Олардың ішінде аса маңыздысы: 1) мұғалім мен сүйікті пәннің әсері; 2) отбасы, отбасылық дәстүр әсері; 3) алдыңғы жұмыс тәжірибесінің әсері.
Н.В. Кузьминаның мәліметтері бойынша, «педагогтарда маман-дыққа және іс-әрекет процесіне қанағаттану индексі жалпы жоғары» [100].
Осылайша, педагог мамандығы кәсіби іс-әрекеттің жалпы сипаттамасы позициясынан «Адам - Адам» қатынастар схемасында оның ерекшелік түрі болып табылады, ол ең алдымен, шәкірттерді оқу пәнінің құралдарымен және өзінің педагогикалық іс-әрекетінің тәсілдерінің көмегі арқылы дамыту мақсатымен анықталады.
§ 2. Педагогтың субъекттілік қасиеттері
Жалпы педагогикалық ықпал
Ғасырдың басында-ақ П.Ф. Каптерев: «оқыту ахуалында мұғалім бірінші орынды алады, оның қандай да бір сапалар оқытудың тәрбиелік ықпалын жоғарлатады немесе төмендетіп отырады, – деп көрсеткен [83, 595 б.]. Сонда ол педагогтың, ұстаздың қандай қасиеттерін негізгі деп анықтаған? Ең алдымен, ол «арнайы мұғалімдік қасиеттерді» көрсеткен, оған «мұғалімнің ғылыми дайындығын» және «жеке мұғалімдік талантты» жатқызады.
«Объективті сипаттағы бірінші қасиет мұғалімнің өзі оқытып отырған пәнін білу дәрежесінде, берілген мамандық бойынша, туыстас пәндер, кең білімдегі ғылыми даярлық дәрежесінде жатыр; содан кейін – пән әдіснамалығымен, жалпы дидактикалық принциптермен таныстықта, және ең соңында, мұғалім жұмыс істеуіне тура келетін балалар жаратылысының қасиеттерін білуде жатыр; субьективті сипаттың екінші қасиеті – оқытушылық өнерде, жеке педагогикалық талант пен шығармашылықта жатыр» [83, 595 б.]. Екіншісі педгогикалық әдепті, педагогикалық өз бетіншелікті және педагогикалық өнерді қамтиды. Мұғалім үнемі ізденісте, қозғалыста, даму үстіндегі дербес, еркін жасампаз тұлға болуы керек. П.Ф. Каптеревтің: шығармашыл оқушы мен мұғалімді «өздігінен білім алу мен дамуға деген қажеттілік байланыстырады», біріктіреді, және де олар іс жүзінде, бір алаңның, бір баспалдақтың екі қарама-қарсы жағы болып табылады» деген пікірі, мұғалім мен оқушының оқыту процесіндегі нағыз оқудағы еңбектестігінің психологиялық табиғаты мен қажеттілігін түсіну үшін негізгі болып табылады.
«Ақыл-ойлық» қасиеттерге жатқызылған «арнайы» мұғалімдік қасиеттермен қатар, П.Ф. Каптерев мұғалімнің қажетті тұлғалық «адамгершілік–еріктік қасиеттерін» де көрсетіп, оларға бейтарапты-лықты (объективтілік), ілтипаттылықты, сезгіштік (әсіресе, әлсіз оқушыларға), адал ниеттілікті, төзімділікті, шыдамдылықты, әділетті-лікті, балаларға деген шынайы сүйіспеншілікті жатқызады. Бұл жерде «балалар мен жастық шаққа деген сүйіспеншілікті мұғалімдік мамандыққа деген сүйіспеншіліктен ажырата білу керек: балаларды өте жақсы көріп, жастық шақты терең ұнатып, ал мұғалімдік іс-әрекетке көңіл соқпауы мүмкін; керісінше, мұғалімдік іс-әрекетке қарсы болмай, тіпті оны басқалардан артық көріп, бірақ, балаларға, жастық шаққа мүлдем көңіл соқпауы мүмкін» [83, 606 б.]. Сірә, тек шәкірттер мен педагогикалық мамандыққа деген шынайы сүйіспен-шіліктің бірігуі ғана мұғалімнің кәсіптілігін қамтамасыз ететін болар.
Қазіргі кездеггі зерттеушілердің барлығы, дәл балаларға деген сүйіспеншілікті ғана мұғалімнің маңызды тұлғалық және кәсіби қыры деп есептеу керектігін, және де оларсыз тиімді педагогикалық іс-әрекеттің мүмкін еместігін көрсетеді. В.А. Крутецкий осыған адамның балалармен жұмыс істеуге және араласуға бейімділігін қосады. Сонымен қатар, мұғалім үшін өзін-өзі жетілдіру, өзін-өзі дамыту тілегінің маңыздылығын да атап өтейік, себебі, К.Д. Ушинский дәл көрсеткендей, мұғалім оқу үстінде болса ғана өмір сүреді, ол қалай оқуды тоқтатса, оның бойында мұғалім өледі. Осы маңызды ойды П.Ф. Каптерев, П.П. Блонский, А.С. Макаренко, В.А. Сухомлинский және тағы басқа педагогтар мен психологтар да атап көрсеткен.
Достарыңызбен бөлісу: |