4.8. Стандарт «Мұрынға тамшы тамызу» Мақсаты: емдік
Көрсеткіші: мұрынның шырышты қабатының қабынуы
Дайындаңыз: стерильді: көз тамызғышы, мақта шариктері, мақта жгуттары, резеңке баллон, дәрілік заттар, қысқыш, лоток, резеңке қолғап, КБУ, дезинфекциялық ерітінді, ветошь.
Іс-әрекет алгоритмі: 1. Анасына ем-шараны жүргізудің мақсаты мен жүргізу барысын түсіндіріңіз.
2. Дәрілік заттардын жарамдылығын (атауын, концентрациясын, сақталу мерзімін оқыңыз) және тамызғыштың бүтіндігін тексеріңіз.
3. Қолыңызды гигиеналық өңдеуден өткізіп, қолыңызға стерильді қолғап киіңіз.
4. Жөргек үстелдің үстін дезинфекциялық ерітіндіге малынған ветошьпен өңдеп, таза жөргек төсеңіз.
5. Нәрестені үстелге басын аздап шалқайтып жатқызыңыз (үлкен балаларды орындыққа отырғызуға болады).
6. Мақта жгуттарының немесе резеңке баллонның көмегімен мұрын қуысындағы шырышты тазалаңыз.
7. Тамызғышты оң қолыңызға алып ішін дәрілік затқа толтырыңыз.
8. Төрт саусағыңызды баланың маңдайына қойыңыз, ал үлкен саусағыңызбен мұрынның ұшын көтеріп, басын тамызатын жаққа қарай аздап бұрыңыз.
9. Дәрілік заттың 2-3 тамшысын мұрын жолының сыртқы шырышты қабырғасына тамызып, мұрын қабырғасын мұрын қалқанына қарай қысып, айналмалы қозғалыспен уқалаңыз.
10. 1-2 минуттан кейін келесі мұрын қуысына осы реттілікпен тамызыңыз.
11. Қолданылған тампондарды КБУ-ға тастаңыз, қысқышпен тамызғышты дезинфекциялық ерітіндіге салыңыз.
12. Қолғапты шешіп, КБУ-ға тастаңыз.
13. Қолыңызды жуып, кептіріңіз.
Ескерту: - егер мұрында қабыршықтар болса, оны вазелин майына батырылған жгуттың көмегімен алады;
- жабысқақ шырыш болса фурацилиннің 1:5000 (2% натрий бикарбонат ерітіндісімен)
жібітеді;
- стерильді көз тамшыларын пластикалы флакондармен пайдаланатын болсаңыз флаконды төңкеріп, оның қабырғаларын басыңыз;