Оқу әрекеттері түрлі көзқарас, түрлі позициялар тұрғысынан қарастырылуы мүмкін: субъекттік-іс-әрекеттік, пәндік - мақсаттық; іс-әрекет пәніне қатынас (негізгіг немесе қосымша әрекет); ішкі немесе сыртқы әрекет; ішкі ақыл-ой, интеллектуалдық әрекеттердің психикалық процестер бойынша өзгешеленуі; өнімділіктің үстемдігі және т.б. Басқаша айтқанда, әрекеттің әртүрлілігінен жалпы және оқу іс-әрекетінің бар алуан түрлілігі бейнеленеді. Олардың негізгі түрлерін қарастырайық.
Оқытудағы іс-әрекет субъекті позициясынан ең алдымен, мақсатты ұйғару, бағдарлама жасау, жоспарлау әрекеттері, орындау әрекеті, бақылау әрекеті (өзіндік бақылау), бағалау (өзіндік бағалау) бөлінеді. Олардың әр қайсысы оқу іс-әрекетінің белгілі бір кезеңімен сәйкестендіріледі және оны жүзеге асырады. Осылайша, кез-келген іс-әрекет, мысалы тапсырманы орындау, мәтінді жазу, шығару, мақсатты «не үшін», «қандай мақсатпен мен оны жасаймын» деген сұрақтарға жауап ретінде саналы түсінуден басталады. Бірақ сұрақты осылайша қою, жауаптарды табу және осы шешімге өз мінез-құлқын бағындыру әрекеттердің күрделі жиынтығы болып табылады. Мінез-құлық жоспары мен құрылымын қарастыра отырып, Ю. Галантер, Дж. Миллер, К. Прибрам мінез-құлықтың жалпы жоспарын өндірудің маңыздылығын атап көрсеткен, яғни мінез-құлықтық актілердің сипаты мен бірізділігін саналаудың белгілі бір ақыл-ой әрекеттерінің жиынтығын көрсеткен. Орындау әрекеттері мақсатты ұйғару, жоспарлау, бағдарлама жасау тәрізді ішкі әрекеттерді жүзеге асырудың мәні, сыртқы әрекеттер болып табылады. Іс-әрекет субъекті бір мезгілде оның процесі мен нәтижесін үнемі бағалау және салыстыру, түзету әрекеттері формасында бақылауды жүзеге асырып отырады. Оқушының бақылау және бағалау әрекеттері – мұғалімнің сыртқы интерпсихологиялық әрекеттеріне айналуына байланысты жеке қарастырылады.
Оқу іс-әрекетінің пәні позициясы тұрғысынан онда қайта түрленуші, зертеуші әрекеттерге бөлінеді. Оқу іс-әрекеті терминдерінде (Д.Б. Эльконин, В.В. Давыдов, А.К. Маркова) оқу әрекеттері «меңгеру затының қасиеттерін ашу үшін баланың объектіні белсенді түрлендіруі» ретінде жасалады. Сонымен бірге, зерттеушілердің көрсетуі бойынша бұл әрекеттер екі түрде болуы мүмкін: «1) жеке (ерекше) материалдағы жалпылама, генетикалық бастапқы қатынасты анықтау үшін оқу әрекеті және 2) бұрын анықталған жалпылама қатынастың нақтылық дәрежесін анықтау үшін оқу әрекеті». Теоретикалық білімдер оқу іс-әрекетінің пәні ретінде В.В. Давыдов бойынша мазмұнды жалпылауға бағытталған зерттеушілік-қайта жаңғыртушы әрекеттер көмегімен меңгеріледі және оқушы үшін «қандай да бір тұтастың ортақ негізі бар ерекше және жекеленген құбылыстардың қажетті өзара байланысын, кейбір заңдылықтарын ашу, осы тұтастың қалыптасу заңдылығын, ішкі бірлігін ашу» тәсілі ретінде қызмет етеді.
Оқушының психикалық іс-әрекетіне ара қатынаста жоғарыда көрсетілгендей, ойлау, перцептивті, мнемикалық әрекеттерді бөледі, яғни субъекттің ішкі психикалық іс-әрекетін құрайтын интеллектуал-дық әрекеттер, олар өз кезегінде іс-әрекеттің (С.Л. Рубинштейн), қарастырып отырған жағдайда – оқу іс әрекетінің ішкі «интегралдық бөлігі» болып табылады. Олардың әрқайсысы одан да ұсақ әрекеттерге ыдырап бөлінеді (белгілі бір жағдайда – операцияларға). Мысалы, ой әрекеттері (немесе логикалық) ең алдымен салыстыру, талдау, синтез, абстракциялау, жалпылау, жіктеу және т.б. операцияларды қамтиды. Сонымен қатар С.Л. Рубинштейн атап көрсеткендей, «...бұл операциялардың барлығы ойлаудың негізгі операциясының жақтары болып табылады – «жанамалау», яғни неғұрлым мәнді объективті байланыстар мен қатынастарды ашу. С.Л. Рубиншетйн атап көрсетеді: «ойлау үрдісі саналы түрде реттелетін интеллектуалдық операциялар жүйесі ретінде жүзеге асады. Ойлау осы үрдіс кезінде пайда болған әр ойды, соны шешу үшін бағытталған міндетпен, оның шарттарымен теңестіреді, салыстырады. Осылайша, жасалатын тексеру, сын, қадағалау ойлауды саналы процесс ретінде сипаттайды». Ойлаудың іс-әрекетінің және соның ішінде оқу іс-әрекетінің ішкі жағы ретіндегі сипаттамасы мақсатты болжау, бағдарламалау, бақылау сияқты әрекеттердің маңыздылығын тағы да бір көрсетеді.
Ойлау әрекеттерімен қатар, оқу әрекеттерінде перцептивтік және мнемикалық әрекеттер мен операциялар жүзеге асырылады. Перцептивті әрекеттер тануды, сәйкестендіруді және т.б. қамтиды, ал мнемикалық әрекеттер – әсер қалдыруды, ақпаратты сүзуді, оның құрылымдануын, сақталуын, өзектендірілуін және т.б. қамтиды. Басқаша айтқанда, интеллектуалдық әрекетті ұйғаратын әр күрделі оқу әрекеті көбінесе, бөлінбейтін перцептивтік, мнемикалық және ой операцияларының өте көп мөлшерінің араласуын білдіреді. Олардың оқу әрекеттерінің жалпы тобынан бөлектенбеуіне қарай, мұғалім кейде оқушының оқу міндетін орындаудағы қиналу сипатын нақты диагностикалай алмайды.
Оқу іс-әрекетінде сондай-ақ қайта жаңғырту және өнімді әрекеттер бөлінеді (Д.Б. Эльконин, В.В. Давыдов, А.К. Маркова, Л.Л. Гурова, О.К. Тихомиров, Э.Д. Телегина, В.В. Гагай және т.б.). Қайта жаңғырту әрекеттерге ең алдымен атқарушы, қайта өндіруші әрекеттер жатады. Егер аналитикалық, синтетикалық, бақылау-бағалау және басқа әрекеттер берілген критерийлер, бірсарынды тәсілдер бойынша жүзеге асырылса, онда олар қайта жаңғыртушы. Өз бетінше қалыптастырған критерийлар бойынша жүзеге асырылатын мақсат құру, қайта түрлендіру, жаңадан жасау, сонымен қатар бақылау, бағалау, анализ-синтез әрекеттері продуктивті әрекеттер ретінде қарастырылады. Басқаша айтқанда, оқу іс-әрекетінде өнімділік және қайта жаңғыртушылық критерийлері бойынша әрекеттердің үш тобы бөлінуі мүмкін. Функционалды тағайындалуы бойынша берілген параметрлер, берілген тәсілдер бойынша орындалатын әрекеттер үнемі репродуктивті, мысалы, атқарушы әрекеттер; жаңа нәрсені қалыптастыруға бағытталған әрекеттер, мысалы мақсат құру, өнімді әрекеттер болып табылады. Аралық топты шарттарына байланысты екі жақта да бола алатын әрекеттер құрайды (мысалы, бақылау әрекеті).
Көптеген оқу әрекеттерінің қайта жаңғыртушылығы мен өнімділігі олардың қалай орындалуы бойынша анықталады: а) мұғалім берген бағдарлама, критерий бойынша немесе бұрын таңдап алынған, біркелкіленген, стереотипизацияланған тәсілдер бойынша; б) өз бетінше қалыптастырылған критерийлер, өз бағдарламалары бойынша немесе жаңа тәсілдер, құралдардың жаңа сәйкестілігі бойынша. Әрекеттердің өнімділігін есептеу дегеніміз оқудың өзінің ішінде мақсатты белсенділік ретінде немесе оқу іс-әрекеттің жетекші түрі ретінде (Д.Б. Эльконин, В.В. Давыдов) мұғалім басқаратын оқушылардың оқу әрекеттерінің өнімділігі мен қайта жаңғыртушылық түрлі арақатынасының бағдарламасы жасалуы мүмкін.
Оқу іс-әрекетіне енетін әрекеттер мен операциялардың талдауы оны игеруді басқарудың көп объектілі кеңістігі ретінде көруге мүмкіндік береді, бұл жерде объектілердің әрқайсысы оқушы үшін өз бетінше игеру мен бақылаудың заты ретінде болады.