ҚҰҚЫҚ негіздері


 Жер құқығының пəнi. Жер құқық қатынастары



Pdf көрінісі
бет271/389
Дата16.05.2022
өлшемі3,62 Mb.
#34605
1   ...   267   268   269   270   271   272   273   274   ...   389
      14.2. Жер құқығының пəнi. Жер құқық қатынастары:  

түсiнiгi, объектiсi, субъектiсi жəне түрлерi 

Қазақстан  Республикасы  Жер  кодексiнiң 12-бап 14-тармағына  сəйкес,  жер 

дегенiмiз – Қазақстан    Республикасының  егемендiгi  белгiленетiн  шектегi 

аумақтық  кеңiстiк,  табиғи  ресурс,  жалпыға  ортақ  өндiрiс  құралы  жəне  кез 

келген  еңбек  процесiнiң  аумақтық  негiзi.  Осы  анықтамаға  сəйкес,  жердiң  

күнделiктi өмiрде атқаратын қызметi мен рөлiн анықтап алуға болады:  

1.  Жердiң  саяси-құқықтық  қызметi.  Яғни,  мемлекетiмiздiң  егемендiгi 

белгiленген  шекара  шегiндегi,  Қазақстан  халқының  тұрғылықты  тұрақты 

мекенi; 

2. Жердiң экологиялық қызметi. Яғни, жер қоршаған ортаның құрамдас жəне 

ажырамас бөлiгi, табиғи ресурс; 

3.  Жердiң  экономикалық  қызметi.  Яғни,  жер  жылжымайтын  мүлiк  ретiнде 

танылып, азаматтық айналымның объектiсi ретiнде елдiң байлығы. 

Жердiң  əлеуметтiк  қызметi.  Жер – адамдардың  өмiр  сүру  негiзi  жəне  еңбек 

процесiнiң аумақтық негiзi болып табылады. 

Жердiң негiзгi табиғи ресурс ретiнде белгiлерiн атап айтатын болсақ: 

1. Жердiң нарықтық құны – оның адам өмiрi үшiн беретiн экологиялық жəне 

əлеуметтiк  құндылығын  бағалай  алмайды.  Сондықтан,  жер  учаскесiнiң  iс 

жүзiндегi ақшалай құнын анықтау мүмкiн емес; 



375 

 

2.  Жерге  барлық  халықтың  мұқтаж  жəне  халық  санының  өсуiмен  аталған 



ресурсты тұтынуы жерге деген сұранысты күшей-тiп отыр;  

3.  Жер – тек  адамзат  баласымен  ғана  емес,  сонымен  бiрге,  адам  өмiрiн 

қамтамасыз ететiн тiршiлiктiң өзге де жандарымен тұтынылады; 

4.  Жердiң  саны  мен  сапасы  өндiрiстiк  қызмет  нəтижесiнде,  өзге  кейбiр 

объектiлер тəрiздi ұлғаймайды, керiсiнше кемiп отырады.  

Қазiргi  жаһандану  кезiнде,  адамзат  табиғатқа  араласу  белсен-дiлiгiн 

арттырған  жағдайда,  табиғи  объектiлердi  жəне  ерекше  маңызға  ие,  ұзақ  уақыт 

бойы  қалпына  келетiн  жер  ресурстарын  ұтымды  пайдалану  саласында  жалпы 

жаһандық  жəне  iшкi  мемлекеттiк  өзара  келiсiлген  шараларды  қалыптастыру 

қажет.  Көптеген  зерттеушiлер  осыған  байланысты  жердiң  ерекше 

маңыздылығын атап өткен. 

Б.Ж.  Əбдiрайымов,  жер  дегенiмiз – мемлекет  пен  халықтың  өмiр  сүру 

қызметiнiң негiзi болып табылатын табиғаттың басты объектiсi. Жерге меншiк 

нысаны,  иелену  мен  пайдалануға  кiмге  берiлгендiгi  жəне  жердiң  сандық, 

сапалық жағдайына бiздiң болашағымыз тəуелдi деп жазған болатын.  

А.Х.  Хаджиевтың  пiкiрi  бойынша – жердiң  табиғи  қасиетi  өзге  қоршаған 

табиғи орта объектiлермен өзара байланыс жүйесiнде басым орнын белгiлейдi. 

Орман, су, жануарлар дүниесi табиғат объектiлерi ретiнде жермен байланыссыз 

өмiр  сүре  алмайды.  Тек  қана  жермен  тығыз  байланыста  бола  отырып,  олар 

өздерiнiң өсiп-өну мүмкiндiктерi мен ерекше қасиеттерiн сақтайды жəне барлық 

табиғи кешендермен бiрге экологиялық қызметiн жүзеге асырады.   

Жер – барлық  адамзат  баласының  өмiр  сүруiнiң  негiзi  болып  табылатын 

негiзгi табиғи объект. 

Жер ерекше белгiлерге ие. 

Н.А.  Сыроедовтiң  пiкiрi  бойынша,  жер  қайта  қалыптаспаушылық,  орны 

толмастық жəне шектеушiлiк сияқты белгiлермен сипатталады.  

 А.Х. Хаджиев жердiң айрықша белгiлерi ретiнде келесi белгiлердi айтады: 

– жердiң құнарлы қабатының болуы; 

–  жердiң  өндiрiстiк  қабiлетi  мен  тұтынушылық  бағалығын  қалпына  келтiру 

жəне сақтап қалу мүмкiндiгi; 

– кеңiстiктiк шектеулiк; 

– орнынан қозғалта алмайтындық, орналасқан жерiнiң тұрақтылығы.    

Ғалымдардың  пiкiрлерiн  саралай  отырып,  жердiң  келесi  белгiлерiн  бөлiп 

көрсетуге болады: 





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   267   268   269   270   271   272   273   274   ...   389




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет