Ы жалпы орта білім беретін мектептен ал



бет4/5
Дата13.02.2023
өлшемі1,19 Mb.
#67456
1   2   3   4   5
Қанша балық
Бір аю әр күні алдыңғы жеген күніндегіден 6 балық артық жей отырып 5 күн ішінде 100 балық жейді. Аю бірінші күні қанша балық жеген?
Жауабы Х+(Х+6)+(Х+12)+(Х+18)+(Х+24)=100
5Х=40, Х=8 балық. 
- See more at: http://www.balalaralemi.kz/zhumbaktar/view/52#sthash.LsiPWA8w.dpuf

Қандай түс
3 адамға екеуі қызыл, екеуі қара түсті болған 4 баскиімнен кездейсоқ үшеуін кигізеді. Баскиім киген кісілер өздерінің басындағы бас киімнің түсін көре алмайды. Алдындағы екі адамдікін көреді. Әркім өздерінің басындағы баскиімнің түсін табуы керек және бір рет қана айту мүмкіншіліктері бар. Басындағы баскиімнің түсін қалай таба алады?
Жауабы Алдындағы екеуі бірдей түсті баскиім кигенін көрген адам өзінің басындағының басқа түс екенін түсініп айтады. Онан соң қалған екеуі де өзінің баскиімінің қай түс екенін біледі. - See more at: http://www.balalaralemi.kz/zhumbaktar/view/52#sthash.LsiPWA8w.dpuf

Үш лампа
Бір бөлмеде 3 лампа бар, ал бұлардың қосқышы (включатель) басқа бөлмеде. Лампалардың барлығы сөнік тұр. Лампалар тұрған бөлмеге бір рет қана баруға болады. Қай қосқыш қай лампаға тиесілі екенін бір рет қана барып келіп қалай анықтауға болады?
Жауабы Әуелі бір қосқышты басып, 5 минуттай күткеннен соң оны сөндіріп басқа қосқышты басамыз. Бөлмеге келгенде сөніп тұрған бірақ ыстық лампа әуелгі қосып өшірген бірінші қосқышқа тиесілі. Жанып тұрған лампа екінші қосқышқа, ал сөніп суық болып тұрған лампа еш тимеген үшінші қосқышқа тиесілі. - See more at: http://www.balalaralemi.kz/zhumbaktar/view/52#sthash.LsiPWA8w.dpuf

Айдостың есебі
Айдос 5 дүкенге кіріп, қалтасындағы бүкіл ақшасын жұмсайды. Әр дүкенде, сол дүкенге кірер кездегі ақшасының жартысынан 1 теңге артығын жұмсайды. айдостың үйінен шығар кезде қалтасында қанша теңге бар еді?
Жауабы Айдос соңғы дүкеннен шыққанында ақшасы мүлдем қалмағанына қарағанда, сол дүкенге кірерде жартысы 1 теңге болатын ақшасы бар деген сөз. Яғни екі теңгесі қалған еді. Мұнан алдыңғы дүкендерге кеткен ақшаны есептеу үшін бұл ақшаларға 1 теңге қосып, 2 ге көбейтсек, Айдостың әр дүкенге кірер кезде қалтасында қанша ақша болғанын табамыз.
4- дүкенде: 2 (2+1)= 6 теңге
3- дүкенде: 2 (6+1)= 14 теңге
2- дүкенде: 2 (14+1)= 30 теңге
1- дүкенде: 2 (30+1)= 62 теңге
- See more at: http://www.balalaralemi.kz/zhumbaktar/view/52#sthash.LsiPWA8w.dpuf

Төрт бұрыштан 1 бұрышын алып (қиып) тастасақ неше бұрыш қалады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет