І. Кіріспе І. Білім берудің мәні, қоғамдық маңызы


Білім беру жүйесінің құқықтық қамтамасыз етілуі



бет5/10
Дата25.01.2023
өлшемі369 Kb.
#62962
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
2.1 Білім беру жүйесінің құқықтық қамтамасыз етілуі
Қоғамдық өмірдің кез келген басқа салалары секілді білім беру жүйесі де белгілі бір құқықтық нормалар арқылы іске асады. Білім беру жүйесін халықаралық құқықты адам құықтарының негізгісі ретінде тануы оның көптеген халықаралық құжаттарда көрініс табуынан білінеді.
Экономикалық, әлеуметтік және мәдени құқықтар туралы халықаралық Пакттің (3 қаңтар 1976 жыл) 13-бабында:
1. Осы пактке қатысушы – мемлекеттер әр адамның білім алу құқығын мойындайды. Олар білім – адамның толық кемелденуіне және өзінің қадір қасиетін сезінуіне бағытталып, адам құқықтары мен негізгі бостандықтарына деген құрметті нығайтуы тиіс екендігімен келіседі. Сонымен қатар білім барлық жұртқа еркін қоғамның пайдалы мүшесі болуына мүмкіндік туғызып, барлық ұлттар мен нәсілдік, этникалық және діни топтар арасында өзара түсіністік, шыдамдылық пен достыққа ықпал етіп, БҰҰ-ның бейбітшілікті қолдау жолындағы жұмысына дем беру керек екендігін құптайды.

  1. Осы пактке қатысушы – мемлекеттер осы құқықты толық жүзеге асыру үшін:

а) бастауыш білім баршаға бірдей міндетті және тегін болуы тиіс екендігін;
в) кәсіптік-техникалық орта біліммен қоса орта білім, қай үлгіде болмасын, керекті шаралар, ішінара, бірте-берте тегін білім беру жүйесін енгізу шараларын қолдану арқылы ашық және көпшіліктің қолы жетерліктей болуы тиіс екендігін;
с) жоғары білім әркімнің қабілетіне қарай барлық керекті шаралар, ішінара, бірте-берте тегін білім беру жүйесін енгізу шараларын қолдану арқылы ашық және көпшіліктің қолы жетерліктей болуы тиіс екендігін;
д) қарапайым білім көтермеленіп, бастауыш білім алмаған немесе бастауыш білімнің толық курсын аяқтамағандар үшін, үдетіліп оқыту керек екендігін;
е) барлық сатыдағы мектеп жүйелерін белсенді түрде ұлғайтып, қанағаттанарлықтай степендия жүйесін тағайындап, білім беру жүйесі саласындағы қызметкерлердің материалдық жағдайын үнемі жақсартып отыру керек екендігін мойындайды.
3. Осы пактке қатысушы – мемлекеттер ата-аналардың, керек болған жағдайда қамқоршылардың балаларын оқыту үшін мемлекет билігі құрған мектептер мен қатар мемлекет белгілеуі немесе бекітуі мүмкін білім беру талаптарына сәйкес білім бере алатын басқа да мектептерді таңдап, балаларына өздерінің наным-сенімдеріне сай діни және имандылық тәрбие беру еркіндігін құрметтеуге міндеттенеді.
Сонымен қатар адам құқықтарының жалпыға ортақ Декларациясында да білім берудің адам құқықтарының бірі екендігі баяндалады, ал Қазақстан Республикасының білім беру жүйесі өз кезегінде біршама нормативтік құжаттар арқылы реттеледі. Өндірістік емес салалардың оның ішінде білім саласының құқықтық негіздері жоспарлы экономиканың рынокқа өту жағдайындағыдай мәні болмады.
Білім беру жүйесінің құқықтық негізі келесі құжаттармен анықталады:

  • Қазақстан Республикасының Конституциясы;

  • “Білім туралы” Қазақстан Республикасының Заңы;

  • Қазақстан Республикасының Азаматтық Кодексі;

  • Және т.б. құқықтық немесе нормативтік актілер.

Қазақстан Республикасының 30-тамыз 1995 жылғы Конституциясымен білім беру жүйесінің мемлекеттік саясатының жалпы қағидалары анықталды. Жеке айтқанда, Конституцияның 30 – бабында:
1. Азаматтардың мемлекеттік оқу орындарында тегін орта білім алуына кепілдік беріледі.Орта білім алу міндетті.
2. Азаматтың мемлекеттік жоғары оұу орнында конкурстық негізде тегін жоғары білім алуға құқығы бар.
3. Жекеменшік оқу орындарында ақылы білім алу заңмен белгіленген негіздер мен тәртіп бойынша жүзеге асырылады.
4. Мемлекет білім берудің жалпыға міндетті стандарттарын белгілейді. Кез келген оқу орнының қызметі осы стандарттарға сай келуі керек.
5. Азаматтардың мемлекеттік оқу орындарында тегін орта білім алуына кепілдік беріледі.Орта білім алу міндетті.
6. Азаматтың мемлекеттік жоғары оұу орнында конкурстық негізде тегін жоғары білім алуға құқығы бар.
7. Жекеменшік оқу орындарында ақылы білім алу заңмен белгіленген негіздер мен тәртіп бойынша жүзеге асырылады.
8. Мемлекет білім берудің жалпыға міндетті стандарттарын белгілейді. Кез келген оқу орнының қызметі осы стандарттарға сай келуі керектігі баяндалады.
Мемлекеттік саясатты іске асыратын білім туралы заңды қабылдау білім беру жүйесінде құқықтық кеңістікті құрудағы маңызды қадам болып есептеледі. Заң көп өзгерістер мен толықтырулар енгізіліп, қайта жарық көргенімен талдау мен талқылау пәні болып қала бермек. 2007жылдың 10-шілдесінді Заң жаңа редакцияда жарық көріп қазір қолданыста. Бұл жаңа заңда анықталған шекте рыноктық өзгерістерге бейім, қоғамды демократизациялау қағидасын алға тартқан. Білім беру жүйесіндегі мемлекеттік саясаттың негізгі қағидалары:

  • баршаның сапалы білім алуға құқықтарының теңдігі;

  • білім беру жүйесін дамытудың басымдығы;

  • әрбір адамның зияткерлік дамуы, психикалық-физиологиялық және жеке ерекшеліктері ескеріле отырып, халықтың барлық деңгейдегі білімге қолжетімділігі;

  • білім берудің зайырлы, гуманистік және дамытушылық сипаты, азаматтық құндылықтардың, адам өмірі мен денсаулығының, жеке адамның еркін дамуының басымдығы;

  • адамның құқықтары мен бостандықтарын құрметтеу;

  • жеке адамның білімдарлығын ынталандыру және дарындылығын дамыту;

  • білім беру деңгейлерінің сабақтастығын қамтамасыз ететін білім беру процесінің үздіксіздігі;

  • оқыту мен тәрбиенің бірлігі;

  • білім беруді басқарудың демократиялық сипаты, білім беру жүйесі қызметінің ашықтығы;

  • білім беру ұйымдарының меншік нысандары, оқыту мен тәрбиенің нысандары, білім беру бағыттары бойынша алуан түрлі болуы.

Азаматтық қатынастарға түсетін ұйымдардың сондай-ақ білім беру жүйесінің негізгі талаптарын айқындайтын Қазақстан Республикасының тағы бір басты құжаты Азаматтық Кодексі. Ол – білім беру жүйесін тікелей реттемесе де, жүйедегі ұйымдардың қызметтерін айқындайтын салықтық реттеу, бухгалтерлік есеп және бюджеттік қаржыландыру құжаттары мен нормативтик құқықтық актілерде маңызды орын алады.

  • білім беру жүйесінің қызмет етуі заңмен анықталады және ол жүйені өзгерту де заңмен орындалады;

  • білім беру экономикасындағы нақты мәселесін шеше отырып, оның басқа да заңдық құқықтық базаларымен арақатынысын тікелей реттемесе де айқындау;

  • білім беру жүйесіне өзгерістер ендіру халақаралық тәжірибиені ескеріп барып қана жасалады.

Жалпы білім беру саласын құқықтық реттеу түрлі реформалардың бастауы болады. Ал білім беруді реформалаудың негізгі себептері:

  • Елдің дамуының әлеуметтік-экономикалық қажеттіліктері;

  • ҒТР-ді дамытудың қажеттілігі, үнемі жаңа, аса күрделі технологияның пайда болуы;

  • Халықаралық бәсекелестік;

  • XXIғ-дың басындағы дүниежүзілік және отандық ғылым мен практикадағы өзгерістер туралы болжамдар;

  • Басқа елдердің білім берудегі тәжірибиелері, саластырмалы педогогикалық зерттеулердің нәтижелері;

  • Дүниежүзілік қауымдастықтың нығаю тенденциясы, халықаралық байланыстардың дамуы және нығаюы;

  • Білім беру жүйесіндегі кемшіліктер, көпшіліктің наразылығы.

Білім беру жүйесін реформалаудың мақсаттары мен міндеттері:

  • Эволюциялық реформалау (ЮНЕСКО-ның жүйелеуі бойынша реформалаудың бірінші түрі, онда білім беру жүйесінің жекелеген жақтары жетілдіреді және жаңартылады);

  • Революциялық реформалау (реформалаудың екінші түрі, онда білім беру жүйесінің өзіне елеулі өзгерістер енгізіледі);

  • Стратегиялық міндеттер (негізгі, ерекше, елеулі және келешекке арналған. Ол білім беру жүйесін реформалаудың ұзақ уақытқа бағытталған міндететрі);

  • Тактикалық міндеттер (білім беру жүйесін реформалаудың таяу уақытқа арналған міндеттері, оны шепей стратегиялық міндеттерді жүйеге асыру мүмкін емес);

  • Интернационалдандыру (басқа ұлтқа, халыққа, олардың әдет-ғұрпына, дәстүрлері мен мәдениеттеріне құрметпен қарауға тәрбиелеу, щетел тілдеріноқуға ерекше көңіл бөлу);

  • Демократияландыру (жастарды толық орта және жоғары білімді алуға қамтуды кеңейту, білім беру сатыларының қатаң сабақтастығын сақтау, оқудың тығырыққа тірелген бағыттарын жою, барлық оқу орындарында оқыту сапасын жақсарту, білім берудің мазмұнын өмірмен тығыз байланыстыру, оқушыларды жоғары азаматтық және эстетикалық мұратта тәрбиелеу).

Білім беру жүйесінің реформалаудағы бағыттар:

  • Білім берудің мазмұны, оқу жоспары, оқу бағдарламалары, оқулықтар;

  • Білім берудің құрылымы;

  • Білім берудің сапасы;

  • Жеке тұлғаны тәрбиелеу және дамыту;

  • Педогогикалық білім беру.

Жалпы, білім беру жүйесінің құқықтық қамтамасыз етілуі “Білім” туралы Заңның негізінде жатыр. Заң білім беру саласындағы қоғамдық қатынастырды реттейді, осы аядағы мемлекеттік саясаттың негізгі принциптерін белгілейді және Қазақстан Республикасы азаматтарының білім алуға конституциялық құқығын қамтамасыз етеді.

Әлеуметтану білімінің құрылымы – қоғамдық құбылыстар мен процестер жөніндегі ақпараттардың және ғылыми түсініктер мен ұғымдардың жәй ғана жиынтығы емес. Бұл – ең алдымен әлеуметтік жүйеде пәрменді міндеттерін атқаратын және дамитын қоғам жөніндегі білімнің белгілі бір тәртіпке келтірілуі. Бұл құрылым - әлеуметтік түрлі деңгейдегі процестер, жеке адамдар, әлеуметтік топтар немесе тұтас қоғам жөніндегі өзара байланысқан түсініктер, ұғымдар, көзқарастар, теориялар жүйесі.


Әлеуметтанулық түсініктер мен ғылыми білім, әсіресе оның құрылымы көп жағдайда бірнеше факторларға байланысты қалыптасады, соның ішінде әлеуметтану зерттейтін объектілер шеңбері, ғылыми нәтижелер мен қорытындылардың тереңдігі және ауқымдылығы ерекше болады.
Бастапқы алғышарт, негізінен алғанда, объектілерге байланысты қарастырылады, сондықтан зерттеуді қоғамды тұтас бір ауқымда қарастырудан бастау керек. Өйткені адам да, кез-келген әлеуметтік топтар да, әлеуметтік институттар мен ұйымдар да, материалдық және рухани мәдениет те, бір сөзбен айтқанда қоғамдағы дүниенің бәрі оның дамуының жемісі болып табылады және олардың өзіндік әлеуметтік табиғаты әрқилы. Тіптен жеке адамның азық-түлікке деген сұранысы немесе ұрпақ жалғастыру жөніндегі талап, ниеті таза табиғи қажеттілік – мұқтаждыққа жатпайды. Бұл – оның әлеуметтік мазмұны жағынан биоәлеуметтік қажеттілігі. Олардың биологиялық негіздері бар, алайда ол әлеуметтік формада көрінеді және материалдық өндірістің дамуы немесе отбасы деңгейіндегі әлеуметтік тәсілдермен қанағаттандырылады. Кез-келген әлеуметтік құбылысқа қоғамның элементі ретінде және жалпы сол қоғамның өзі арқылы қарау, оны дамушы және өмір сүруші әлеуметтік жүйенің бөлігі ретінде қарастыру – ғылыми әлеуметтанудың аса маңызды әдістерінің бірі.
Осы айтылғандарды саралайтын болсақ, қоғамға тұтас әлеуметтік организм ретінде қарау жөніндегі білім әлеуметтану ілімінің бастауы болып саналады. Бұл – қоғамдық қатынастар жүйесі, олардың мазмұны және өзара байланыс механизмі туралы білім. Табиғатты және қоғамдық қатынастардың мәнін түсіну қоғамда қалыптасқан әлеуметтік субъектілердің өзара әрекетінің мәнін терең пайымдауға мүмкіндік береді. Қоғам туралы білім – оның дамуының объективтік заңдарын, қоғам өмірінің негізгі салалары жөніндегі түсінікті және олардың әрекетін, материалдық, саяси және рухани мәдениеттің өзара ықпалы жөніндегі білімді өз бойына жинап, сіңірген.
Жекелеген қоғамдық өмір салаларының, соның ішінде экономикалық, әлеуметтік, саяси, рухани салалардың тіршілік етуі мен дамуы жөніндегі түсініктерді өзара байланысы әлеуметтану білім құрылымының екінші саласы болып саналады. Бұл жерде әлеуметтанушы экономисті, саясаттанушыны, құқықтанушыны немесе этикті, өнертанушыны алмастыра алмайды. Қоғамның белгілі бір өмір салаларында болып жатқан процестерге оның өз көзқарасы болуы тиіс. Ең алдымен қатар жастардың, жұмысшы табының, шаруалардың, интелегенцияның, қызметкерлердің, кәспкерлердің түрлі топтарының өмірлік қызметін және әлеуметтік тұрғыда өзін-өзі танытуының мүмкіндіктерін зерттейді.
Ел ішінде тұрып жатқан халықтың әлеуметтік құрамы мен қоғамның әлеуметтік құрылымы жөніндегі білім де әлеуметтану білімінің маңызды бөлігі болып саналады. Бұл жерде әңгіме таптар, әлеуметтік үлкен және кіші, кәсіби және демографиялық топтар, олардың экономикалық және саяси қатынастар жүйесіндегі орындары мен өзара іс-әрекеттері, сонымен қатар ұлттар, ұлыстар, басқа да этникалық топтар және олардың арасындағы бір-бірімен қатынастары жөнінде болып отыр.
Әлеуметтану білімінң келесі бір құрылымы – ол саясат әлеуметтануына жататын ғылыми түсініктер, көзқарастар, теориялар. Мұнда әлеуметтану саяси қатынастар, әсірісе өкімет билігі төңірегіндегі қатынастар жүйесіндегі қоғамның әр түрлі әлеуметтік топтарының нақты жағдайын анықтауға назар аударады. Азаматтық қоғам субъектілерінің саяси-әлеуметтік құқықтары мен еркіндігін жүзеге асыру жолдары мен тәсілдерін таба білуі де әлеуметтану үшін аса маңызды. Сол арқылы олар қоғамда жүріп жатқан саяси процестерге нақты ықпал жасай алады. Осы тұрғыдан қарастырғанда түрлі партиялардың және қозғалыстардың қызметі, қоғамның бүкіл саяси жүйесінің өмір сүруі қарастырылады.
Қоғамдағы әлеуметтік институттардың, атап айтқанда, мемлекеттің, құқықтың, шіркеудің, ғылымның, мәдениеттің, неке мен отбасының, т.б. атқаратын қызметі жөніндегі әлеуметтанушының ғылыми түсінігін және қорытындыларын жүйелеу әлеуметтану білімінің келесі құрылымы болып есептеледі. «Әлеуметтануда әлеуметтік институт дегеніміз бұл белгілі бір уақыт кезеңінде тұрақтылықты сақтайтын және бүкіл әлеуметтік жүйе тұрақтылығын қамтамасыз ететін адамдар қызметінің торабы. Әрбір ерекше «торап» қоғамның өмір сүруінде маңызды рөл атқарады.» Әрине, аталмыш институттардың әрқайсысының пайда болуы мен өмір сүруінің объективтік алғышарттары бар. Олардың арасында өздеріне сәйкес іштей ұйымдасу қалыптасқан және қоғамдық өмірде өз орнын сақтаған, соған қарай ерекше функциялар атқарады. Өзара әрекет ету арқылы байланыса отырып, олар қоғамның алға басуын, өмір сүруін қамтамасыз етеді.
Әлеуметтанудың зерттеу объектілеріне орай, әлеуметтану білімі құрылымының тағы да бірнеше салаларын атап өткен жөн. Мысалы, өндіріс ұжымының, формалды емес топтар мен ұйымдардың, сонымен қатар жеке тұлғааралық қатынастардың кіші топтары мен жекелеген тұлғалардың тіршілік әрекетіне байланысты ғылыми түсініктер, көзқарастар, теориялар қалыптасқан.
Жоғарыда келтірілген әр түрлі әлеуметтік құбылыстар мен процестер төңірегіндегі барлық ғылыми түсініктер, ұғымдар, көзқарастар мен теориялар өзара байланысып, тұтас және күрделі әлеуметтану білімінің құрылымын қалыптастырады. Ол қоғамдық өмірді бүкіл жақтарын, оның салаларының өзара байланысын және өзара әрекетін қамтып көрсетеді, түптеп келгенде, қоғамды тұтас әлеуметтік жүйе ретінде ғылыми тұрғыда бейнелейді. Осының бәрі ғылым және оқу курсы ретінде әлеуметтанудың құрылымын құрайды.
Әлеуметтану білімінің құрылымында әлеуметтанулық теориялар мен көзқарастар ашып көрсететін қоғамдық құбылыстардың ауқымына орай жекелеген деңгейлерді ажыратып айтуға болады.
Әлеуметтанулық білімнің деңгейлері мыналар:

  • жалпыәлеуметтанулық теориялар, немесе жалпытеориялық әлеуметтану;

  • арнайы әлеуметтанулық теориялар, бұларды кейде жеке теориялар деп те сипаттайды;

  • нақты әлеуметтанулық зерттеулер.

Әлеуметтану білімінің осы үш деңгейінің өзгешеліктері қоғамдық
құбылыстардағы әлеуметтанулық талдаудың тереңдігін және бұдан шығатын қорытындылардың маңыздылығын байқатады.
Жалпыәлеуметтанулық теориялар макроәлеуметтанулық зерттеу ретінде, әдетте, тым тереңдетілген немесе әлеуметтанушылар айтқандай, қоғамның және жалпы тарихи процес дамуының мәңгілік кезеңін қарастырады. Жалпыәллеуметтанулық теориялар деңгейінде кез-келген әлеуметтік құбылыстардың пайда болуы мен одан әрі жалғасуының аса түбегейлі себептері, қоғам дамуыныңқозғаушы күштері, т.б. жөнінде ғылыми тұжырымдар жасалады. Жалпытеориялық деңгейде адамдардың қоғамдық, соның ішінде өндірістік қызметінің теориясы қалыптасады, қоғам дамуындағы еңбектің рөлі ерекшелінеді.
Қоғамдық қатынастар теориясы - әлеуметтік субъектілердің экономикалық, саяси, құқықтық, адамгершілік, эстетикалық, діни, т.б. арақатынастарының табиғатын және мазмұнын ашатын жалпытеориялық әлеуметтанудың маңызды тарауы болып табылады.
Жалпытеориялық деңгейдегі әлеуметтанулық сараптауда қоғамдық қатынастардың мәні, олардың ерекше рөлі және өзара әрекет ету механизмі анықталады, сонымен қатар қоғамдық қатынастар өз субъектілеріне байланысты (әлеуметтік-таптық және ұлттық қатынастар, қоғам мен тұлға арасындағы қатынастар, т.б.) сипатталады. Жоғарыда аталған барлық қатынастардың жиынтығы белгілі бір қоғамды қалыптастырады. Қоғам бұл қатынастардың жүйесі ретінде алға шығады. Ал оларды толығырақ қамтып, оған терең ғылыми талдау жасау жалпыәлеуметтану теориялары деңгейінде ғана мүмкін болатын нәрсе.
Осы деңгейде қоғам өмірнің экономикалық, әлеуметтік, саяси, рухани және тағы басқа салаларының да өзара әрекеті зерттеледі, олардың өзара байланысы мен өзара тәуелділігі (мысалы, қазіргі ғылыми-техникалық революцияның қоғамның әлеуметтік құрылымына, ғылым мен мәдениет салаларына ықпалы) ашылады. Қоғамдық өмір салаларының, экономика мен саясаттың, саясат пен құқықтың, өнркәсіп пен ауыл шаруашылығы өндірісінің, т.б. өзара әрекеті сарапталады.
Жалпыәлеуметтану теориялары деңгейінде әрбір әлеуметтік құбылыс, оның қоғамдағы рөлі және орны, оның басқа да құбылыстармен көпжақты байланыстары тұтастай көзқарастар, кең көлемді әлеуметтік алғышарттардың өзара әрекет ету жүйесі тұрғысында қарастырылады. Бұған жоғарыда келтірілген қоғамдық қатынастар мен қоғамдық өмір салалары, сонымен қатар қоғам дамуының объективті заңдары жатады. Жалпытеориялық әлеуметтану, жалпыәлеуметтану теориялары жүйесіндегі қоғамдық құбылыстар мен процестерді зерттеудің мәні мен негізгі ерекшелігі, міне осында.
Арнайы немесе жеке әлеуметтанулық қағидалар – социум өмірінің жеке бағыттрын, жеке әлеуметтік топтар мен институттарды қарастырады. Бұл теорияның танымдық мөлшері, көлемі жалпыәлеуметтанулыұ теорияларға қарағанда қысқа, әдетте қоғамның жүйешелерімен ғана шектелген. Осы ретте, қоғамдық өмірдің экономикалық және әлеуметтік салаларын мысалға алуға болады. Мұндай жағдайда әлеуметтік-экономикалық қатынастар, адамдардың өндірістік қызметі, әсірісе оның әлеуметтік аспектілері, сонымен қатар халықтың әр түрлі категорияларының еңбек жағдайы мен әлеуметтік қорғанысының проблемалары, халыққа білім бері, денсаулық сақтау, тұрмыс пен адамдардың демалысы, әлеуметтік қамсыздандыру, т.б. мәселелері зерттеледі.
Зерттеудің мақсаттары – статистикалық материалдадың, әлеуметтану зерттеулерінің мәліметтерін және басқа да ақпараттарды пайдалану негізінде аталмыш қоғамдық өмір салаларына немесе олардың жекелеген жақтарына қатысты толық түсінік алу, сонымен қатар орын алып отырған проблемаларды тиімді шешуге, әлеуметтік-экономикалық процестерді ұтымды басқаруды жақсартуға байланысты ғылыми дәлелденген қорытындылар жасау. Дәл сондай мақсаттар әлеуметтанулық зерттеулердің объектілері ретінде, қоғамдық өмірдің саяси және рухани салалары қарастырылғанда да басшылыққа алынады. Әлбетте, әрбір осындай жағдайда қоғамдық өмірдің кейбір салаларында болып жататын процестердің ерекшеліктеріне байланысты әр алуан мақсаттар алға қойылады.
