3 – Мәтін
Е)
240
Бақытсыз бай
Ертеі бір бай өмір сүрді. Оның тусқаны да, баласы да – жинаған мал – мүлкі мен ақшасы еді.
Соларды баладай мәпелеп күтетін. Бір күні ол жылқышысының көңілді күлкісін естіп, оның
үйін айналшықтап тың тыңдады. Бірақ мардымды ештеңе ести алмады. Ол ертесіне жалшыны
түннің ортасына дейін босатпай әбден жұмысқа салды. Бірақ кешегі күлкі тағы қайталанды.
Дегбірі қашып шыдамсызданған бай енді: «Мынау менің қазынамнан ұрлап жүр, сол үшін үйіне
барып мәз болып жатыр», - деген аман ойға кетті. Ол жалшысының есігін бір теуіп кіріп барды.
Сөйтсе, жалшысы екі баласын арқасына мінгізіп алып, өзі ат болып ойнап жүр екен.
-Ақымақ, бүгін қиралаңдап дұрыс жұмыс істемедің! Түнімен балаларыңды ойнатамын деп
шаршайды екенсің ғой! – деп ақырды.
-Қожайын, осы екі балапанымды көргенде шаршау, уайым дегенді ұмытып, тыңайып, сергіп
қаламын, - деп байыпты қалпынан жазбай жауап берді жалшысы.
-Нағыз ақымақ екен! – деп, үйден атып шыққан бай енді: «Мен кеш кіріп қалдым ба екен, ол
ұрлаған ақшасын тығып үлгерді де, маған сыр бермей отыр сұмпайы», - деп күдігінен арыла
алмай – ақ қойды.
Екінші күні жалшы таң атқанша жұмыс істейді. Бірақ ол еш реніш білдірмей үйіне қайтады.
Бай соңынан бұқпантайлап барып тағы тың тыңдады. Құлағына шықырлаған ақша мен
сылдырлаған күміс теңгені жалшысы санап жатқандай естіліп кетті. Ол тағы да есікті бір теуіп
кіріп барды. Екі баласын екі жағына алып рахаттанып ұйықтап жатқан жалшысын көргенде не
істерін білмей қалды. Үн – түнсіз үйден шығып кетті. Сонда да күдігі сейілер емес.
Ертесіне жалшысының көңілді, сергек қалпы байға өзін мазақ қылып тұрғандай көрінді. Бай
ақыры:
-Менің қазынамнан біраз қаражат жоғалды. Соны сен алдың. Себебі сен үнемі көңілді жүресің,
тыққан ақшаң болған соң көңілің тоқ боп жүр, - деді
Сонда жалшысы:
-Қожайын, жағдайың сорлы құлдан да жаман –ау. Күнде кешке үйімді торуылдайсың. Менің
байлығым – екі балам мен жан жарым және денсаулығым мен қара күшім. Құланиектеніп таң
атқаннан кеш батқанша тәңірімнен осы байлығымнан айыра көрме деп тілеймін. Сондықтан
мен бақыттымын, көңілдімін, - деп жауап берді.
Не дерін білмеген бай үн – түнсіз қалды. «Япырмай, шынында да мына қара құл бақытты.
Мен сияқты қызығатын байлығы да жоқ. Байлық маған бақытсыздық үшін біткен бе? Басым
ауырып кетті».
Осы күні жалшы үйіне ерте қайтты. Оның сыртынан қарап тұрған бай алдынан жүгіріп
шыққан екі баласына қызыға қарап қалды...
7.
Байдың бақытсыздығының себебі
A) Байлығының молдығы
B) Кедейдің тілегі
8.
Байға күдік тудырған нәрсе
A) Кедейдің сөзі
B) Көңілді күлкі
9.
Байдың бойындағы қасиет
A) Адалдық
B) Еңбекқорлық
10.
Жалшының бақыты
A) жұмысы
B) ақшасы
11.
Әңгіменің түйіні
C) Отбасының жоқтығы
D) Жинаған мүлкі
C) Шықырлаған ақша
D) Кедей балалары
C) Мақтаншақтық
D) Қызғаншақтық
C) байлығы
D) қазынасы
Е) Кедейдің еңбегі
Е) Сылдырлаған күміс
Е) Тәкаппарлық
Е) балалары
A) Жаңа бай мақтаншақ келер
B) Қайырсыз байдан қайнатқан су артық
C) Бай байға құяды, сай сайға құяды
12.
Кедейдің тілегі
D) Балалы үй - базар
Е) Байға құл болғанша, байғұсқа ұл бол
241
A) Бар байлығымнан айырма
B) Мол байлыққа жолықтыр
C) Өміріме жеңілдік бер
D) Байдың құлдығынан құтқар
Е) Жақсы жұмыс бер
4-мәтін
1. Бабаларымыз төрт түлікке ерекше көңіл бөлген. Қайда болмасын, бірін – бірі танысын –
танымасын, кездесе қалған жағдайда қазақ «мал-жан аман ба?» деп амандық – саулық
сұрасқан. Төрт түлік малдың ішіндегі ең қасиеттісі түйе болып есептелген. Ол қырық күн шөлге
шыдамды, жүк артса – көлік, жесе –ет, ал жүні киімге жараған. Қазақтар түйенің жүнінен түйе
жүн шекпендер киген, ол жеңіл әрі жұмсақ сырт киім болған. Түйе өзінің өсу жолында бота,
тайлақ, буыршын, буырлыш, науша, бұзбаша, інген, атан, бура деп аталады.
2. Қазақтың қасиетті малдарының бірі – жылқы. Оны құлын, жабағы, тай, құнан, байтал, дөнен,
бесті, бие, ат, сәурік (сүйрік), айғыр деп, қасиеттеріне қарай жорға, сужорға, жүйрік, тұлпар,
қазанат, сәйгүлік, дүлділ арғымақ деп атаған. Жылқы малын аса жоғары бағалаған қазақтар
оны үлкен ас – тойларда жарысқа салып, бас бәйгесіне мол дүние беретін болған. Мысалы, аяң
жүріс, жорға жүріс, жортақ жүріс, бүлкек желіс, бөкен желіс, шоқыта жүрі, шабыс. Оның түсі де
әртүрлі теңеулермен сипатталған: торы, күрең, жирен, ақбоз, боз, көк, шұбар т.б.
3. Сиыр малы момақан, қазақтар үшін көбінесе тамаққа жараған, ет, сүт, айран, қаймақ, май,
құрт, ірімшік т.б. осы сиырдың берген берекесі болған. Сиырды кейде көшке де, егіске де
пйдаланып отрыған. Жалпы, қазақтар сиырды киімге жаратпаған, қонаққа сыйға тартпаған,
тіпті түске кірсе де ауыртпалық деп жорыған, тіпті қазақта ебедейсіз, икемсіз әрі денелі
адамды «сиырдай» деп, сөйлемейтін адамды «аузын буған өгіздей», «мыңқиған бұзау сияқты»
деп мазақтайтын тіркестер қорданылады. Сиыры жоқ үй ас ауқаты жұтаң үй болып есептелген.
Сиырды жасына қарай: бұзау, торпақ, тана, тайынша, қашар, құнажын, дөнежін, сиыр, өгіз, бұқа
деп атаған. Түйе мен жылқыны, өгізді көлік ретінде пайдаланады, шанаға, арбаға, малға жегеді,
салт та мінеді.
4. Қой – төрт түлік малдың ішіндегі қазақтың ең сүйіктісі десе де болады. «Қойдың сүті –
қорғасын, қойды құртқан оңбасын» дейтін қазақтың қой өсіруге ынта – ықыласы мол – ақ.
Ешкі де қазақтар үшін өсімтал малдың бірі болғандықтан қадірлі. Ешкінің еті жеңіл әрі сінімді,
сүті аса құнарлы болады. Ешкінің бүкіл отарды бастап, жайылымға апарып, әкелетін өзіндік
ерекшелігі бар. Дегенмен ешкіні қонаққа соймайды. Ешкіні жасына қарай: лақ, туша, бөрте,
шыбыш, серке деп бөледі.
5. Ырымшыл қазақтар өзі қадірлейтін төрт түлік малдың басын басқаға бермеген, онда мал
көбеймей қалады деп есептеген. Еңбекқор қазақ халқы мал өнімдерін өте орынды пайдаланып
отырған. Шаруашылықта қолданылатын заттар – жылқының жалынан, құйрығынан
жасалатын арқан, сиыр мүйізінен жасалатын тарақ, қой жүнінен жасалатын киіз, текемет,
тоқылған сырт киім, түйе жүнінен тоқылған шекпен т.б. аса жоғары бағаланған. Тіпті, түйенің
шудасын да қайнатып, емге пайдаланған. Мал осындай аса құнды болғандықтан, қазақтар өз
перзенттерін де «құлыным, қозым, қошақаным, ботам» деп, айналып – толғанып, еркелетіп
отырған.
13. Сыйлы қонаққа сойылмайтын түлікке қатысты мақал.
A) Ат – биеден, аруана - түйеден
B) Есі кеткен ешкі жинар
C) Тайлы бие тайлақты түйедей
14. Мәтін мазмұнының реттілігі
D) Сиырдың сүті тілінде
Е) Түйесі жоқ ауылға тайлақ атан көрінер
1. Төрт түліктің ішіндегі ең сүйіктісі 2. Сыйдың ең қадірлісі 3.Үндемейтін адамға қатысты
теңеу 4. Амандасу әдебі. 5. Төрт түлікке қатысты халық ырымы
A) 4.2.5.3.1
B) 1.2.5.4.3
C) 1.2.3.5.4
D) 4.5.3.2.1
Е) 4.2.3.1.5
15. Епсіз, икемсіз адамға теңейтін түлік
A) Жылқы
B) Түйе
C) Ешкі
D) Қой
Е) Сиыр
242
16. Төрт түлікке қатысты ырымдар мәтіннің қай бөлігінде көрінеді?
A) Үшінші
B) Бесінші
17. Қойға қатысты сипаттама
C) Төртінші
D) Бірінші
Е) Екінші
A) Жасына қарай лақ, туша, бөрте, шабаш, серке деп бөлінеді
B) Жүрісіне, түсіне қарай атаулары болған
C) Кейде көшке де, егіске де пайдаланылып отырған
D) Төрт түлік малдың ішіндегі ең қасиеттісі, шыдамдысы
Е) Өзі майда, өсімтал, момақан, тез ет алып, қонақ кәдеге жарап отырған
18. Бабаларымыздың төрт түлікке көңіл бөлу себебі
A) Малдың төлін балалар жақсы көргендіктен
B) Ауырғанда ем болар шипаның көзі болған
C) Байлығын, мансабын көрсететін дүниесі
D) Ас – ауқаты, әрі киімі, әрі көлігі болған
Е) Оқу, білім алудың бірден –бір көзі болған
19. Төрт түліктің ішінде түсіне қарай сипатталатыны
A) Жылқы
B) Қой
C) Түйе
D) Сиыр
Е) Ешкі
20. Неліктен ешкінің серкесін әрдайым қойдың отарына қосып отырған?
A) Серке қазақтар үшін өсімтал малдың бірі болғандықтан
B) Серке қазақтың қасиетті малдарының бірі болған
C) Серке төрт түлік малдың ішіндегі ең шыдамдысы болған
D) Отарды бастап, жайылымға апарып, әкелетін қасиеті болғандықтан
Е) Ешкінің еті жеңіл әрі сіңімді, сүті аса құнарла болғандықтан
Достарыңызбен бөлісу: |