1144 нұсқа:1246 нұсқа 1-мәтін
Нан тарихының тамыры ежелгі заманға кетіп жатыр. Ғалымдардың пікіріне қарағанда, ол он
бес мың жылды құрайды екен. Алғашқы нанның өсімдігі бидай да, сұлы да, арпа да емес,
кәдімгі емен екен.
Ежелгі адамдар емен жаңғағын үгіп, одан ұн жасаған. Бұған археологтардың қазба жұмыстары
дәлел, Дәнді-дақылдарды қолдан егуді, оның дәнінен ұн жасауды адамдар бірте-бірте
меңгерген. Сұйық ботқа — казіргі нанның бастапқы түрі болған. Ал Африка мен Азияның
бірқатар елдерінде осындай быламықтарды нан ретінде әлі де қолданады.
1. Алғашқы нан неден жасалған? A) Арпа-бидайдан
B) Емен жаңғағынан
C) Шырша жаңғағынан
D) Ұннан
E) Қарағай жаңғағынан
2. Мәтін мазмұнына қай мақал сәйкес келеді? A) Ac - елдің құты
B) Ac иесімен тәтті
C) Жаман ауруға-жақсы ас
D) Ас атасы-нан
E) Кәсіп, кәсіп түбі – нәсіп
Әбунасыр ылғи да қолынан тастамай Аристотельдің «Физика» кІтабын оқып жүреді екен.
Содан бір жолдасы:
Сен мына кітапқа неге сонша қадалып қалдың? - деп сұрайды.
Сонда Әбунасыр:
Бұл кітапты қырық мәрте оқып шықтым. Тағы да оқуым керек. Өйткені, әлі толық ұғынып
болған жоқпын, - деп түсіндіре жауап береді.
Әбунасыр ешқашан қолына алған кітапты бір не екі мәрте оқып шығып қоя салмаған. Қайта
оның мағынасына толық түсінгенше ерінбей-жалықпай оқи берген. Сөйтіп, кітапта баяндалған
жайлардың мән-мағынасына ой жіберіп, жаңа ұғымдардың есігін ашып отырған. Сол есік
арқылы өзі қалың ойдың ішіне кіріп, ғылым әлемінің таңғажайып сырларына қанған,
гүлзарларын шарлаған.
Әл-Фараби - көрнекті ойшыл, өзінің замандастарының арасындағы ең ірі ғалым, философ.
Өзінің білімділігі мен сауаттылығының арқасында «Екінші Ұстаз» атауына ие болды. Әл-
Фарабидің шығармашылық мұрасы орасан зор. Оның 150-ге жуық философиялық және
ғылыми трактаты бар. Айналысқан ғылыми салалары: философия мен логика, саясат пен
этика, музықа мен астрономия. Ғылыми еңбектерінің ең әйгілісі «Қайырымды қала
тұрғындарының көзқарастары жайлы трактат» деп аталады. Оның атақты «Музыка туралы
үлкен трактат» деген шығармасы әлемнің көптеген тілдеріне аударылған.