І деңгей Қазақ тілі мен қазақ әдебиетін оқыту әдістемесі туралы жазыңыз


-сұрақ.Қалай оқу керектігін үйрену жайлы түсінігіңізді айтыңыз



бет17/58
Дата29.10.2022
өлшемі211,2 Kb.
#46168
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   58
Байланысты:
І де гей аза тілі мен аза дебиетін о ыту дістемесі туралы

24-сұрақ.Қалай оқу керектігін үйрену жайлы түсінігіңізді айтыңыз.
«Қалай оқу керектігін үйретуде» оқушы алған білімін есте сақтап, өз бетімен іздене отырып, жауапкершілікке үйретеміз. Қалай оқу керектігін үйрету бұл оқушының «өзін-өзі реттеу» болып табылатыны анық. Бұл үдерісте оқушылар түсінеді, бақылайды, өздерін қадағалап қабілеттерін шыңдайды. Онда оқушының жас ерекшеліктерін де ескеруге тырыстым. Берілген тапсырмалар арқылы өзін-өзі реттей отырып білімге құштарлығын ояту болып саналады. Табыс, ұмтылыс және тиімді тәсілдерді қолдау арасындағы негізгі байланысты қалыптастыратын болғандықтан, метатану ұғымын бір оқушының «қалай оқу керектігін үйренуі» деп қарастыруға болады. Шанк пен Циммерман (1994) балалардың өз оқуын бақылау мен мониторингі үдерісінде дербестігін қалыптастыруға баса назар аударады. Өз бетінше жұмыс істеу және даму ниетін авторлар метатанудың маңызды аспектісі ретінде таниды. Оқудың табысты болуы ынталандыру, әлеуметтік және эмоциялық себептер арасындағы күрделі әрекеттік пен метокогнетивті білімге байланысты.
Жалпы алғанда сыни тұрғыда ойлау жаңа әдіс- тәсілдермен тығыз байланыста. Ал сыни ойлау мен диалогтік оқу әдістерін қатар қолданғанда оқушының сабақтағы белсенділігі артады. Себебі диалог барысында сабақтарда сыни ойлауға бағыттайтын сұрақтарды пайдалану арқылы оқушы пікірін білдіріп, сұрақ қойып диалогқа түсуге жетеледім.
Бұл бағдарламада оқушылардың қалай оқу керектігін үйреніп, нәтижесінде ойын еркін жеткізе алатын, сенімді, сыни ойлай алатын, таным белсенділігі жоғары тұлға қалыптастыру менің басты мақсатым болып табылады.
Мұғалімдік тәжірибемдегі ендігі мақсат – заман талабына сай құзіретті тұлға қалыптастыруда осы жеті модульді жүйелі қолдана отырып, өз тәжірибемді толықтыру, жетілдіру болмақ.
25-сұрақ. Оқыту мен оқуда ақпараттық-коммуникативтік технологияларды (АКТ) пайдаланудың ерекшелігін айтыңыз.
Оқыту мен оқудағы ақпараттық – коммуникациялық технологияларды қолдануда «Ел мен елді, халық пен халықты теңестіретін - білім», -деп, Мұхтар Әуезов айтынындай, бүгінгі күні әлемдік ең озық білім кеңістігінің деңгейіне көтерілудің тиімді жолы білім беру саласын толықтай ақпараттандыру құралдарымен жабдықталуға байланысты болып отыр.
Қазақстан Республикасы «Білім туралы» Заңының 8-бабында «Білім беру жүйесінің басты міндеттерінің бірі – оқытудың жаңа технологияларын енгізу, білім беруді ақпараттандыру, халықаралық ғаламдық коммуникациялық желілерге шығу» деп атап көрсеткен. Оқушының білімін толық жетілдіріп, болашақтың ойы ұшқыр азаматтарын тәрбиелеп жеткіземіз десек, олардың санасына жаңа технологиялық ақпарат құралдарына негізделген білімді сіңіруіміз қажет.
Мектептегі білім беруді ақпараттандыру – бұл заман талабы, ғасыр ағымы. Ұрпағымыздың кемеңгерлікке ұласқан ақыл-ойының, парасат – пайымының және жаңа арнада өріс алған мәдениетінің асқар шыңы болып табылады .
Педагогтардың ақпараттық – коммуникациялық технологияларды (АКТ) пайдалану қызметі дайындығынан келесіні байқауға болады:
​- педагогтардың компьютерлік техниканы пайдалануға қызығушылықтарының артқандығы.
- оқыту құралдары ретіндегі компьютерлік техниканы пайдаланудың ең маңызды психологиялық-педагогикалық ерекшеліктерін сақтау.
Мұндай ерекшеліктерге мыналар жатады: а) осы оқыту құралын пайдаланудың педагогикалық тұрғыдан тиімділігі; б) үйренушілердің оқу-танымдық қызметін ұйымдастырудың тиімді тәсілдері (компьютерлік техниканың жеке-маңызды қызмет құрылымына кіруі, үйренуші мен компьютерлік техниканың ұтымды диалогын орнату, өзіндік қызметті дамыту арқылы оқу-танымдық қызметті жандандыру, оқу үдерісін өз бетімен бақылауды ұйымдастыру, компьютерлік техникамен өзара іс-қимыл барысында үйренушілердің шығармашылық дағдыларын қалыптастыру;)
- педагогтарды жалпы мәдени, психологиялық-педагогикалық, пәндік және кәсіби-педагогикалық даярлау үрдісінде ақпараттық – коммуникациялық технологияларды (АКТ) кешенді пайдалану.
Жаңа технологиялық әдіс-тәсілдердің пайда болуы ақпараттардың мазмұнын адамның түрлі сезім мүшелері арқылы және аудиториямен интерактивті өзара әрекетке түсуі арқылы қабылдауды, түрлі техникалық құралдардың көмегімен іске асыруды қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.
Міне, осыған байланысты оқулық, дәптермен салыстырғанда электрондық құралмен оқыту дара тұлғаны бағыттап оқыту мақсаттарын жүзеге асыра отырып, оқу-тәрбие үрдісінің барлық деңгейлерінің тиімділігі мен сапасын жоғарылатады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   58




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет