Танымдық психикалық процестер (Ес,зейін, ойлау)

бет1/8
Дата08.06.2023
өлшемі0,99 Mb.
#99793
  1   2   3   4   5   6   7   8

Танымдық психикалық процестер (Ес,зейін, ойлау)
1. Ес туралы түсінік, ес теориялары.
2. Зейін. Зейіннің түрлері мен қасиеттері.
3. Ойлау танымдық әрекеттің жоғарғы формасы ретінде.
4. Ойлаудың негізгі операциялары.
5. Ойлаудың негізгі формалары.
6. Ойлаудың түрлері.

Бас ми қыртысында пайда болған сыртқы орта көрністері жоғалып кетпейтіндігі белгілі.Олар ұзақ уақыт сақталуға мүмкіндік беретін арнайы із қалдырып, уақыт өткен соң қажетті уақытта қайта жаңғырады. Тұлғаның өз тәжрибесін есте қалдырып,сақтап, қайта жаңғырта алуы ес процессінің мәнін құрайды. Ес адамның икемдері мен дағдыларын, білімін жетілдіруге мүмкіндік бере отырып, танымдық мүмкіндігін кеңейтеді.

Ес дегеніміз сыртқы дүние заттары мен құбылыстарының адам миында сақталып, қайтадан жаңғыртылып, танылып, ұмытылуын бейнелейтін процесс.

Естің теориялары

  • Ассоциативті теориясы. ХҮІІ ғасырда пайда болып, ХҮІІІ-ХІХ ғғ. белсенді дамыды (Г.Эббингауз, Г.Мюллер) .
  • Бұл теорияның мәні дүние заттары мен құбылыстарының есте қалуы мен қайта жаңғыруы бір- бірінен бөлектенген күйде емес, топталған не тізбектелген күйде жүреді.

  • Ұқсатық, іргелестік, қарама-қарсылықты, каузальды.

Естің нейрондық теориясының мәні- есте қалдыру мидың электрлік белсенділігі арқылы жүзеге асады. Физиология заңына орай нейрон жеткізген импулстер аксон арқылы бір жасушадан екісіне беріледі. Аксонның жасушамен тоғысқан жері синапс деп аталады. Синапс екі түрлі қызмет атқарады: қоздырушы және тежеуші. Қысқа мерзімді ес және ұзақ мерзімді ес қозушы және тежелуші жүйке элементтерінің бір біріне әсерінен туындайды.

Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8

©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет