Субъект қатынастар жүйесінде
Білім беру процесі субъектінің өзгешелігі, субъекттің басқалармен қатынастар жүйесінде қалыптасуы сияқты маңызды сипаттаманы да бейнелейді. Білім беру процесі кез-келген педагогикалық жүйеде әр түрлі адамдармен, топтармен, ұжымдармен көрсетілген (оқытушылар, мұғалімдер, сыныптар және т.б.). «Әрбір дара субьект бір уақытта әр түрлі ұжымдық субъекттерге жатады. Танымдық іс-әрекеттің түрлі жүйелері, өз стандарттары және нормаларымен индивид бойында қайсы бір тұтастыққа ықпалдасады. Соңғының болуы Мен бірлігі үшін қажетті шарт болып табылады» [105. б. 281]. Сондықтан да ұжымдық субъект проблемасы өздігінен оқу тәрбиелік және өнімділік проблемасына, шәкірттер мен (Я.Л. Коломинский) мұғалімдер ұжымы-нының өзара қатынасы проблемасына әлеуметтік қоғамдастықтың жеке жағдайы ретінде айналады (А.В. Петровский, А.И. Донцов, Е.Н. Емельянов және т.б.).
***
Білім беру процесінің субьекттері таным, іс-әрекет, өмір субъекттеріне тән жалпы қасеттермен де, сондай-ақ олардың ерекшеліктері айқындалатын және олар үшін ерекше білім беру процесінің субъекттеріне тән қасиетттермен де сипатталады.
Өзін-өзі тексеруге арналған сұрақтар
Объект пен субъекттің танымда және іс-әрекетте қатар болуы жайлы қағида нені ұйғарады?
Білім беру процесі субъектінің қандай сипаттамаларын негізгілер ретінде қарастыруға болады?
Әдебиет
Абульханова К.А. О субъекте психической деятельности. М., 1973.
Брушлинский А.В. Проблемы психологии субъекта. М., 1994.
Леонтьев А.Н. Избр. психологические произведения. М., 1983. Т. 1,2.
Лекторский В.А. Коллективный субъект. Индивидуальный субъект // Субъект, объект, познание. М., 1980.
2 тарау. Педагог- педагогикалық іс-әрекеттің
субъекті ретінде
§1. Педагог - кәсіби қызметінің саласында
Достарыңызбен бөлісу: |