I. Қыс өтіп, күлімдеп көктем, жарқырап жаз келгенде, шұрқырап жатқан қалың жылқы



Pdf көрінісі
бет284/367
Дата17.10.2022
өлшемі4,57 Mb.
#43719
1   ...   280   281   282   283   284   285   286   287   ...   367
3- 
мәтін 
 
Музыка аспаптарында орындалатын шығармаларды аспаптық музыка деп атайды. Қазақтың 
домбыра, қобыз, сыбызғы, шертер сияқты ұлттық музыкалық аспаптарында орындалатын 
әуен күй деп аталады. Бізге жеткен ең көне күйлер - күй атасы Қорқыттың шығармалары. Күй - 
бағдарлы мазмұны бар, көркемдігі жоғары аспаптық жанр. Онда табиғат құбылыстары 
(«Алатау», «Саржайлау», «Көбік шашқан»), тарихи оқиғалар («Ел айырылған», «Жеңіс»), халық 
мерекелері («Тойбастар», «Балбырауын»), жан-жануарлар («Аққу», «Қоңыр қаз», «Көкала ат»), 
аңыз-ертегілер («Мұңлық-Зарлық», «Қос мүйізді Ескендір»), жеке адамдар («Байжұма», 
«Абыл»), адам сезімдері («Қуаныш», «Сағыныш») және т.б. түрлі оқиғалар мен құбылыстар 
суреттеледі. Күйлер тақырыбы мен мазмұнына қарай аңыз-күйлер, тартыс күйлер, тарихи 
күйлер, арнау күйлер, лирикалық күйлер, психологиялық күйлер болып жіктеледі. 
Қазақтың аспаптық музыкасы XVIII ғасырдың соңында жоғары деңгейге көтерілді. Бұл кезде 
Байжұма, Баламайсан, Есжан, Байжігіт, Ұзақ, Боғда, Махамбет сияқты күйшілердің атағы 
халыққа кеңінен мәлім болды. XIX ғасырда ежелгі күйшілік өнердің одан әрі өрістеп дамуына 
Құрманғазы, Дәулеткерей, Тәттімбет, Тоқа, Абыл, Есір, Ықылас, Байсерке, Қазанғап, Сейтек, 
Дина, Сүгір сияқты күйшілік өнердегі ірі тұлғалар елеулі үлес қосты. 
Домбыра күйлері орындалу мәндері мен құрылымдылық ерекшеліктеріне қарай төкпе және 
шертпе деп аталатын екі үлкен түрге бөлінеді. Төкпе күйлер ұрақты екпін мен өлшемде 
орындалады. Ал шертпе күйлер көбінесе жалғыз дауысты болып орындалады. 
Ежелгі түркі тектес халықтарда қобыз күйлері жыраулар өнерінен бастау алады. Бұл өнерді 
дамытуға Кетбұға, Кербала, Айрауық, Көккесене, Ықылас және Жаппас Қаламбаев, Дәулет 
Мықтыбаев сынды ұлы күйшілер зор үлес қосқан. 
7. 
XVIII ғасырда халыққа кеңінен мәлім болған күйшілер 
А) Тәттімбет, Баламайсан В) Ықылас, Айрауық С) Есжан, Байжігіт 
Д) Махамбет, Даулеткерей Е) Қазанғап, Дина 
8. 
Мәтін мазмұнының реттілігі 
1. 
Домбыра күйлерінің құрылымдық ерекшеліктері 
2. 
Күйлердің тақырыптары 
3. 
Күйдің өрістеп дамуы 
4. 
Күйдің жоғары деңгейге көтерілу кезі 
5. 
Күй - аспаптық жанр 
А) 1,5,2,4,3 В) 3,1,5,2,4 С) 4,3,1,5,2 D) 5,2,4,3,1 Е) 2,4,3,1,5 
9. 
Шертпе күйлері қалай орындалады? 
A) 
Жалғыз дауысты болып, қолдың тұтас сілтенуімен 
B) 
Тұрақты екпінмен, саусақтың ұшымен 
C) 
Тұрақты екпінмен, қолдың білегімен 
D) 
Жалғыз дауысты болып, саусақтың ұшымен 
E) 
Тұрақты екпінмен, қолдың тұтас сілтенуімен 
10. 
Қорқыт пен Кербала өнеріне ортақ нұсқа 
А) Қобыз күйі В) Орындау мәнері С) Шертпе күй D) Дауыс ырғағы 
Е) Домбыра әуені 
11. 
Күйлердің тақырыбы мен мазмұнына қарай дұрыс жіктелуі 
A) 
Арнау күйлер, лирикалық күйлер B)Тарихи күйлер, эпостық күйлер 


261 
C) Тартыс күйлер, саяси күйлер D) Психологиялық, батырлық күйлер 
E) Арнау күйлер, әлеуметтік күйлер 
12. 
Ең көне музыкалық шығармаларды жеткізген аспап 
А) Дауылпаз В) Сырнай С) Қобыз D) Жетіген Е) Домбыра 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   280   281   282   283   284   285   286   287   ...   367




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет