Жеткіншек оқу іс-әрекетінің субъекті ретінде
Орта мектеп (жеткіншек) жасында (10-11-ден 14-15 дейін) жеткіншек өз іс-әрекеті контексінде құрдастарымен қарым-қатынасқа түсу жетекші рөл ойнайды. Осы жастағы балаларға тән іс-әрекет өзіне оның оқу, қоғамдық-ұйымдастырушылық, спортттық, көркемдік, еңбек сияқты түрлерін қамтиды. Пайдалы іс-әрекеттің осы түрлерін орындауда жеткіншекте қоғамдық қажетті жұмысқа қатысуға, қоғамдық мәнді болуға саналы ұмтылу пайда болады [144]. Ол түрлі ұжымдарда қабылданған нормаларды есепке ала отырып, қарым-қатынас орнатуды, өз «Менінің» мүмкіндіктерін бағалау іскерліктерін үйренеді. Бұл балалықтан ересектікке өтудің неғұрлым күрделі жасы, бұл кезде адамның орталық психикалық, тұлғалық жаңа құрылымдары – «ересектік сезімі» пайда болады.
Жеткіншектің ерекше әлеуметтік белсенділігі үлкендер әлемінде, олардың қатынастарында кездесетін мінез-құлықтың нормаларын, құндылықтарын және тәсілдерін меңгеруге деген қабылдампаздығында, сензитивтілігінде жатыр. Жеткіншек шақты алдыңғы зерттеушілердің бірі Д.И. Фельдштейн атап көрсетуінше, адамның әлеуметтік пісіп жетілуі, оның белсенді әрекеттенуші субьект ретіндегі өзін-өзі тануы мен өзін-өзі анықтауының құрылымдануы «Мен қоғамға деген қатынас бойынша» жалпы позициясының екі, бір-бірін алмастыратын «қоғамдағы Мен» және «Мен және қоғам» деген позицияларға трансформациясымен анықталады. [220, 127 б.]. Бұл жерде маңыздысы, жеткіншек басқа да жас кезеңдері сияқты біртекті емес, сатылы болып табылады. Осы кезеңде Д.И. Фельдштейн үш сатыны бөледі: локальды -қырсықтық (10-11 жас), бұл кезде үлкендердің мойындауына деген қажеттілік өршіген; «құқықтық-мәнді» (12-13 жас), қоғамдық мойындауға деген, әлеуметтік құпталған пайдалы іс-әрекетке деген қажеттілікпен сипатталады, және де бұл «менің де құқым бар, мен істей аламын, мен істеуім керек» деген сөздік формаларда көрінеді; «мақұлдаушы-әрекеттік» (14-15 жас), бұл кезде өзін көрсетеуге, күш жұмсауға дайындық үстем болады [220, 131-138 б.]. В.А. Караковский белгілегендей, кіші жеткіншекке: қатарластар ұжымы мен отбасындағы лайықты жағдайға деген қажеттілік; сенімді дос табуға ұмтылу; сыныпта да, шағын ұжымда да оқшау болудан қашу; сыныпта «күш теңестіру» мәселесіне деген жоғары қызығушылық; балалық шаққа тән қасиеттерден мүлдем арылуға ұмтылу; жас авторитетінің болмауы; негізделмеген тыйым салуларға деген жиіркеніш; мұғалімнің қателіктеріне зеректік; жүзеге асуы алыс болашаққа ұйғарылған өз мүмкіншіліктерін асыра бағалау; сәтсіздіктерге бейімделудің болмауы; «ең жаман» жағдайға бейімделудің болмауы; армандауға беріліп кету тенденциясы, арманды аяқа таптаудан қорқу; сөздің іске сай болуына талап ету; спорттқа деген аса қызығушылық; коллекциялар жинаумен әуестену; кино өнерімен әуестену және т.б ерекше тән. Осылармен қатар, кіші жеткіншек тез шаршағыштықпен, айқын көрінетін эмоционалдықпен, кейде пайымдаулардағы өткірлікпен (дөрекілікке дейін) сипатталады. Кіші кезеңінің соңына қарай шәкірттер білім берудің ары қарайғы бағдарламасын өз бетінше таңдаудың қажеттілігін саналы түсіне бастайды, мұның өзі жеткілікті тұрақты қызығушылықтар мен қалаулардың, еңбек пен қоғамдық пайдалы іс-әрекеттің түрлі сфераларындағы бағдарланудың қалыптасқандығын ұйғарады.
Егер кіші мектеп жасы үшін оқу іс-әрекеті жетекші болса (оған ену, осы іс-әрекет субъекті ретіндегі рөлін қабылдау, оқу мотивтерінің қалыптасуы, оның пәндік мазмұны мен құрылымын меңгеру және т.б.), онда орта жас оқушысы үшін (жеткіншек) жетекші ретінде сан алуан формалардағы қоғамдық пайдалы іс-әрекет болады, оның арнасында құрдастарымен интимдік-тұлғалық қарым-қатынас та, басқа жыныс өкілімен өте маңызды қарым-қатынас та жатыр. Бұл жерді оқу іс-әрекеті іске асырылып жатқан белсенділік бола бастайды – ол жасөспірімнің дараландыруын «қамтамасыз» етеді. Әсіресе, оқу іс-әрекетінің құралдарын, тәсілдерін таңдауда ол өзін мақұлдап, бекітеді. Бір мезгілде жаңа бір қоғамдастыққа бейімделу, өзіне таныс, екіншісінде, дараландыру және ары қарайғы ықпалдасу – бұл жеткіншек үшін неғұрлым мәнді әлеуметтік-психологиялық процестердің күрделі шиеленісуі. Өзін өзінен және басқалардан табу – осы жас кезеңінің негізгі саналы түсінілген немесе ішкі түйсікпен жүзеге асырылатын қажеттілігі.
Оның негізгі құндылығы – қатарластарымен, үлкендермен қатынастар жүйесі, «идеалға» саналы еліктеу немесе санасыз еру, болашаққа ұмтылу (қазіргіні жеткілікті бағаламау). Өзінің дербестігін қорғай отырып, жасөспірім рефлексия негізінде өзінің сана-сезімін, «Мен» бейнесін, шынайы және идеалды «Мен» арақатынасын қалыптастырады және дамытады. Психикалық процестерді интеллектуалдандыру негізінде олардың неғұрлым көп ырықтылығы, жанамалылығы бағыттары бойынша сапалық өзгерулері жүрді.
Осы жасөспірімдік дәуірі дараландырудың макрофазасымен теңестіріледі, ол А.В. Петровский бойынша, «өзінің жеке тұлғалығын белгілеу үшін құралдар мен тәсілдерді іздеумен сипатталады... осыған байланысты, дос-жарандарының алдында идеалды көріну қабілетін максималды дәрежеде жүзеге асыра отырып, жеткіншек өзінің бүкіл ішкі ресурстарын өз даралануын іс-әрекеттік тұрғыдан тарату үшін жинақтайды (оқығандық, спорттағы жетістіктер, жыныстар арасындағы қатынастардағы «көп көргендік», батылдық, билеудегі ерекше мәнер, және т.б.), өзі үшін референтті топтан өзінің оңтайлы дербестендірді қамтамасыз етеін кісілерді іздеуді үдетеді» [167, 22 б.]. Сонымен бірге, барлық үш микрофазаларды – бейімделу, дараландыру және ықпалдасуды жүзеге асырады.
Оқу іс-әрекетінің субъектісі ретінде жеткіншек өзінің субъекттік ерекшелік позициясын, «даралығын» мақұлдату, бір нәрсемен өзгешеленуге ұмтылу (әсіресе, ұлдарда байқалатын) беталыспен сипатталады. Бұл, егер оқу іс-әрекетінің мазмұнымен – оның пәнімен, оқу міндеттерін орындау құралдарымен, тәсілдерімен теңестірілсе, танымдық мотивацияны күшейтуі мүкін. «Ерекше болуға» ұмтылу жетістікке жету мотивациясына да кіріп, оның «сыйлық», «табыс» сияқты құраушыларынан байқалады. Оқу мотивациясы танымдақ мотивация мен жетістік мотивациясының бірлігі ретінде жеткіншекте әлеуметтік, топтық болмыстың жеке мәнді және шынайы әрекеттегі мотивтерінің призмасы арқылы сынып опырылады. Жеткіншектің әлеуметтік белсенділігі мінез-құлық нормаларын, құндылықтары мен тәсілдерін меңгеруге бағытталады, бұл оқу іс-әрекетінің мазмұнында және оны ұйымдастыру жағдайларында көрсетіле отырып, осы мотивтердің қанағаттандырылуына жауап береді. Сондықтан да педагогикалық психология жеткіншектің интеллектуалдық іс-әрекетін белсендендіруші барлық оқыту принциптерін жүзеге асырудың маңыздылығын атап көрсетеді: оның мәселелендіру, диалогтандыру; даралануды, меңгеруді ұйымдастырудың белсенді-әрекеттік формалары. Оқу іс-әрекетінің мазмұны қазіргі күнгі әдебиеттің, музыканың, бейнелеу өнерінің, бидің жалпы әлеуметтік мәдени контексіне, сондай-ақ қоғамдық-экономикалық, өмірлік-тұрмыстық қатынастардың қазіргі күнгі жағдайларына қосылуы керек.
Жеткіншек жас үшін авторитетке деген қатынас та тән. Егер кіші мектеп жасында мұғалім беделі отбасы беделінен кем болмаса, жеткіншек үшін үлкен адам беделдігі проблемасы білінбейді. Бір жағыннан, жеткіншектің «мен – ересек адам» позициясы оны үлкендерге қарама-қарсы қоятындай, ал келесі жағынан – олардың беделі жеткіншек өмірінің маңызды факторы болып қалады. Үлкен адам (мұғалімнің) беделінің сақталуына келесілер ықпал етеді: «1) жеткіншектің қоғамдық жағдайының өзгеріссіздігі, ол оқушы болды және болып қалады; 2) оның ата-анадан толықтай материалдық тәуелділігі, олар мұғаліммен қатар тәрбиелеуші рөлінде болады; 3) жеткіншекте өз бетімен әрекеттену іскерлігінің болмауы» [43, 111 б.].
Жеткіншек оқу іс-әрекетінің субъекті ретінде тек ғана өз мотивациясымен, позициясымен, қатынастарымен, «Мен» - тұжырымдамасымен өзгеше емес, сондай-ақ үздіксіз, көп сатылы білім беру қиындысындағы өмірдегі орнымен өзгеше. Ол өз үшін осы білім беруді жалғастыру формасын болжайды, шешеді, және осыған байланысты не оқудың, не еңбек іс-әрекетінің, қоғамдық айналасу, тұлғааралық өзара әрекеттесу құндылығына бағдарланады. Оқуға бағдарлануда жеткіншек жоғары мектепте оқушысы мәртебесіне өтеді. Жоғары мектеп оқушысы оқу іс-әрекеті субъектісі ретінде – бұл оқуды жалғастыруды таңдаған (немесе өзі үшін референтті ортаға бағынған) адам. Дәл осы оның субъект ретіндегі өзгешелігін анықтайды.
Достарыңызбен бөлісу: |