Республикалық “QAZBILIM” орталығының тарих пәні мұғалімі Оразбек Әбсаттар
Қазақстан тарихынан ҰБТ-ға қалай дұрыс дайындалу керек?
Т.Омарбеков, Г. Хабижанова, Т. Қаратаева, М. Ноғайбаева. Мектеп баспасы 2018 жыл.
Н. Бакина, Н. Жанакова, К. Сулейменова. Атамұра баспасы 2018 жыл.
Т.Омарбеков, Г. Хабижанова, Т. Қаратаева, М. Ноғайбаева. Мектеп баспасы 2018 жыл.
З. Е. Қабылдинов. Ж. Н. Қалиев. А. Т. Бейсенбаева. Атамұра баспасы 2018 жыл.
Қ. Өскембаев. З. Сақтағанова. Л. Зуева. Ғ. Мұхтарұлы. Мектеп баспасы 2019 жыл.
З. Е. Қабылдинов. М. Шаймерденова. Е. Куркеев. Атамұра баспасы 2018 жыл. Атамұра баспасы 2019 жыл.
Қ. Өскембаев. З. Сақтағанова. Л. Зуева. Ғ. Мұхтарұлы. Мектеп баспасы 2019 жыл.
Б. Аяған. К. Адиет. А. Сатанов. Атамұра баспасы 2019 жыл. Атамұра баспасы 2019 жыл.
З. А. Жандосова. Мектеп баспасы 2019 жыл.
З. Е. Қабылдинов, А. Д. Сандыбаева, Ф. Р. Лебаев. Мектеп баспасы 2019 жыл.
З. А. Жандосова. Мектеп баспасы 2019 жыл.
«Орталық Азия» ұғымының тарихи және географиялық негіздері
Орталық Азия саяси-географиялық аймақ ретінде бес мемлекетті қамтиды:
- Қазақстан
- Өзбекстан
- Түркіменстан
- Қырғыстан
- Тәжікстан
Орталық Азия ұғымы тар мағынасында. КСРО кезінде Орталық Азия ұғымының орнына Қазақстан және Орта Азия ұғымы қолданылып келді. Қазақстан Орта Азияға енген жоқ, өйткені ол жеке экономикалық аймақ болды. Ресей империясы кезінде Орта Азия ұғымы Қазақстан мен Ауғаныстан арасындағы барлық жерді қамтыды. Орта Азия ұғымы Түркістан ұғымымен қатар қолданылды.
Орта Азия, Түркістан және Дала өлкесі.
Орталық Азия физикалық-географиялық мағынасы. Физикалық географияда Орталық Азия – Еуразияның ішкі ағынды алабына жататын түкпірдегі орталық аудан. Ішкі ағындық өзендер деп әлемдік мұхитқа құймайтын өзендерді айтады. Олардың қатарына Жайық, Ембі, Сырдария, Әмудария, Шу, Іле, өзендері жатады. Орталық Азия ұғымының тарихы. - Орталық Азия ұғымын алғаш рет ХІХ ғасырдың ортасында неміс зерттеушілері Карл Риттер мен Александыр фон Гумбольдт кеңінен қолданды.
- К. Риттер – Орталық Азияны Еуразияның ішкі биік аудандары деп, атап ондағы түбектер мен ойпаттарды бөлек қарастырды.
- А.Гумбольдт Алтайдан оңтүстікке және Памирден шығысқа қарайғы аумақты атады.
Орталық Азияның табиғаты мен климаты. - Қазақстан аумағы негізінен, Каспийдің шығысындағы ойпаттан басталып, Алтайға дейін созылған жазық далалы болып келеді.
- Жазық дала Қазақстанның тарихында маңызды рөл атқарады.
- Орталық Азияның құрғақ климаты көшпелі өркениеттің пайда болуына әсер етті.
3. Орталық Азияның дәстүрлі өркениеттерін зерттеу тарихы. - Дәстүрлі өркениет ұғымы. Ежелгі дәуірлік, ежелгі шығыстық, ортағасырлық өркениеттер дәстүрлі деп аталады.
- Олардың белгілері:
- бірсарындылық
- дәстүрді дәріптеу
- діни немесе діни мифологиялық сана
Дәстүрлі мәдениет пен өркениетті зерттеудің қиындықтары - Ежелгі дәстүрлі мәдениетті зерттеу оңай емес. Мәдениеттің өз жазуы болмаса тіптен қиын. Қазіргі таңда дәстүрлі мәдениетті әлеуметтік топтармен араласа отырып бақылайды.
- Материялдық мәдениет – баспана, киім-кешек, сәндік және тұрмыстық бұйымдар және т.б жатады.
- Рухани мәдениет – білім, идея, діни ұстаным, дәстүрлер.
Орталық Азияның ежелгі тарихи жазба деректерде дәл және нақты көрсетілмеген. Бұл деректердің басым көпшілігі б.з.б І ғасырдың екінші жартысынан – б.з І ғасырдың бірінші жартысы. - Антикалық деректер (Геродот, Срабон, Үлкен Плини, Птолемей, Аммиан Марцелин.)
- Қытайлық деректер (Чжан Цянь, Сыма Цянь)
- Ирандық деректер (Авеста кітабы)
- Түркілік деректер (Тастағы руналық жазбалар немесе Орхон-Енесей жазуы )
Қазақстандағы археологиялық зерттеу тарихы - В.В. Радлов 1826 жылы Алтайдағы мұздықтарға қазба жұмыстар жүргізді.
- Н.Н. Пантусов бірінші болып тастарға қашалған ежелгі кескіндер туралы жазып , оларды суретке түсірді.
- В.В. Бартольд 1889 жылдан Жетісу, Шу, Талас және Іле алқаптарын зерттеді.
- ХХ ғасырдан бастап отандық ғалымдар қола және темір дәуіріне зерттеу жұмыстарын жүргізді.
- Ә. Марғұлан, К. Ақышев, М. Қадырбаевтар, К. Байпақов, Ф, Зайберт
Республикалық “QAZBILIM” орталығының тарих пәні мұғалімі Оразбек Әбсаттар
НАЗАРЛАРЫҢЫЗҒА РАҚМЕТ
Достарыңызбен бөлісу: |