І бөлім. Мектеп жасына дейінгі бала тілін дамыту әдістемесі


Студенттерге берілетін тапсырма



бет23/39
Дата15.10.2022
өлшемі155,4 Kb.
#43320
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   39
Студенттерге берілетін тапсырма:

  1. Сөздің грамматикалық құрылысын меңгертудің мазмұны мен міндеттері.

  2. Бір топтағы балалар тілінің грамматикалық құрылысының бір деңгейде болмау себептері.

ІІ. Студенттер мен оқытушының бірлесіп атқаратын жұмыстары:

  • Тапсырма сұрақтары бойынша студенттердің жауаптары тыңдалып, толықтырылады.

  • Бала тілінің грамматикалық құрылысын қалыптастыруда тәрбиеші қандай мәселелерге көңіл бөлуге тиіс:




ІІІ. Студенттердің өзіндік жұмыстары.
“Балбөбек”, “Біз мектепке барамыз”, “Зерек”, “Алғашқы қадам” бағдарламалары бойынша тілдің грамматикалық құрылысын қалыптастыру бөліміне әр топқа талдау.
4.2. Бала тілін дамытуда грамматикалық жаттығулардың ролі.
Мақсаты: Грамматикалык жаттығуларға түсінік беріп, олардың түрлері мен ерекшеліктерін меңгерту. Грамматикалық жаттығуларды меңгере отырып, оны күнделікті өмір- тәжірибеде пайдалана білуге үйрету.
Жоспар

  1. Грамматикалық жаттығу туралы түсінік.

  2. Грамматикалық жаттығудың түрлері.

а) Фонетикалық
ә) Морологиялық
б) Синтаксистік
Мазмұны: 1. Шолу дәріс. Грамматикалақ жаттығулар балалардың қандай тілдік материалмен жағдай жасауына қарай фонетикалық, морфологиялық, синтаксистік және лексикалық болып бөлінеді. Фонетикалық жаттығулардың міндеті – балалардың айтылған буындарымен дыбыстарды жақсы айыра алуын және оларды дұрыс анық айтып беруге қамтамасыз ету. Фонетикалық жаттығулар арқылы кейбір балалардың тілін тістеп сөйлеу, сақауланып сөйлеу, қайсы бір дыбысты қалдырып кетіп сөйлеу немесе С мен Ш, Р мен Л, Ж мен З сияқты дыбыстарды жалғасытырып айту кемшіліктері жойылады.
Мектеп жасына дейінгі балаларға фонетикадан берілетін мағлұматтар мен фонетикалық жаттығулар орфоэпиялық заңдылықтарды яғни әдеби тіліміздің нормасын сақтап сөйлеуде ерекше орын алады. Балалардың жауаптарында, әңгімелерінде байқалған орфоэпиялық қателер, теріс айтылған сөздер түзетіліп, сөз ішіндегі, сөз шекарасындағы дыбыстардың құбылуы ескертіліп отырады. Сонымен қатар тілімізге басқа тілдерден енген термин сөздердің дұрыс айтылуы да практикалақ жаттығулар арқылы үйретіледі.
Морфологиялық жаттығулардың мақсаты – ана тілінің мрофологиялық құрылысын балаларға саналы түрде меңгерту. Мазмұны жағынан морфологиялық жаттығулар екі түрлі болады.

  • Сөз тұлғасын оқу барысындағы жаттығулар.

  • Сөз таптарын оқу барысындағы жаттығулар.

Сөз тұлғасына байланысты жүргізілген жаттығуларға мынандай талаптар қойылады:

  1. Алдымен мүкіндігіне қарай негізгі түбірді онан әрі туынды түбірді ең соңында түбірлік сөзді таңдайтындай жағдай жасалады.

  2. Белгілі бір сөздің ішінен негізгі түбірді тапқызу үшін сол негізгі түбірден жасалатын туынды сөздермен салыстыру ескріледі.

  3. Туынды сөздермен негізгі түбірді ажырату барысында мағына жағына назар аударылады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   39




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет