1
1120-нұсқа
1-
мәтін
I.
Қыс өтіп, күлімдеп көктем, жарқырап жаз келгенде, шұрқырап жатқан қалың жылқы
ішіндегі әсерлі де әсем дауыстары жез қоңыраудай шіңгір-шіңгір кісінеген жас
кұлындар қарақұлақ бола бастағанда, оларға түбіт араласқан жұмсақ жүннен есіліп
жасалған ноқталар салынып, тиектер орнатылып, ұзақ тартылған желілерге үзбелі
күміс түймелердей каз-қатар тізіліп байланады. Мұнда жүздеген құлын ноқталанып,
бие сауылады. Биені сауушы, сауғызушы болып, 2-ден 20-30 адамға дейін болады.
II. Қазақ ауылы алғаш
бие байлаған кезде, төңірек басын шакырып, кейде мал сойып
немесе қыстан қалған сүрлермен тағы басқа да жылы-жұмсақтарын дайындап, ауыл
адамдарынын басын қосып, «бие бау», «желі байлар», «қымызмұрындык» тойын
откізеді. Бұл
кезде желі қазыққа, айғырдың сауырына май жағып. жақсы тілек білдіріп,
мәре-сәре болып, думандатып, бие сауынын бастайды.
1. Бие байларда қандай ырым
жасалады?
A) Желіге құлын байланады.
B) Жұмсақ жүннең ноқта жасалады.
C) Қыстан қалған сүрді пісіреді.
D) «Қымызмұрындық» тойын өткізеді.
Е) Желі қазыққа, айғырдың
сауырына
май жағылады.
2. Мәтіннің бірінші бөліміне
лайықты такырып
A) Бие байлау
B) Жүннен есілген ноқталар
C) Жас құлындар
Д) Тартылған желілер
Е) Ноқталанған құлындар
2-
мәтін
Ғылым артық па, әлде мал артық па?
Бір топ адам бірде Әзірет Әлі шешенге келіп: «Бір сұрақ берейік, егер шын
саңлақ
болсаң, он түрлі жауап тауып сөйле»,- дейді. Сонымен жаңағылар Әзірет Әлі шешенге:
- Ғылым артық па, элде мал артық па? - деп оқыстан сұрақ қойыпты.
Сол мезетте шешен:
- Біріншіден. ғылым артык. Өйткені ғылым - әулие-әнбиелердің мирасы; ал мал -
перғауын мен Қарыпбайдың мирасы. Екіншіден, ғылым сені сақтайды, ал малды сен
сақтайсын. Үшіншіден, ғылымның досы кеп, ал малдың дұшпаны көп. Төртіншіден,
ғылымды жұмсасан, арта береді, малды жұмсасан, азая береді. Бесіншіден, ғылым
саған
құрметті атақ береді, ал мал саран деген атак береді. Алтыншыдан, ғылым өзін-өзі
сақтайды, ал малды үнемі бағып, кағу керек. Жетіншіден, ғылым қиямет күні иесіне
шапағатын қылғызады, ал мал иесіне қисапсыз жауап бергізеді. Сегізіншіден, ғылым
тозбайды, жоғалмайды Ал
мал болса, қолдың кірі, өледі, жогалады. Тоғызыншы, ғылым
көңілді нұрландырады, адамға ақыл-ой қосады, ал мал масаттандырады, болган үстіне
бола берсе екен деп дұниеқоңыз етеді. Оныншыдан, гылым құдайға зәһәт, таупиық,
ғибадат қылады, ал мал өз иесінің
коңіліне тәкаппарлық салады, — деп тапқырлық
танытыпты.