Шала туылған нәрестеге тамақтандыру алдында және тамақтандырудан кейін апноэның алдын алу мақсатында оттегі терапиясын жүргізу қажет. Іс-әрекет алгоритмі : Анасына ем-шараны жүргізудің мақсаты мен жүргізу барысын түсіндіріңіз.
Бетперде тағыңыз.
Лотоктағы суды 40 – 60°С дейін және ана сүтін 36 - 37°С дейін жылытыңыз.
Зондты еңгізу тереңдігін құлақ сырғалығынан мұрын ұшына дейін және мұрын ұшынан семсер өсіндіге дейін өлшеңіз. Лейкопластырьмен белгі салып, зондтың канюлясын жабыңыз.
Зондты 7 – 8 см арақашықта қаламның ұшын ұстағандай етіп алып, мұрнын қуысына белгіленген жерге дейін еңгізіңіз (Зондты еңгізу кезінде балада жөтел мен цианоз пайда болса,- бұл зондтың тыныс жолдарына түскендігінін белгісі. Бұл жағдайда тез арада зондты шығарып, балаға ылғалды оттегі беріп, ем-шараны қайттан қайталау қажет.
Шприцке белгіленген мөлшердегі жылы ана сүтін аламыз.
Зондтың канюлясын ашып, сүті бар шприцті зондқа жалғаймыз, зондты көтеріп, асықпай нәрестенің асқазанына ана сүтін жібереміз.
Шприцті зондтан шығарып, канюляны жабыңыз.
Тамақтандырып болған соң зондты нәрестенің бетіне лейкопластырьмен бекітіп қойыңыз. Қажет болған жағдайда 24-48 сағатқа дейін қалдырып қоюға болады.
Зондты оң қолдың үлкен және сұқ саусағымен ауыз қуысынан 2-3 см қашықтықта ұстай отырып, салфетканы пайдалана отырып жылдам қимылмен шығарып алыңыз.
Нәрестені оң жақ шетіне жатқызып, басын сәл көтеріңіз.