Арнайы әлеуметтанулық теорияларды қолдану барысында көбіне-көп жалпыәлеуметтанулық теорияларға да жүгініп отыру қажет. Сол арқылы қоғамның тұтастығы мен кең ауқым тұрғысында белгілі бір әлеуметтік құбылыстарды немесе оқиғаларды пайымдауға болады. Алайда, осы тұрғыдан келгеннің өзінде де зерттеуші сол оқиға болып жатқан қоғамның өмір сүру қалпына, ең алдымен, осы саланың, яғни қалыптасқан дәстүрдің механизміне, ондағы жүріп жатқан процестерді талдауға, сонымен қатар осында қалыптасқан ерекше әлеуметтік проблемелерды шешуге назар аударады. Өзінің табиғатына сәйкес арнайы әлеуметтанулық теориялар, теориялық және эмпирикалық (яғни ағымдағы практикалық мәліметтерге талдау жасауға бағытталған) зерттеу деңгейлері органикалық үйлесімде қолданылады. Бұл теориялар адамдар өмірінің қайсыбір жақтарына, өндірістік, саяси басқа да қызметіне, олардың қоғамдық, отбасылық және жеке басының тұрмысына тікелей практикалық ықпал ету тәсілдеріне негізделеді. Сонымен қатар, олар әр түрлі әлеуметтік институттардың қызметін жақсарту жолдарын да дәлелдеп көрсетеді. Бақаша айтар болсақ, арнайы әлеуметтанулық теориялар бүгінгі күннің және жақын болашақтың практикалық проблемаларын шешуге бағытталған.
Арнайы әлеуметтанулық териялардың кейбір негізгі өлшемдері арқылы оларды қолданылу аясын да санамалап шығаруға болады. Біріншіден, бұл – бастапқы теориялық және методологиялық ережелер, солардың негізінде теориялар құрылады және олар жүргізілетін зерттеулер мен оның қорытындыларын шығарудың негізін құрайды; екіншіден, ұғымдар жүйесі – оны арнайы әлеуметтанулық теориялар қолданады; үшіншіден, теориялық қорытындылар жасау; төртіншіден, шеңбері кең проблемаларға, сонымен қатар түрлі әлеуметтік-экономикалық, саяси және рухани процестерді басқарудың тиімділігін арттыруға қатысты зерттеулерден және пайымдаулардан туындайтын арнайы әлеуметтанулық теориялар деңгейінде ғылыми және практикалық ұсыныстар. Бұл теориялар практика тұрғысында органикалық байланыста болатындығымен ерешеленеді.
Арнайы әлеуметтану теорияларының негізгі мазмұнын құрастыратын білім салаларының арасынан мыналарды атап көрсетуге болады: еңбек әлеуметтануы, қала және село әлеуметтануы, тұлға әлеуметтануы. Осының ішінен әлеуметтанулық бір-бірімен мазмұнына қарай өзгешеленеді, сондай-ақ әрекет етуші субъектілеріне қарай да таптар, ұлттар, жастар топтары, қала мен село тұрғындары, саяси партиялар мен қозғалыстар, т.б. бүкіл қоғамдық қатынастардың әлеуметтанулық салалары болып танылады.
Арнайы әлеуметтанулық теориялардың дамуы негізінде зерттеушілер қоғамдық өмірдің әр түрлі салаларына, адамдардың қызметіне және әлеуметтік институттардың тіршілік етуіне қажетті тақырыптық сараптау жасауға мүмкіндік алады. Сөйтіп, осының нәтижесінде теориялық және практикалық маңыздылығы жоғары мәліметтер жинастырады.
Әлеуметтану білімінің келесі деңгейіне нақты әлеуметтанулық зерттеулерді жатқызуға болады. Олар – анкеталық сауалнама, сұхбатнама (интервью), бақылау, т.б. түрлерінде іске асырылады. Зерттеулер әлеуметік ақиқаттың жан-жақты салалары жөніндегі шынайы мәліметтер алу мақсатында әлеуметтану, экономика, құқық, т.б. ғылымдар шеңберінде, сонымен қатар қоғамдық өмірдегі белгілі бір оқиғаларға халықтың көзқарасы туралы мағлұмат алу үшін (сонымен бірге жекелеген әлеуметтік топтар), қоғамдық пікірді білу мақсатында, адамдардың қайсыбір әлеуметтік проблемаларға, оларды шешудің тәсілдеріне және т.б. қатысты пікірлерін анықтау үшін жүргізіледі.
Қорыта айтқанда, әлеуметтанудың құрылымы мен дегейлері қоршаған ортаның адаммен қатынасы, адамның табиғатпен қатынасуымен туындайтын қоғам ережесі мен өмірдің көпжақтылығы.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет