7.Мәтін мазмұнына қай мақал сәйкес келеді? A. Ер атағын ел сақтар.
B. Ер қанаты - ат.Ер сасқанда белгілі,
C. Ат шапқанда белгілі.
D. ТүпкІ айылдың батканын Иесі білмес. ат
білер.
E. Ер - намысының кұлы.
9.Барлық жұлдегерлерге ортақ кандай бағалы сыйлық тігіпді? A. Алтын
B. Жылқы
C. Қой
D. Күміс
E. Түйе
11.Ақанның шабандоз балаға кеңесі кай азатжолда берілген? A. Бірінші және екінші
B. Бірінші
C. Төртінші
D. Екінші
E. Үшінші
8.Мәтіннің стилі қандай? A. Ауызекі сөйлеу стилі.
B. Ресми іс-кағаздар стилі.
C. Көркем әдебиет стилі.
D. Публицистикалық стиль.
E. Ғылыми стиль.
10.Халықтың Құлагерге деген ерекше құрметі нешінші азатжолда суреттелген? A. Барлығында
B. Үшінші
C. Bipiнші
D. Төртінші
E. Екінші
12. Мәтінде не туралы айтылған? A. Жаршылар сайысы
B. Ат баптаушылары
C. Аттарды сынау
D. Ат жарысы
E. Балуан күресі
4- мәтін 1.
Байырғы заманда жердің түкпір-түкпіріңде тұратын адамдар бір- бірімен сауда банланысын
жүргізген. Алғашында ол зәру заттармен айырбас ретінде жүзеге асқан. Мысалы, асыл тастар,
алтын, күміс, түрлі, шипалы есімдіктер мен хош иіс сулары. Мал, сәйгүлік аттар, қымбат бағалы
аң терілері, кола мен темірден жасалған заттар, мата, азық-түлік және басқа да тауарлармен
алмасқан. Кейінен ақшаға сауда-саттық басталып, көптеген елдер мен қалаларды
байланыстырған орталықтар - базар, жәрмеңке, сауда жолдары ашылды.
2.
Жолдар бір-бірімен ұласып, шығыс пен батысқа, оңтүстік пен солтүстікке қарай жалғасып,
көптеген жаңа аймақтарды қосты. Осындай сауда жолдарының арқасында Еуропа мен Азияны
біріктірген ұлы Жібек жолы пайда болды. Ол жолдардың әрқайсысының өз аттары болған.
Мысалы, «лазурит», «нефрит» және «құндыз» жолдары кірді. «Лазурит жолы» - Мысыр, Иран,
Вавилон елдеріне лазурит (ляпис - лазурь) тасы тасымалданатын жол. Лазурит бұл елдерде өте
кәделі саналып, аса жоғары бағаланған. «Нефрит жолымен» қытай патшалары мен бай-
шонжарларына арналып жасалатын зергерлі әшекей бұйымдарына кажетті асыл да әдемі
ғауһар тас, нефрит тасымалданған. Ал «құндыз жолымен» бағалы аң терілері әр тараптардағы
елдерге таралған.
3.
Ұлы Жібек жолы бүкіл адам ағзасын қөректендіруші қан жүйесіне ұқсас. Себебі ол бүкіл
Еуропа мен Азия елдерінің бір-бірімен қарым-катынас жасауына мүмкіндік туғызып, ондағы
халықтарды біріктіреді. ұлы Жібек жолы ежелгі атау емес, ол 1877 жылы пайда болған. Оны
қолданысқа енгізген белгілі неміс географы Фердинанд фон Рихттофен. Жолдың бұлай
аталуына сауданың негізгі заты Қытайдан шығарылатын жібек мата себеп болды. Сонау
Еуропа мен Азияны біріктіріп жатқан бұл жол адамзатты ғажайып жетістіктерге жеткізді.
Дамыған еддердің бір-бірімен сауда-саттықпен айналысуына, ғылым салаларының дамуына,
діни және мәдени салт-дәстүрлерінің қалыптасуына ықпал етті.
4.
Ұлы Жібек жолы ежелгі Қазақстан жерімен де өткен. Ең негізгі сауда жолы Тянь-Шань
тауынын етегімен, Сырдария, Талас, Шу, Іле аңғарлары арқылы Қытайға ұласқан. Жолдың
ендігі бір бөлігі Яксарт, Сейхун деп аталған Сырдария, Орал (Жайық) өзендерін жағалай ары
қарай Қаратеңіз маңы, Византия мен Батыс Еуропа жерлеріне дейін созылып жатыр. Негізі
күре тамырдан Орталық Қазақстан далаларына, Сарыарқа мен Ертіске, Алтай мен Моңғолияға
қарай жолдар өткен. Осындай жолдардың бойында Испиджап, Отырар, Түркістан, Тараз,
Сауран, Саудакент сияқты ірі қалалар болған. Бұл қалалардың өркендеуіне ұлы Жібек
жолының тигізген әсері зор.
5.
Жібек жолындағы тарихи қала - Йасы, ол кейіннен Түркістан атанған. Ол да сол
кездердегідей негізінен саз балшықтан құйылған кірпіштермен тұрғызылған. Қала
орталығында биік күмбезді цитаделі болған, Қожа Ахмет Йассауидің кесене-ғимараты - бүкіл
Орта Азиядағы сәулет өнерінің керемет үлгісі. Йасы қаласы XII ғасырда аса дәуірлеген:
қолөнері мен ауыл шаруашылығы қатар дамыған.