14. Абай Құнанбаевтың балаларға арналған өлеңдері
Білімдіден шыққан сөз
Талаптыға болсын кез.
Нұрын, сырын көруге,
Көкірегінде болсын көз.
Жүрегі - айна, көңілі - ояу,
Сөз тыңдамас ол баяу.
Өз өнері тұр таяу,
Ұқпасын ба сөзді тез?
Пайда ойлама, ар ойла,
Талап қыл артық білуге.
Артық ғылым кітапта,
Ерінбей оқып көруге.
"Ғылым таппай мақтанба"
Ғылым таппай мақтанба.
Орын таппай баптанба.
Құмарланып шаттанба.
Ойнап босқа күлуге.
Бес нәрседен қашық бол,
Бес нәрсеге асық бол,
Адам болам десеңіз.
Әсемпаз болма әрнеге,
Өнерпаз болсаң, арқалан.
Сен де — бір кірпіш, дүниеге
Кетігін тап та, бар қалан!
Қайрат пен ақыл жол табар
Қашқанға да, қуғанға.
Әділет, шапқат кімде бар,
Сол жарасар туғанға.
15. Балаларға арналған театрлары және олардың өзіндік ерекшелігі
Балалар мен жастар театрына жетекші болған режиссерлердің сахнада өздерінің жеке шығармашылық амбициясын көбірек ойлағандықтарынан оқуға өзіндік жолын, өзгелерге ұқсамай¬тын даралығын жоғалтып алды. Театр балалар әлемі мен ересек көрермендер арасын жалғайтын алтын көпір бола алмады. Екіншіден, бұл театр өзінің басым бағыты болуға тиісті ұлттық драматургтер тарапынан балаларға арнап шығарма жазылуына, оларды театр сахнасына көптеп қоюға мұрындық болатын алаңқай ретінде арнайы құрылғанымен (“проверочный участок”) шынайы шеберлік шыңдайтын шеберханаға да айнала алмаған. Осыдан келіп бүгінгі республикадағы елуге жуық театрларымыз репертуары балаларға арналған сапалы пьесаларға күні бүгінге дейін жарымай, шөліркеумен келеді. Мәселенің төркініне үңілсек, бұл көп жағдайда әркім өзіне тиесілі ісімен тікелей айналыспауынан деп білеміз. Театр әу бастан көрермендердің арнайы контингенті – балаларға арналған соң осы салада респуб¬ликаның көптеген театрларының бірегейі ретінде жастар мен балалар репертуарын қалыптастыруға, жасөспірімдерге арналған спектакльдерді қоюда көшбасшы болуы керек еді. Өкінішке орай, бұл бағытты театр берік ұстана алмаған. Мұны дер кезінде көрсетіп, жолға салып отыратын бақылау органдарының белсенді болмауы репертуарлық саясаттың бас режиссердің жетегінде кетуіне алып келген. Б.Нұрпейіс: “...осы театрда қызмет істеп бас режиссер болған Е.Обаев, Мен Дон Ук, В.Пұсыр¬манов, М.Байсеркенов, Ж.Хаджиев тәрізді білікті де білімді режиссерлердің ешқай¬сысы да балалардың жас ерекшелігіне лайық¬ты спектакльдер шығаруға көңіл бөл¬меген. Олар балалар театрының специфи¬калық ерекшелігін біле тұра, бүлдіршін¬дерге спектакль қою мәселесіне “балалар драматургиясы жоқ” деген сылтаумен салғырт қараған” – дейді. Осы мәселеде театрдың бүгінгі жетекшісі Т.Теменовтің ұс¬танып отырған бағыты да осы режис¬серлердің қатарынан алысқа кете қоймаған.
Соған қарамастан, Алматыдағы екі академиялық театр көрермендерінің басым бөлігін мектеп оқушылары мен студент жастар құрайды. Бұл тенденция респуб¬ликадағы қазақ театрларының барлығына тән болғандықтан, балалар мен жастар аудиториясын қамтитын арнайы репертуар жа¬сауды мықтап ойластыру қажет. Театр¬дың шығарған өнімі – спектаклді негізінен мектеп жасындағы балалар мен жоғары оқу орны студенттеріне ұсына отырып, оларға қажет туындыларды өзінің сахналарына білек сыбана қоймауы ақылға сыймайтын жәйт. Иә, театрдың негізгі жалаулатып алып жүрер эстетикалық бағыт-бағдарынан ауытқушылық көзге ұрып тұр.
Достарыңызбен бөлісу: |