124
Біз бұл жобаны Қазақстанда жүзеге асырудың тиімді екендігіне көз жеткіздік. Бұл өнірдің
табиғаты сұңқар және ителгі сиякты құстарға өте қолайлы. Олардың жабайы ортаға
бейімделіп, өз қөрегін табуына барлық жағдай бар. Ең бастысы, кұстар табиғат жауларының
қолына түспесе болғаны,
дейді экологилық жобаның жетекшісі, жоғары мәртебелі шейх Мухаммед Ахмет Аль-Баварди.
Жалпы Араб елдері бұл жобаны халықаралық деңгейде жүзеге асыруға қыруар қаржы
жұмсап келеді. Мәселен, мына сұнқарлар осыған дейін Дубайдағы арнайы құстардың
емханасында сауығып шыққан. Арабтар онын әрқайсысына құны 2 мың доллар тұратын
электрондық кондырғылар тақты. Салмағы бар-жоғы 9 грамдық күннен куат алатын
спутниктік жабдық арқылы сұңқарларды болашақта да бақылауға болады. Дәстүр бойынша
әрбір сұңқардан кейін оның соңынан көгершін ұшырылды. Бұл әдіс жыртқыш құстың
аңшылық машығын есіне түсіруі үшін қажет.
Достарыңызбен бөлісу: