Кенесары- қолбасшы, ешкімді аямайтын адам
Кенесары бастығы
Төменде тұрып қалғаны.
Талап етіп ұрынды
Жаңадан бір жол салғалы. Кенесары хан қырғыздарға қарсы шайқаста қолбасшы болғаны тарихтан белгілі. Өз елін соғысқа қарсы бастап шығып, ерен ерлік көрсеткен даңқты қолбасшы.
Не жазығым бар еді
Кенесары ханыңа? Сонымен қатар, Кенесары ханның ешкімлі аямайтын адам болғаны анық. Өйткені, қырғыз манаптарымен соғыстағы жеңістен кейін әйел, бала-шағаларын аяусыз қырғаны тарихта жазылып қалдырылған.
Наурызбай- Кенесарының інісі, ештеңеден қорықпайды, өз елін ойлаған ер, елі үшін басын бәйгеге тіге алады
Ақыл-айла,өнермен
Кенесары, Наурызбай
Атадан асты дегенмен. Кенесары жауына шабуыл саларда әрдайым Наурызбайдың ақыл-кеңесіне ден қойып отырған, қысылтаяң, қиын жерлерге көбіне соны ғана жұмсаған. Өйткені туған інісі, әрі үзеңгілесі болған.
Жалғыз шапты Наурызбай
Жауға қарсы енуге.
Наурызбай қарсы шабады
Жеке шыққан батырға.
Наурызбай жүр үстінде
Қылышы қанға боялып
Наурызбай кірді қамалға
Жанған оттай бұрқылдап.
Бұл өлең жолдарынан Наурызбай батырдың ештеңеден қорықпай жауға қарсы жапқан бейнесі суреттеледі. Наурызбай өз елін, жерінің болашағын ойлап, халқы үшін өз басына қатерге тігеді, Отаны үшін отқа түседі.
Бұғыбай- Кенесарының бас батыры, досына адал, әрқашан көмекке келе алатын адам
Былтырдан алған басшысы-
Шапырашты Бұғыбай.
Отыз жігіт жөнелді
Тамам қолдың беглері
Бұғыбайды басшы қып
Арасы алыс дауыстап
“Барма, мұнда кел” деуге
Шауып барып Бұқарбай
Ат үстінде көлбеді Бұғыбай батыр Кенесарының бас батыры болып, соғыста батырларды жауға қарсы бастап шапқан. Досына адал дегенім, Наурызбай батыр қиындыққа түскенде, көмек қолын созуға барып, өз басын қатерге тігеді.
Ағыбай- батыр
Сендер едің қанатым,
Мендібай, Дулат, Ағыбай
Ұмтылыңдар, ерлерім
Жан жағыңа қарамай.
Ағыбай батыр- Кенесары ханның сенімді серігі әрі мықты батырларының бірі болған.
Кәрібоз- жау, жауыз адам
Ей, Наурызбай, ер төрем
Қарайып жүрмін қаныма!
Аза қорлық көрсетіп
Қатты баттың жаныма
Жаппар ием жар болса
Жазаңды әлі ақ берермін
Сенің ақың бар ма еді
Андасымның тамында
Білмеймісің Кәрібоз
Мойныңдағы жазаңды?
Кәрібоз Наурызбайға жау екенін, одан кек алмай қоймайтынын айтады. Алайда, оның өзінің кінәсі бар, жауыз адам екені дастанның мазмұнынан белгілі.
Достарыңызбен бөлісу: |