I кіріспе бөлім II әдебиетке шолу


Мал шаруашылығында диспансеризация жүргізу



бет4/12
Дата07.01.2022
өлшемі77,54 Kb.
#18779
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12
2.2 Мал шаруашылығында диспансеризация жүргізу

Диспансеризация — дегеніміз мал шарушылығындағы әртүрлі аулардыды

болдырмауға, олардың шаруашылықтық-тиімді сапасы мен сыртқы ортаның қолайсыз жағдайларына тұрақтылығына бағытталған шаралар жиынтығы. Мал шаруашылығында диспансеризацианың алдына қойылатын мақсат – ол малдардың анемиялық және гиповитаминдік жағдайын, зат алмасуының бұзылуын, созылмалы індетті ауруларға емдік және алдын алу шараларын өткізіп, денсаулығын қалпына келтіруді қамтамасыз ету.

Кешенді түрде өткізілетін шаралардың ішінде ерекше көңілді

аударылатын жай – ол азық цехі, онда қолданылатын азықтың сапасы мен азық қоспасының әзірлеу технологиясы. Етті балықты азықтар тек ветеринариялық сараптаудан кейңн ғана рационға енгізіледі. Шартты түрде жарамды азықтар, қой басы және шошқа еті термикалық өңдеуден кейін ғана қолданылады.

Дайындалып араластырылған азық қоспасына витаминдер, балық майы және микроэлементтер барлық азық көлеміне біркелкі бөлінуі қажет.

Диспанцеризацияны ветеринариялық мамандар жіргізеді күзде малды қолда қорада ұстаған кезде, және көктеде жайылымға шығар алдында. Онда диагностикалық, профилактикалық және емдеп-сауықтыру шаралары жүргізіледі.

Диагностиқалық шаралар олар : малды шаруашылықта қолдану анализі(өнімділігі, тұқымы, жасы, қонымдылығы т.б.), азықтандыру (типі, деңгейі,санитарлық және азықтың өнімділік сапасы, рацион құрылымы, азықтандыру режимі, т.б.), күтім жаңдайы (мал тұратын орынның тиі. Сырт бейнесі.Микроклиматы, моцион – серуен сипаты т.б.). Клинико – физиологиялық зерттеулер мал басының бәрін қамтиды, табын синдроматикасын зертегенде (сүт өнімінің деңгейін, жасы үлкен малдардың тірі массасының бірқалыптылығы мен туылған өнімін, акушерлік-гинекологиялық ауруларын, табындағы аналық бастардың бедеулігін, жаңа туған малдардың ауруларын, ақырғы үш жылда браққа шыққын малдардың себебін анықтайды т.б.). Сиырларды, құнажындарды, бұқаларды клиникалық зерттеуден өткізгенде олардың жалпы жағдайына көңіл аударады: мінез құлқына, салмағына, қоңдылыңына және тері жабынына, тұяқтары мен сүйектерінің деменерилизация болу мүмкіндігіне көңіл аударылады. Қажеттілік туындайтын болса организм жүйелері мен мүшелеріне толық зеттеуден өткізеді Өткен мерзімдегі өлім жітімге анализ жүргізеді. Індетті созылмалы аурулар диагностикасын (туберкулез, бруцеелез) және иинвазиялық (токсаскаридоз, дифилло-ботриоз, токсоплазмоз т.б.) ауруларын жайсыз шаруашылықтарда тазарту мен табынды аурудан сауықтандыру, жоспарлы түрде жасалған шараларға сәйкес өткізіледі.

Жануарлардың зат алмасуының субклиникалық өзгерістерінде қан, несеп,нәжіс, сүт сынамалын алып жерттейді. Клиникалық белгілері айқын байқалатын организмің зат алмасуының бұзылуында, бедеулікте малдарды ерекше есепке алып бағадыда, нақтылы клиникалық, лабораториялық зерттеулерден өткізіп, ем тағайындады. Қанындағы белок, каротин, қальций фосфор тұздары, сілтілік резервтілікке, кетонды денелерге ж.т.б. зерттеледі. Сүтте қышқылдық және кетон денелеріне анықтайды. Несеп сынамасын инструкцияда қаралған көрсеткіштерге тексереді.

Ферментті және иммунды тесттерде өзіне тән қатаңдық байқалмайды,көптеген патологиялық жағдайларда қалпы өзгеріп тұрады — инфекциялық, инвазиялық және жұқпалы емес ауруларда белсенділіктің жоғарғы немесе төменгі фонын ұстап тұрадыда, оң нәтиже беретін тиімділікті байқатып дамып келе жатқан сәтсіздкті білдіреді. Малдардың витаминаминдермен қамтамасыз екендіктерін олардың жиналатын – деполы мүшелерінен білуге болады (жиі бауырда).

Лабораториялық анализ жұргізу үшін мал ішінен таңдап (әрбір түліктің ішінде, кем дегенде алтауынан түрі түсіне байланысты) қан алынады. Тексеру кезінде малдар ауырсынатын болса, онда тексеріс алдында новокаин блокадасын қолдануға болады.

Оранизм жағдайының информативтік ең негізгі көрсеткіші болып ферменттер — лактатдегидрогеназа (ЛДГ), аспартатаминотрансфераза (АСАТ), сілтілі фосфатаза (ЩФ), табиғи факторлардың гуморальды резистенттілігі —компонент, лизоцим, бетализиндер, қан белоктары, ағын қандағы гемоглобин мен эритроцит саны қағаздағы электрофорез әдісі арқылы анықталады.

Клиникалық – лабораториялық зерттеулер бүкіл табындағы малдардың зат алмасуының бұзылуы сипатталатын синдромы, себептері, олардан айығуы айқындалады. Лабораториялық анализдер мен клиникалық зертеулердің нәтижелерін, қалыпты физиологиялық көрсеткіштер салыстырады. Ол табындағы малдардың қаншасының биохимиялық көрсеткіштерінің өзгеруі мен зат алмасуының бұзылу дәрежесін анықтайды. Егер лабораториялық зерттеулер мен мал ауларының анализдерінің көптеген көрсеткіштерін салыстырғанда өзгерістерін анықтау қиынырақ және көбірек болса, онда статистикалық анықтау әдістері арқылы байланысын немесе корреляциясын қолданады.

Байланыстарды табу үшін корреляция коэффициентін формула - өрнек арқылы анықтайды: ad – bc

Р = -------

Ad +bc


Онда р - корреляция коэффициенті; а. b, c, d берілген анализдерге

сай көрсеткіштері.

Мысалы шаруашылықта 200 сиыр зерттелсе, оның 120 –сының қанында коротинының құрамы қалыптан төмен болса (сәтсіз топ болып табылса). Осы топтан туған 120 бұзаудың 80-ні диспепсия мен ауырды. Ал 80 сиырдың қанында каротині қалыпты, 10 бұзау ғана диспепсиямен ауырды.

Осы мысалда берілген көрсеткіштер кесте түрінде көрсетілген

|каротин бойынша |мал саны |ауырған бұзау саны|ауырмаған бұзау |

|зат алмасудың | | |сан |

|жағдайы | | | |

|Бұзылғаны |120 |80 а |40 b |

|Қалпы | 80 |10 с |70 d |

80 х 70 - 40 х 10

Р = --------------------- =

0,87.


80 х 70 + 40 +10

Биологиядағы математикалық статистика ережесіне сай, ең мықты корреляция коэффициентінің байланысы 0,7 - 1.0 тең болса. орташасы 0,3-

0,7 тең, ал әлсізі 0,3 төмен болып саналады. 0,87 корреляция коэффициенті сиырлардың қанындағы каротин көрсеткіші мен диспепсияға шалдыққан бұзаулардың байланысы мықты екенін көрсетеді. Сондықтан, бұзаулардың ауруын алдын алуда, сиырлардың рационындағы қаротинды теңдестіру мен, ауырған бұзауларды емдеу үшін витамин А концентратын қолдану керек. Диспансеризация нәтижелі болу үшін нақтылы шара қолдану қажет. Мал шарушылығының жетіспеушіліктерін жоюда, азық базасын нығайту, азықты рационалды түрде колдану, шаруашылықта технологиялық үрдістерді жетілдіру, малды күтіп бағуда зоогигиеналық және ветеринариялық – санитарлық жағдайларын кемелдендіру керек.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет