И. А. Зимняя педагогикалық психология екінші, толықтырылған, түзетілген және қайта өңделген басылым


§ 2. Мектеп оқушысы оқу іс-әрекетінің субъекті ретінде



бет71/188
Дата16.10.2023
өлшемі2,06 Mb.
#116357
түріОқулық
1   ...   67   68   69   70   71   72   73   74   ...   188
Байланысты:
И. А. Зимняя педагогикалы психология екінші, толы тырыл ан, т з

§ 2. Мектеп оқушысы оқу іс-әрекетінің субъекті ретінде


Кіші мектеп оқушысы оқу іс-әрекетінің субъекті ретінде

Кіші мектеп оқушысы – бұл адамның іс-әрекет, берілген жағдайда оқу іс-әрекетінің субъекті ретіндегі қоғамдық болмысының бастауы. Осы сапада кіші мектеп оқушысы ең алдымен, оған дайындығымен сипатталады. Бұл оқу мүмкіндігін қамтамасыз ететін физиологиялық, (анатомиялық-морфологиялық) және психикалық, ең алдымен интеллектуалдық даму деңгейімен анықталады. Л.И. Божовичтің [28], Д.Б. Элькониннің [238], Н.Г. Салминаның [196], Н.И. Гуткинаның [60] зерттеулерінде баланың мектепке дайындығының негізгі көрсеткіштері суреттелген: оның ішкі позициясының, семиотикалық функциясының, ырықтылығының қалыптасуы, ережелер жүйесіне бағдарлану іскерлігі және т.б. Мектепте оқуға дайындық мектепке, оқуға, танымға деген жаңаны ашуға қуану, жаңа дүниеге, үлкендер дүниесіне ену ретіндегі қатынасын білдіреді. Бұл жаңа міндеттерге, мектеп, мұғалімдер, сынып алдындағы жауапкершілікке дайындық. Жаңаны тосу, оған қызығу кіші мектеп оқушысының мотивациясының негізінде жатыр. Дәл осы қызығушылыққа танымдық қажеттілікті эмоционалдық бастан кешіру ретінде, яғни кіші мектеп оқушысының танымдық қажеттілігі осы қажеттілікке жауап беретін оқыту мазмұнымен «кездескен» кезде оқу іс-әрекетінің ішкі мотивациясы негізделеді.


Тосулар (экспектациялар) жүйесі, түсініктік, ғылыми ойлау алғышарттарының қалыптасқандығы сияқты дайындық негізінде жатыр. Бұл дайындық бүкіл алдыңғы психикалық дамудың қорытындысы ретінде, отбасындағы және бала бақшадағы тәрбиелеу мен оқытудың бүкіл жүйесінің нәтижесі ретінде түсініледі. Баланың мектепке дайындығы бірқатар талаптардың қанағаттандырылуымен анықталады. Оларға жататындар: баланың жалпы физикалық дамуы, жеткілікті білімдер көлемінің болуы, өзін-өзі күтудің, мінез-құлық мәдениетінің, қарым-қатынастың, қарапайым еңбектің, «тұрмыстық» дағдыларының болуы; тілдің дамуы; жазудың алғышарттарының болуы (қол саусақтарының ұсақ бұлшық еттерінің дамуы); ынтымақтастық іскерлігі; оқуға ниеттену. Оқу іс-әрекетінің субъекті ретінде оқушыға қажетті интеллектуалдық, тұлғалық, іс-әрекеттік сапалар тіпті дүниеге келген сәттен бастап қалыптасады. Олардың қалыптасқандық деңгейінен елеулі мөлшерде баланың мектеп өміріне енуі, оның мектепке деген қатынасы және оқудың табыстылығы, оқу іс-әрекетіне қосылғандығы тәуелді [143].
Бастауыш мектепте кіші мектеп оқушысында осы кезеңдегі жетекші іс-әрекеттің негізгі элементтері, қажетті оқу дағдылары мен іскерліктері қалыптасады. Осы кезеңде ойлау формалары дамиды, олар ары қарайғы ғылыми білімдер жүйесін меңгеруді, ғылыми, теоретикалық ойлаудың дамуын қамтамасыз етеді. Мұндай оқуда, күнделікті өмірде өз бетінше бағдарланудың алғышарттары қалыптасады. Осы кезеңде «баладан тек елеулі ақыл-ой жұмсауды ғана емес, сондай-ақ үлкен физикалық төзімділікті талап ететін» психологиялық қайта құру жүреді [43, 71 б.]. Кіші мектеп оқушысы сыртқы немесе, А.А. Люблинская терминдеріндегі, практикалық белсенділіктің үстемдігімен сипатталады және де бұл белсенділіктің күші орасан зор [122, 56-57 б.]. Зерттеушілер кіші мектеп оқушысы, яғни жаңа позицияға, субъект ретінде оқушы позициясына ие болғанда кездесетін бірқатар қиындықтарды анықтайды. Бұл жаңа тәртіп қиындықтары, мұғаліммен жаңа қатынастар қиындықтары [143]. Осы кезде бастапқы мектеппен танысу қуанышы жиі осы қиындықтардан өту дәрменсіздігінен туындайтын енжарлықпен, селқостықпен алмасады. Мұғалімнің осы жас кезеңінің негізгі психикалық жаңа құрылымдарын есепке алуы өте маңызды – кез-келген оқу пәнін меңгеруде көрінетін әрекеттердің ішкі жоспары, ырықтылығы және рефлексия. Осы жаста өзін оқу субъекті ретінде саналы түсіну басталады.
Түрлі міндеттерді орындау іскерліктерін, жаңа білімдерді игеруді, оқудағы ынтымақтастық қуанышын, мұғалім беделін қабылдауды қамтитын оқу іс-әрекеті білім беру жүйесіндегі адамның дамуының осы кезеңінде жетекші болып табылады (А.Н. Леонтьев, Д.Б. Эльконин, В.В. Давыдов). А.Н. Леонтьев бойынша, жетекші іс-әрекет ұзақ кезеңді алып қана қоймайды, сондай-ақ оның арнасында: а) іс-әрекеттің басқа, жеке түрлері қалыптасады; б) сенсорлық-перцептивті, мнемологиялық және атенциондық функциялардың жиынтығы ретінде интеллект дамиды және в) іс-әрекет субъекті тұлғасының өзі қалыптасады. Кіші мектеп оқушысының оқу іс-әрекетінде жазу, оқу, компьютермен жұмыс істеу, таңдамалы іс-әрекет түрлері қалыптасады. Жетекші іс-әрекеттің толықтай сипаттамасын Г.А. Цукерман келтіреді (қосымшаны қараңыз).
Кіші мектеп оқушысы оқу іс-әрекетінің субъекті ретінде өзі де осы іс-әрекетте дамиды және қалыптасады, талдаудың, синтездің, жалпылауды, жіктеудің жаңа тәсілдерін меңгереді. В.В. Давыдов бойынша мақсатты дамыта оқыту жағдайында бұл қалыптасу білімдерді игерудің жүйелігі мен жалпылығы есебінен жылдамырақ және тиімдірек іске асырылады. «Оқу іс-әрекеті мектеп жасында жетекші болатын себебі, біріншіден, оқу іс-әрекеті арқылы баланың қоғаммен негізгі қатынастары іске асады; екіншіден, оқу –іс-әрекетінде мектеп жасындағы бала тұлғасының негізгі сапаларының да, сондай-ақ жекеленген психикалық процестердің қалыптасуы іске асады», - деп Д.Б. Эльконин көрсетеді [237, 84 б.]. Кіші мектеп оқушысының оқу іс-әрекетінде өзіне, дүниеге, қоғамға, басқа ададарға деген қатынасы қалыптасады және ең бастысы бұл қатынас, оқытудың мазмұны мен әдісіне, мұғалімге, сыныпқа, мектепке және т.б. деген қатынас ретінде негізінен осы іс-әрекет арқылы жүзеге асырылады.
Өмір жағдайының өзгеруімін, отбасынан немесе бала бақшадан мектепке ауысумен байланысты кіші мектеп оқушысында үстем беделдер біршама өзгереді. Ата-ана беделімен қатар мұғалім беделі де пайда болады. «Ал мұғалім былай айтты» - деп бала шешесінің айтқанына қарсы шығады. Бастауыш мектептің соңына қарай, дамудың макрофазасы ретінде негізгі бейімделу кезеңі (А.В. Петровский бойынша) аяқталғанда, оқушы тек қана оқу іс-әрекетінің ғана емес, сондай-ақ, белсенді тұлғааралық өзара әрекеттесудің де субъекті бола бастайды, оның өзі өте маңызды. Кіші мектеп оқушысы жеткіншек бола бастайды.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   67   68   69   70   71   72   73   74   ...   188




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет